І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім


Негізігі клиникалық белгілері



бет4/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-55662

Негізігі клиникалық белгілері: улану ірі қара және ұсақ малда, жіті және созылмалы түрде өтеді. Тынышсыздану, эпилепсияға ұқсас салдану, тоникалық – клоникалық тартылулар малдың тынышталуымен кезектесіп отырады. Улаған малда үрей пайда болады, сәл, әлсіз тітіркендіргішке қатты реакция береді. Басында еріннің, беттің еттері тартыла береді де, артынан ірі бұлшық еттердің дірілдеп – қалшылдауы байқалады. Жылқылар алдындағы кедергігек қарамай алға ұмтылады, алдыңғы аяқтарымен қабырғаға шапшиды, қиналады, жақтың бұлшық еттері қарысып қалады, аяқ бұлшық еттері тартылады. Көздерінің қарашығы ұлғайып, малдың демалысы нашарлайды. Тісін шықырлатып, басын еденге ұрғылайды. Алдыңғы аяқтарымен суда жүзу қимылан сәкес қимылдар жасайды, тұруға талпынып, ұмтылады. Бірақ тұра алмай қайта құлайды. Терлейді, дене қызыуы көтеріледі. Нәжіс жалқаяқты, қанда билирубин анықталады. Жеңіл түрінде клиникалық белгілері де онша қатты болмайды. Ондай жағдайда уланған малдың жазылып кетуі мүмкін. Барлық жерлерде кездесетін ащы жусанның құрамында ащы зат – абсинтин жіне эфир майы бар. Аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады, ал көп мөлшерде естен тандырады, салдандырады. Ащы жусанды сиырлар мен қойлар жақсы жейді. Аз мөлшерде диеталық азық ретінде пайдалы да. Бірақ сүт беретін малдың сүті ащы дәмдід болады.
Патологиялық - анатомиялық өзгерістер.
Өлексені сойып, зерттегенде улануға тән патологиялық өзгерістер болмайды. Кілегейлі және сірлі қабықтар ( жүрек, плевра, қуық )
және де ми ұлпасында қан ұюлар кездеседі. Уланудың созылмалы түрінде ішек қарын жолында катаралды қабынулар болады. Бүрек, бауыр және бұлшық етте дегенрациялық өзгерістер басқалады.
Емі. Салдануға қарсы кілегейлі қайнатпаға хлоралгидрат қосып клизма қояды. Жүректің жұмысын жақсарту мақсатында терінің астына кофеин, кафора ерітінділерін жібереді. Ас қорыту жүйесін тазалайтын әдістерді қолданады. Терінің асытна 0,3- 0,4 г мөлшерінде пилокарпинді жібергеннің нәтижесі жақсы. Жылқының бас жағына суық копресс қоюға болады. Ауыз қуысы арқылы суға марганец қышқыл калийді, соданы қосып беруге болады: 3 – 6 л суға 15 - 30 г марганец қышқыл калий мен 60- 100г соданы ерітеді.
Балау. Жылқылардың жусанмен улануының жіті түрі орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады. Жусанмен улану жылқының инфекциялық энцефаломиелитіне ұқсас келеді. Бұл аурудан айыра білу үшін, жусанмен улануда мынандай белгілер болатынын білген жөн; улану күшті өтеді, ауыз қуысының кілегейлі қабығы сарғайады, ауыз қуысынан жусан иісі шығады. Уланудың созылмалы түрінде клиникалық белгілері айқын емес. Сондықтан клиникалық белгілерімен қатар, азықты талдау нәтижесіне көңіл аударылады.
Болжау. Уланудың жіті түрінде эпилептиформды құрысып тырысу температураның көтерілуі 40 ° С жоғары, терлеу болса, болжам жағымсыз. Мұндай жағдайда мал өлімге жиі ұшырайды. Тырысып - бүрісу болып температурасы жоғарыламаса, уланудың созылмалы түрінде мал толық жазылып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет