I-iі курстарда акробатикалық жаттығуларды орындау техникасы және үйрету әдістемесі «гимнастика»


-17 ЖАСТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ



бет10/11
Дата31.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#64126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Акробатика каз Аян

16-17 ЖАСТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ ДАЯРЛЫҒЫ



Икемділікті дамытуға арналған жаттығулар:

  1. Бастапқы қалыптан алға қарай еңкейіп, кеудені тік аяқтарға тигізу.

  2. Табан ұшының маңында еденге алақандарды тигізе отырып, тұрған күйде бүгіле тірену

  3. Басты табан сызығында еденге тигізе отырып, аяқтарды талтайтып, тұрып тірену.

  4. Гимнастикалық қабырғаға қарап тұрып, кеуде тік аяқтарға тигенше қолдармен рейкаға тартыла отырып, алға еңкею.

  5. Гимнастикалық қабырғаның қасында жатқан күйде «Көпір» жасау.



Күшті дамытуға арналған жаттығулар:

  1. Жатып тіренген күйде қолдарды бүгу және түзеу, қолдар гимнастикалық орындықта, қолдарды түзеген кезде қарын прессін қатайту, денені тік ұстап, бүгілмеу керек.

  2. Ілінген кезде қолдарды бүгу және түзеу (3-5 рет).

  3. Ілінгенде бұрыш жасау (3-4 с.).



Жылдамдық пен ептілікті дамытуға арналған жаттығулар:

  1. 15-20 с бойы секіргішпен секіру, 3-4 серия, үзіліс 20-30 с.

  2. Жүгіріс ойындары, эстафеталар және кедергілерді жеңу.

  3. Арқанмен өрмелеу, 3 амалмен.



Оқыту реттілігі.

  1. Отырып топтасу қалпынан арқамен артқа аунау.

  2. Отырып топтасу қалпынан артқа аунау және алға аунап, қайта оралу.

  3. Жүрелеп тіренуден топтасуда артқа аунау және алға аунап, жүрелеп отыру.

  4. Жүрелеп тіренуден топтасуда артқа аунау және алға аунау.

  5. Ішпен жату күйінде бүгіліп алға және артқа аунау. Ішпен жатып бүгілу, басты артқа шалқайту және жамбаспен жатып тірену күйін қабылдау. Қолдарды тез бүгіп, алға аунауды орындау және оларды жазып, артқа аунау.

  6. Тіземен тұрып, тіренуден топтасуда жанға аунау. Содан кейін иықпен, бүйірмен, екінші иықпен және екінші бүйірмен топтасуды алу және кері қимылдармен кері оралу.

  7. Жүрелеп тіренуден жанға аунау және бастапқы қалыпқа оралу.

  8. Бүгіліп, қолдың әр түрлі жағдайларымен (жоғарыда, арқаның артында, иықта) алға және артқа аунау.

  9. «көпірді» орындау үшін арқамен жату күйінен бастапқы күйді орындау, яғни тізені бүгіп, шынтақты бүгіп, алақанды бастың астына қою.

  10. Жүрелеп тіренуден кейіннен қолмен басты тірей отырып, топтасуда артқа шалқаю және алға аунау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет