І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


Патологиялық – анатомиялық өзгерістер



бет3/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Патологиялық – анатомиялық өзгерістер.
У тамыр негізінен жүйке жүйесін әсер ететіндіктен, сойып зерттеген кезде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Газ жиналғандықтан қарын мен іщек кеңейген, кілегейлі қабығы гиперемияға ұшыраған, қан қара түсті, өкпеде гиперемия, кейде ми қабатында байқалады.
Дәнекер ұлпада, тыныс алу жолдарының кілегейлі қабығында, эпикард, эндокард астында бүйрек паренхимасы мен қабы астында қанталау болады.
Шошқаларда өкпе гиперемиясы, жұтқыншақ – кілегейлі қабығында ісіну байқалады. Жақ асты жұтқыншақ маңы лимфа түйіндерінің гипереиясы пайда болады. Плевра астында, жүректе, қарынның кілегейлі қабығында, ішекте қанталаулар бар.
Емі. Арнайы уға қарсы қолданылатын антидот жоқ. Организмді удан тазалау керек. Ол үшін асқазанды немес мес қарынды суға марганец қышқылы калий ерітіндісін қосып (1:1000) жуады. Қиын жағдайда мес қарынды кесіп, руминотомия жасайды да, оның ішін тазалайды. Ауыз қуысы арқылы сіңіргіш танин, белсендірілген көмір заттарын береді. Хлоралгидрат ерітіндісімен клизма жасайды. Ондай әдіс салындануға қарсы жақсы әсер етеді. 5 -10 % тұз қышқылының ауыз қуысы арқылы беруге болады. Венаға гемодез, цититон, ал еріннің астына лобеин жіберуге болады. Ұйықтату арқылы емдеу әдісін де қолдануға болады.
Сақтандыру шаралары. Малды күтуге қатысы бар адамдар улы шөптерді ажырата білулері керек. Ол үшін күні бұрын дайындалған гербарийлердің көмегі жақсы. Өсімдігі бар жайылымды жердегі у тамырды жою жұмысы ұйымдастыру қажет.
Жусан - Полынь – Artemisia L. Биітігі – 30 – 60 см, ақ түсті жібек тәрізді түгі бар, сұр – жасыл түсті көп жыылдық өсімдік. Ланцет тәрізді жапырақтары бар, барлық жерде улы болып келеді. Оның улылығына сыртқы ортаның жағдайы әсер етеді. Жусанның бірнеше түрлері бар: таврияя жусаны, теңіз жусаны, мейер жусаны, Ганзен жусаны, ащы жусан. Солардың ішінде теңіз жусаны улылырақ болып келеді. Өсімдіктің барлық бөліктері де улы.200 – 300 г құрғақ жусан жылқыны өлтіріп жіберуі мүмкін. Мал азығындағы шөптің құрамында 2% жусан болғанда уланудың созылмалы түрі дамиды.

2 – сурет.Жусан.
Улы заты өсімдіктің құрамында 0,5- 2 % мөлшерңнде болатын эфир майы және санотинге ұқсас лактон таурицин. Бұл заттар жү»йке жүйесінің улы заттарының қатарына жатады. Жүйке жүйесін қоздырады, көп мөлшерде эпилептикалық салданудың аурыр түрін туғызады. Оған қосымша таурициннің әсерінен құсу, іш өту, жүрек қызметінің бұзылуы байқалады. Улану жусан аш малдардың организіміне түскенде жиі байқалады.
Улану жіті және созылмалы түрлерінде тіркеледі. Организмге түскен мөлшеріне және малдың аш тоқтығына байланысты ауыр және жеңіл түрлерін ажыратуға болады. Кейбір әдебиттерде уланған жылқылардың 20 %- ына дейін өлім – жітімге ұшырағандығы туралы деректер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет