Сарколизин (рацемельфолан және т.б.) түймедақтары - 0,05 г; 0,02 және 0,04 г, ал флакондағы ұнтағын 10-20 мл изотоникалық ерітіндісімен қосып, қан тамыр арқылы аптасына 1 рет 40-50 мг мөлшерде 60-70 кг салмағына қарай егу керек. Ем ұзақтығы 4-7 апта.
Сарколизинді миелома, жұмыртқа семиномасы, Юинг саркомасы, созылмалы лейкоз, лимфогранулематоз, лимфо- және ретикулосаркома, өңеш пен асқазанның қатерлі ісігі кезінде колхаминмен бірге қосып беріледі. Сарколизиннің жанама әсерлері: қан түзілуінің төмендеуі, лоқсу және құсу. Осы кезде адам әлсірейді, жүдейді. Лейкопения, тромбоцитопения, анемия, бауыр, бүйрек және жүрек-тамыр жүйесінде өте ауыр бұзылыстар байқалса, сарколизинді қолдануға болмайды.
Rp.: Sarcolysini 0,04
D.t.d. № 7
S. Флакондағы ұнтағын (40мг) NаCI изотоникалық
ерітіндісімен бірге қан тамыр арқылы егу керек.
Допан (хлорэтиламиноурацил және т.б.) түймедақтары - 0,002 г №35. Лимфогранулематоз, миелолейкоз, спленомегалия және созылмалы лимфолейкоз кезінде қолданылады. Допан 6 – 10 мг мөлшерде 5 күнде 1 рет қолданылады, ол 5-7 рет беріледі. Бұл кезде лоқсу, құсу, лейкопоэздің және тромбоцитопоэздің тежелуі байқалады. Лимогранулематоз кезінде сүйек кемігінде қан түзілу төмендегенде, жедел лейкоз және анемиямен асқынғанда допанды қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |