I күні кешегіні көзге елестетсек ІІ жол айрығында



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата31.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#10683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Тайталастық
құлық
құрсауынан

татуластық құлық құшағына
Кеңестер  Одағының  құлауының  кең  көлемді  салдарлары  туралы
айта  отырып,  күллі  социалистік  жүйенің  де  күйрегенін  ұмытып  кетуге
болмайды. КСРО- ның «брежнев» қол шатырынан, бір кездегі Венгрия мен
Чехословакиядағыдай,  коммунистік  режимді  күштеп  қалпына  келтіруден
бас тартуы-ақ мұң екен, социалистік елдер бірінен соң бірі күйрей бастады.
Бəрі  де  кейбір  «сценарийстердің»  қырсығынан  болды  деп
пайымдаушылықтың  қисынсыз  екендігіне  осының  өзі-ақ  жеткілікті  дəлел
болғандай. Ол аз десеңіз, менің көзім əбден жеткеніндей, социализмнің тап
бұлайша  жедел  күйреуі  Батыстың  өзі  үшін  де  күтпеген  оқиға  болды.  Ұзақ
жылдар  Кеңес  Одағын  құлатудың  сценарийін  жасақтаумен  шұғылданған
Батыс теоретиктері социалистік жүйенің шын мəніндегі құлауын көргенде,
тіптен  абыржып  қалды.  Тек  теке  тіреске,  тек  жанталаса  қарулануға  ғана
емес, ойда жоқта туындайтын тартыстарды тежеуге де негізделген екі жүйе
тайталасының орнына халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қапелімде
қалыптаса қоймады. Меніңше, Кеңес Одағының құлауы əлемдегі ахуалдың
қалай  қалыптасарын  алдын  ала  білуге  мүмкіндік  туғызғанымен  қоса,
тартысты  жағдайды  да  күшейте  түскенін  біз  əлі  жеткілікті  сезіне  қоймай
жатқан  сияқтымыз.  Тарих  ауқымымен  қарағанда,  көзді  ашып-жұмғанша
Румынияда  қанды  оқиға  боп,  Югославия,  Тəжікстанда  соғыс  басталып,
армян-əзірбайжан  шиелснісі,  Днепр  бойы,  Абхазия,  Солтүстік  Кавказ
жанжалдары  қаулап  қоя  беруі,  Грузия,  Əзірбайжан,  Ғаити,  Ауғанстанда
төңкерістер  жиілеуі  –  соның  дəлелі.  Оған  Шри  Ланкадағы,  Пенджабтағы,
Кашмирдегі, Ольсгердегі, Алжирдегі, түрік Күрдстанындағы тартыстар мен
40

араб-израиль
шиеленісін,
Тропикалық
Африкадағы,
Судандағы,
Эфиопиядағы этникалық соғыстарды қосыңыз. Латын Америкасының ескі
жаралары  да  қайтадан  талаурап  қоя  бергендей.  Мексикалық  үндістер
қолына  қару  алды.  Гватемалала,  Никарагуада,  Сальвалорда  азамат  соғысы
шықты. Эквадор-перуан кикілжіңі өршіді. Қатаң шаралар, кейде əскери əдіс
арқылы  зорға  ауыздықталып  отырған  соғыс  қаупі  Жер  шарының  қатерлі
аймақтарынан қайтадан қаулап бас көтерді. Екі кіндік дүниенің тайталасын
кей  жерлерде  қарулы  соқтығысқа  ұласып  кетіп  отыратын  аймақішілік,
аймақаралық,  екі  жақты  экономикалық,  саяси,  этникалық,  азаматтық
тартыстар алмастырды. Бұл турасында саясаткер Д.Саймстың: «Бір қауіптің
орнына  бірнеше  қауіп  туды:  ұлтаралық  өшпенділік  өршіп,  əрқилы  саяси
элитаның  тайталасы  күшейді.  Миллиондаған  адамдар  өзара  байланыста
екендіктерін  ұмытты.  Мұндай  жағдайда  əпербақандық  пен  шыдамсыздық
белең  алды.  Кешегі  Кеңес  Одағының  əрқилы  аймақтарында  мыңдаған
адамдардың ғұмырын жалмаған қантөгісті соғыс қаулады», - деген пікіріне
ішінара қосылмасыңа шара жоқ.
Алайда  екі  жақты  соғысарлықтай  дəрежеге  дейін  теке  тірестіре
отырып,  соғыс  қаупін  тежейтін  жүйенің  күйретілуін  керкеткендікке
санауға  бола  ма?  Жоқ!  деп  зор  сеніммен  айта  аламын.  Қазіргі
кикілжіңдердің
көпшілігінің
тамыры
тым
тереңде,
екі
жүйенің
тайталасымен
де
бара-бар
уақытта
қабыса
бермейтін
əрқилы
қайшылықтардан  өрбіп  жатыр.  Егер  жаңа  əлемдік  тəріпті,  қауіпсіздіктің
жаңа  жүйесін  дамытып,  орнықтыра  алсақ,  ол  кикілжіңдерді  де  ойдағыдай
шеше  аламыз  деп  батыл  болжам  жасауға  болады.  Бұл  арада  барлық
мемлекеттер, аймақтық жəне əлемдік ауқымдағы халықаралық бірлестіктер
орасан  зор  қызмет  атқара  алар  еді.  Əлемдік  дəрежедегі  жетекші
мемлекеттерге зор маңыз бере отыра, бейбітшілік орнатуда тек солаға ғана
үміт  арту  атымен  қате.  Келешекте  дағдарыс  жағдайдан  шығатын  жолды
бірдесіп  іздеу  факторынын  маңызы  арта  түсетін  болады.  Тарихты  еске
алмай  болмайды.  Екі  дүниежүзілік  соғыс  арасында  Ұлттар  лиғасы
құрылмай жатып, оған ойсырата соққы берілді. Версаль кауіпсіздік жүйесін
кұрған  кезде,  жиырма  жылдан  соң,  адамзат  тарихында  бұрын-соңды
болмаған  үлкен  соғыс  шығып,  тату-тəтті  қарым-қатынастың  алғашқы
əлемдік құрылымы күл-талқаны шыға күйрейді деп кім ойлапты.
Бүгінде біз БҰҰ-ның бейбітшілікті қамтамасыз етушілік маңызының
жылдан-жылға əлсіреп бара жатқандығын байқап отырмыз. Оның бұрынғы
Югославия мен Африкадағы операцияларының шиі шығып жатқандығына
əлем əлденеше жыл қатарынан көз тігіп келеді.
41

Мен  халыкаралык  ұйымдардың  маңызына  заредей  де  күмəн
туғызғым  келмейді.  Алайда  казіргі  жағдайда  аймақтық  жəне  аймақаралық
байланыстарды  күшейту  халықаралық  кауіпсіздікті  нығайтудың  басты
бағытына  айнала  бастағанын  түсінетін  уақыт  жетті.  Қауіпсіз  дүние
дегеніміздің  өзі  əрқилы  экономикалық,  саяси.  дəстүрлік,  мəдени
сипаттамалары  жағынан  алуан  бояулы  шытыра  айнаны  көзге  елестетеді.
Ондай дүниенің əр алуандығы мен біртұтастығын ядролық қарумен үркітіп
тежеу  арқылы  емес,  əрқилы  бөліктерінің  өзара  ықпалдастығын  мейлінше
кеңейте  түсу  арқылы  ғана  нығайта  аламыз.  Сондықтан  да  барлық
мемлекеттер,  саны  мен  сапасына  қарамастан,  қауіпсіздікті  нығайту  мен
дамытуға қал-қадырынша өз үлестерін қосулары қажет.
Бұл  ретте  Қазақстан  өнегесіне  тоқтала  кеткім  келеді.  Одақ  құлаған
бойда,  одан  қалған  ядролық  мұра,  Қазақстанда  орналасқан  104  дана  СС-
18тұрақты  қондырғылы  ракета  мен  оның  оқшантайындағы  1400  ядролық
жебе  хақында  мəселе  көтерілді.  Оның  үстіне,  Қазақстан  аумағындағы  240
қанатты  ядролық  ракетамен  қаруланған  ТУ-95  МС  сериялы  40
стратегиялық  бомба  тастағыш  ұшақ  орналасқан-ды.  Беларуссия  мен
Украинада  да  дəл  осындай  жағдай  қалыптасқан-ды.  Ядролық  қаруды
бақылау  сақтала  ма,  жоқ  па,  бұған  байланысты  бұрын  алынған  келісім
қадағалана  ма,  жоқ  па  –  ең  алдымен,  осы  мемлекеттерге  байланысты
болды.
Ол  тұста  əр  түрлі  шешімдер  сөз  болды.  Соның  ішінде  айтылмыш
ракеталарды  қауіпсіздік  кепілі  ретінде  өз  жерімізде  алып  қалу  да  аз
айтылған  жоқ.  Бірақ  бұл  ядролық  қаруды  таратпау  жайындағы  оған  дейін
қабылданған  халықаралық  шарттарды  қайта  қарауға,  ядролық  қарулану
«табалдырығында»  тұрған  мемлекеттерді  қайтадан  ядролық  қарулануға
итермелеуге  ұрындырар  еді.  Бүйткен  уақытша  ұтыс  тек  өзіміз  үшін  емес,
күллі халықаралық қауымдастық үшін стратегиялық ұтылыс болып шығар
еді.  Жасырмай-ақ  қояйын,  бұл  мəселеде  ол  кезде  бізге  жан-жақтан  қысым
күшейді.
Тіпті Кеңес Одағы əлі бар кезден бастап «ақыл айту» көбейді. Сонау
1991  жылдың  16  наурызында  мемлекеттік  хатшы  Джеймс  Бейкер  мені
АҚШ-тың  Мəскеудегі  елшілігіне  шақырды.  Түн  ортасы  ауа  кездестік.
Бейкер  елдегі  жағдайды  білгісі  келді.  Бірақ  сол  кезде-  ақ,  Батыс  ядролық
қару мəселесін шешуге жол іздей бастағаны аңғарылды. Бұл турасында сол
жылғы 16 қыркүйектегі Алматы ұшырасуында ашықтан-ашық сөз болды. 
Джеймс Бейкер мені озат ойлы басшылардың бірі деп іздеп келгенін
айтты.  Істің  байыбына  бара  алатындығыма  сенім  білдіріп,  Қазақстанның
42

ұстанар бағыты Кеңес Одағының болашағына да шешуші ықпал ете алады
деген  түсінігін  жасырмады.  Бірақ  ол  сол  кезде  Батыс  тарапынаи  болатын
қолдауды  ядролық  қару  мəселесін  қалай  шешетініміз  бен  Хельсинкидегі
қорытынды
құжаттың
бес
қағидасын
қалай
қадағалайтынымызға
байланыстыра сөз етті.
Кеңес  Одағының  əлденеше  тəуелсіз  мемлекеттерге  ыдырап  кетерін
Батыс  сол  кезде-ақ  ұға  бастады.  Егер  мұндай  жағдай  туа  қалса,  АҚШ-тың
əр мемлекетпен жеке-жеке шұғылданатынын Джеймс Бейкер ашық айтты.
Бірақ ол үшін бұл елдердегі қауіпсіздіктің айқындалған кепілдігі керек еді.
Дж.Бейкер  АҚШ-тың  ахуалды  нақты  қадағалай  алатын,  экономикалық
реформаны  нақты  жоспармен  жүзеге  асырып,  нарықты  экономика  дамыта
алатын  қуатты  мемлекеттермен  ғана  істес  болғысы  келетінін  жасырып
жатпады.
Саясатшы  ретінде,  ол  Кеңес  Одағын  сақтап  қалу  мүмкіндігін  де
жоққа  шығармады.  Дж.Бейкердің  сондағы  айтқаны  əлі  есімде.  «Мен  Сізді,
Президент  мырза,  -  деді  ол,  -  ең  прогресшіл  басшылардың  бірі  ретінде
əрдайым  бағалап  келдім.  Өз  еліңізде  болып  жатқан  саяси  жəне
экономикалық өзгерістерде ақылға қонымды бағыт ұстанып, бұған көзімді
тағы да жеткізе түстіңіз.
Алайда  бұл  бағдарламалардың  Қазақстанда  қалай  жүзеге  асатынын
сөз  етпес  бұрын,  кейбір  мəселелерді  анықтап  алғымыз  келеді.  Елдегі
экономикалық  билік  кімнің  қолында  екенін  жəне  оның  республикалар
арасында  қалай  бөлінетінін  білгіміз  келеді.  Сондықтан  да  біз  Сіз  ұсынып
отырған  экономикалық  келісімшарт  жасасуды  қолдаймыз.  Егер  он  бес
республика əрқайсысы өзінше жол іздеп, экономикалық келісімшартқа қол
қоймайтын  болса,  ол  өте  өкінішті  болар  еді.  Бұл  саяси  ыдыраушылыққа
əкеп соғады да, адам көрмеген қиын зардаптарға ұрындырады». 
Сол  арқылы  ол,  Батыс  үшін  нарыққа  көшуді  жүзеге  асыратын
біртұтас  мемлекетпен  қарым-қатынас  жасау  өте  тиімді  екенін  сездірді.
Батыс  тек  осы  мақсатпен  ғана  экономикалық,  техникалық  жəне
гуманитарлық көмек көрсетпекші.
Мен  өз  кезегімде  елдегі  жағдайдың  өзгерістерін  баяндап  бердім.
Бұрынғы  Кеңес  Одағына  қайтып  оралудың  енді  мүмкін  еместігін
түсіндірдім.  Ендігі  жерде  біздің  елімізді  бір  кісінің  аузына  қарайтын  ел
ретінде - Сталин, Хрущев, Брежнев немесе Горбачевтың мемлекеті ретінде
қарастырудың  жөні  жоқ  екенін  сездірдім.  Ондай  ел  келмеске  кетті.  Бірақ
біздің  бірлігімізді  тек  барлық  республикалар  мен  халықтардың  теңдігін
мойындайтын  шынайы  демократия  ғана  құтқарып  кала  алады.  Тек  сонда
43

ғана экономикалық одақ орнығып, өз еркімен бірігу мүмкін болмақшы.
Мен  Қазақстанның  аса  бай  табиғи  ресурстары  мен  моральдық
мүмкіндіктері  мол,  болашағы  зор  мемлекет  болумен  қоса,  онын  алдында
тұрған  күрделі  мəселелер  бар  екенін  көрсеттім.  Біздің  республикамыз  бен
халқымыз  қиын  да  қайғылы  жолдан  өтті.  Сталинизм  жылдарында
Қазақстанда концентрациялық лагерьлер орналасып, оған кейбір халықтар
тұтасымен  жер  аударылды,  атом  сынақтары  жасалды.  Космодром  мен
сынақ  алаңдарының  да  көбі  осында.  Сырттан  2  миллион  адам  күштеп
көшірілгендіктен,  көп  ұлтты  елге  айналдық.  Тағы  да  2  миллиондай  адам
тың көтеруге жіберілді. Бұл – əрине, демографиялық естен тандыру еді.
Путч  өте  салысымен,  аумақтық  өзгерістер  жайында  қайта  əңгіме
күшейіп, ұлтаралық кикілжің қаупі туды. Мен Дж.Бейкерге демократичный
бір-бірімізге сес көрсетуден басталмауы керек екендігін ашық айттым. Қазір
Кеңес Одағындағы жағдай өте күрделі екенін, онын қантөгіс жанжалдарға
ұласпауы  жолында  күш  салып  бағатынымды  ескерттім.  Егер  іріткі
пиғылдар  бел  алып  кетсе,  ондай  қауіп  өте  күшті  еді.  Ал  біз  ата
қонысымызды бəрібір ешкімге бермейтін едік. 
Ресейлік əріптестерімнің атына едəуір сын айтуға да тура келді. Иə,
демократияның  путчты  жеңгені  рас.  Бірақ  жақпайтын  сөз  айтқан
басылымдарды  жауып,  саяси  партияларға  тыйым  салудың  қажеті  қанша
еді?  Кеңес  Одағының  меншіктерін  неге  тек  бір  мемлекет  қана  иемденуге
тиісті?
Сөз
аяғында,
Дж.Бейкерге
мұндай
жағдайда
стратегиялық
ракеталарды  Қазақстанда  қалдыра  тұруға  мəжбүр  екендігімізді  айттым.  Өз
мемлекетімнің  қауіпсіздігіне  берік  кепілдік  берілмей  тұрып,  оларды  басқа
жаққа көшіріп жіберуге қақым жоқ екенін ескерттім.
Мен  Джеймс  Бейкердің  біздің  ядролық  қаруды  өзімізде  сақтаудан
басқа амалымыз жоқтығына, ол біздін өз қорғанысымыз бен қауіпсіздігіміз
үшін керектігіне көзін жеткізе түсуге тырыстым. Расында да, ол кезде бізде
басқа  амал  жоқ  еді.  Егер  біз  шынында  да  қауіпсіз  болатынымызға,  ондай
берік  кепілдік  берілетініне  көзіміз  жетсе,  тек  сонда  ғана  ядролық  қару
мəселесін шеше алмақшымыз. Бұл – менің ол келіссөздегі  басты мақсатым
болды. Джеймс Бейкер маған, өз мемлекетінің мүдделерін əрдайым бірінші
орынға қоятын аса ірі мемлекет қайраткері ретінде, жақсы  əсер қалдырды.
Шын  саясатшы  мемлекет  үшін  басты  мақсатты  өзінің  де  басты  мақсаты
санайды.
Сол  бір  қысталаң  кезенді  еске  түсіре  отырып,  Джеймс  Бейкер
«Мəмілегерлік  саясаты»  атты  кітабында  екеуміздің  1991  жылғы
44

желтоқсандағы ұшырасуымыз жайында: «Мен таңғы үште ғана өз бөлмеме
оралдым.  Сонда  Назарбаевпен  болған  əлгі  үш  сағаттық  жолығысымның
бұған  дейінгі  өткізген  жолығыстарымның  ішіндегі  ең  жақсысы  болғанын
іштей  сезіндім.  Ол  ешбір  асыра  бағалаусыз-ақ  айтарлықтай  əсер
қалдыратын айтулы лидер екен... Назарбаев керек нəрсені дəл көре алады,
түсінікті  нəрсені  жүзеге  асатындай  жүйелі  жолға  қоя  алады».  Шамасы,
екеуміз де бір-бірімізге жақсы əсер қалдыра алсақ керек.
Егер  Қазақстанның  ядролық  қарусыз  аймақ  атануын  сөз  етсек,  біз
айтқанымызда  тұрдық.  Қазақстан  -  дүние  жүзінде  ядролық  сынақ  алаңын
жапқан бірден-бір мемлекет.
45

1991 жылғы  желтоқсандағы  кездесуімізде,  мемлекеттік  хатшы
маған Дж.Буштың АҚШ-қа ресми сапармен келіп қайтуға ресми шақыруын
табыс етті.
Дəл  сол  кезде  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығын  құрған  Алматы
кездесуі  өтті.  Стратегиялық  қарулар  туралы  келісімге  қол  қойылды.  Біз
СНВ-1  жəне  басқа  келісімшарттарды  қолдадық,  бірақ  өзімізді  ядролық
қарусыз мемлекетпіз деп мойындамадық.
Алдағы  сапарға  əзірлікке  кірістік.  Дж.Буш  үшін  бірден-бір  мəселе  -
біздің ядролық қаруымыз екенін түсіндік.
Мен Б.Ельцинмен сөйлесу үшін Мəскеуге ұштым. Ұзақ əңгімелестік.
Мен  ақылдасқан  Ресей  Қарулы  Күштерінің  Бас  штабы  мен  ТМД  біріккен
əскери  күштерінің  мамандарының  пікірінше,  Қазақстандағы  СС-18
ракеталары  аса  дəл  нысанаға  көзделгендіктерімен  де,  техникалық
параметрлерінін мейлінше тиімділігімен де, жарақтану мөлшерімен де, тіпті
орналасқан  жерлерімен  де  Батысқа  үлкен  қатер  төндіріп  тұрған
қондырғылар боп шықты.
Мен Б.Ельцинге жай-жапсарды мəлімдедім. Вашингтондағы əңгіме,
негізінде,  Қазақстанның  ракеталарды  өз  аумағынан  алып  кетуге  келісіп-
келіспейтіндігі  туралы  болмақшы  екенін  айттым.  Қандай  шарт  қою  -
Қазақстанның өз ісі. Бірақ бұл бағытта іске кіріспес бұрын, Қазақстан өзінің
стратегиялық ықпалдасы – Ресейдің пікірін білгісі келетінін ұқтырдым.
Сөйтіп  1992  жылдың  мамырында  менің  Америка  Құрама
Штаттарына  алғашқы  ресми  сапарым  басталды.  Ойлағанымдай,  өз
дегенімізге  жету  оңай  болмады.  Бізге  қол  қоюға  ұсынылған  құжаттардың
алғашқы нұсқаларынан сау-тамтыққа ештеңе қалып жарымады. Əр мəселе,
əр  бап  бойынша  дауластық.  Меніңше,  бұл  американдықтарға  да  оңайға
түспеді. Тек бір күні таңертең Джеймс Бейкерге менімен төрт рет кездесіп
сөйлесуге тура келді. Əр келген сайын ол менен өз президентіне абдыраған
күйінде кететін.
Ақыр  аяғында  қысым  көрсетуге  көшті.  Егер  ядролық  қарулар
туралы  құжатқа  бүгін  қол  қоймасақ,  ерген  калған  мемлекетаралық
құжаттардың  бəріне  де  қол  қойылмайтыны  мəлімделді.  Ал  ол  құжаттар
экономикалық  қарым-қатынас  мəселелерін  қозғағанмен,  Қазақстанның
қауіпсіздігіне кепілдік беру жөнінде бір ауыз сөз айтпайтын.
Мен  де  дегенге  жетпей  тынбау  үшін  тəуекелге  міндім.  Ондай
жағдайда  елге  оралуға  əзірлене  бастайтынымызды  айттым.  Ақыры
американдықтар  райларынан  қайтты.  АҚШ-тың  біз  сұраған  кепілдіктерді
беретіндігі туралы құжатқа қол қойылды.
46

Құрама  Штаттар  1992  жылы  ядролық  қарусыз  мемлекет  атанумен
шектелу  туралы  қайта  сөз  көтерді.  Мен  тағы  пікірімнен  тапжылмадым:
əуелі  ұлы  мемлекеттер  біздің  қауіпсіздігімізге  кепілдік  берсін,  сосын  біз  өз
аумағымыздағы  барлық  ядролық  қарулардан  бас  тартамыз.  Осыған
байланысты,  «Вашингтон  пост»  газеті  менің  «АҚШ-тың  Қазақстанды
ядролық қарусыз мемлекет атануға үзілді-кесілді кепілдік беруге көндіргісі
келетін  кейінгі  əрекеттеріне  шамданушылық  білдіргенім»  туралы  жазды.
АҚШ-тың  ресми  адамдары  Қазақстанға  Ядролық  қаруларды  таратпау
жөніндегі  келісімге  «ядролық  қарусыз  мемлекет»  ретінде  қол  қойғызғысы
келді. Біз ондай атақтан үзілді-кесілді бас тарттық.
Бізге ядролық қарусыз мемлекет атанудан басқа жол жоқ екеніне сол
кезде-ақ  түсінгенмін.  Алайда  менің  алдымда  күллі  дүние  жүзін  қамти
бастаған аумалы- төкпелі жағдайда, Қазакстанның қауіпсіздігін қамтамасыз
ету  міндеті  тұрды.  Сондықтан  да  маған  бірнеше  өткір  мəлімдемелер
жасауға  тура  келді.  Ол,  менің  пікірімше,  дұрыс  боп  шықты.  Артынан
байқағанымдай,  ядролық  мемлекеттердің  Қазакстанның  тұтастығы  мен
егемендігіне  кепілдік  берулеріне  мəжбүр  етті.  Американ  телевизиясына
1991  жылы  берген  интервьюімде:  «Қазақстан  өзі  мұраланып  отырған
ядролық  қаруды  болашақта  да  сақтап  қалуға  тиіс  болып  отыр.  Біз  өзге
республикаларға, тіпті ең күшті, ең ірі республикаларға да өз аумағымызға
орналасқан  ядролық  қаруға  бақылау  орнатуға  жол  бермейміз»,  —  деп
мəлімдедім.  Ал  «Вашингтон  пост»  газетіне  берген  интервъюімде  өз
пікірімді  одан  əрі  нақтылай  түстім:  «Біз  ертең  Достастықтың,  Ресей
басшылығының не болатынын білмейміз. Ендеше, АҚШ бізден, Индиядан,
Пəкстаннан  талап  еткенін  (Ядролық  қаруларды  таратпау  жөніндегі
келісімшартқа  қалай  да  қол  қоюды)  олардан  да  неге  талап  етпейді?  Неге
Англия  мен  Франция  отыз  жыл  бойына  ядролық  қару  таратпау  режиміне
қосылмай келді? Неге мұндай қысым тек Қазақстанға ғана жасалады? Бұл
əдепке  сыя  ма?»  -  дедім.  Сол-ақ  екен,  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
Қазақстанның  ислам  елдеріне  ядролық  қару  сатып  жатқандығы  жайыңда
жалған  хабарлар  қарша  борай  жөнелді.  Бұл  бізге  қысым  жасап  бағудың
жаңа бір жолы еді. Оған да шыдап бақтық.
Менің  алған  бетім  Батысты  абыржыта  бастады.  Қазақстанға
шетелдік  меймандар  ағыла  бастады.  Францияның  Мемлекеттік  хатшысы,
Сыртқы істер министрі Р.Дюмамен 1992 жылдың 22 қаңтарында Алматыда
болған келіссөздер стенограммасынан бір үзінді келтірейін:
«Н.Назарбаев:  ...  Қазақстанның  БҰҰ-ға  кіруі  туралы  мəселе  қозғалғанда,
бұқаралық ақпарат құралдарында əр түрлі «сыпсыңдар» тарады.
47

Сондықтан  ресми  түрде  мəлімдеймін.  Біріншіден,  Қазақстан  ТМД
елдерінде  бір  командашылыққа  бағынатын  бірлескен  əскер  болуын
қолдайды.  Стратегиялық  қаруларға  келсек,  өз  аумақтарында  стратегиялық
ракеталар  орналастырылған  төрт  республика  Алматыда  да,  Минскіде  де
өзара келісімшартқа қол қойды. Біз, өз аумақтарында стратегиялық ядролық
қару  бар  мемлекеттер,  оларды  ешкімге  ешқандай  жолмен  таратпауға
міндеттеме  алдық.  Ешкімге  ядролық  технология,  ядролық  отын,  ядролық
компоненттер  бермеуте  келістік.  Ресей,  Украина,  Қазақстан,  Беларусь
ядролық  қаруларымызды  бір  орталықтан  бірлесіп  басқарамыз.  Төрт
мемлекет  президенттерінің  арасында  арнаулы  байланыс  орнатылады:
қаруды  пайдалану  мəселесін  бəріміз  келісе  отырып  шешеміз.  Орта
қашықтықтағы  ракеталарды  қысқарту  жөніндегі  келісімшартқа  қатысты,
тактикалық  маңызы  бар  ядролық  қондырғылардың  бəрі  толығымен
жойылады...
Ал  енді  Қазақстанның  Ядролық  қаруларды  таратпау  жөніндегі
келісімшартты  бұзып,  Иранға  жəне  де  басқа  ядролық  қаруға  ие  болғысы
келетін  елдерге  ядролық  компоненттерді  астыртын  сату  операциялары
жайындағы  қаңқуларға  келсек,  бар  жауапкершілікпен  мəлімдеймін:  бұл  –
нағыз жала жабуды көздейтін іріткі əрекет.
Жеті  жылдың  ішінде  ракеталардың  елу  проценті  жойылады.  Егер
Франция бұл процеске қосылатын болса, жүз процент түгел жойылады.
Р.Дюма: Біз əлі оған жете қойған жоқпыз.
Н.Назарбаев: Сонда Франция бұны қолдай ма, жоқ па?
Р.Дюма:  Франция  қару  таратпау  жөніндегі  келісім-  шартқа
қосылады. Ал сіздер қару таратпау жөніндегі келісімшартқа ядродық қаруы
бар держава ретінде қосыласыз ба, жоқ ядролық қаруы жоқ держава ретінде
қосыласыз ба?
Н.Назарбаев:  Əрине,  ядролық  қаруы  бар  ел  ретінде  қосыламыз.
Қазақстанда  ядролық  қару  алғаш  рет  1949  жылы  сыналды.  Содан  бері
мұнда ядролық қару бар.
Р.Дюма: Бəлкім, сізде əлде де сынақ өтетін шығар?..
Н.Назарбаев: Жоқ, мен əзірге тыйым салдым...
Р.Дюма: Жоқ, мен қару сынауды айтып отырғаным жоқ. Мен қолда
бар қаруларды айтып отырмын... Бұл ретте Қазақстан ядролық держава боп
қала бере ме?
Н.Назарбаев:  Басқаша  қалай  болмақшы?  Украина  1994  жылдың
басында  барлық  ракетаны  Ресейге  береміз  деп  мəлімдеді.  Оның  тəжірибе
жүзінде қалай болатынын көзге елестете алмаймын. Бұл үшін қанша қаржы
48

керек?  Екі  жылда  үлгере  ала  ма?  Оның  үстіне,  біздің  ядролық
қаруымыздын  құрылымы  да  басқа.  Оны  қысқа  мерзім  ішінде  тасып  əкету
қиын.  Ол  біздің  аумағымызда  əлі  де  ең  кемі  он  жыл  болады.  Біз  ондай
қаруымыз  болғанымен,  ядролық  қаруы  бар  мемлекет  болғымыз  келмейді.
Ядролық  қару  бір  мемлекетке  орналасып,  оны  басатын  шүріппенің  басқа
мемлекетте болуы мүмкін бе өзі? Бұл нонсенс қой.
Р.Дюма:  Иə,  əрине,  тіпті  біз  жүз  процент  қарусызданған  күннің
өзінде  де,  сіз  сонша  мерзім  ішінде  бəрібір  ядролық  держава  болып  қала
бересіз. Нақты жағдай соны көрсетеді.
Н.Назарбаев: Қазақстан өз еркімен ядролық держава болып отырған
жоқ.
Р.Дюма: Мен Сізді түсінемін».
Бірақ  бұл  əңгіме  Дж.Бейкер  миссияларымен,  Дж.Бушпен  болған
келіссөздермен тына қалған жоқ. 1993 жылы Б.Клинтон АҚШ ГІрезиденті
боп  қызметке  кірісті.  Алматыға  жаңа  мемлекеттік  хатшы  У.Кристоффер
келді.  Жаңа  əкімшілік  ескі  əкімшіліктің  «уəдесін»  орындап  жатқысы
келмеді.  У.Кристоффер  де  бізді  ақысына  ештеңе  сұрамай,  ядролық  қаруды
таратпау  жөніндегі  келісімшартқа  қол  қойғызуға  көндіргісі  келді.  Кесіп
айттым:  Келісімшартқа  қосылмаймыз.  Ядролық  ракеталарды  жоймаймыз.
СНВ-1  шарты  бойынша,  ракеталарды  басқа  елдердің  қалай  қысқартып
жатқанына қарап, біртіндеп қысқартамыз.
Кристоффер  қатты  таң  қалды.  Тіпті  шамданды  да.  Бірақ  менің
ойымша,
жеке
бастың
достығы
іске
кедергі
келтірмеуі
керек.
Қазақстандағы  ядролық  қарудың  тағдыры  мен  оны  бұзып  əкету  мəселесі
ойынға айнала бастағанын аңғарып отырдым. «Тəжірибесіз» саясатшының
айналасын əккі əдістермен, жарқын əсерлермен арбап алып, қол қойылатын
құжаттарды  жеріне  жете  зерттеуге  мүмкіндік  бермеу  көзделді.  Алайда
Вашингтон
біздің
мəселеге
қаншалықты
жетік
екендігімізді,
американдықтардың  өз  мүдделеріне  де  сəйкес  келетіндей  жақсы  нəтижеге
жететіндігімізге  əбден  сенімді  екендігімізді  дер  кезінде  дұрыс  бағалай
алмады. 
Бұндай  «ақаулар»  жайында  «Нью-Йорк  Таймс»  газетінде  1993
жылдың  24  қазанында  Элейн  Сиолино  «Қазақ  Американы  өз  беделін
күшейтуге пайдаланады» деген дабырайма тақырыппен кең көлемді мақала
жариялады. Бір үзінді келтірейін: «Қазақстанның Президенті бүгін Құрама
Штаттармен  саясат  ойнап,  ұтып  шықты.  Президент  Назарбаев  пен
мемлекеттік  хатшы  Уоррен  Кристоффер  Қазақстанның  ядролық,  қаруды
демонтаж жасауға берілетін 85 миллион долларлық Америка көмегін қалай
49

пайдаланатындығы  егжей-тегжейлі  көрсетілген  техникалық  келісімшартқа
қол қойып, сол тойланылады деп жоспарланып еді.
Алайда бүгін танертең Кристоффер мырза Назарбаевтың кабинетіне
кіргенде,  қазақ  лидері  оған  қолындағы  қаламды  тастай  тұруды  ұсынды.
«Əрине,  Қазақстан  келісімге  қол  қойғысы  келеді»,  -деді  ол,  -  «бірақ
Клинтонмен көзбе-көз отырып қана...»
1993 жылдың желтоқсанында АҚШ вице-президенті А.Гор келді.
Ұзақ уақыт бетпе-бет сөйлесе отырып, мен оған ядролық қару мəселесінде
неге мұндай бағыт ұстанғанымды егжей-тегжейлі түсіндірдім.
Ақыр  аяғында,  АҚШ-қа  барған  келесі  сапарымда  Б.Клинтонмен
кездесіп, бар шарттарымызды қабылдаттық.
Тек  осыңдай  азапты  сайыстардан  кейін  ғана  халықаралық
қауымдастық тарапынан шын кепілдік алу туралы нақты келіссөз бастауға
мүмкіндік туды. Тек сосын ғана ядролық қарусыз держава атанып, қатерлі
қарудан  кезең-кезеңмен  елден  əкеттіріп,  құтылуға  шешім  қабылдадық.
Мұндай сындарлы саясат Ядролық қаруды таратпау келісімшартын одан əрі
дамытудың  жаңа  кезеңіне  көшуге  жағдай  туғызды,  Қазақстан  қару
таратпауды  жақтап,  Ресей,  Украина,  Беларусь  басшылығымен  ядролық
қаруға  байланысты  бірлескен  іс-қимыл  шаралары  туралы  келісімге  қол
қойды.  1992  жылғы  мамырда  ядролық  қару  таратпау  жəне  ядролық,
ракеталық  қаруды  біртіндеп  бұзып,  Ресейге  көшіріп  əкету,  олардың
оқшантайларына  салынған  уранның  құнын  Қазақстанға  ақшалай  қайыру
жөніндегі  Лиссабон  протоколына  қол  қойылды.  Бұл  процестерді  реттеу,
уран өндіру мен өңдеуге байланысты кəсіпорындардың қызметін бақылау,
атом  қуатын  пайдалану  жөніндегі  мемлекеттік  саясатты  жасақтау  жəне
жүзеге  асыру  мақсатында,  менін  жарлығыммен  Қазақстан  Республикасы
атом  қуаты  Агенттігі  құрылды.  Сөйтіп,  Ядролық  қаруды  таратпау
келісімшартына  қол  қоюға  байланысты  тұтас  бір  құжаттар  комплексі
əзірленді.  Қазақстан  ТМД  мемлекеттерінің  арасынан  бірінші  боп  бұл
шартқа  қол  қойды.  Ядролық,  қаруды  жоюдың,  сақтаудың  жəне
тасымалдаудың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  құқықтық  жүйесі
жасалынды.  Бұл  мақсатқа  біздің  республикамызға  84  миллион  доллар
бөлінді.  Біздің  ядросыз  мемлекет  болуға  деген  ұмтылысымызды  əлемнің
көптеген  елдері  қостады.  Жапония  бұл  мəселені  шешуге  өз  үлесін  қосуға
міндеттеме  алды.  Қазақстан  аумағындағы  ядролық  қаруды  жоюға  ат-
салысу жөніндегі бірлескен Комитет құрылды.
Америка  Құрама  Штаттарына  уран  сатуымыздың  да  қызық  тарихы
бар. Ульба металлургия зауыты қоймаларында аса жоғары байытылған 600
50

килограмм  уран  жиырма  жыл  бойы  сақталып  келіпті.  Біздің  ядролық,
қаруды  таратпау  жөніндегі  келісімшартқа  қол  қоюымызға  байланысты,
мұншама  уранды  сақтау  бізден  көп  шығын  талап  ететін  болды.  Əрі  бұл
Қазақстан, тіпті дүние жүзі үшін  аса қауіпті іс еді. Сондықтан оны  сатуды
ұйғардық.  Кейбір  елдер  мүдделілік  білдіріп,  есесіне  шикізат  сатып  алуды
ұсынды.  Белгілі  себептермен  біз  оған  келіспедік.  АҚШ-пен  келіссөз
жүргіздік.  Олар  уран  сенімді  қолда  болатынына,  əскери  мақсатта
пайдаланылмайтындығына  кепілдік  берді.  Қатерлі  жүкті  АҚШ-қа  алып
кететін  «Сапфир»  операциясы  жүзеге  асырылды.  Оған  АҚШ  Президенті
Б.Клинтон:  «Дүние  ядролық  қару  тарату  мен  ядролық  терроризмнің  тағы
бір қаупінен құтылды. Бұл істе Президент Н.Назарбаевтың алға шыққанын
ашық  мойындаймын»,  -  деп  аса  жоғары  баға  берді.  АҚШ  Қорғаныс
министрі Уильям Перри: «Біз бұл ядролық материалды бопсашылдардың,
бүлдіргіштердің  жəне  жаңа  ядролық  режимдердің  қолына  түспейтіндей
қылдық...  Ол  енді  қауіпсіз  жерде»,  -  деп  мəлімдеді.  Пентагонның
есептеуінше,  ол  уран  20  ядролық  бомба  жасауға  жетеді  екен.  Материалды
тасып  əкету  үшін  Ульба  зауыты  аумағында  мини-лаборатория  салынды.
Отызға  жуық  американ  мамандары  ай  бойына  жеті  мың  контейнерде
сақталынған, аса байытылған уранды тот баспайтын болаттан жасалынған
1400  канистрге  ауыстырып  салды.  С-5  маркалы  3  самолет  бұл  шикізатты
Өскеменнен Довередегі (Делавер штаты) АҚШ соғыс-əуе күштері базасына
жеткізді.  Ол  арадан  күшейтілген  жасақпен  Теннесси  штатындағы  «Оук-
Ридж»  деп  аталатын  ядролық  объектідегі  зауытқа  тасылып  əкетілді.
«Сапфир»  операциясын  АҚШ  жағынан  вице-президент  Альберт  Гор
қадағалап  отырды.  Бұл  жайында  бірінші  боп  «Нью-Йорк  Таймс»
хабарлады. Хабардың тарап кетуіне біз себепші болған жоқпыз.
1995  жылғы  26  мамырда  Қазақстан  аумағындағы  ядролық  қару
мəселесі  тиянақты  шешімін  түгел  тапты.  Мен  сол  күні  республиканың
барлық азаматтарына соңғы қатерлі оқшантайдың мемлекетіміз аумағынан
тасылып əкетілгенін мəлімдедім. Семей сынағынын астында қалып қойған
жəне тасып əкетуге қолайсыз ең соңғы зауыт барлық қауіпсіздік шаралары
сақталына отырып, қалыпты жарғыш аспабының көмегімен жойылды.
1994 жылғы  5  желтоқсанда,  СБСЕ-нің  Будапештегі  мəслихаты
кезінде  шын  мəніндегі  тарихи  оқиға  болды.  Ядролық  қаруды  таратпау
жөніндегі  келісімшарттың  допозитарийлері  –  Ресей  Федерациясы,  АҚШ,
Ұлыбритания  тарапынан  Қазақстан  қауіпсіздігіне  берілетін  кепілдіктер
туралы  Меморандумға  қол  қойылды.  Онда  аталмыш  мемлекеттер  СБСЕ
қағидаларына сəйкес, Қазақстанның қазіргі шекарасының мызғымастығын,
51

тəуелсіздігі мен егемендігін қадірлейтіндіктерін куəландырды. 
Қазақстанның  саяси  тəуелсіздігіне,  аумақтық  тұтастығына  қарсы
күш қолданбауға, экономикалық зорлық-зомбылық көрсетуден бас тартуға
міндеттеме  алынды.  Біз  бұл  кепілдіктерді  Казақстанның  қарусыздану
жолындағы жауапкершіл саясатына берілген лайықты жауап деп санаймыз.
Кейін  мұндай  кепілдіктер  ҚХР  мен  Франция  үкіметтері  тарапынан  да
берілді.
Ядролық қару деген не, оның қоршаған ортаға тигізер əсері қандай –
біз  оны  өз  тəжірибемізден  жақсы  білеміз.  Əлгіндей  саяси  бағыт
ұстануымызға  Семей  сынақ  алаңының  уайымдары  мен  жұртшылықтың
ядролық  қаруға  қарсы  жылдан-жылға  күшейе  түскен  заңды  наразылығы
себепші  болды.  Енді,  бүгін  кеп,  біздің  ядролық  қарусыз  мемлекет
атанғанымызды  сынайтындарға  мен  еш  түсіне  алмаймын.  Ядролық  қару
ұстау үшін орасан зор қаражат пен жоғарғы дəрежелі мамандар ксрек. Бізде
оның екеуі де жоқ. Оны былай қойғанда, ядролық қаруға ие болу деген сөз,
қай  кезде  қопарылып  кетері  белгісіз  қатер  ошағының  үстінде  отыру  жəне
басқа  біреудің  дəл  саған  қарай  нысаналап  қойған  ядролық  жебесінің
сұғында  отыру  деген  сөз.  Сондықтан  да  кейбір  адамдар  өз  жеріміздегі
ядролық  қаруды  ешкімге  бермейміз  деп  даурыға  бастағанда,  мен  қарадай
күйзеліп  біттім.  Ондай  даңғойлар  əбден  уланып  біткен  Семей  жерін
көрмейді,  қарадай  қыршынынан  қиылып,  қарадай  мүгедектікке  ұшырап
жатқан  жазықсыз  жандардың  тауқыметін  түсінбейді.  Ашық  ауыздарды
алдап,  арзан  бедел  жинауға  құнығып  алған  ондайлар,  біздің  əлгіндей
шешімімізге əлі күнге дау айтады.
Қазақ  жері  бір  кездегі  қасіретінен  енді  арылып  келеді.  Тұсында
құнарлы аймағымыздың он сегіз мың шаршы километрі сынақ алаңдарына
бөлініп берілген- ді. Соның 88 процентінің бүгінде радиациялық қаупі жоқ
деп  танылды;  8  проценттейі  əлі  де  зерттелу  үстінде.  720  шаршы
километрдейі  ауыл  шаруашылығына  пайдалануға  жарамайтындай  боп
зардап шеккен деп табылды. Əсіресе «атом көлі» деп аталатын аймақтың 
жайы  айрықша  алаңдаушылық  туғызады.  Ол  маңайдың  жер  бетіне
шашырап жатқан сəулесі сағатына 3-5 мың микрорентгенге жетеді. Сынақ
алаңында 459 ядролық жарылыс болды. Оның жүз он үші əуеде жарылды.
Олар енді ешқашан қайталанбақшы емес.
Біздің  жұмысымыздың  жəне  бір  қыры  -  аймақтық  қауіпсіздікті
қамтамасыз  ету.  1992  жылғы  қазанда  БҰҰ  Бас  Ассамблоясьшың  47-
сессиясында  мен  Азиядағы  өзара  ықпалдастық  пен  сенімділікті  нығайту
жөніндегі  Мəслихатты  əзірлеу  туралы  бастама  көтердім.  Өз  сөзімде:
52

«...Біздің  Достастығымыздың  тым  əлжуаз  құрылымы  Евразияның  осы  бір
бөлігіндегі халықтар мен елдердің өзара ықпалдастығының ғасырлар бойы
қалыптасқан  дəстүрлерін  əлі  күнге  толығымен  есепке  алмай  отыр.  Соның
салдарынан  ТМД-дағы  нарық  экономикасына,  демократияға  көшу  процесі
əлеуметтік-экономикалық
жəне
саяси
орнықсыздықтың
күшеюіне,
бұрыннан  бар  кикілжіңдердің  шиеленісе  түсуіне,  жаңа  тартыстардың
шығуына ұласып отыр», - деп қатты аландаушылық білдіргенмін-ді.
Біршама  алдын  ала  əзірлік  жұмысы  жасалған  соң,  1995  жылы
Алматыда  жұмыс  топтарының  мəжілісі  өтті.  Оған  Азияның  14
мемлекетінен  өкілдер  келді.  Біз  Азия  қауіпсіздігінің  ОБСЕ  үлгісіндегі
жүйесін  жасақтауды  міндет  етіп  қойдық.  Біздің  жəне  көршілеріміздің  күш
біріктіруімен,  өз  аймағымызда  бейбітшілік  пен  орнықтылықты  сақтап
отырғандығымызбен,  Орталық  Азия  шиеленіс  қаупі  бар  аймақтардың  бірі
болып
табылады.
Шектес
кеңістіктерде
не
болып
жатқанына:
Тəжікстандағы,  Ауғанстандағы  соғыстарға,  Кавказдағы  ұзаққа  созылуы
ықтимал  «буырқаныстарға»  көз  салсак  та,  мұндай  алаңдаушылықтың
орынды  екеніне  түсіне  беруге  болады.  Аймақтың  өз  іші  де,  төңірегі  де
талай  тартысқа  тамызық  тауып  бере  алғандай.  Жерге  талас,  суға  талас,
табиғи  байлықтарға  таластың  қай-  қайсысы  да  жағдайды  ушықтырып
жіберуі ықтимал.
Біз  мұндай  бастама  көтере  отырып,  Европа  қауіпсіздігінің
тəжірнбесіне,  СБСЕ-нің  өзіне  кірмейтін  Жерорта  теңізі  елдерімен
ықпалдастығы
тəжірибесіне
жүгіндік.
Евразия
құрлығындағы
орнықтылықты  нығайтуда  тек  Орталық  Азиядағы  жағдай  ғана  емес,
онымен шектес жатқан, Европадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық жөніндегі
Кеңес  қызметіне  қатыспайтын  Қытай,  Ауғанстан,  Иран,  Пəкстан,  Индия
мемлекеттеріндегі жағдайдың да маңызы зор екендігі айтпаса да белгілі.
Біздің  сыртқы  саясаттағы  бұл  немесе  бұл  секілді  басқада
бастамаларымыз тек қауіпсіздікті нығайту қамынан ғана емес, одан маңызы
еш  кем  емес  жəне  бір  келешегі  зор  мəселеден  туындап  отыр.  Ол  -  қос
кіндікті дүние күйреп, қырғиқабақтық соғысының аяқталуына байланысты
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының жаңа үлгісі мен жаңа əлемдік
тəртіп  қалыптастыру  мəселесі.  Кос  кіндікті  құрылым  əрбір  аса  ірі
мемлекетке  өз  одақтастарын  билеп-төстеуге  мүмкіндік  берді.  Ал  оның
күйреуі басқа елдердің де өз дербестігін күшейтуге жағдай туғызды. КСРО-
ның күйреуіне байланысты, АҚШ жетекшілік ететін жаңа демократияшыл
əлемдік тəртіп орнай қалады деп ойлағандар оңбай қателесті. Халықаралық
қатынастардың  бұрынғы  жүйесі  ондаған  жылдар  бойы  қалыптасты.
53

Адамзатқа  жойылып  кету  қаупі  туған  əлденеше  аймақтық  соғыстар  мен
Екінші дүниежүзілік соғыс, Берлин мен Кариб дағдарысы тəрізді оқиғалары
арқылы  үлкен  сыннан  өтті.  Əлгіндей  зор  «тəжірибе»  жинақтаған  Кұрама
Штаттар  мен  Кеңес  Одағы  кикілжіңге  икем  шептер  мен  өз  стратегиялық
одақтастарының  əрекеттерін  қатаң  бақылап  отырды.  Соның  өзінде  талай
рет ши шығып кетіп жүрді. Фолкленд дағдарысын еске түсіріңізші. Бір арал
үшін  АКШ-тың  ең  стратегиялық  одақтасы  -  Аргентина  мен  Ұлыбритания
шекісіп
қалды.
Бұны
үйреншікті
дүниетаным
бойынша,
екі
дүниетартысына  жатқыза  қою  қиын.  Тап  осындай  оқиғалар  санатына
Вьетнам  мен  Қытай  соқтығысын,  араб  мемлекеттері  арасындағы
қақтығыстарды,
Оңтүстік
Америкадағы 
шекара
үшін
қарулы
тайталастарды,  Иран-Ирак  теке  тіресін  жатқызуға  болады.  Үйреншікті
шеңбер аясына сыймайтын сондай бір оқиға - Ирактың Кувейтке қол салуы
болды. Күллі араб мемлекеттері Иракты түгел дерлік айыптап, оған қарсы
бірлескен шаралар əзірлей отыра, оның Израиль тарапынан қысым көруіне
жол  бермеді.  Ал  американдықтар  «Шөлдегі  дауыл»  операциясына
кіріскенде, оған деген көзқарас атымен екіге жарылып кетті.
Бір  жағынан,  Кеңес  Одағы  сияқты  қамқоршыларынан  айырылып,
екінші  жағынан,  Құрама  Штаттарға  қарадай  бағынушылық  міндетінен
құтылып, стратегиялық қарсылассыз қалған бұрынғы «бодан» мемлекеттер
мен  режимдер,  бір  қарағанда,  ебін  тауып  пайдалана  білуді  талап  ететін
шексіз  бостандыққа  ие  болғандай  боп  көрінуі  де  мүмкін.  Алайда  расында,
көп  жағдайда  олай  болып  шықпады.  Мəселен,  Ауғанстан  үшін  кеңестік
əскердің  кетіп,  кеңестік  саяси  қысымнан  құтылу  ішкі  соғысты  тоқтатудың
кепілдігіне  айнала  алмады.  Оған  ондаған  жылдар  бойы  қатаң  бақылаудың
арқасында
аяусыз
тұншықтырылып
келген
қайшылықтар
мен
тартыстардың  емін-еркін  етек  жаюы  қосылып,  жаппай  орнықсыздық  пен
шырғалаң соғыстарға қолайлы жағдай жасалды.
Жағдайын  əлдеқашан  түзеп  алған  жайбарақат  Европаның  өзінде
ондаған  жылдар  бойы  реттелінбей  келген  Югославия  кикілжіңі  енді
бұрынғыдан əрмен ырық бермей кетті. Жалпы қауіпсіздікті ойлаудан туған
«одақтастық  тəртіп»  енді  ешкімді  иландырмайтын  болды.  Бүгінде  Европа
елдері  Құрама  Штаттарға  иек  артпай,  дербес  саясат  жүргізетін  болды.
Ондағы  қазіргі  болып  жатқап  көп  жағдаят  көбіне-көп  осыдан  туындаған
сияқты.  Байсалды  Европа  екі  жақты  қатынастарын  дипломатиялық
деңгейде  реттеуге  тырысады  дегенімізбен,  түрік-грек  қатынастары  дəл
ондай «ресми» тілден əрірек кетіп қалған сияқты.
Америка Құрама Штаттары КСРО-мен тайталас кезінде бүкіл қалған
54

дүниеге өз ырқын, өз түсінігін жүргізетін еді. Ол кезде былайғы дүниенің:
«рах  аmeгісаnа»  жүйесіне  кірген  тиімді  ме,  жоқ  совет  ықпалымен  жүрген
тиімді  ме»,  -  деп  басы  қататын  еді.  Қос  кіндікті  дүние  күйреген  соң,
америкалық ұғымдардың да жұмылдырғыш ықпалы күрт əлсіреп кетті. Өз
мүддесін АҚШ мүддесінен бөліп əкету – қазіргі европалық қайта өрлеудің
ең  басты  мұратына  айналып  отыр.  Европалық  емес  өркениет  пен
европалық  емес  құндылықтардың  маңызы  мен  қызметі  өсе  түскен  сайын,
Европаның өз ішінде ұлттық құндылықтарға, дəстүрлерге жəне мүдделерге
қайта оралу, америкаланған мəдениет қыспағынан құтылу пиғылы күшейе
түсті.
Бір  кіндік  -  Кеңес  Одағының  күйреуіне  байланысты  халықаралық
қатынастарды  реттеуде  ірі  мемлекеттер  төңірегіне  шоғырланудан  гөрі,
орнықтылықты
сақтау
институттарын
əр
алуандандыра
түсуге
итермелейтін  жаңа  бір  ұзаққа  созылатын  кезең  туып  келе  жатқан  сияқты.
Осының  өзі-ақ  аймақтық  қауіпсіздік  жүйелерінің  маңызы  ойдағыдай  арта
түскеніне  жеткілікті  дəлел  болғандай.  Əрине,  бұл  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы
қызметінің  сипатын  қалыптасып  отырған  жаңа  жағдайға  икемдеп,  қайта
өзгертіп,  əлемдегі  мемлекеттер  арасында  ықпал  бөлісуді  қайта  жүйелеуді
қажет етеді. Мұндай пікірді алғаш рет осы ұйымның елу жылдығын тойлау
кезінде  БҰҰ-ның  Бас  хатшысы  Б.Б.Ғали  айтқан-ды.  Халықаралық
қатынастың
мемлекеттік
емес
ұйымдарының
маңызының
артуы,
Қауіпсіздік  кеңесі  мен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  арасындағы  сəйкессіздік,
тартыс табиғатының өзгеруі жəне басқа факторлардың бəрі де осыны талап
ететіндей.
1995 жылы  22  қазанда,  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  елуінші
сессиясында мен əлемдік қауымдастыққа жалпы ауқымдық жəне аймақтық
қауіпсіздік жүйелерінің өзара ықпалдастығын арттыруға байланысғы нақты
ұсыныстарымды  айттым.  Орталық  Азияда  аймақтық  бастауларды
күшейтудің  қажеттілігін  қатты  сезініп  отырмыз.  Біздің  Азиядағы
ықпалдастық  пен  сенімділікті  күшейту  жөніндегі  кеңес  шақыру  мен
Евразия  Одағы  жайындағы  бастамаларымызға  да  сол  себепші  болды.
Менің  пікірімше,  болашақта  БҰҰ  аймақтық  жəне  құрлықтық  қауіпсіздік
жүйелерімен  ықпалдаса  отырып,  екі  түрлі  қызмет  атқаратын  болады.
Біріншісі - қабылдаған шешім барлық аймақтық жүйелерге бірдей міндетті
болатын əлемдік қауіпсіздіктің бірегей орталығы болу. Ондай орталықтың
бір  осал  жері  -  байқаусызда  тайталас  күштердің  бір  жағын  жақтап  кетуі
жəне дамып келе жатқан күштердің басқа əлемдік орталықтарының табиғи
нығаюына  кедергі  келтіру  мүмкіндігі.  Екіншісі  -  аймақтық  құрылымдар
55

арасындағы тартыстар мен таластарды шешуде жоғарғы тəуелсіз төрешінің
қызметін  атқаратын  дүниежүзілік  үйлестіруші  органға  айналу.  Бұл
жобаның  осал  тұсы  -  əлгіндей  органның  уақтылы  ықпалды  шешім
қабылдап  үлгермей,  тартысты  дер  кезінде  тежей  алмау  қаупі  барлығы.
Үшінші бірбағыт əлгіндей мəселелердің тек əскери-стратегиялық аяда ғана
емес,  адам  өмірінің  барша  саласында  -  мəдениетте,  ақпаратта,  ғылыми-
техникалық,  финанс-экономикалық  салаларда  да  шығып  қалуы  ықтимал
екендігінен  туындайды.  Сондықтан  да  мен,  əр  елдің  қорғанысқа
жұмсайтын  шығынын  бір  процентке  кемітуінен  жиналатын  ресурстар
негізінде бейбітшілік сақтаушылық қорын құруды ұсынғанмын.
Бұрынғы  жылдары  дүниежүзілік  процестерге  баға  бергенде,  бізге
социализм  мен  капитализм  арасындағы  тайталас  адамзат  прогресінің
қозғаушы  күші  деген  таптық  көзқарас  ықпал  ететін.  Ол  ақыр  аяғында
КСРО-ның  халықаралық  аренадағы  оқшау  қалуына  əкеп  соқтырды,  Кеңес
мəмілегерлігі  өнерінің  бірден-бір  үлгісі  –  батыста  «Жоқ  Мырза»  атанып
кеткен  А.Громыко  болды.  Ештеңеге  де  құлақ  аспау  саясаты  батыстың
тарапынан  социализмді  «етектен  тартып,  былай  лақтырып  тастау»
саясатын  туғызды.  Бірыңғай  америкалық  үлгідегі  бірегей  дүние  орнатуға
тырысатын  бүгінгі  ұмтылыстардан  да  еш  нəтиже  шықпайды.  Дүние  жаңа
қатынастар  қалыптастырудың  атымен  жаңа  күрделі  кезеңіне  көшті.
Меніңше,  дүниені  тек  теке  тірестік  тұрғыдан:  Батыс-Шығыс,  Күнгей-
Теріскей,  ұлы  мемлекеттер  —  «үшінші  дүние»,  ядролық  клуб  —  былайғы
əлем  деп  қарастыратын  қағидадан  бас  тартатын  уақыт  əлдеқашан  болды.
Ондай  көзқарасты  мəмілегерліктің  бұрынғы  тарихы,  ұлы  державалардың
дүниені, ықпал аясын бөлісу жолындағы күрес тарихы, блоктар тайталасы
мен  əлеуметтік  жүйелер  текетіресі  тарихы  қалыптастырған-ды.  Оның  бəрі
кезегімен  келмеске  кетіп  жатыр.  Қақтығыстар  қисынын  халықтардың,
өркениеттердің,  елдердің,  аймақтардың  ықпалдастығы  мен  татуластығы
қисыны алмастырары сөзсіз.
Əлем  əр  алуанданған  сайын  бір  орталыққа  бағынбай,  көп
орталықтар  пайда  бола  бастады.  Көп  орталықты  дүние  орнады.  Бұл
құбылыстарға  қаныға  түсу  Қазақстанның  сыртқы  саясатын  жаңа
қағидаларға  негіздей  құру  міндетін  туғызып  отыр.  Ең  алдымен,  кешегі
кеңестік
кеңістікті
«югославияландыруға»,
дəстүрлі
экономикалық
байланыстардың  үзілуіне  байланысты  жаңа  мемлекеттерді  экономикалық
тұрғыдан  күйретуге  жол  бермеуге  күш  салуға  тура  келді.  Бұл  мəселені
шешу  үшін  мен  тек  ТМД  басшылығымен  ғана  емес,  алыс  шетел
басшыларымен  əр  сипатты  қатынастар  орнатуға  ұмтылдым.  Тоқсаныншы
56

жылдардың  басында  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  шетелдермен  белсенді
жұмыс  жасағаным  үшін,  мені  біраз  сынап  та  көрді.  «Қырғи  қабақ  соғыс»
аяқталып,  екі  дүние  тайталасы  тоқталар  тұстағы  аса  қиын  кезеңде,
Қазақстанның тəуелсіздігін қамтамасыз ету үшін, мұндай жұмыс жүргізбей
болмайтын  еді.  Мұндай  аса  зор  құбылыстардың  шын  ауқымы  мен  шын
салдарларын  бəлкім,  əзір  анық  саралап  шыға  алмаспыз.  Алайда  дүниенің
атымен  өзгерін  кеткені  рас.  Халықаралық  қатынастың  түбірімен  өзгеше
жүйесі  қалыптасып  келеді.  Ол  жаңа  мүмкіндіктер  туғызумен  қоса,  жаңа
қауіптер  де  туғызуда.  Қазақстан  Ауғанстан,  Тəжікстан,  Кавказ  сынды  аса
қауіпті  аймақтардың  қоршауынла  орналасқан.  Бізге  ТМД  елдерінің  басқа
қатерлі  аймақтары  да  өз  əсерін  тигізуі  ықтимал.  Оның  бəрі  біздің
реформамызға айта қаларлықтай қиындықтар келтіретіні белгілі.
Мұндай  жағдайда  тəуелсіз  мемлекетіміздің  аумақтық  тұтастығын
қамтамасыз  ету  бірінші  кезектегі  міндетке  айналады.  Бəлкім,  біреулерге
бүгін  біз  өткен  жол  салтанатты  шерудей  боп  көрінер.  Бірақ  біздің
мемлекетіміздің  халықаралық  аренада  кеңінен  танылуы,  дүниежүзілік
жетекші ұйымдарға кіруі табанды да тауқыметті еңбекпен жүзеге асты.
Кейбір қорытынды жасайық. Бізді 120 мемлекет мойындайды. Оның
92-сімен  дипломатиялық  байланыс  орнатылды.  Хельсинки  процесіне
қатысамыз.  Ядролық  қаруды  таратпау  келісімшартына  қол  қойдық.  АҚШ-
пен  «Демократиялық  ықпалдастық  хартиясын»  жасасып,  саудада  қолайлы
жағдай  туғызуға  уəде  алдық.  Барлық  ядролық  мемлекеттер  Қазақстанның
аумақ- тық тұтастығына кепілдік берді.
Бес жыл ішінде біз белгісіз аймақтан халықаралық қауымдастықтың
толыққанды мүшелігі деңгейіне дейінгі күрделі жолдан өттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет