І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім



бет5/20
Дата02.06.2023
өлшемі1,66 Mb.
#98081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Сақтандыру шаралары. Жылқының азығында жусанның болмауын қадағалау керек. Кейде жусанның улы түрін оның усыз түрінен ажырату белгілі бір қиындық туғзуы мүмкін. Ондай жағдайда лабораторияда тышқандарға биологиялық сынама жасауға болады.
Кәдімгі қылқан жапырақты шөп – Кузьмичева трава – Ephedra vulgaris Rich. Биіктігі 8 – 15 см, сабағы қысқа бұтақты, тамыры тарамды болып келетін бұта. Сабағы бөлшектенген, жапырағы қысқа, гүлі ұсақ, жемісі қызыл түсті.
Ертеректе Кузьмичев деген атпен көптеген ауруларға қарсы қолданылған, әсіресе ревматизм ауруларында. Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде эфедрин алкалоиды бар. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырады, әсіресе дем алу орталығына қатты әсер етеді. Сондай – ақ қан тамырларының өзегін тарылтады. Алкалоид өсімдіктің сабағында көбірек шоғырланады. Улану көбінесе қойлардың арасында, оның ішінде төлдерде жиі кездеседі. Улану өсімдікті көп жегенде байқалады.
Мысалы, ірі қойлар бір айда 37- 45 кг, ал салмағы 10 кг қозылар 13 – 15 күннің ішінде 2 – 11 кг өсімдікті жегенде өлетіні эксперимент жүзінде дәлеледенген. Ал улы өсімдік бар жайылымды басқа таза жайылымдықпен алмасытырып отыру уланудың алдын алудың бірден – бір әдісі көрінеді.
Уланудың бастапқы кезінде оның клиникалық белгілері аса білінбейді, негізгі белгілері уланудың ақырғы жіті түрге айналғанда ғана анық білінеді.
Негізгі клиникалық белгілері жүйке жүйесінің қызметінің ауытқуымен сипатталады: мал азық қабылдамайды, жайылымда қозағалысы баяу, жалпы жағдайы жабырқау, кейде малдың тынышсызданғаны, қозуы байқалады; қалай болса солай қозғалады, сіңірдің тартылуы байқалады: аяғын созады, мойыны бұралады, басын артқа қарай қайырады, шайнау еттері тартылады. Артынан аяқтарымен қалай болса солай жүзу тәрізді қимылдар жасайды. Дене қызуы көтеріледі, жүректің қызметі бұзылады, дем алысы үстіртін, тоқтап – тоқтап барып іске асады. Мал клиникалық белгілері білінгеннен кейін бір жұманың ішінде өлім – жітімге ұшырайды.
Өлген малды сойып қарағанда ұлтабар мен ішекттердің кілегей қабықтарында қабыну процесі, бауырдың жұмсарғаны, бүйректер мен кеңірдектің кілегей қабығының қызарғаны; өкпелерде, тыныс алу жолдарында, плевра қуыстарында серозды – геморрагиялы эксудаттың жиналғаны; жүрек қабаттарында, мидың қатты қабында қанталағандық байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет