І. Кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс жҥйесі монография



Pdf көрінісі
бет14/121
Дата27.11.2023
өлшемі1,17 Mb.
#129731
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121
е

о

ө
дауыстыларын 
дифтонгоид қатарына жатқызуы, қосымшалардағы 
е
фонемасының 
а
-ға 
комбинаторлық тҥрде алмасатыны және дауысты фонемалаpды жақтың 
ашылуына қаpай ашық (
а
), жаpтылай қысаң (
э
,
о
,
ө
),
 
қысаң
 
(
ы
,
и

ҧ
,
ҥ
), тiлдiң 
қатысына қаpай жуан (
а
,
ы
,
о
,
ҧ
), жiңiшке (
э
,
и
,
ө
,
ҥ
), еpiннiң қатысына қаpай 
еpiндiк (
о
,
 ҧ
,
 ө
,
 ҥ
),
 
езулiк
 
(
а
,
ы
,
 э
,
и
) деп жiктеуi қазақ тiлiнде І.Кеңесбаев пен 
С.Мыpзабековтердің еңбектерінде кӛрініс тапқан. С.Мыpзабеков жартылай 
қысаң дауыстылар терминінің орнына жартылай ашықты қолданған. Бҧл 
термин тҥркі тілдері зерттеулерінің кӛпшілігінде ҧшырасады.


Ал І.Кеңесбаев ғылымда қалыптасқан, орныққан концепцияларға сҥйене 
отыра еңбегін сегіз салаға бӛліп саралаған: фонетиканың нысаны мен салалары, 
дыбыс туралы ҧғым, дыбыстау мҥшелері, дыбыстардың қҧрамы мен тҥрлері, 
дыбыстардың ҥндесуі, буын, екпін, транскрипция. Ғалым дауыстылар мен 
дауыссыздардың ӛзара ерекшеліктерін кӛрсетіп, дауысты фонемаларды езу, 
ерін, дифтонгоид деп бӛледі. Миссионерлердің зерттеулеріндегі кемшіліктерді 
айта отыра, орыс және басқа тҥркі тілдерінің фонемаларымен салыстыра 
қарастырады. Дауыстылардың кейбір ӛзгешеліктеріне, емлесіне тоқталады.
Тҥркітану ілімінде жарық кӛрген жҧмыстар да ғалым назарында болып, 
ой елегінен ӛткен. І.Кеңесбаев ӛз пайымдауларымен ҧштасатын пікірлерге 
сілтеме жасап, қостайтындығын білдіріп отырған: "Проф. А.П.Поцелуевский 
ӛзінің "Фонетика туркменского языка" (1936) атты еңбегінде 
ҽ
фонемасын 
мейлінше ашық дауысты деп есептейді. Бҧл пікір қазақ тілі ҥшін де орынды 
болады деп ойлаймыз" [8, 230-б.]. Оқулықта И.А.Батмановтың еңбегіне де 
сілтеме жасалған. Бҧл ғалымның зеректігін, қазақ тілінің ғана емес, сондай-ақ 
орыс тілі және тҥркітану іліміндегі еңбектермен таныс екенін кӛрсетеді. Ол 
И.А.Батманов секілді дыбыстардың қатысымен болатын комбинаторлық 
ӛзгерістерге жеке тақырыпша арнамай, дыбыстық қҧбылыстарды олардың 
ішінде талдайды, яғни кейбір кірме сӛздер айтылуда дыбыстық ӛзгеріске 
тҥсетінін байыптайды. Ғалым дауысты дыбыстардың әсерінен болатын 
дыбыстық қҧбылыстарды (протеза, эпентеза, эпитеза, элизия) сӛз еткен: 
"Бірнеше 
дауыссыздан 
басталған 
не 
бірнеше 
дауыссызға 
біткен 
интернационалдық сӛздерде бҧл дыбыс айтылуда олардың не алдынан, не 
ортасынан, не аяғынан дәнекер болып жапсарласып отырады" [8, 232-б.].
И.А.Батманов 
комбинаторлық 
ӛзгерістер 
сӛзді 
тек 
акустика-
артикуляциялық тҧрғыдан, яғни айтылуын ғана ӛзгертетінін, мағынаға әсер 
етерлік кҥші жоғын айтады: "Комбинаторные изменения не могут 
рассматриваться как фонематические явления" [42, 65-б.]. І.Кеңесбаев та осы 
пікірді ҧстанады: "Комбинаторлық (игерулі) ӛзгерістің сӛз мағынасына әсер 
етерлік кҥші жоқ; басқаша айтқанда, дыбыстардың комбинаторлық 
варианттары – белгілі бір фонеманың (кӛбінесе қосымшаның) тек сыртқы 
фонетикалық қҧбылыстары" [8, 278-б.]. 
И.А.Батманов дауысты дыбыстардың комбинаторлық ӛзгерістерінде 
ҥндестік заңына тоқталады. Ол қыpғыз тiлiнiң сингаpмонизмiнде тӛмендегi ҥш 
мәселенi қаpастыpады: 
1) буынды қҧрайтын фонемалардың дыбысталу мәселесі;
2) екі және ҥш тҥбірлі біріккен сӛздердегі буындардың дыбысталу 
мәселесі; 
3) қосымшалар мен тҥбірдің соңғы буынының дыбысталу мәселесі [42, 
65-б.]. Яғни ғалым тҥбірдің, тҥбір мен қосымшаның және екі не ҥш тҥбірден 
қҧралған сӛздердің дауысты дыбыстары ӛзара бір-біріне ықпал етіп, ҥйлесіп 
келуін айтады. Сӛзде езу ҥндестігімен қатар ерін ҥндестігі де болатыны, орыс 
тілінен енген сӛздерде жуан-жіңішке дауысты дыбыстар бір сӛз кӛлемінде 
араласып келе беретіні де назарда болады. И.А.Батманов пен І.Кеңесбаев аға 
буын тҥркітанушылардың – Б.Я.Владимирцов, В.В.Радлов, О.Бетлингк, 


В.А.Богородицкий, П.М.Мелиоранский т.б. – еңбектерін басшылыққа ала 
отырып талдағандықтан, сингармонизм мен екпін мәселесіндегі ой-пікірлері 
ӛзара ҥндес келеді.
И.А.Батманов қыpғыз тiлiндегi екпiн экспиpатоpлық, кейде музыкалық 
дей келiп, экспиpатоpлық екпiн сӛз ажыpатушы қызмет атқаpатынын ескеpедi. 
Ғалым негiзгi және кӛмекшi екпiннің оpналасуына тоқталады: "В тpехсложных 
словах удаpение в киpгизском языке не уклоняет от общих пpавил: главное 
удаpение падает на последний слог, а втоpостепенный на пеpвый. В 
четыpехсложных и пятисложных словах втоpостепенное удаpение отстоит от 
главного на один слог, а в словах в составе шести и более слогов оно отстоит от 
главного на два слога" [42, 63-б.]. Екпін мәселесі жӛніндегі бҧл пікірді қазақ 
тілі фактісі мақҧлдай алмайды. Оны І.Кеңесбаев И.А.Батмановтың еңбегін 
талдай отыра дәлелдеп кӛрсеткен. Алайда зерттеушілердің пікірлері екпін 
тҥспейтін қосымшаларды кӛрсетуде бір-бірімен ҧштасқан.
И.А.Батманов консонантизм жҥйесін айтылу орнына қарай топтастырып 
сипаттаса (ерін, ерін-тіс, тіл алды, тіл ортасы, тіл арты), І.Кеңесбаев ҥнді, 
шҧғыл, ызың дауыссыздар деп бӛліп қарастырады. Ғалымдардың еңбектерінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет