I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Окушылармен тузету-дамыту жане орнын толтыру, психокоррекциялык жане психопрофилактикалык жумыстарды уйымдастыру



бет37/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45
48.2.Окушылармен тузету-дамыту жане орнын толтыру, психокоррекциялык жане психопрофилактикалык жумыстарды уйымдастыру.
Түзету жұмыстары психофизикалық даму кемістіктерін жоюға немесе бәсендетуге бағытталыған, мысалы, тілдік дамуының, еркін қозғалыс, кеңістік бағдарлау кемістіктерін жоюға. Сақталған басқа қызметтердің есесінен жоғалтылған қызметтің толықтыруылуы мүмкіндіктері физиологиядан белгілі. Оқушыларды түзете-толықтыру оқыту бағыты білім беру процесін сақталып қалған қызметтері мен дамуының кемтарлық табиғатының ерекшелігіне сәйкес ағза жүйесін қолдануға сүйене отырып құруды көздейді (яғни, табиғи қонымды). Көздері көрмейтіндер сасақтарының ұшымен оқып, естімейтіндер – оларға айтылған сөзді сөйлеушінің ерні арқылы түсінуді және ым-ишара тілінде теңдәрежеде сөйлесуді үйренеді.Түзете-толықтыру оқыту бағыты оқытуда және түзету жұмысында арнайы заманауи техникалық құралдарымен, АКТ-мен, оқу процесінің ерекше ұйымдастырылумен қамтамасыз етілу керек. Ол білім берудің ұйымдастыру формалары әдістері мен мазмұнында көрініс тапқан. Бұл сыныптың ең аз мөлшерде топтасуы, оқу мерзімдерін ұзарту, педагогикалық қорғау тәртібі, жеке және топтық түзету сабақтарын ұйымдастыруы, арнайы түзету және теңелту жұмыстары үшін арнайы құралдарының, оқытудың арнайы әдістері мен тәсілдерінің бар болуы.
Оқудың әлеуметтiк бейiмдеу бағыты тұлғаның әлеуметтік икемсезденуінің азайтуын немесе жоюын көздейді. Оқушылардың әлеуметтік өмірге қатысуы үшін қажетті тәртіп нормаларын, қарапайым гигиеналық, коммуникативтік,тұрмыстық дағдыларынан басталып қиын әлеуметтік дағдылармен, көзқарастармен, түсініктерімен аяқталатын өмірлік дағдыларды меңгеру бойынша арнайы жұмыс қарастырылады.
Мұғалімдер мен мамандар оқу-тәрбие процесінде ойлауды, тіл мен коммуникацияны білім алу құралы ретінде дамыту бойынша арнайы жұмыс жүргізу керек.Дәстүрлі мектептік оқыту баланың мектепке келген кезіндегі меңгерген өмірлік түсініктері мен дамыған ауызекі сөйлеу тіліне негізделеді. Ауызекі сөйлеу тілі негізінде қарым-қатынастың дамуы жалғасады, анағұрлым ауызекі сөйлеу тілі негізінде оқушының тәртібі реттеледі. Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың сөйлеу тілінің, ойлау қабілетінің, қарым- қатынастық даму мәселелері орын алуда, олар табысты білім алу мен әлеуметтену үшін педагогикалық құралдармен шешіліп немесе теңелтілуі
керек.Арнайы сынып оқушыларымен жұмыс жасауда оқытудағы әрекеттік тәсілмаңызды орын алу қажет.Білім алуда ерекше қажеттілігі бар бастауыш оқушыларды оқыту процесінде педагогтің басшылығымен (жұппен, топпен жұмыс) уәжделген сөйлеу тілдік қарым-қатынастар үшін табиғи жағдай құратын заттық-тәжірибелік әрекет кеңінен пайдаланылады.Заттық-тәжірибелік әрекет жоғары психикалық атқарымдардың (қабылдау, сөйлеу тілі, ойлау және т.б.) сенсомоторлық негізін дамытуға, балалардың жеткіліксіз өмірлік тәжірибесінің орнын толтыруға, әлеуметтік өзара әрекетену дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқушыларға саралай және жекелей тәсілін қолдану – арнайы сыныптарда білім беру процесін ұйымдастыру маңызды ерекшелігі. Ұжымдық оқу процесі жағдайындағы білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қатыстысараланған тәсіл бұзылыстары бір санаттағы оқушылардың вариативтік типологиялық ерекшеліктерінің барлығына шартты болады. Педагог түзете білім беру процесін сыныптағы өзінің сипаты бойынша біртектес топтардың болуына қарай, олардың әрқайсысына арналған жұмыс мазмұнының, қарқынының, көлемінің, күрделілігінің, тәсілдері мен әдістерінің, оқуды бақылау түрлері мен тәсілдерінің әр түрлі болуын есепке ала отырып ұйымдастырады. Оқушыларды топтарға бөлу шартты және қозғалмалы түрде болады. Жекелеген оқыту тәсілі саралай оқытудың нақты көрінісі болады.
Педагог бала дамуының жалпы заңдылығын, сыныптағы әрбір оқушының танымдық мүмкіндігін, арнайы педагогикалық көмек тәсілдерін біле отырып, балалардың оқу-танымдық әрекетін тек ұйымдастырып қана қоймай, бұл процесті бағыттай да алады. Кейбір жағдайда оқушының өзіндік оқу-танымдық әрекеті әлсіз болған немесе мүлдем мүмкін болмаған жағдайда, педагог оқу тапсырмаларын табысты орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушының жетілмеген компонентінің атқарымын өзіне алады. Оқушының білім мен біліктілігін қалыптасуын іске асыратын толық дербестігін қамту үшін педагог көмегі біртіндеп азаю керек.
Жоғарыдааталып кеткен оқу-тәрбие процесіне қойылатын талаптарға сәйкес жалпы білім беретін мектептердің жұмысында төрт Арнайы бағыт іске асырулуы керек:
− диагностикалық-кеңестік; − түзете-дамытушы;
− емдік-профилактикалық; − әлеуметтік-еңбектік [4].
Диагностикалық-кеңестік бағыт психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелеріне сәйкес түзету жұмыстарын құруды қарастыратын анықтау мен түзету бірлігі ұстанымына негізделген. Оны консилиумды мәселені зерделеу және шешу жолдарын іздеудің ұжымдық тәсілі ретінді пайдаланатын психологиялық-командалық қолдау қызметінің мамандары(психолог, логопед, арнайы педагог және т.б) іске асырады. Психологиялық-командалық қолдау қызметінің мамандары білім беру процесінің ұйымдастырушылық- педагогикалық қамтамасыз етілуі (арнайы сыныптың әр оқушысының әлеуметтік даму жағдайын бағалау, оқушының қажеттіліктеріне мейлінше оқу ортасын ыңғайландыру бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу;білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда жекеленген бағдарламаларды құрастыру; тиімділін саралау қажет болған жағдайда жекеленген бағдарламаларға уақытылы нақтылықтар мен өзгерістерді енгізу;тәрбие мен оқу процесінің нәтижелі өтуінің мониторингі, оқушының отбасымен қарым-қатынас жасау және басқасы) мен арнайы сыныптағы оқушылармен түзету сабақтарын өткізеді [5].
Психологиялық-командалық қолдау қызметінің мамандары консилиумдарда үнемі білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін жекеленген кешенді бағдарламаларды іске асыру нәтижелерін талқылайды, анықталған мәселелерді шешу үшін шешімдер қабылдайды, арнайы сынып жағдайындағы оқу-тәрбие процесін іске асыру бойынша мұғалімдерге нұсқаулықтар беріп, ата-аналарға кеңес береді [6].
Мектептің түзете-дамыту жұмыс бағытыарнайы сыныптарда барлық оқу пәндерін жаппай оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалімдер мен оқу жоспарының тузету цикіліндегі пәндер бойынша арнайы педагогтің (дефектологтің), логопедтің, психологтің жеке және топтық түзету сабақтарымен, және қосымша білім беру жүйесіндегі сабақтарымен реттеледі. Түзете-дамыту жұмыстары арнайы сынып оқушыларының оқыту мен дамуы мәселесінің шешу барысында мұғалімдер мен мамандардың өзара қарым- қатынас жасаулары мен бірыңғай тәсілдер негізінде жекеленген психологиялық-педагогикалық бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Емделу-профилактикалық жұмыстар:
− оқушылардың психикалық – жүйкелік және физикалық денсаулығын нығайтуға, қажетті жағдайда емдік дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыруға;
− арнайы сыныптарда педагогикалық қорғау тәртібін ұстануға;
− санитарлық-гигиеналық нормаларды, ауа тәртібі мен тиімді тамақтану тәртібін сақтауға;
− қажетті жағдайда гипербелсенді оқушылармен және психикалық тәртіпті танытатын оқушылармен психикалық түзету жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған.
Мектептің әлеуметтік –еңбектік жұмыстарының бағыты:
− арнайы 5-10 сынып оқушыларымен кәсіби бейіндік жұмыстарды ұйымдастыруды;
− қолжетімді мамандықтар саласында оқушылардың бастапқы дағдыларын меңгеру үшін шеберханаларды ұйымдастырып, жабдықтауды;
− қолжетімді және кең таралған мандықтарды табысты игеруге кедергі болатын оқушылардың даму ерекшеліктері анықтау мен түзетуді;
− еңбек ету процесінде оқушылардың ғимаратта бағдарлану, жұмысты жоспарлау, өзін-өзі бақылау және бағалау дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Кәсіби-еңбектік оқу үшін арнайы сынып оқушыларының 5-ші сыныптан, ал жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды 4-ші сыныптан бастап екі топқа бөлінеді. Топтардың бірігуі еңбектің барлық түрлері бойынша оқушылардың мүмкіндіктері мен психологиялық, физикалық қалыптары ескерілген дәрігердің нұсқаулары негізінде іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет