I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Замана дидары
Жоғарыда айттым: жазып отырғаным саяси мемуар емес. Сондықтан
оқиғалық
жүйелікті
қадағалағаныммен,
хронологиялық
жүйелікті
қадағалағаным жоқ. 
Кездескен  адамдарымды  еске  түсіремін.  Кейбіреулерімен  жай
əншейін  көз  таныспын.  Кейбіреулерімен  ұзақ  уақыт  істес  болдым.  КСРО-
ның  кейінгі  кезеңі  маған  ақсақалшылдық  дəуірі  боп  елестейді.  Тіпті
брежневшілдік  кезеңнің  тілінде  де  соның  əсері  анық  сезілетін.  Қырықтан
асқанша  жазушы  болашағынан  үміт  күттіретін  əдебиетші  боп  есептелетін.
Саяси  бюроның  алпыстан  асып  кеткен  мүшесі  болашағы  əлі  алдағы
қабілетті саясатшы боп саналатын. Ол кезде уақытпен үйреншікті үрдістен
екі  елі  сыртқа  аттап  шықпайтын  абайшылдық  қана  қызмет  бабында  өсуге
кепілдік  бере  алатын.  Бəлкім,  бұл  қазір  күлкілі  көрінер.  Он  жылдан  соң
орасан  үлкен  елдін  быт-шытын  шығарған  қопарылғыштың  сағат
механизмінің  құлағы  маған  тап  сол  кезде  бұралған  сияқты  боп  көрінелі.
Тобы  бұзылмастан  бірге  қартайып,  бірге  алжи  бастаған  бюрократияның
сүйікті  кəсібіне  айналған  кадр  тұрақтылығы  бірте-бірте  кадрлардың
азғындауына ұрындырды.
Сол  кезде  жас  саясатшыларльщ  көбінің  басына  маған  келген  мына
бір  ой  келген  шығар.  Косыгин  де,  Суслов  та,  Устинов  та,  Громыко  да,
Байбаков  та,  республикалардың  басшылары  да,  тіпті  Брежневтің  өзі  де,
тағы  басқа  көптеген  адамдар  сияқты,  билікке  30-35  жастарынан  бастап
араласты.  Əрине,  осындай  жас  адамдар  қабілеттері  болмаса,  əлгіндей  биік
қызметтерге  көтеріле  алмайтындары  даусыз.  Алайда  олардың  араға  25-30
жыл  түскен  соң  да,  өздерінің  билікке  қай  жаста  келгендерін  ұмытып,
элитаның құрамын жаңа адамдармен алмастыруға тіптен мəн бермегендері
29

таң калдырады.
Алайда  мен  сол  кездегі  билеуші  элитаны,  кейбіреулер  айтып
жүргендей,  ақылсыз  кəриялар  қып  көрсетуге  атымен  қарсымын.  Ол
шындыққа жанаспайды. Олардың ел басқару деңгейі тым жоғары еді. Бірақ
шырқау  шыңдарына  70-жылдардың  басында-ақ  жете  тұра,  кейінгі
буындардың  өздерін  өздері  көрсетуіне  жол  бермеді.  Сосын  осы  бір
айрықша қабілетті адамдардың аттарына лайық, отырған орындарын өлмей
босатпайтын  əдет  басталды.  Менің  білуім  бойынша,  тек  А  .Косыгин  мен
əбден ауру діңкелеткен Л. Брежнев қана өз еріктерімен қызметтен босатуды
сұрады. Сондықтан да мен бізде саяси элитаны ауыстырудың қалыптасқан
дəстүрінің  жоқтығын  əрдайым  ескертіп  отырамын.  Батылдық  пен  дербес
шешімділік танытатын кезді тым ұзақ сұрыптауға сарп ету саяси мұраларды
тиісті сапасынан айырып, құнарсыздандырып жібереді.
Жетпісінші-сексенінші  жылдар  тоғысында  басқару  элитасын
түбегейлі  алмастыратын  кезең  туды.  Алайда  уақыттың  бұл  талабына
тиісінше жауап беруге біздің саяси жүйеміз атымен əзір емес болып шықты.
Жүйеміздің тағы бір ішкі осалдығына, мен ресми жетекшілеріміздің сырты
жылтырақ,  іші  қалтырақ  көзбояушылар  мен  даңғойлық  қана  болып
шыққанын  қосар  ем.  Он  сегіз  жыл  ел  билеген  адам.  Озбыр  да,  зұлым  да
емес, алайда ол дүниеден өткенде, ең жақындарынан басқа ешкім көздеріне
жас алып жыламақ түгілі, тіпті реніш те білдірмеді. Бұдан жаман не болушы
еді?!
Маған  ол  кезде  мемлекеттік  делегациялар  құрамында  əлденеше  рет
шетелдерге  барып  қайтуға  тура  келді.  Сонда  жанға  батқаны:  Л.Брежневті
қылжақ қылғандар бүкіл елді қылжақ қылатын еді. Можап калған елбасына
қарап,  күллі  ел  де  тұралап  қалғандай  боп  көрінетін.  Л.И.Брежневтің  1980
жылы  Қазақстанға  соңғы  келген  сапары  əлі  есімде.  Республикамыздың  60
жылдығына  Саяси  бюро  мүшелері  түгелге  жуық  келді.  Бас  хатшының
жағдайы тым нашарлап кеткен екен. Тіпті өз бетімен аяғын баса алмайтын
болғандықтан,  сақшылары  қолтығынан  демеп  жүреді.  В.И.Ленин
сарайында  салтанатты  жиын  өтіп  жатты.  Үзілісте  қонақ  бөлмесінде
жиылдық.  Л.Брежневке  бірнеше  сауал  қойдым...  Көзіне  қарасам...
Жанарында нұр қалмапты... Жаны шығып кете жаздап тұрған кісі сияқты.
Ол бір мазасыз кезең еді. Л.Брежнев əлденеше рет арнайы байланыс
бойынша поляк басшылығымен хабарласты. Ондағы ахуал тым қауіпті еді.
Социализмнің басына түсер зобалаң сол Польшадан басталғандай еді. 
Енді  бүгін  кеп  ойлап  көрсеңіз,  КСРО-дан  бастап,  əлденеше  жерде
қалыптаса бастаған сондай əрі күрделі, əрі қолайсыз жағдайға өз аяқ-қолын
30

өзі алып жүре алмай, қалжырап қалған адам қандай қайран жасай алмақшы.
1984 жылдың 22 наурызында мен Қазақстан Министрлер Кеңесінің
Төрағасы  боп  тағайындалдым.  КСРО-дағы  ең  жас  премьер  мен  боп
шықтым.  Билікке  бұлай  жақын  араласу  екі  ұдай  сезімге  бөледі.  Бір
жағынан, өз тəжірибемді Қазақстанның экономикалық ахуалын жақсартуға
жұмсағым  келеді.  Өйткені  өмірдің  біршама  жақсы  мектебінен  өткен
сияқтымын.  Екінші  жағынан,  ашық  айтуым  керек,  билеуші  элита  мен  ел
билеудің жаңа қырларын тек сол жылдарда ғана аңғардым.
Бір кезде Жан де Лабрюйер жақсы айтыпты: «Егор король сарайыма
шет  аймақ  тұрғынының  көзімен  қараса,  таң-тамаша  думан  сияқты  боп
көрінер  еді.  Бірте-бірте  қаныға  түскесін,  əдемі  суретке  қасына  кеп
қарағандай,  бар  ажарынан  айырыла  бастайды.  Сарай  мəрмəр  ғимарат
сияқты, ондағы адамдардың жандары жұмсақ болмаса да, əбден қырналған
тастай боп жалтырап тұрады».
Психологиялық  жағынан  сарай  мінез-құлқына  бейімделу  маған
онайға  түспеді.  Өйткені  билеуші  элитаның  бəріне  де  тəн  кейбір
ерекшеліктерге  байланысты,  (француз  королінің  де,  бас  хатшының  да
немесе  республика  басшысының  да  айналасында,  тап  анау  айтқандай
айырмашылық  бола  қоймайды  екен.  Өндірістен  шыққан  менің  өмір
тəжірибем  өзгешелеу  еді.  Металлургтер  ұжымында  жұмыс  істеп,
шахтерлермен  көп  араласқан  менің  өмірге  көзқарасым  да  басқашалау
болып  шықты.  Жұмысшы  ұжымға  тəн  демократизм  мен  турашылдық  кез
келген  қисыншылдықтың  көбесін  сөгіп  шығуға  мүмкіндік  береді.  Мен  де
сарай  құлқы  мен  іс  қамының  қайсысын  таңдау  керек  болғанда,  көп
абыржымастан,  іс  қамын  таңдап  алдым.  Ол  көп  ұзамай  күрделі
шырғалаңдарға душар етті. 
Ол  кездегі  жай-жапсарды  егжей-тегжейлеп  жатудың  еш  қажеті  жоқ
деп  ойлаймын.  Біздің  Министрлер  Кеңесі  көптеген  толғағы  жеткен,  кейде
«дау-дамайы»  көп  мəселелерді  қарады.  Бірақ  ол  көп  ұзамай  күтпеген,  əрі
ақыры немен тынары белгісіз салдарларға ұрындырды.
Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев...  Мен  оған  əрдайым,  тіпті
арақатынасымыз  аса  қиындап  кеткен  тұстарда  да,  шынайы  ізетпен
қарадым.  Менің  экономикада,  кадр  таңдауда,  саясатта  бетті  оңға  қаратуға
тырысқан  максимализмім  түсіністік  таппады.  Мен  ол  кезде  ксйбір
облыстық  партия  комитеттерінің  бірінші  хатшылары  мен  министрліктер
басшыларының  жасап  отырған  жүгенсіздіктерін  тыямын  деп,  қатаң  сынға
алғанда,
Д.Қонаевты
жақтайтындығымды
білдіріп
жүрмін
деп
есептейтінмін.  Бірінші  басшы  менің  істерімнің  дұрыстығына  көзі  жетіп,
31

əлгіндей  оңбағандарды  қуып  шығып,  біз  Қазақстан  өмірін  реформалауды
шындап өрге бастырамыз деп ойлағанмын. КОКП Орталық Комитеті сəуір
(1985)  пленумының  шешімі  де  солай  болатын.  Оның  үстіне,  Ю.
Андроповтың артында қалған жігерлі қыжыл да соған үндейтін. Бірақ мен
Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  отыз  жылдай  Қазақстанның  ең  ірі
орындарын  басқарған,  өз  заманының  шын  мəніндегі  ірі  саясаткері
болғанымен, жетпістен асып кеткен жасында, психологиялық жағынан да,
биологиялық  жағынан  да  жаңа  жағдайға  икемделе  алмауы  мүмкін  екенін
ескермеппін.
Оның
үстіне,
орталық
басшылыққа
жуырда
ғана
К.У.Черненко келген-ді.
Меніңше,  Д.Қонаевтың  ол  кездегі  ұстанған  бағыты  тек  қана  ескіше
ойлаудың
салдарынан,
орнықтылықты
қалай
да
сақтап
қалуға
тырысқандықтан  ғана  емес,  өз  өмірінде  көп  нəрсені  бастан  кешіп,  əбден
шаршағандықтан  да  туындап  жатқан  сияқты.  Д.Қонаев  ол  жүйеде  жұмыс
жасай  жүре,  аса  қиын  да  күрделі  талай  жайттарды  бастан  өткерген-ді.
Оның  өзінің  айтқанын  естуші  едік:  «...  шаршадым,  барлығы  жалықтырды,
75-ке дейін істеймін де кетемін... » 
Ол  кезде  əкімгершілік,  басқарушылық  қабілетті,  оған  тəн  өнер  мен
тəсілдерді  игермеген  адамның  мемлекеттік  билік  жүйесінің  жоғарғы
орындарында  болуы  атымен  мүмкін  еместігін  кез  келген  ел  басқарып
көрген  кісі  жақсы  біледі.  Бұл  қасиеттер  ел  басқару  үшін  қазір  де  ауадай
қажет  екенін  өмір  өзі  көрсетіп  отыр.  Жасы  жеткен  адам,  жұмсартып
айтқанда, өз қызметін атқаруға қауқары қалмаса да, ондаған жылдар бойы
орнынан түспеді. Бұл, белгілі мөлшерде, адам басына бермесін дейтін ауыр
қасірет. Бұл арада бір қызық жайт есіме түседі. К.Черненко, бас хатшы бола
салысымен,  Саяси  бюроның  жасы  жетпістен  асқан  мүшелері  аптасына  бес
күн  таңертеңгі  оннан  кешкі  беске  дейін  ғана  істесек  деген  шешім
қабылдады,  «Біз  жұмыс  істемесек  те  болады.  Партия  бəрін  де  тындыра
алады», - дегенді талай естігенім бар. Жағдай, міне, осылай болған...
Біздің  ыңғайсыздау  арақатынасымызға  осындай  исихологиялық
сəйкессіздік  пен  шамасы,  жас  айырмамыздағы  алшақтық  та  аз  себепші
болмаған шығар. Менің «Сарай» жайындағы өз пайымдарымды ортаға сала
отырып,  Лабрюйердің  əлі  бір  сөзін  еске  алуым  да  тегін  емес.  Екі  арадағы
қатынастың шиеленісуіне Д. Қонаевқа барғыштай беретін, көптен онымен
біте  қайнасып  кеткен  кейбір  обкомдардың  бірінші  хатшылары  да  түрткі
болмай  қалған  жоқ.  Одан  бері  көп  уақыт  өтті.  Ол  кездегі  мен  жайындағы
сыпсыңдар, менің жоспарларым мен ниеттерім жайындағы адам сенбестей
алып  қашпа  қисындар  қазір  еске  алуға  тұрғысыз  боп  қалды.  Д.Қонаевты
32

маған  айдап  салған  адамдарға  зəредей  де  жамандық  ойлаудан  аулақпын.
Қайта кейін көбінен көмегімді аяған емеспін.
Кейін  елбасы  болған  соң,  екеуміз  талай  кездестік.  Əйелі  қайтыс
болғанда,  үйіне  кіріп  шықтым.  Шаруасы  шығып  қап,  келем  десе,  есігімді
ашық  ұстадым.  Кейбір  «бұрынғылардай»  емес,  Д.Қонаев  саясаттан
толығымен  аулақтап,  инабатын  жоғалтпай,  өзін  ақылды  ұстады.
Республикада  қолға  алынып  жатқан  күрделі  істерді  қолдады.  Жекелеген
басшылар жайындағы пікірлерін ортаға салды. 1980 жылдың басындағы бір
оқиға  ойыма  келеді.  Біз  бірде  оның  ұшағымен  республиканың  күнгейінен
теріскейіне  бардық.  Кенет  мені  қасына  шақырып  алып:  «Біздің
республикамыз  қандай  үлкен!  Шіркін,  өз  алдымызға  дербес  мемлекет
болсақ қой», - деп сыбырлап, саусағымен аузын басты. Мұндай нəрселерді
ол  ылғи,  əуелі,  ұшақта  да  сыбырлап  айтатын.  Ойлаймын,  ол  Саяси  бюро
мүшелерінің  де  қыл  үстінде  жүргенін  білген.  Дүниеден  қайтатын  жылы
үйіне телефон соғып, менімен бірге Ордабасындағы мерекеге барайық деп
шақырдым. «Мен сияқты шалды қайнап тұрған ыстыққа сүйрелеп қайтесің.
Жолда өліп қалып жүрермін», - деді. Екеуміз де күліп жібердік.
Одан бері қанша су ақты. Өлерінен бір ай бұрын екеуміз іш ашысып
сырластық.  Расында  да,  арақатынасымызда  талай  күпті  нəрсе  болды.
Оқиғалар мен адамдарға деген бағаларымыз да бар уақытта қабыса берген
жоқ. Бірақ ақырғы ұшырасуымыздағы бір сөзі əлі есімнен кетпейді. «Сенің
айтқандарың  да,  істегендерің  де  дұрыс  боп  шықты,  Нұрсұлтан.  Мен  сен
алған бағытты қолдаймын», - деп еді. Мен сол кезде осыдан он жыл бұрын
іске осылай бірге кіріссек қой деп, қынжыла ойладым.
Бүгінде  ТМД  елдерінің  көпшілігінде  бұрынғы  басшыларды
масқаралап  айыптау.  мемлекет  қайраткерлерінің  арын  аяққа  басып,
үстерінен  іс  қозғап,  қаулылар  қабылдау  əлі  жалғасып  жатыр.  Өткенімізді
табанға салып таптағаннан лəззат алатын саясатшылар мен журналистерге
түсінбеймін.  Бір  жақсысы,  біз  ондайға  ұрынбадық.  Қазір  Алматыда  Д.
Қонаев  көшесі  бар.  Президенттің  Жарлығымен  өзі  істеген  мекемеге,
институтқа  оның  есімі  берілді.  Д.  Қонаев  қоры  құрылды.  Жазған  кітабы
қайта-қайта  басылып  шықты.  Қала  ортасындағы  ескерткіші  де  қаз-
қалпында тұр...
Айтпақшы,
басқа
республикаларда
бұрынғы
басшылардың
ескерткіштерін  жаппай  қиратып  жатқанда,  бізде  оны  болғызбау  маған
соншалықты  оңайға  түсе  қоймағанын  жұрт  біле  бермейді.  Əнгіменің  не
туралы  болып  отырғанын  оқырман  Қазақстанның  сексенінші  жылдардың
аяғындағы, əсіресе 1986 жыл мен 1989 жыл аралығындағы халін еске алса,
33

өзі-ақ  түсінеді  ғой  деп  ойлаймын.  Күллі  астанамыздың  оны  ақырғы
сапарына қалай аттандырып салғаны əлі есімде.
Өзін-өзі  сыйлайтын  адамға,  əсіресе  өзін-өзі  сыйлайтын  саясатшыға
қандай  күрделі,  қандай  қиын  болса  да,  өз  өткенін  өзі  ұмытуға  тырысу,
өзінен бұрынғыларға бар пəлені аудара салу ұят нəрсе. Бұл – өткен заманды
аңсау  емес,  тауқыметі  мол  болса  да,  өзіңе  етене  өз  тарихыңды  қастерлеу.
Д.Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға боп қалары даусыз. Ол жайындағы
əңгіме  –  өз  алдына  тақырып.  Бұл  арада  сөзді  осы  айтылғанмен  доғара
тұрған дұрыс деп білемін.
Мен  КСРО-ның  құлауын  тек  жеке  адам  факторымен  ғана
байланыстырып  қойғым  келмейді.  Өйткені  өз  көзім  жеткендей,  бұрынғы
жүйенің  ең  жоғарғы  қабатында  да  талай  іске  əбден  сенген  адамдар  аз
болған жоқ.
1976  жылы  КОКП  ОК  секретариатында,  қарапайым  партком
хатшысы  боп  істейтін  мені  мықтап  қолдаған  М.А.Сусловпен  қалай
кездескенім  əлі  есімде.  М.Суслов  партияға  Сталин  тұсында  келген
буынның  өкілі  еді.  Өмір  үрдісінде  өзіне-өзі  қатал  қарайтын,  өз  күшін
жұмсап жүрген іске мейлінше сенетін адам еді.
Алайда ондай адамдар өзі сенетін мұраттарды көздің қарашығынлай
сақтап  бағуға  тырысқандарымен,  қорғап  алып  қала  алмалы.  Оның  үстіне,
оның  тұрғыластары  да  азайып  қалып  еді.  Билік  басына  аппарат
ойындарына  əбден  ынт-жынтын  салып,  ойларына  не  түссе,  соны  істеуді
көксеген  атымен  жаңа  буын  көтерілген-ді.  Олардың  бойынан  іске  адал
тақуа  мінезді  таба  қою  қиын-ды.  Брежнев  буыны  елді  əбден  тұралатты.
Р.Рейганның  К.Черненко  өліміне  байланысты  өз  мемуарында  ашықтан-
ашық жазған: «Кремльге тағы да жаңа адам келді. «Егер бұлар көз алдымда
бірінен  соң  бірі  өліп  жатса,  мен  орыстармен  не  туралы  келісімге  келе
алмақпын?»  -  деп  Нэнсиден  сұрадым»  деген  сөздерін  оқығанда,  біртүрлі
жəбірленіп қалғаным бар.
Мойындау  қалай  қиын  болғанмен  де,  ештеңеге  жеткізе  алмай,
дүниеден  кетіп  жатқан  көсемдерімен  бірге,  көне  жүйе  де  өз-өзінен  өле
бастағанын біз де амалсыз аңғара бастадық.
Михаил  Горбачев...  КСРО  тарихында  кеңес  жүйесін  түбегейлі
өзгертуді ең мықтап қолға алған алты жылдық кезең осы бір есіммен тығыз
байланысты.  Оның  немен  біткенін  -  өзіңіз  де  білесіз.  Əрине,  оның  келісі  -
уақыттың  өз  талабынан  туған  құбылыс.  Алайда  көп  адамның  əліге  дейін
түсінбейтіні:  күллі  өмірі  комсомол-партия  жүйесінде  өтіп,  мінез-құлқына
дейін  өктемшіл  боп  қалыптасқан  М.С.Горбачев  бұл  жүйені  құртпай
34

тынбайтын қайта құруға қалайша бастамашы болып жүр?
Меніңше,  коммунист  ретінде  де,  саясатшы  ретінде  де  М.Горбачев
мұндай  терең  өзгерістер  жасаймын  ғой  деп  ойлаған  жоқ.  Көп  адамның
пайымдауынша,  ол  тек  ішкі  саяси  жүйеге  жекелеген  түзетулер  енгізіп,
«қырғи  қабақ»  соғысты  əлсіретіп  «тарихи  тұлға»  ретінде  де  атын
шығаруды  ғана  мақсат  етті.  Егер  осындай  минимум  бағдарлама
тұрғысынан  келер  болсақ,  М.С.Горбачев  батыс  саясатшыларының,  əсіресе
өз  «əріптестері»  -  мемлекет  басшыларының  қалтқысыздығына  қаттырақ
сеніп қалғанға ұқсайды. Бұл жағынан, М.С.Горбачев пен оның төңірегінін
М.Тэтчер,  Р.Рейган,  Дж.Буш  жəне  басқа  Батыс  саясаткерлерімен  тым  тез,
тым біте қайнасып кеткенін жаңаша зерделеуге тура келетін шығар. Менің
байқауымша,  тарихқа  тек  реформашы  ғана  емес,  əлемдік  деңгейдегі
саясатшы  боп  қалғысы  келген  М.С.Горбачевтың  іш  пиғылы  да  талай
нəрсеге  түрткі  болған  сияқты.  Оны  кейбір  ұсақ-түйектердің  өзінен-ақ
айқын  аңғаруға  болады.  Мен  оның  Батыс  көсемдерімен  телефон  арқылы
талай сөйлескенінде қасында болдым. М.Тэтчермен өз адамындай, Бушпен
ішек-қарыны  араласып  кеткен  өз  досындай  боп  көрінуге  қатты
тырысатынын аңғардым. Бірде ол кабинетінде мен отырғанда, телефонды
қолына алып жатып: «Қара да тұр, қазір мен оған Джордж деймін, ол маған
Михаил  дейді»,  -  деп  ескертті.  Бұған  өзі  қатты  мəз  болатын.  Біз  онысына
түсіне  алмайтынбыз.  Сөйтіп  жүргенде,  жанындай  жақсы  көретін  досы
Джордж  Буш  Белая  Вежа  келісімі  бойынша,  президенттігінен  айырылып
қалған мəскеулік əріптесі Михаил Сергеевичке тіпті телефон соқтым, көңіл
білдірген  де  жоқ.  Оның  есесіне,  Борис  Ельцинмен  телефон  арқылы  ұзақ
сөйлесіп,  мемлекетте  мəңгілік  достар  болмайтынына,  мəңгілік  саяси
мүдделер ғана болатынына көзімізді тағы бір жеткізді.
Біз  М.С.Горбачевпен  1979  жылдан  əр  түрлі  мəслихаттарда  кездесіп
жүргенімізбен,  жете  қанығысып  кете  қойған  жоқ  едік.  Ол  кезде  оның  аты
да  тап  онша  шыға  қоймаған-ды.  Алғаш  рет  Қазақстан  Министрлер
Кеңесінің  Төрағасы  кезімде,  1984  жылы  ұзақ  отырып  əңгімелестік.
Мəскеуге,  Семейден  тері  тон  тіктіретін  чех  құрал-сайманын  сатып  алу
мəселесімен барғанмын.
Бас  хатшы  болған  алты  жыл  мерзім  ішінде  ол  адам  танығысыз
өзгерді.  Бастапқы  Горбачев  пен  кейінгі  Горбачев  –  аспан  мен  жердей
айырмаға ие. Бас хатшы болған соң, оның қабылдауына кіру, қасына бару
қиындап  кетті.  Ол  бас  хатшылықтың  «дəміне»  əбден  құнығып  алды.
Азғантай адамдармен ғана сөйлесіп, қалғандарын көзге ілмейтін болды.
«Бастапқы»  М.  Горбачевпен  сөйлескен  бір  оқиға  жадымнан
35

кетпейді.  Қазақстан  Министрлер  Кеңесінің  Төрағалығына  беку  үшін
Мəскеуге  үш  рет  баруға  тура  келді.  К.Черненко  қабылдай  алмайды.
Ауырып  жатты.  Ол  кезде  М.Горбачев  «қосалқы  тұлға»  еді.  Үш  ретінде  де
біз  ұзақ  əңгімелестік.  Ол  К.У.Черненко  үшін  кешірім  сұрағандай  болды.
Республика,  ел  туралы  сөйлестік,  экономика,  саясатта  өзгерістер  қажеттігі
туралы  айттық.  Сол  кезден  бастап  біздің  арамызда  қызмет  бабындағы
қарым-қатынастар қалыптасты.
Келесі жылы К.У.Черненко қайтыс болды. КОКП Орталық Комитеті
аппараты,  əсіресе  төменгі  буындағылар,  М.Горбачев  Бас  хатшы  болғанын
тіледі. Өйткені ол əлдеқашан тұралап, бірін-бірі қия кесіп өтпеуге үйренген
кəрі «гвардияның» арасынан жігерлілігімен, қарапайымдылығымен ерекше
дараланып тұратын.
Республика  басшылығымен  арақатынасымыздың  əбден  шиеленісіп
жүргені  де  тап  сол  тұс  еді.  Атымен  бітіспеске  бет  алдық.  Көне
қиындықтарға  жаңасы  қосылды.  Қайта  құру  басталды.  М.Горбачев  мені
қолдады. Саяси бюроның кəрі мүшелерімен күресуге өзіне одақтастар керек
болатынына  түсінді.  Ол  кезде  Щербицкий,  Тихонов,  Гришин,  Громыко
жəне басқалар əлі өз орындарында еді. Кəриялар шоғыры жас Бас хатшыны
аяқтан  шалып  бақты.  Д.Қонаев  та  «тұрақтылықты»  жақтайтындардың
арасында болды. Олар «тұрақтылықты» қалай түсінді? Ф.Д.Рузвельттің: «ел
сүйем-сүйем боп өле бастады», - дейтін сөзі бар еді ғой. Саяси жүйенің тап
солай, бір сүйемнен соң бір сүйем боп, баяу өлуін олар «тұрақтылық» деп
ұқты.  Ел  басшылығының,  қалжыраған  қауқарсыз  топтың  ештеңені
өзгерткісі келмеген айла-шарғысы тұрақтылықты тонын айналдырып, теріс
түсіндірді.
М.Горбачев айналасының айтқанынан шыға алмады. Біресе ананың
айтқанына, біресе мынаның айтқанына құлақ асты. Батыстағылар бір кеңес
берсе,  елдегілер  -  атымен  кереғар  кеңес  берді.  Өзіңнен  гөрі  өзгенің  ісіне
түсіну  қашан  да  оңай  ғой.  Ақыл  айтқыштар  қаптап  кетті.  Тіпті  кеңес
өкіметі асқар тауына Михаил Сергеевичтің өзі көтеріп шығарғандардың өзі,
жаңалықтың  жаршысы  боп  жарытпады,  біреулері  өз-өздерінен  тайсақтап
кетті, біреулері төңкеріс ұйымдастыруға дейін барды...
Билік  жолындағы  күрестегі  шешімділік  пен  билік  басындағы
шешімділіктің  екеуі  екі  басқа  нəрсе.  М.Горбачевқа  осының  кейінгісі
жетпеді. Оның алдында əлденеше мүмкіндік бар еді. Біріншісі - өзіне мұраға
тиген  ахуалды  сол  күйінде  қалдыру  еді.  Екіншісі  -  қатаң  өктемшілдікгі
қайта орнатып, андроповшылдық бағытты жалғастыру еді. Үшіншісі - елді
социал-демократия
үлгісімен
реформалау
еді.
Ол
кезде
36

социализмнің  «шведтық  үлгісі»  жəне  басқа  қисындардың  көп  айтыла
бастағаны  есіңізде  ғой.  Оқиғалар  дами  келе  жəне  бір  жол  шықты.  Ол  -
социализмнің  саяси  жəне  экономикалык,  жүйесінен  атымен  бас  тарту.
Əрине,  ол  кезде  біржола  аппараттың  билігіне  көшкен  КОКП-ны  сол
қалпында  қалдырып,  қытай  үлгісіндегі  түбегейлі  реформаларға  көше
алатын  еді.  Тіл  алғыш  партия  бəрін  де  тындырып  бере  алатып  еді.  Оның
үстіне,  ол  кезде  М.Горбачевтың  елдегі  беделі  тым  үлкен  еді.  Бірақ  ол
түбегейлі таңдау жасай алмалы.
Есімде,  1988  жылғы  XIX  Бүкілодақтық  партия  конференциясында
КСРО  ҒА  экономика  институтының  директоры,  академик  Л.И.  Абалкин
экономиканың күйреп бара жатқандығы туралы даусыз дəлелдер келтірген
сияқты  еді.  Бұл  батыл  сөйлегендік  болды.  Л.И.Абалкин  екі  жыл  ішінде
ұлттық  кірістің  көлемі  XI  бесжылдықпен  салыстырғанда  томен  болды,
тұтыну  базарындағы  жағдай  күрт  нашарлап  кетті  деді.  Кім  ол  басқарады,
сол экономиканың негіздерін білуі қажет. Басталған дағдарыстың себептері
М.С.Горбачев кінəсының барлық белесін басына үйіп-төккен бюрократияда
емес, одан да тереңіректе жатқан еді. Таңдау қажет болды - я сапа, я сан; я
бір  партиялық  жүйесі  бар  социалистік  құрылыс,  я  реформалар.  Нұсқаулар
көп болды, бірақ іс бір орнында тұрып қалды. Ғалымдар реформаға деген өз
көзқарастарын  ұсынды,  бірақ  экономистердің  алдын  ала  пішілмеген
қорытындыларын  ешкім  ескермеді.  Түбінде  айқындалу  қажет  –  біз
социализм құрып жатырмыз ба, əлде жоқ па, жəне бұл түбірлі мəселе, оны
шешпейінше,  ары  қарай  реформалар  туралы  əңгіме  қозғауға  болмайды.
Өзінің  қорытынды  сөзінде  М.С.Горбачев  Л.И.Абалкинді  сынап  тастады,
бірақ  қойылған  сұрақтарға  көкейге  қонарлықтай  бірде-бір  жауап
қайтармады.  Мемлекет  басшысында  айқын  мақсат,  стратегиясы  мен
жағдайды нақты түсінуі болмай шықты.
Меніңше,
М.Горбачев
«адамдық
сипаты
бар
социализмді»
жақтағанымен,  нақты  байыптамасы,  демек,  даму  стратегиясы  жоқ
болғандықтан, оның не екеніне өзі де түсіне алмай, əншейін құрғақ уағызға
ұрынды.  Бір  мысал  келтірейін.  Халық  депутаттары  съезінің  1990  жылғы
шілдедегі  бір  мəжілісінде  одан  дағдарыстан  шығудың  жолын  айтып  беру
талап етілді. Ол сол кезде тым жиі сөйлейтін еді, айтарын əбден айтып бітсе
керек.  Қай  бағытқа  тоқтарын  білмей,  басы  қатып,  айтар  сөз  таба  алмай,
əбден дағдарды. Мен де сөзге əзірленіп, қысқаша тұжырымдарымды қағазға
түсіріп  отырғанмын.  Үзіліс  кезінде  төралқа  бөлмесіне  шақырып  алып,
бізбен  ақылдасты.  Ешкім  мардымды  ештеңе  айта  алмады.  Мен  өз
тұжырымдарымды  ортаға  салдым.  М.Горбачевқа  олар  ұнап  кетті.
37

Қолжазбаны сұрап алды. Ертеңіне таңертеңгі мəжілісте мен өз пікірлерімді
оның  аузынан  естідім.  Ең  жаманы,  менің  қолжазбамды  үстінен  қараған,
қысқаша  айтылған  тұжырымдарды  дамытып,  мағынасын  аша  түсуге
тырысқан
ешкім
болмапты.
Содан-ақ
М.Горбачевтың
басындағы
дағдарыстың  басты  сырын  –  маңайында  топырлап  толып  жүрген  көп
көмекшілерін  ел  үшін  маңызды  мəселелер  төңірегінде  байыпты
тұжырымдама жасауға жұмылдыра алмай жүргенін байқадым.
Ол  бастары  бірікпейтіндердің  бастарын  біріктірем  деп,  тіпті
келіспейтіндермен  де  келісем  деп,  əр  топқа  бір  аунап,  əбден  басы  қатты.
Ақыры, оңынан да, солынан да одақтас таппады. Өзі сенгендер өзін сатып
тынды.  Іштей  екі  ұдай  халге  түсіп,  əуре-сарсаң  болудың  нағыз  аянышты
драмасының  бұдан  асқан  үлгісін  табу  еш  мүмкін  емес.  Кез  келген
деңгейдегі  басшының  өзінің  алған  беті  болуы  керек.  Шешімділік  танытуы
керек.  Бұл  əсіресе  үлкен  мемлекет  басшысына  ауадай  қажет.  Наполеон
қалған  адамзаттан  бір  артықшылығым  –  алған  бетімнен  қайтпайтын
қайсарлығым  деп  ұққан.  Бұл,  əрине,  шектен  шыққан  даңғойлық.  Ал
М.Горбачев  қабырға  сағаттың  тіліндей  əрлі-берлі  құйқылжумен  болды.
Біреуді  тыңдап  ап  -  бір  əңгіме  айтып,  екінші  біреуді  тыңдап  ап  -  екінші
əңгіме айтты. Дағдарыс үдей түсті. Одан шығар жолды таңдап алатын адам
не  істерін  білмей  аласұрғаннан  басқа,  ештеңе  бітірмеді.  Сөйтіп  жүріп,
орасан  зор  өзгерістер  жасап  жатырмын  деп  ойлады.  М.Горбачев  жұрттың
бəрін  əрдайым  сұбхатқа  шақыратын.  Бірақ  тек  өзі  ғана  сөйлейтін.  Мəжіліс
бойына  оның  ұзын  сонар  монологын  тыңдап,  басымыз  ауыратын.  Нобель
сыйлығын алған соң, ақиқатты білетін бірден-бір адам өзіммін деп ойлады.
Əйтпесе, өзін жəне халқын сыйлайтын басшы: «Егер Кеңес Одағы құласа,
мен Президент болмаймын», - деген сөзді тісінен шығарар ма? Ондайда кез
келген  адам  ішінен:  «Президент  екенсің,  еліңді  құлатпа!  Қолыңнан
келмесе,  жөніңе  кет!»  -  демей  ме?!  Мұндай  шешімсіздік,  əлсіздік  пен
жауапсыздықтың  бірден-бір  себебі  ретінде,  өкіметті  дағдарысқа  апарып
соқтыратыны  талассыз.  Маған  М.С.Горбачевпен  осы  тақырыпқа  бірнеше
рет  сөйлесуіме  тура  келді  жəне  оны  мінбеден  көпшілік  алдында  сынадым
да. Ол өкпелейтін...
Бірақ  ұмытуға  болмайтын  тағы  бір  жай  бар.  Толып  жатқан
кемшіліктері  мен  қателіктері  бола  тұрса  да,  елді  қозғалысқа  түсірген,
қоғамды реформалау процесін бастап, миллиондардың партия өктемдігінсіз
өмірдің  қалай  болатытына  көзін  ашып  берген  адам  –  Михаил  Горбачев.
Адамдарды  ұйқыдан  оятын,  брежнев-черненкошылдық  батпағын  астан-
кестен еткен де сол. Иə, даңғаза мен далаңбайшылдықтың көп болтаны рас.
38

Бірақ халықтың санасы оянып, саясатқа араласып, не айтылса да, «құлдық»
дейтін  құлақкестіліктен  тыйыла  бастатаны  да  сол  тұс.  Көне  жүйенің  істен
шыға бастағанын аңғарып, оны өзгерту үшіп КОКП Орталық Комитетінде
көпшілікпен  ашық  күреске  шығу  үшін  де  ақылды  адам  болу  керек.
Қолында  орасан  зор  билік  бола  тұра,  ол  өзгерісті  көкседі.  Оның  саяси,
тарихи  еңбегі  осында.  Тарих  ерте  классицизм  мен  пролеткультшылдық
əдебиеттеріндегідей  емес,  мейлінше  жағымды,  мейлінше  жағымсыз
кейіпкер  дегенді  атымен  білмейді.  М.С.Горбачевтың  қоғамымызды
демократияландырудағы,  экономикада,  саясатта,  халықаралық  істерде
атымен жаңа қарым-қатынастардың opнығуында сіңірген айрықша еңбегін
аса  жоғары  бағалай  отыра,  қайта  құрудың  сонғы  айларында  ұлтаралық
кикілжіңдер  мен  қантөгіске  аямай  ұрындырған  берекетсіздік  пен  бетімен
лағушылыққа  оның  солқылдақтығы  мен  шешімсіздігі  белгілі  дəрежеде
кінəлы екендігін жоққа шығара алмаймын.
Ол бүкіл ел өз көсемдерінің қайшылыққа толы жалған мəлімдемелері
мен  құрғақ  уəделерінен  ненің  не  екенін  аңғара  алмай,  əбден  басы  қатып,
мəнсіздік  пен  мағынасыздық  ахуалына  душар  болған  күрделі  кезең  еді.
Ешбір  уəде  ешкімді  де  елең  еткізе  алмайтын.  Қоғамды  торығушылық
кеңінен жайлай бастады. Жаппай енжарлық қауіпті мөлшерде етек жайды.
Қайта  құрудың  бастапқы  кезеңінде  өкіметтің  жоғарғы  қабаттарына
шоғырланған
реформашылдар
шоғыры
азулылық
танытып
еді.
Демократияландыруды  жақтайтындардың  алдыңғы  шебі  бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдерінен, диссиденттерден, зиялылар ортасы мен
ұлттық  қозғалыстың  демократияшыл  бөлігінен  түзілді.  Бұл  əлі  жеткіліксіз
еді. Тап сол кезде кертартпа күштер де ұйымдаса бастаған-ды. Көне басқару
жүйесі  тез  күйрей  бастағанымен,  жаңа  саяси  жəне  экономикалық
құрылымдар  атымен  жасақталмады.  Жоғарыдан  жасалатын  революция
үлгісіндегі  реформа  белгілі  кезенде  өз  мүмкіндігін  əбден  сарқып  алды.
Бүкіл  елде  ереуілдер  толқыны  күшейіп,  ұлттық  қозғалыстар  билікке  қол
жеткізіп,  жекелеген  республикалардың  КСРО  құрамынан  шығатын  пейілі
танылған  кезде,  менің  Кеңестер  Одағы  күндерінің  санаулы  екендігіне
алғаш  көзім  жете  бастады.  Қауіптісі,  ол  құбылыстардың  күш  жая
бастағанында  емес,  билік  басындағылардың  оған  тиісті  мəн  бермей,  күш
көрсетіп  айқайға  басатын  ескі  əдістен  еш  тапжылмай  отырып
алғандығында  еді.  Демократияшылмын  деп  жүрген  өкімет  Баку  мен
Вильнюске  əскермен  басып  кіріп,  əйелдер  мен  балаларды  соғыс
машинасына  таптатып,  масқараға  ұшырады.  Оған  халық  депутаттары
съезінің  арнайы  комиссиясының  құрамында  болып,  Тбилиси  оқиғасының
39

зардаптарын  тексеруге  қатысқанда  əбден  көзім  жетті.  Сондағы  күллі
əкімгершілік  иерархияның  бастарын  сауғалап,  дəрменсіздік  көрсеткендері
мені  қатты  ойға  салды.  He  тарих  қойнауына  жылжып  бара  жатқан  көне
жүйедегі  өз  орнымды  сақтап  қалуым,  не  «өз  жауапкершілігімдегі  аймақ»  -
Қазақстанды  жаңаша  қалыптастыруым  керек  болды.  Қайта  құру  құрғақ
сөзге  айналып,  келекеге  ұшырай  бастады.  Қатерлі  кезеңнен  бірігіп  аман
қалуды  ойластыратын  ешкім  болмады.  Тамыз  төңкерісінен  кейін,  əркім  өз
басын  өзі  күйттеуге  мəжбүр  болды.  Ал  М.Горбачев  сол  оқиғалар  елдегі
жағдайды  түбірімен  өзгертіп  жібергеніне  қапелімде  түсіне  қоймады.  Өз
елінде  өзге  елде  жүргендей  халге  ұшырады.  Маған  өзімді  президент
сайлаған  халықтың  –  қазақстандықтардың  алдындағы  жауапкершілігімді
сезініп, шешімді əрекеттерге барудан басқа амал қалмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет