I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Көру қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу үшін дидактикалық материалдардың ерекшеліктері



бет33/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
42. Көру қабілеті зақымдалған балалармен жұмыс істеу үшін дидактикалық материалдардың ерекшеліктері.
41дее тұр


44.Курделі бузылыстары бар балаларды окыту мен тарбиелеудін арнайы шарттарынын сипаттамасы
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету жұмысының мақсатын анықтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жүйесінің құрылымын толығымен зерттеу қажет. Күрделі кемістігі бар балалардың дамуының клиникалық ерекшеліктері бойынша бұл балалардың категориясын әлі де болса зерттеу қажет екендігі белгіленген. Статистикалық мәліметгер бойынша арнайы білім беру мекемелеріндеп оқушылар контингентінің 25-35%-ын дамуында күрделі кемшілігі бар балалар құрайтыны белгілі. Осы мэселені алғаш зерттеген Самуил Гридли Хоув, А.Сулливан А.В.Апраушев, Г.П.Бертынь, М.С.Певзнер, А.И.Мещеряков, Т.В.Розанова' И.А.Соколянский т.б. пікірлері бойынша аталған мәселенің өзектілігі анықталады. Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету мәселесінің өзектілігін анықтау үшін «Педагогикалық көмек» түсінігінің терминологиялық статусына назар аударуымыз қажет. С.И.Ожегов сөздіктерінде «педагогикалық көмек» түсінігі педагогика ғылымының талаптарына сай оқыту мен тәрбие туралы ғылым екендігі беріледі, ал «көмек көрсету» сөзі қандай да бір әрекеттің жүзеге асуына көмектесу, қолдау жасау дегенді білдіреді. «Педагогикалық көмек көрсету» баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін ерекше әрекет. Педагогикалық әрекет педагогтың көмегімен орындалатын баланың әлеуметтік құндылықтарды игеруін жүзеге асырудағы әлеуметтік маңызы бар әрекеттің түрі болып табылады. Педагогикалық әрекеттің ерекшелігі нақты жағдайда, яғни дамуында күрделі кемшілігі бар баланың кемшілігін компенсациялау мен коррекциялау процесі.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын болсақ, алғаш ол соқыркереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1837 жылы Паркинсон атындағы соқырларға арналған мектепке (АҚШ) Лора Бриджмен атты соқыр қыз қабылданды. Оның оқытумен мектеп директоры Самуш Гридли Хоув айналысты. Оның алдында 1825 жылы дүние жүзі соқырларға арналған шрифті құрастыруғаарналған конкурс жарияланды. Соған Луи Брайлъ деген соқыр алты нүктелі шрифті ұсынды. Бұл шрифті ең басты мүмкіншілектері бағаланбады. Лораны оқытуда бірінші рет осы шрифті қолдану мүмкіндігін көрсеткен Самуил Гридли Хоув болды. Кейінен Брайільдік шрифтті дактильдік әріптермен сәйкестендіріп Лора дактильдік-жанасу сөйлеуді менгеріп, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайтын болды. Сонымен Лора оқу, жазу, қарым-қатынас жасауды үйренді.
Кейіннен осы Паркинсон атындағы мектепке соқыр-керең Елена Келлер деген қыз қабылданды. Оның оқытуымен Анна Сулливан деген педагог айналысқан. Кейіннен Елена Келлер өте жақсы мектепті, университетті бітіріп, психология ғылымының докторы атаққа ие болды. Нью-Йоркте үлттық соқыр-кереңдердің орталығын ашты. 1884 жылдан 1913 жылға дейін Е.Келлердің өмірі мен шығармашылығына байланысты мақалалар жарияланды. Жарияланған мақалаларда Бельгиядағы, Франциядағы, Норвегиядағы, Шотландиядағы, Швециядағы соқыркереңдерді оқыту мен тәрбиелеу туралы фактілердің дұрыстығы туралы пікірлерде жарияланды. Германиядағы ғылыми байланыстар негізінде қарым-қатынас орнатқан Ресейліктер соқыркерендерді оқытуда жетістікке жетіп, Нововесьедегі мүгедектерге арналған Приютте 1887-1906 жылдары соқыркереңдерге арналған мектеп ашылады.
Совет одағы кезінде күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ғылыми жұмыстардың мазмұны әйгілі психолог А.В.Ярмоленконың еңбектерінде жарияланған. 1923-1937 жылдар арасынд осы бағыттағы ғылыми жұмыстардың мазмұнын Харьковтеп соқыркерең балаларға арналған мектепте қызмет жасаған И.А.Соколянский еңбектерінен көрушізге болады. Осы мектептің тәрбиеленушісі соқыркерең О.И.Скороходованың еңбек жолы да күрделі кемшілігі бар балалардың тәрбиесше арналады. Осындай тәжірибелерді 1947 жылдардан бастап әйгілі психологтар А.Н.Леонтьев, А.И.Мещеряковтар жалғастырды Олар М.В.Ломоносов атындағы Университтеттің психологиялық факультетінде білім алған төрт студентті оқытады. 1971-1977 жылдар арасында осы студештің екеуі А.В.Суворов пен С.А.Сироткин күрделі кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған ғылыми еңбектердің авторлары.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету-әлеуметтік тәртіп пен нормаларды игерудегі іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған баланың әлеуметтік құзіреттілігін көтерудегі педагогикалық тәжірибе. Педагогикалық көмек көрсетудің пәні дамуында күрделі кемшілігі бар баланы тұлға ретіндегі әлеуметтенуін қамтамасыз ететін, бұзылуларға ұшыраған органдардың әрекетін компенсациялау мен қоғамдағы бейімделуін қалыптастырудағы арнайы білім берудің теориясы мен практикасы.
Педагогикалық көмек көрсетудің мақсаты дамуында күрделі кемшілігі бар баланың қоршаған ортаға бейімделуін, қиындықтарды жеңуін оқыту мен тәрбие процесі арқылы игертуге бағытталған процесті жүзеге асыру. Адам тұлғасының қалыптасуы заңды түрдегі өзгерістерге байланысты құрылады. Қарапайымнан күрделіге қарай өтетін жағдайлар арқылы адамның жалпы дамуы сыртқы факторлар (экологиялық, әлеуметтік, мәдени) мен ішкі факторларға (физиологиялық, генетикалық, психикалық) тікелей байланысты. Күрделі кемшілігі бар балалар психикасының даму кезеңдері қалыпты балалар дамуымен бірдей. Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар туралы коррекциялық-педагогикалық тәжірибелердің көпшілігін соқырмылқау балалармен жүргізілген жүмыстар қүрайды. Соқырмылқау балаларды оқытудың технологиясы туралы эксперимент пен ғылыми негіздемелер соқырмылқау балалардың компенсаторлық жүйелер арқылы даму потенциалын дамудың ерте кезеңдерінен бастап анықтауға болатынын көрсетеді. Күрделі кемшілігі бар балалар арнайы мектептердің эр түріне орналастырылады. Бұл кезде оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне, педагогикалық көмек көрсету жұмыстарына таңдау жасаудың қиындығы анық байқалады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға жалпы білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес күрделі кемшілігі бар балалар саралап оқыту түрінде біліп алады. Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға арналған сыныптар ашылған. Мысалы, саңырау балаларға арналған типтік бағдарламалар бойынша білім беруде бұл балалар қосымша психикалық дамуында кемшіліп бар, ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалармен қатар білім ала алмайды. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған көмекші сыныптар (психикалык дамуында кемшілігі бар балалар, соқырмылқау балалар) құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп болмауы тиіс. Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшілік топтасқан нашар еститін балалар: саңырау және ақыл-ои дамуы кешеушдеген, саңыраулық және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар білім алады. Немесе көру қабілеті зақымдалған ақыл-ойы кешеуілдеген балаларға арналған сыныптар. Мұндай сынып құрылуы ПМПК мамандарының сараптамасының қорытындысына негізделіп құрылады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған топтар мен сыныптар құрылады. Нашар еститін немесе нашар көретін, сөйлеу тілінде кемшіліктер, тірек-қимыл аппаратының бұзылуы қатар келген балаларды оқушылар ұжымына қосуда интеграцияланған жұмыстар ұйымдастырылады.
Дамудағы күрделі кемшілікті зерттеудегі аралас пәндердің маңызы өзекті мәселелердің мазмүнына сай дамуында күрделі кемшілігі бар балаларды оқытудың әдіснамалық түрдегі жүйесі психология, педагогика, медициналық блоктағы пәндер, әлеуметттік педагогика пәндерінің қиылысында қарастырылып отыр. Көрсетілген жүмыстарды ұйымдастыру қосымша оқыту мен тәрбиелеудің нақты әдістемелеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, оқытудың технологиясы мен мазмұны модернизацияланады. Өзгертулер мен толықтырулар кемшіліктің пайда болу себептеріне байланысты арнайы педагогиканың салалары (сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия) негіздеріне сүйеніп жүзеге асырылады.
Күрделі кемшіліктің пайда болу негізін анықтауда орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы, сенсорлық қабілеттердің бұзылуы, түрлі генетикалық факторлар негіз болатындықтан оларды есепке алу мен түсіну үшін медицина аймағындағы арнайы пәндер невропатология, бала дамуының ерте кезеңінің анатомиясы мен физиологиясы, психопатология, психиатрия, адам генетикасы, офтальмология, отолорингология, педиатрия, сурдология ғылымдарының жетістіктеріне сүйенеді. Адамның өзіндік құрылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, өмірлік құндылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандырауға мүмкіндік беретін әлеуметтік ғылымдармен де тығыз байланысты. Қазіргі уақытта дамуында күрделі кемшілігі бар балаларға коррекциялық көмек көрсету жүйесі өз алдына құрылуда. Арнаулы білім беру мекемелерінде түрлі бағдарламалар, әдістемелік және нормативтік материалдарды басшылыққа ала отырып, жұмыс жүргізу ұйымдастырылуда.
Аталған ғылыми бағыттың міндеттері төмендегі негізгі мәселелерді құру мен оларды шешуді көздейді:
- дамуында кешенді (күрделі) кемшілігі бар тұлғаларды психологиялық-педагогикалық және клиникалық жағынан жан-жақты зерттеу;
- анализаторлардың бұзылу типологиясын, дамудағы психикалық және дене дамуындағы бұзылуды анықтау мен оларды бекіту;
- күрделі кемшілік кезіндегі оқыту мен тәрбиелеудің объективті заңдылықтарын зерттеу;
- арнаулы білім беру мазмұнындағы оқыту мен тәрбие беру процесінің теориялық негіздемесін жасақтау;
- білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасақтау (бағдарлама, оқу жоспалары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет