194. ДӨҢ АСҚАН
Шығады шапқан аттың шаңы аспанға,
Жасаған жол бере гөр адасқанға, адасқанға.
Е-ей, ей, дөң асқанға, е-ей, ау.
148
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Даланың ерлерінен жортқан аттай,
Салайын құйқылжытып дөң асқанға,
дөң
асқанға.
Е-ей, ей, дөң асқанға, е-ей, ау.
Қай дөңгей, мына дөңгей, дөңгей, дөңгей,
Дауысым ашылмайды шыға келмей.
Көзіме елес-елес көрінесің,
Базарда кезі елу сом, алтын зердей.
Ән салсаң өзімдей сал аңқылдатып,
Үніндей самал желдің саңқылдатып.
Толғантып, емірентіп, ескектетіп,
Таңындай ақ бөкеннің жарқылдатып.
195. ДӨҢГЕЛЕК КӨЗ
Өкшесі етігімнің айнала жез,
Көзіңнен айналайын дөңгелек көз.
Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла-лау,
Ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Екеуміз екі рудың баласы едік,
Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.
Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла-лау,
Ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Берейін сақинамды сақтаймысың,
Ауылыңа мені барып мақтаймысың.
148
149
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла-лау,
Ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
Сұрасаң біздің ауыл, Талкөдеде,
Іздесең шыныменен, таппаймысың.
Қайырмасы:
Ха-ла-ла-ла-лау,
Ха-ла, ла-ла, ләй, әй-ау!
196. ДУДАР-АЙ
Ащы көл, Тұщы көлмен арасы-ай бір,
Басыңда кәмшат бөркің жарасып жүр.
Дударай, келер болсаң, тезірек кел,
Орныңа хахол, орыс таласып жүр.
Қайырмасы:
Дудар-ари дудым,
Қол-аяғын будым.
Шіркін-ай,
Дудар-ари дудым, уай!
197. ДҮНИЕ-АЙ
(1нұсқа)
Ғашық болдым көрдім де, ей, қалқажан,
Бір сөзім бар көңілімде-ау, айта алмаған-ай.
Сүйсіндіре күлімдеп-ай, қарайтұғын,
Айналайын көзіңнен-ау, жаутаңдаған-ай.
150
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Сағынамын сарғая сүйген сәулем,
Ішкі сырды сан рет түйген сәулем.
Үйде тыныш жадырап жата алмаймын,
Жастық лебің жандыра тиген сәулем.
198. ДҮНИЕ-АЙ
(2нұсқа)
Жылдар да, жылдар да бар, бағзай, бағзай,
Келеді бір наурызда, дүние, елдің жазы-ай.
Алабын айдын көлдің сулар алса,
Сыңқылдап ұшып-қонар, дүние, үйрек-қазы-ай.
Ат мініп ойнақыдан-ей, құс салғанда,
Сылаңдап жез қарғылы ерсін тазы-ай.
Басында жігіт адам-ей, жігер болса,
Қалқаға айып болмас еткен назы-ай.
199. ДҮНИЕ-АЙ
(3нұсқа)
Аспанда ұшып жүрген қара шыбын,
Нәрсенің қолдан шыққан, дүние-ай,
бәрі шығын.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің аман-есен, дүние-ай, қарашығым.
200. ЕДІЛ БОЙЫ
Ар жағында Еділдің бір терең сай,
алқарай көк!
Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай.
150
151
ӨЛЕҢДЕР
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай!
Ағаштың бұтағына қонып алып,
алқарай көк!
Сайрайды таң алдында бозша торғай.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.
Қайырмасы:
Алқар-ай көк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып сәулем келгенде,
Қайда кеттің а-ай, той-тойлап.
Ар жағында Еділдің бір асқар бел,
алқарай көк!
Сырын ашқан көңілдің көк самал жел.
Жеңеше-ай, осылай,
Осылай әнім өзгеше-ай!
Ырыс айдай көңілің менде болса,
алқарай көк!
Аузыңды ашып, қалқатай, тіліңді бер.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.
201. ЕЙ, ҚАЛҚА
Ей, қалқа, ғашық болдым жамалыңа,
Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа.
Құрбым деп нәсілім теңдес сөз айтқанда,
Тигізбе қатты жауап назарыма.
152
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Алалым,
Міне, қызық заманым.
Ей, қалқа, дәнекерсің айнадағы,
Жақындық әр адамға пайда-дағы.
Өксітпей жауабыңды қайыр, сәулем,
Ақ шәйі орамалға байла-дағы.
Қайырмасы:
Алалым,
Міне, қызық заманым.
202. ЕКІ БІРДЕЙ СҰР ЖОРҒА
Ауылым көшіп барады көк қауланға, әй,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, ай-ду-ай!
Екі жастың тілеуін берген күнде, әй,
Қосып-қосып қойсашы көңілі ауғанға, ай-ду-ай.
Қайырмасы:
Екі бірдей сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
Ебін тауып ойнасаң,
Нең кетеді бір жолға?
Көтеріңкі көрінер көл қабағың, әй!
Болар ма мұндай семіз тел жабағың ай-ду-ай!
Алыстан әдейі іздеп келгенімде,
Иіс майдай аңқиды ақ тамағың.
Қайырмасы:
Екі бірдей сұр жорға,
Амал бар ма қу сорға.
152
153
ӨЛЕҢДЕР
Ебін тауып ойнасаң,
Нең кетеді бір жолға?
203. ЕКІ ҒАШЫҚ, ДАРИҒА
Ойламай сағат сені тұра алмаймын,
Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын.
Айрылып шыныменен қалғаным ба,
Қалайша ауылыңа бара алмаймын.
Деуші едім жастан сені маған серік,
Аққудай аппақ шырай біткен көрік.
Керілген кермаралдай кербезім-ай,
Күн бар ма көңілім тынар сені көріп.
204. ЕКІ ЖИРЕН
(1нұсқа)
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу, қарағым,
Сағынып, сарғаямын санаменен.
Қайырмасы:
Ахау!
Екі-ау жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығым сен,
Жаным сүйген.
Жан құрбым, сөз сөйлеймін көрген зардан,
Кетпеймін күдер үзіп, ақ сұңқардан.
154
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Көңліме еш дауалық болмаған соң,
Ойымда толып жатыр ару арман.
Қайырмасы:
Ахау!
Екі-ау жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығым сен,
Жаным сүйген.
205. ЕКІ ЖИРЕН
(2нұсқа)
Ғыззатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға құр жастықпен өтті заман.
Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.
Қарағым, айналайын, меһірбаным,
Көрмеді ешбір рахат сенсіз жаным.
Айырылып сенен, сәулем, кетіп қалсам,
Жалғанда екі бірдей болмас мәнім.
Қайырмасы:
Әй!
Екі жирен,
154
155
ӨЛЕҢДЕР
Жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың, ай,
Жаным сүйген.
206. ЕЛІГАЙ
(Илигай)
«Кел» деп едің, Елігай, келіп тұрмын,
Отқа түспей өртеніп еріп тұрмын.
Сертте тұрсаң, мен сендік—жаным құрбан,
Сырым осы—сертімді беріп тұрмын.
Айналайын, қарағым, қара қасым,
Қара мақпал жібектей—қара шашың.
Баласындай еліктің Елігім ең,
Сені ойласам, мөлдіреп көзден жасым.
«Елігай» деп атыңды қойдым арнап,
Сен—ақ шабақ болғандай салдым қармақ.
Еркін таудың еркесі—елік болсаң,
Мен де өзіңдей жалғызбын—ерке саңлақ.
207. ЕЛІМ-АЙ
(1нұсқа)
Қызды қор ғып жасаған жаратқанның,
Мал бергеннің аузына қаратқаның-ай,
Елім-ай,
елім-ай!
Сүйгеніме бара алмай арманда боп-ай,
Торға түскен торғайдай алақтадым-ай,
Елім-ай,
елім-ай!
156
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
208. ЕЛІМ-АЙ
(2нұсқа)
Қарайғанға қараймын қабан ба деп,
Қамшылаймын атымды шабам ба деп.
Өткеннен де сұраймын кеткеннен де,
Туған жерім Ақбұлым аман ба деп?
209. ЕРКЕ ШАҚ
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
Осы арада жүзіңді көріп тұрып,
Еркежан деп атыңды жорта қойдым,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
Өлең айтқым келмейді ерінгенде,
Бойым дел-сал тартады керілгенде,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
156
157
ӨЛЕҢДЕР
Жерден алтын тапқандай қуанамын,
Жан сәулемнің төбесі көрінгенде,
Еркем-ай.
Қайырмасы:
Таста, қалқам, ойынды,
Көтерсейші бойыңды,
Әй, Еркем-ай!
210. ЕРКЕМ-АЙ
(1нұсқа)
Адамнан артық ажар, ақыл айлаң,
Ажары ақ бетіңнің асқан айдан.
Адасқан аққу құстай болдым асық,
Айдындай ақ төсіме асылшы, айнам,
Қайырмасы:
Еркем-ай, Еркем-ай,
Би билесіп, ән шырқау—
Қызықтың ай-ай, қызығы-ай.
Аққу құс айдын көлде шомылғандай,
Лашын құс өз бойына қорынғандай.
Әніндей домбыраның дүрілдетіп,
Көк тұйғын қуға түсіп шошынғандай.
Қайырмасы:
Еркем-ай, Еркем-ай,
Би билесіп, ән шырқау—
Қызықтың ай-ай, қызығы-ай.
158
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
211. ЕРКЕМ-АЙ
(2нұсқа)
Ер болмас белін жалпақ буғанменен,
Тазармас нағыз қара жуғанменен.
Беу,
еркем-ай!
Байқасаң, ақыл басқа, ажар басқа,
Пайда жоқ құр әдемі туғанменен.
Беу,
еркем-ай!
Жылқы сайға тұра алмас қыс келгенде,
Жер шаңдақ тартады ел келгенде.
Беу,
еркем-ай!
Ауыздағы жел сөзді аяйым ба,
Бүгежектеп отырмын сөз келгенде.
Беу,
еркем-ай!
212. ЕРКЕТАЙ
Мен сағынып хат жаздым, еркем саған,
Не болып жүр ондағы, еркем-ау, сенің бағаң.
Екі көзден жас кетпей мен де жүрмін,
Ашпады ғой көзімді, еркем-ау, мынау ағаң!
213. ЕРТІС
Ертістің ар жағында көрдім сені,
Сырғаңды қайық қылып, ай, сәулем,
өткіз
мені-ай!
Сырғаңды қайық қылып өткізбесең,
Болсаң да қордың қызы-ай, сәулем,
көрмен сені-ай!
158
159
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Сәулетай, ха-лилу, халилу,
Лалалаку-ай, хайлаулалім,
Сәулем көрмен сені, ай!
Ертістің арғы жағы, бергі жағы,
Жайқалған жағасында, ай, сәулем,
жапырағы-ай!
Жігіттің алған жары болса жаман,
Бірге өскен құрбы алдында-ай, сәулем,
сынар
сағы-ай!
Қайырмасы:
Сәулетай, ха-лилу, халилу,
Лалалаку-ай, хайлаулалім,
Сәулем көрмен сені, ай!
214. ЕСЕЙ
Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты,
Бұйра сапты сол қамшым жұртта қапты-ай.
Арамыздан қыл өтпес тату едік,
Арадағы қызыл тіл алыстатты-ай.
Дәйім менің мінгенім мұз көкала,
Осы әніме сала алмас өзге бала-ай.
Арамыздан қыл өтпес тату едік,
Арадағы айрылдық сөзге бола-ай.
215. ЕСЕНТАЙ
Қолында қыз баланың атын балдақ,
Дарияға түсе қалдым атым жалдап.
160
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Алыстан асаукермен келгеніңде,
Алдыңнан еркең шықсын бипалаңдап.
Сағындым деп көзіңе жас алғанда,
Тұрады жаутаң қағып қыз кербалдақ.
Қайырмасы:
О, қыз кер балдақ,
Қыз кер балдақ.
216. ЕСКЕ АЛУ
Күн де батып барады-ай қайта келмей,
Уа! Жастың-ай жазы-ай өтеді-ей бір ай демей.
Қосылысқан қиядан сәулем едің,
Кеткенің бе шыныңмен сөзге сенбей.
Жаз да қызып келеді көктеп жарып,
Қайбір қулар келеді әнге салып.
Тілден шекер алайын сүйген сәулем,
Қоя ма екен сәулесін есіне алып.
217. ЕСКІ ӘН
(1нұсқа)
Базар барып, базардан-ау, қауын алдым,
Асыл қара бешпенттің-ау, бауын алдым, ай.
Жардан безіп жасқанып-ау, жүргенімде,
Оймақ ауыз, күлім көз-ау, тауып алдым, ай.
Кемімен дер кей пенде бір малданса,
Жан жуытпас жаман ат бір жалданса.
Ғазиз ердің қадамы ұзамайды,
Бақыт шіркін жігітке сырт айналса.
160
161
ӨЛЕҢДЕР
218. ЕСКІ ӘН
(2нұсқа)
Әй!
Келеді қонақ таңдап боз үйлерге,
Келеді ханнан қағаз бек билерге.
Етегі шапанымның-ай, шалғайданып,
Түспедім сенің үшін не күйлерге.
Базарға пұл жібердім асыл тасты,
Қайғылы көкірегім, көзім жасты.
Түскенде сен есіме, жан-ау ерке,
Күйігің, дертің қатты басылмас-ты.
219. ЕСКІ ӘН
(3нұсқа)
Пендеге, тәңір сүйсе, дәулет берер-ай,
Дұшпаның қызмет қылып, соңына ерер-ай.
Басыңа бақыт, дәулет қонған күні-ай,
Дос болып, кеткен дұшпан соңыңа ерер-ай.
Шын досың көзге емес, сырттан мақтар,
Досыңның сыртын қойып, ішін ақтар.
Сыртыңнан әр ісіңе қамқор болған,
Күндерде қиын-қыстау сенімді ақтар.
Жібекті бос өрсең де, бөз болмайды,
Алтынды боясаң да жез болмайды.
Мысалы әр нәрсенің, міне, осындай,
Өжетті кемітсең де ез болмайды.
11-0256
162
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
220. ЕСКІ ӘН
(4нұсқа)
Астымда атым мінген Бозойнақ-ты,
Ахау!
Жиылып бүгін түнде қыз ойнапты.
Ішінде ойнағанның өзім жоқпын,
Ахау!
Орнынан тауып алдым жез оймақты.
Ей!
Жез
оймақты.
Базардан бір ат алдым елу беске,
Жем бердім семірсін деп ерте-кеш те.
Бір күні ел аралап келе жатсам,
Екі қыз ән салады «Қозыкөшке»,
Ей!
«Қозыкөшке».
221. ЕЩАН
Баласы мен Қосақтың Ещан-Қойман,
Туады егіз қозы қоңыр қойдан-ай,
егіз қозы қоңыр қойдан.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Кеңес те қабырғаңа өзің ойлан-ай,
қабырғаңа өзің ойлан.
Қарағым, айналайын, еркем деймін,
Бастаған қой баласы серкем деймін.
Уағыда бел байлаған өзің бұздың,
Сөзіңе сенің айтқан мен не дейін.
162
163
ӨЛЕҢДЕР
222. ЖАЙДАРМАН
Ауылымның қонғаны қызыл шілік-ай,
Біреуінен біреуі өзге шілік-ай.
Қайырмасы:
Жайдарман қара-ай көз,
Жақсы-ай, құрбым, майда-ай сөз.
223. ЖАЙДАРМАН
Көрінсеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.
Қайырмасы:
Жайдарман, қара көз,
Жақсы, құрбым, майдай сөз.
Аңсап, шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп.
Қайырмасы:
Жайдарман, қара көз,
Жақсы, құрбым, майдай сөз.
Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.
Қайырмасы:
Жайдарман, қара көз,
Жақсы, құрбым, майдай сөз.
Күндіз-түні аулыңнан шықпас едім,
Мен қорқамын дұшпанның табасынан.
164
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Жайдарман, қара көз,
Жақсы, құрбым, майдай сөз.
224. ЖАЙҚАЛДЫ ГҮЛ
ЖАПЫРАҒЫ
Жайқалды гүл жапырағы
Жаздың жылы кешінде.
Терең ойлы Мариямның
Сүйген жары есінде.
Сағат жеті болғанда,
Жұмыскер қайтты қалаға.
Мариям улап қалыпты деп,
Әкелді ауруханаға.
225. ЖАЙЛАУ
Бір кезде жігіт болдық бұлғақтаған,
Ат мініп, үкі тағып ырғақтаған.
Жылқының суға айдаған тозаңындай,
Ол дәуір табылмай тұр біздің шақтан.
Қайырмасы:
Ахау, хиләлу, хиләлу,
. . . . . . . .. . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .
Немене көрген қызық көрмегендей,
Аспанда жауар бұлт өрлегендей.
164
165
ӨЛЕҢДЕР
226. ЖАЙМА ҚОҢЫР
Ертістің ар жағы—ар қанаты,
Әншінің домбырасы—қолғанаты.
Жағалап Қара Ертісті Естай ақын,
Деп салған-ау, «Жайқоңыр» деп әннің аты.
Әуелі бұл шіркінді бастау қиын,
Екінші көптің сөзін тастау қиын.
Төрт сөзің түгелімен келмеген соң,
Барқырап көп алдында қақсау қиын.
Бұл әнді айту керек жайлап қана,
Өзінің нақысымен сайрап қана.
Дариядай шалқып жатқан болмаса да,
Бұлақтай көзі шыққан қайнап қана.
227. ЖАЙ ТОЛҚЫН
Анадайдан көрінген ой екен ғой,
Ой астында жайылған қой екен ғой.
Қызды ауылдың маңында күнде қызық,
Жүрген жері қыздардың той екен ғой.
Ақ түлкінің ажарың ажарыңдай,
Сала көрме жаманға назарыңды.
Қыз кеткен соң аулыңнан қызық кетер,
Жәрмеңкенің тарқаған базарындай.
228. ЖАЛАКЕШ
Өзі жалғыз жақсының ақылы егіз,
Болған күнде дос екеу, ой, дұшпан сегіз-ай.
166
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қатар құрбым осындай кез келгенде,
Босқа қарап сөйлемей тұрған неміз-ай.
Жиырмада жасым бар, жылым тауық,
Өмір өтіп барады аттай шауып.
Тіршіліктің барында шалқақтайын,
Өлген күні қаларсың жерді тауып-ай.
229. ЖАЛҒАН
(1нұсқа)
О, жаным, дүние өтеді, дүние өтеді,
Қолынан оймақсыздың ине өтеді.
Күл де ойна тіршілікте деп айтамын,
Түбіне сұм жалғанның кім жетеді,
кім
жетеді-ай.
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
Дүние жеткізбейді қуғанменен,
Ат көркем көрінеді тұрманменен.
Ақ көйлек секілді емес ақ ниетің,
Тазармас, бір кірлесе, жуғанменен.
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
Өлеңді мен айтамын екіленіп,
Иіскер қой қозысын мекіреніп.
Сыйласып қызықты өмір өткізейік,
Дүниеге жүрген кім бар екі келіп.
166
167
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Ей! Ау!
Жалған, кім жетеді-ай.
230. ЖАЛҒАН
(2нұсқа)
Ей, қалқа, дуанамын бір сені ойлап,
Жалғанда қызығыңа бар ма тоймақ-ау.
Ой, жалған, дүние-ай.
Десем де ойламаймын ойлатарсың,
Ұқсаған ләззат балға аузың оймақ-ау.
Ой, жалған, дүние-ай.
Ей, қалқа сендей болсын жанға серік,
Ішің дос, сыртың суық, дәтің берік.
Ақ иық көктен төніп түйіліп жүр,
Түсірмей не себептен жүрсің көріп.
231. ЖАЛҒАН
(3нұсқа)
Қарағым, айналайын, айнадағы,
Жақындық екеумізге пайда-дағы.
Тәуекел бір кездерде кездесерміз,
Жүре бер уағыдаңды байла-дағы.
Қайырмасы:
Ал, пай-пай, агәгу жалған.
Ә-ги-ги, Әләлім агигая.
168
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қарағым, айналайын, қалдым кейін,
Сағынып жолың күтіп көпке дейін.
Келер деп қуанышпен демеу қылам,
Бір сенің тілегіңде зар еңіреймін.
Қайырмасы:
Ал, пай-пай, агәгу жалған.
Ә-ги-ги, Әләлім агигая.
232. ЖАЛТЫР ҚҰЛА
Үйірі жалтыр құла көк аланың,
Жігітке жоқ пайдасы көп жаланың.
Теріс арқау жиырманың толқынында,
Бір жауы өсек-аяң бозбаланың.
Мақпалдың қызыл күрең түгіндейсің,
Қырмызы алтын зердің жібіндейсің.
Ішімде қатқан мұзым жібімейді,
Сыртымнан айтып сөзді күлімдейсің.
233. ЖАМАЛ
Ортасында дарияның борық тұрған,
Екі бала борықты сорып тұрған.
Сен іздесең теңіңді мен сұраған,
Айналайын жанымнан жолықтырған.
Қайырмасы:
Ойпырмай, Жамал-ай,
Жазбас па екен саған-ай.
168
169
ӨЛЕҢДЕР
Мына белес, қай белес құла белес,
Құба жонға бітеді қуғыл мәмбес.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Сәлемет-сау жүр ме екен уәделес.
Қайырмасы:
Ал, пай-пай, агәгу жалған.
Ә-ги-ги, Әләлім агигая.
234. ЖАМАЛ-АЙ
(1нұсқа)
Астымда мінген атым-ау,
мінген атым-ай, ала құнан,
Жамал-ай,
Тимеді асыл достым-ау,
асыл достым, маған панаң,
Жамал-ай.
Шортаңдай шабақ қуған-ау,
шабақ қуған-ай, шолп еткізіп,
Жамал-ай,
Сүйер ме еді айналайын-ау,
айналайын, тамағыңнан,
Жамал-ай.
Жүгірген қойдан қойға сары серке,
Қайтейін қылығыңды, сұлу ерке.
Кеш болса серуенге шығасың сен,
Қызғыштың айдарындай біткен жеке.
170
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
235. ЖАМАЛ-АЙ
(2нұсқа)
Ақылың бар бала едің аңлағанға,
Жүре жауап бересің арнағанда,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Ортасында Еділдің сен бір терек,
Бұтағыңнан бір ұстап қармағанға,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Есті тыңдар, жақсы айтсам, қабыл алып,
Ақ жүзіңді көрмесем, сағыналық,
Жамал-ай.
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Қызғалдақтай жастықта сыйласалық,
Өкінерміз бір күн бәрі қалып,
Жамал-ай.
170
171
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Уа, шіркін, жан Жамал-ай,
Жан Жамалдың амалы-ай!
Өтеді қайран, заман-ай,
А-хай, ә-гә-гәй!
Достарыңызбен бөлісу: |