I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Мектептегі ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері



бет34/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
45.Мектептегі ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу баланың оқу үдерісінде субъекті болуына жағдай жасауды көздейді, яғни, бала өзін-өзі өзгерту үшін оқиды, педагог үшін де, баланың өзі үшін де негізгі мәселе оның дамуы болып табылады. Осыған байланысты психологиялық-педагогикалық үдерісте балалардың белсенділік, өзіндік әрекетін танытуына, сонымен қатар, оның интеллектуалдық және тұлғалық дамуын арттыруына барынша психологиялық-педагогикалық жағдай жасау қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ Заңында, кемтар балаларды әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың нысандары мен әдiстерiн айқындайды, дамуында кемiстiгi бар балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау, бірнеше нормативтік құқықтық құжаттарда қарастырылып, білім беру саласы әлеуметтік ұйымдарын оқу әдістемелік әдебиетпен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету және балаларды сауықтыру туралы», мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік педагогикалық түзету арқылы қолдау, тұрмыс тәртібіндегі шектеуді жою және оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету және оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау болып табылады. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту жүйесі кеңейіп, түзете-дамыту технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету
. Мектептегі ерекше білім беру қажеттілігін бағалау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыттарын анықтау бойынша жұмыс кезеңдері
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің мақсаты оқушылардың барынша дамуы, оларды табысты оқыту және әлеуметтендіру үшін жағдай жасауға бағытталған ағартушылық, диагностикалық және түзету іс-шараларының кешенін іске асыру арқылы білім беру процесінің барлық қатысушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру болып табылады. Бұл ретте сүйемелдеу нысаны білім беру процесі, сүйемелдеу пәні – баланың даму жағдайы болып табылады. 
3.2. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің міндеттері:
тәрбиеленушінің жеке басының құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың психологиялық және дене дамуы мен оқытудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешуге қолдау көрсету және жәрдемдесу
даму және оқыту проблемаларының туындауының алдын алу үшін баланың даму мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін кешенді диагностикалау
оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын білім
білім беру процесінің барлық субъектілері арасындағы өзара түсіністікті және өзара іс-қимылды нығайтуға жәрдемдесу; 
білім алушылар, педагогикалық қызметкерлер, ата-аналар арасында консультациялық-ағартушылық жұмыс;
3.3.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу өз қызметін осы Ереженің
1.5-тармақта көрсетілген қағидаттарға сәйкес өз лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес ұйымдастырады. 3.2. Баланы және оның отбасын алып жүру туралы шешімді ПМПК ұсынымдары, қорытындылары негізінде қызметтің барлық мамандары бірлесіп қабылдайды.
3.4. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелері мен ұйымдарымен, білім беру ұйымдарына білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытуда көмек көрсететін әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет