I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының оқушыны қолдауы



бет40/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
52.Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі мамандарының оқушыны қолдауы. ЕБҚБ балаларға инклюзивті білім беру бағытында әлеуметтік, медициналық, психологиялық педагогикалық қолдау (сүйемелдеу) ортасының құрылымы нені құрайды? Біріншіден, ол балалардың денсаулығы. Яғни, ЕБҚБ балаларды медициналық емдік шаралармен қамтамасыз ету, оларға тегін медициналық қызмет көрсету. 2003 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің скринингті ұйымдастыру туралы бұйрығы шықты. Онда скринингтік қараудың сәби жасындағы кішкентай балаларды қараудың маңызы зор екендігі айтылды. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің скрининг ұйымдастыру туралы бұйрығы бойынша ЕБҚБ балаларды дер кезінде, анасы жүкті болып жүрген кезден бастап зерттеу жұмыстарымен қамтамасыз етілуде.Скринингтік қараудың негізі болып дер кезінде диагностика жасау, ерте жүйелі көмекті сапалы, тиімді түрде ұйымдастыру, мүгедектікті, түрлі психикалық дамуының тежелуін, сөйлеу тілінің бұзылымдарын алдынала ескерту, ерте кезден бала денсаулығын екінші қайтара ауытқулардың көрінуінен сақтандыру. ЕБҚБ балалардың барлығы да өздерінің ерекше қажеттіліктеріне сәйкес және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерде белгіленген білім беру бағдарламасы бойынша арнайы коррекциялық-педагогикалық, әлеуметтік, медициналық және психологялық көмек алуы қажет. Психологилық-медициналық-педагогикалық кеңестерде кешенді түрдегі тексеріс барысында әр балаға білім берудің түрі мен формасы анықталып, оңалтудың кешенді бағдарламасы жасалып, жеке білім беру бағытына нұсқамалар жасалады. Психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек іштей және мектептің штатында керек мамандар, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог бойынша маман жоқ болғанда сырттай болуы мүмкін. Іштей көмек мектептегі психологиялықмедициналық-педагогикалық консилиумның мамандарымен қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты жалпы типтегі білім беру мекемесінің штаттық кестесіне әлеуметтік қызметкер, арнайы педагог, медициналық қызметкер бірліктерін еңгізіп, психологиялық қызметті ұйымдастыру керек. Сырттай көмекті аудандық психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері, оңалту орталықтары, арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелерінің мамандары көрсетеді. Әр балаға жеке дара даму құқығы берілу қажет агогикалық сүйемелдеу шарасына қатыстыру.

56.Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін инклюзивті оқыту мекемесіне қабылдау тәртібі (қабылдау көрсеткіштері, Сыныптарды жинақтау). (Стб -сөйлеу тілінің бұзылысы)
Инклюзивті сыныптағы мектеп оқушыларының қарым-қатынасындағы оң нәтижеге тек ойластырылған жүйелі жұмыс арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік және дидактикалық кешендерді мұқият таңдау маңызды рөл атқарады.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде мұғалімнің басты мәселесі - қалыпты дамыған құрдастар ортасына кіріктірілген СТБ бар баланың жеке ерекшеліктерін арнайы түзету бағдарламасында бекітілген білім беру стандартының орындалуымен байланыстыру.
Бағдарламаны таңдау білім берудің негізі болып табылады. Бастауыш мектепте оқушыларды СТБ бар балалармен оқыту үшін мыналар негізге алынады:
1) орта жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік оқу жоспарлары – 1-4 сыныптар;
2) сөйлеу тілі ауыр бұзылған балаларға арналған жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары (дайындық - 1 сынып)
3) сөйлеу тілі бұзылыстары ауыр балаларға арналған жалпы білім беретін мектептің 2-4-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы.
Ауыр сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) оқу бағдарламалары бойынша оқыту «Байланыстырып сөйлеу», «Сауат ашу», «Сөйлеуді дамыту», «Оқу», «Логоритмика» сияқты пәндер бойынша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет