I және II түрдегі мектепте оқыту бағдарламалары. Түзету пәндері (курстар)


Инклюзивті білім беру қажеттілігін негіздеу. Сәтті инклюзия ресурстары



бет25/45
Дата14.09.2023
өлшемі165,24 Kb.
#107940
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
34.Инклюзивті білім беру қажеттілігін негіздеу. Сәтті инклюзия ресурстары.
Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдаудың заманауи жағдайы мен беталысы әлемдік тәжірибеде қабылданған талап ережелері шеңберінде жүргізіледі. Әйтсе де, инклюзивті білім берудің қалыптасқан қазақстандық моделі бар. Ол барлық санаттағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және орта біліммен қамтамасыз ету үшін арнайы жағдайлардың жасалуымен сипатталады. Инклюзивті білім беру үрдісі дене дамуында мәселелері бар, яғни физикалық мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалар; әлеуметтік ортаға бейімделу қиындықтары бар девиантты мінез-құлықты балалар немесе тұрмыстық-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелері бар отбасы балалары; мигрант, оралман және босқын отбасыларының балалары; дарынды балалар, сондай-ақ мектептері жоқ елді мекендерде тұратын балалардың сапалы білім алуға тең қолжетімдігін қарастырады. Соңғы мәліметтерге қарағанда еліміздің орта білім беру ұйымдарында инклюзивті біліммен балалардың 30,5% қамтылған. Оның ішінде арнайы жағдайлар жасалған инклюзивті білім беру кеңістігінде дені сау құрбыларымен тең дәрежеде білім алып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалар саны 25 633 (27%) құрайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асырудың стратегиялық бағыттары ретінде келесі міндеттер анықталған:
- мектепке дейінгі жастағы балалардың ерте диагностикасын және психологиялық- педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқытудың ғылыми-педагогикалық негізін, мамандар әлеуетін және материалдық-әдістемелік базаны жақсарту;
- инклюзивті білім берудің дамуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-әдістемелік және іргелі зерттеулер жүргізу;
- инклюзивті білім беруге қолайлы жағдай тудыратын институционалдық ортаны жетілдіру;
- мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби еңбек дайындығы және оңтайлы әлеуметтенулері үшін жағдайлар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет