I бөлім не үшін үйлену керек?


Ата-енемен бірге тұруға қатысты ойым



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Ата-енемен бірге тұруға қатысты ойым
Мен үйде жалғыз баламын. Тағдырдың жазуымен 
жалғыз інімнен айырылып қалдым. Жиырма жасында 


74
Ат
а-енемен бірг
е тұр
уғ
а қ
атыс
ты ойым
III БӨЛІМ
қыршын кетті. Мен ол кезде жиырма үште едім. Үйленуге 
алғаш қадамдарымды жасап жүрген кезім. Қазақта «ата-
ана кенже баланың қолында болады» деген түсінік бар ғой. 
Мен үйленсем, бөлек шығам деп ойлап жүрдім. Ата-анама 
інім қарасын деп. Менің эгоистігім басымдау болды ма, 
білмеймін, ата-анам ініме көбірек үміт артатын «бақса, осы 
бағады» деп. 
Бірақ Алланың жоспары басқа екен. Інім қайтыс 
болған соң, ата-анамның бар үміті мен боп қалдым. Енді не 
істеймін? Іштей үйленетін болсам, болашақ жарыма «ата-
анаммен бірге тұрамыз» деп талап қоямын деп бекіндім. 
Бір жағынан қарасаң, әділетсіз боп көрінетін сияқты иә? 
Қыз өз отбасын тастап, басқа үйге, сенің ата-анаңның 
үйіне келеді. Ол да өз ата-анасымен бірге тұрғысы келетін 
шығар? Мысалы, сен оның үйіне барып тұрсаң ше? Біздің 
дәстүр мен діннен нәр алған консерватив санамыз мұны 
әзірге қабылдай алмайтын шығар. 
Үшінші вариант та бар. Екі жақта да тұрмай, өздерің 
бөлек тұру. Жарайды, қыз жақ «қыз —қонақ» деп шығарып 
салады дейік. Ал сен жақ мұны қалай қабылдайды 
екен? «Жалғыз ата-анасын бақпай, тастап кетті» деп 
қабылдайтын шығар. Қазақи дәстүрлі түсінік сондай. Бірақ 
қаланың қазақтарын білем. Олар үшін келін мен бала бөлек 
тұруы — қалыпты нәрсе. Өз өмірі, өздері білсін дейді. 
Мен барлық вариантты қарастырып көрдім. Өзім 
отбасы мәселесінде үлгі тұтатын ағаммен осы тақырыпта 
сөйлестім. Ол кісінің жауабы жаныма жақты. Ол былай деді: 
«Негізі үйленген соң алғашқы жылдарда ата-
анаңмен бірге тұрыңдар. Бұл келін үшін де, сен үшін де 
үлкен тәжірибе мектебі. Үлкендердің бір де бір кітап 


75
Ата-енемен бірг
е тұр
уғ
а қ
атыс
ты ойым
III БӨЛІМ
оқымаса да, өмірлік тәжірибесі болады. Оны ешқай 
жерден сатып ала алмайсың. Қонақты қалай күту керек, 
туысқандық байланысты қалай нығайту керек, т.б. тек 
өмірден үйрене алатын білімдер бар. Ұрысып, келіспей 
жатсақ, ата-анамыз бізді түзеп, жол көрсететін. Әйелімді 
қызындай көріп, соның сөзін сөйлеп, менің әділетсіздеу 
істерімді сынап тастайтын.» 
Әрине, бұл жердегі ата-ана психологиялық тұрғыда 
адекват ата-ана деп ойлайық. Өзінің де, өзгенің де 
шекарасын біледі. Әр түрлі ене, әр түрлі қайыната болады 
ғой. Дегенмен ата-анамен бірге өткізген өмірді қарым-
қатынас тренажері ретінде қарастыру керек сияқты. Бәлкім 
қыздың тәкаппарлығы бар шығар? Сол тәкаппарлығын, 
үлкеннің сөзін көтере алмайтынын ол тек осындай қарым-
қатынастарда көре алады. Сол арқылы өзін дамытып
рухани кемелдене түседі. 
Қыз балаға келіндік функцияны атқару қиынға 
соғады. Бұл жерде жігіттің көмегі, қолдауы, даналығы керек. 
Бір үйдің ерке қызын үйіңе әкелген екенсің, енді соның 
жағдайын жаса. Ол сен үшін отбасын тастап келді. Соны 
бағала. Ұмытпа. Көп жігіттер осыны ескермей жатады. 
Даналық дүрбісімен қарасаң, әйеліңнің көңілі тоқ болса, ол 
саған да, сенің ата-анаңа жақсы қарым-қатынас жасайды. 
Бірақ үйленбестен бұрын қызбен келісіп алуың керек. 
Нақты талабыңды айт. Егер ол ата-анаңмен бірге тұрғысы 
келмесе, оны да айтсын. Кейін проблема болмауы үшін. Егер 
ол келіспесе, басқа стратегия құруың керек. 
Менің тәжірибемде мынадай кейс болды. Бір 
жігіттің жалғыз анасы ғана бар. Жалғыз ұлын әлпештеп 


76
Ат
а-енемен бірг
е тұр
уғ
а қ
атыс
ты ойым
III БӨЛІМ
өсірді. Үйленуге ниет қылған қызы «бөлек тұрайық» деп 
талап қойды. Сен бұны қалай қабылдар едің? «Анаңды 
таңдайсың ба, әйеліңді таңдайсың ба?» дегендей диллема. 
Былай тартса, анасының көңілі бар. Былай тартса, үйленбей 
қалайын деп тұр. 
Мен ол жігіттің анасымен арасындағы 
психологиялық проблеманы білетінмін. «Сепарация» деген 
нәрсе бар. Зерттеп көр. Сепарация болмаған, баласын 
әлі де кішкентай бала көреді, т.б. Оның үстіне шекарадан 
өтіп кететіндей көрінді. Мысалы, келіні мен баласының 
өз шекарасы бар. Оған араласпау керек. Мен шамамен 
болжап отырдым. Үйленбей жатып «бөлек тұрам» деп 
тұрған келін мен баласымен сепарация болмаған ана бір 
шаңырақтың астында тұрса, оның соңы бір күні ажырасуға 
алып баратынын болжадым. 
Ол — діндегі жігіт, намазхан. «Жұмақ ананың 
табанының астында» екенін өте жақсы біледі. Оны да 
айттым. Сарыағашта тұратын бір жұпты білетін ем. 
Анасының аяғын жуып, сүйетін. Сказка ма? Ондай 
отбасылар да бар. Иман, тәрбие деңгейін бағалай беріңіз.
Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз 
өледі. Сосын балама шешім ретінде мынадай ой айттым: 
«Ок. Бөлек тұрып көріңдер. Бірақ мүмкіндігінше анаң 
тұратын подъездің басқа пәтерінде тұр» дедім. Былай 
қарасаң, бөлек тұрады. «Бір әйелге — бір кухня» ережесіне 
де сәйкес келеді. Бір шаңырақтың астынла тұрмайды. 
Конфликттің туу ықтималдығы да күрт азаяды. Екінші 
жағынан қарасаң, бөлек те тұрады дей алмайсың. Бір 
подъезде тұрады. Кешкі асты бірге ішіп тұруға, жиі көрісіп 
тұруға болады. Бір нәрсе болса, жаныңнан табылады. Ол 
жігіттің қандай шешім қабылдағанын айтпай-ақ қояйын. 


77
Сіз vs С
ен
III БӨЛІМ
Бірақ қайталап айтам. Мен басқа нұсқаны таңдадым. 
Ата-анаммен бірге тұрамыз. «Проблема жоқ» дей 
алмаймын. Арасында кейбір түсініспеушіліктер боп тұрады. 
Бірақ анамның даналығы, әйелімнің адамның көңіліне 
қарай білу қасиеті көп көмегін тигізіп жатыр. Үйде ата-
анамыз болмай қалса, үй қаңырап қалғандай сезімде 
боламыз. Бір жағынан көп проблема өзімен-өзі шешіліп 
жатыр. 
Ата-анамыздың еңбегі зор. Әйелімнің оқуын 
бітіріп, жұмысына да үлгеруі — ата-анамның арқасы. 
Балаларымзды біз жоқта бағады. Басқа бір тәрбиеші 
баққанша өз ата-әжесі қарағаны дұрыс қой. Махаббаты 
ерекше. Жалпы баланың психологиясына үш буынды толық 
отбасы форматы жақсы әсерін тигізеді екен. Яғни, бала, ата-
анасы, ата-әжесі. Осы үш буын. Біз — үлкен бір командамыз. 
Бірігіп, әлдеқайда көп істі бітіретінімізді түсіндім. Әзірге 
өзіме осы отбасы форматы ұнап тұр. Болашақта мүмкін 
бөлек тұруды да қарастырармыз. Мысалы, ата-анамыз жер 
үйде тұрады. Дача сияқты. Өзіміз қалада қызмет бабыымен 
тұрамыз дегендей. Бастысы, бұның бәрін келісіп, айқай-
шусыз, үлкен адамдарша шешуіміз керек деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет