И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

158. БҮЛКІЛДЕК 

Жасымнан жүріп өстім талай жерге

Жамиғат, құлағыңды сал біздей серіге. 

Таңдайға түрлі өнер біткеннен соң,

Белшемнен батып жүрмін дария көлге. 

Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер, 

Шын жүйрік өрге шапса, өршеленер. 

Құрбылар тіршілікте күл де ойна, 

Шамшырақ мың күн емес, бір күн сөнер. 

159. БІР АҒАШТА ҚОС ЖИДЕ

Базардан алып келген күміс қасық-ау!

Сындырдым балалықпен сабын басып. 

Көп айдың көрмегелі жүзі болды-ау! 

Ән салшы бір азырақ мауқым басып. 

Қайырмасы: 

Бір ағашта қос жиде,

Мен тимейін, сен тиме. 

Оймақ ауыз, күлім көз, 

Басқа жанды сен сүйме. 

Әй! Күлім көз, 

Басқа жанды сен сүйме. 


126

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



160. БІР БАЛА

Талдан таяқ жас бала таянбайды, 

Бала бүркіт түлкіден аянбайды. 

Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала!

Білім—түлкі болғанда, бүркіт—бала, 

Талап етпеу жас шақта жарамайды. 

Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала! 

Қайырмасы: 

Қос етек, бұраң бел,  

Қуалай соғар қоңыр жел. 

Үлкен құрал білімге талап еткен, 

Талап етсе, мақсатқа адам жеткен. 

Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала! 

Еңбек етіп жастықта білім тапсаң, 

Бақ орнайды басыңа нардай шөккен. 

Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала! 

Қайырмасы: 

Қос етек, бұраң бел,  

Қуалай соғар қоңыр жел. 

161. БІР БИДАЙ

Көңілім сүйген таңдаулы бір бидайым, 

Шырқап әнге салайын келсе ыңғайым-ай. 

Қайырмасы:

Бір бидай, ұнай ма-ай, 

Әнім-ай, жаным-ай! 


126

127


ӨЛЕҢДЕР

Тудың бөлек анаңнан сонша жақсы, 

Ойпан жерге сен біткен жаңа қайың. 

Қайырмасы:

Бір бидай, ұнай ма-ай, 

Әнім-ай, жаным-ай! 

Мен өлеңге салғанда тыңдарлықтай, 

Ықыласпен бір бидай, бар ма жайың? 

Қайырмасы:

Бір бидай, ұнай ма-ай, 

Әнім-ай, жаным-ай! 

Көңіл қойып тыңдасаң өлеңімді, 

Түрлендіріп ағызам әннің майын. 

Қайырмасы:

Бір бидай, ұнай ма-ай, 

Әнім-ай, жаным-ай! 

162. БІР БИДАЙ—АРПА

Ұшады аққу көлден майпаңдаған,

Қалқаға бір сөзім бар айта алмаған. 

Су құйып сырлы аяққа тұндырғандай, 

Көзіңнен, айналайын, жаутаңдаған. 

Қайырмасы: 

Бір бидай—арпа,

Өзің біл, қалқа. 

Ұшады көкала үйрек көлге қарсы, 

Ұясы жануардың желге қарсы. 


128

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Кеткенде ауылың шалғай, тату қалқам, 

Төгілер орамалға көздің жасы. 



Қайырмасы:

Бір бидай—әнім,

Жоқ сенсіз сәнім.

163. БІРЛӘН

Қарағым, айналайын, көз көргенім, 

Дәм айдап өзіңменен кез келгенім. 

 Ахау, 


 

Бірлән, Бірлән,

 

Әнім түрлен. 



Сөзің бал, тісің меруерт, беу, қарағым, 

Есімде, мен сендік деп, сөз бергенің. 

 Ахау, 

 

Бірлән, Бірлән, 



 

Әнім түрлен. 

Көрінер жорға сұлу жарағанда, 

Желбірер жібек шашың тарағанда. 

Таңданып жығылуға таянамын. 

Мойныңды бұра тастап қарағанда. 



164. ГАУҺАР ТАС

(1­нұсқа)

Қарағым, қаракөзім, қайтейін мен,

Дертіме бір күн дауа боларсың сен.

Зейнетің күләндәнің раушанындай,

Бихабар қалдым, сәулем,қасіретіңнен.


128

129


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Беу-беу, Гауһар тас,

Хұсни-құрдас, раушан.

Жүзіңді көргенде, сәулем,

Сабырым қалмас.

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай аспандағы жалғыз туған.

Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

Жібекпен қызыл кәріш белін буған.

165. ГАУҺАР ТАС 

(2­нұсқа)

Қарағым, қарай көзім, қайтейін мен, 

Дертіме бір күн дауа боларсың сен. 

Зіннатың ғұләнданның раушанындай, 

Бихабар қалдым, сәулем, қасіретіңнен. 

Қайырмасы: 

Беу-беу, гауһар тас, 

Құсни құрдас, раушан 

Жүзіңді көргенде

Сәулем-ай, сабырым қалмас. 

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Шылдырап шашпауың мен алтын сырғаң. 

Жай басып әсемденіп шаттанасың, 

Керіліп жүйрік аттай мойнын бұрған. 

Қайырмасы: 

Беу-беу, гауһар тас, 

Құсни құрдас, раушан

Жүзіңді көргенде

Сәулем-ай, сабырым қалмас. 

9-0256


130

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



166. ГАУҺАР ТАС

(3­нұсқа)

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

Жылы су, қолда құман, қарда орамал,

Жібекпен қызыл кәріс белін буған.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Гауһар тас,

Раушан жүзіңді көргенде.

Сәулем-ау, ау-ай,

Сабырым қалмас, ау.

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,

Сылдырлап шашбауың мен алтын сырғаң.

Жай жүріп шаттанасың әсерленіп,

Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Гауһар тас,

Раушан жүзіңді көргенде.

Сәулем-ау, ау-ай,

Сабырым қалмас, ау.

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай.

Анаңнан сені тапқан айналайын,

Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.

Қайырмасы: 

Беу, беу, Гауһар тас,

Раушан жүзіңді көргенде.

Сәулем-ау, ау-ай,

Сабырым қалмас, ау.


130

131


ӨЛЕҢДЕР

167. ГӘККУ

(1­нұсқа)

Шүрегей, көлден ұшқан, сіз бір аққу,

Қалқаға арнап жаздым осы хатты.

Сырнай мен домбыраның арасында,

Балқыған қорғасындай, қайран, Гәкку.

Таранған айдын көлде сіз қоңыр қаз,

Қалқаға көңілім сүйген айтамын наз.

Гәккуді қоңыр қаздай қаңқылдатып,

Өзімдей үйреніп ап, бір сал маңғаз. 

168. ГӘККУ

(2­нұсқа)

Таранған дария ішінде сіз бар аққу,

Мұндай сөз естіп пе едің бек ләзәтлу.

Сырнай мен домбыраның арасында,

Толқыған қорғасындай, қайран, Гәк-ку.

Қыздан да қылықтымын жүрген елге,

Құлақ сал сөз сөйлеген біздей ерге.

Ақ тамақ, шұбар бауыр қоңыр қаздай,

Сала алмас Гәккуіме ешбір пенде. 

169. ГИГӘГӘ-ГИГӘК

Жұртбайдың қызы едім мәпелеген,

Ажал тағдыр қоймайды төпелеген. 

Бес жасымда құдайым көзімді алып,

Сол себепті-ау, атандым жетелеген-ай, 

 

Сол себептен атандым жетелеген. 



132

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Гөй-гә-ги-гөк-ка, ги-гә-гә-ги- гәк-ка,

Гә-ги-гәй-ги-гөк-ка, гә-ги-гәй. 

Ги-гә-гә-ги-гөк-ка, ги-гә-гә-ги-гөк, гә-ги-гөй. 

Қу домбыра қолыма алып жүрмін, 

Бір мінезбен халқыма жағып жүрмін. 

Мені көр де, әйелдер, ғибрат ал, 

Жын соққандай мен өзім не ғып жүрмін. 

 

Жын соққандай не ғып жүрмін.



170. ГЕК-КОЙ

Жақсылық-ау, табылмайтын бір ғанимәт, 

Сай тұрған-ау уақытында сыр мен сымбат. 

Ғажайып-ау жүрген жерің сайран қылған, 

Жігіт сол-ау райхан гүл көңілге шат. 

Қайырмасы: 

Гек-кой, ге-ге-ге-ге, гек-кой

Ге-ге-ге-гей. 

Домбыра екі-ау шекті алдым қолға,

Қайтпаған-ау бетім менің жүрген жолда. 

Кетелік-ау жас уақытта күліп-ойнап,

Кәрілік-ау кез боламыз жайған торға. 

Қайырмасы: 

Гек-кой, ге-ге-ге-ге, гек-кой

Ге-ге-ге-гей. 


132

133


ӨЛЕҢДЕР

171. ГЕККУГАЙ

Күн ашық, жым-жырт дала, әуе тынық,

Жымиып күн қарап тұр көктен күліп.

Сүзілген сұр пердедей бұлдыр сағым,

Біресе толқынданад, бірде тынып.

Қайырмасы: 

Бір ағашта бүлдірген,

Қыз бен жігіт бір жүрген.

Оймақ ауыз, күлім көз,

Ішімді оттай күйдірген.

Бау ағаш мынау қалың сыңсып біткен,

Қойнында әнші құстар күй гулеткен.

Аңқыған исі әдемі түрлі гүлдер,

Иіліп қарсы алдыңа тәжім еткен. 

172. ГҮЛ-ГҮЛ ЖАЙНАП, 

КҮЛСЕҢ ОЙНАП 

Қалам алып хат жаздым сізге таман,

Бір хат жібер кешікпей, сірә, маған-ай.

Қайырмасы:

Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай.

Жігіттерде жігіт бар

Базар тонның бауындай.

Гүл-гүл жайнап,

Күлсең ойнап,

Қыз, бозбала шағыңдай.



134

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалам алып хат жаздым, меһірбаным,

Сенсіз жерде болмайды менің сәнім-ай.



Қайырмасы:

Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай.

Жігіттерде жігіт бар

Базар тонның бауындай.

Гүл-гүл жайнап,

Күлсең ойнап,

Қыз, бозбала шағыңдай.

Отыз тісің аузыңда-ай меруерттей,

Бес жасымнан мен болдым ғашық дертті-ай.

Ғашық болып бес жастан жаңа жеттім,

Дәуітұлы бұрынғы Жүсіпбектей.



Қайырмасы:

Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай.

Жігіттерде жігіт бар

Базар тонның бауындай.

Гүл-гүл жайнап,

Күлсең ойнап,

Қыз, бозбала шағыңдай.

Зылиха мен бұрында Жүсіп өткен,

Ғашық отына олар да түсіп өткен-ай.



Қайырмасы:

Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай.

Жігіттерде жігіт бар

Базар тонның бауындай.

Гүл-гүл жайнап,



134

135


ӨЛЕҢДЕР

Күлсең ойнап,

Қыз, бозбала шағыңдай.

«Сабыр түбі сары алтын» деген сөзі бар,

Мақсатына олар да жетіп өткен-ай.

Қайырмасы:

Қыздарда да қыздар бар,

Жарылмаған қауындай.

Жігіттерде жігіт бар

Базар тонның бауындай.

Гүл-гүл жайнап,

Күлсең ойнап,

Қыз, бозбала шағыңдай.



173. ГҮЛДЕР-АЙ

Шыға келдім Тайсойған қуысынан-ай, 

Бәрекелді, жақсы аға туысыңнан-ай, гүлдер-ай. 

Салдыраған дүние сары алтыннан-ай, 

Қалар түсіп бір күні уысыңнан-ай, гүлдер-ай. 

Қайырмасы: 

Гүлдер-ай, 

Гүлбағышаштан-ай, 

Бұлбұл құстан-ай. 

Өнері жоқ, не пайда

Шіркін, жастан, гүлдер-ай. 

Мен жасымнан Тайсойған өскен жерім, 

Кіндігімді кір жуып кескен жерім. 

Ретінде-ау құрбылық айттым талай, 

Біле тұрып ішіңіз ескермедің. 



136

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Гүлдер-ай, 

Гүлбағышаштан-ай, 

Бұлбұл құстан-ай. 

Өнері жоқ, не пайда, 

Шіркін, жастан, гүлдер-ай. 



174. ГҮЛДАР-АЙ

(1­нұсқа)

Гүлдараймен қыз белін қынайтұғын,

Малға кетіп қыз сорлы жылайтұғын,

    Гүлдарай!

Аузы қисық болса да малым бар деп,

Бай баласы аруды сұрайтұғын,

    Гүлдарай!

Мен де бірі жылаған көп әйелдің,

Қашан ғана өзгерер ғұрпы елдің,

    Гүлдарай!

Жатқа малша сатылып кетіп барам,

Тек бұйырсын топырағы туған жердің,

    Гүлдарай! 

175. ГҮЛДАР-АЙ

(2­нұсқа)

Гүлдар-ай гүл бағы шашқан, бұлбұл құстан,

Не пайда өнері-ай жоқ, шіркін, жастан. 

Арқада екі торы ат сор жалаған, гүлдар-ай,

Біреуі кекіл қағып жорғалаған, гүлдар-ай. 


136

137


ӨЛЕҢДЕР

Есіме сен түскенде, Гүлдар-ай жан, 

Қойныма көзім жасы сорғалаған, гүлдар-ай. 

Аха-ха ей, гүл бағы шашқан, бұлбұл құстан,

Не пайда өнері-ай жоқ, шіркін, жастан, 

     гүлдар-ай. 



176. ГҮЛЖАНСАРЫ

Қарсы алдымда Гүлжансары-ау,

Гүлжандай бола бермейді-ай-ай қыздың бәрі. 

Жігіттің еш арманы болмас еді-ай, 

Гүлжандай болса, шіркін-ау-ау, алған жары. 

Қайырмасы: 

Дәләй, дәләй, дәләй,

Дәләй, дәләй, да-ай.

Отырған қарсы алдымда Гүлжансары, 

Жарасқан тал бойына құрған сәні. 

Алыстан ат өксітіп келгенімде,

Бал татыр таңдайыма құйған шәйы.

177. ҒАЗИЗА

Алманың қол сермедім ағашына,

Көз жетіп, алтын, гауһар, Ғазиза-ау, қалқа-ай,

     бағасына-ай!

Асыл деп арғымаққа қол артып ем,

Қалдырма дұшпандардың, Ғазиза-ау, қалқа-ай,

     табасына-ай!

Алқызыл әсем тоты ұшар сайдан

Ақ тұйғын қуып жетер, Ғазиза-ау, қалқа-ай, 

 

 



 

 

          әлдеқайдан-ай! 



138

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қосылып екі ғашық біз кетейік,

Тәуекел істің арты, Ғазиза-ау, қалқа-ай, 

 

 

 



 

         бір құдайдан-ай! 



178. ҒАЙНИ

Есімнен еш кетпейді Ғайни атың,

Өртеген жүрегімді перизатың. 

Бұлақтай көгал қуған таудан құлап, 

Бересің кімге арнап бал ләззатың. 

Қайырмасы: 

Ғайни-ай, сәулем, 

Жүргенім менің бүйтіп

Сенің әурең. 

Қарағым, өзіңнен де сөзің тәтті,

Сөзіңнен өзің артық инабатты. 

Қоянның қолға түскен баласындай, 

Жаутаң көз сені қандай адам тапты. 



Қайырмасы: 

Ғайни-ай, сәулем, 

Жүргенім менің бүйтіп

Сенің әурең. 

Ғайни қыз, дидарыңа болдым ғашық,

Ойнақтап жүрегімді толқын басып.

Сағынып барғанымда тіл қатпадың,

Күйігі құмарымның кетті асып.



Қайырмасы: 

Ғайни-ай, сәулем, 

Жүргенім менің бүйтіп

Сенің әурең. 



138

139


ӨЛЕҢДЕР

Ғайни қыз, еркелеумен өттің алдай,

Ат мініп ауылыңнан бардым шалғай.

Ер жігіт екі айналмас опасызға,

Мен кеттім өкінішім естен қалмай.

Қайырмасы: 

Ғайни-ай, сәулем, 

Жүргенім менің бүйтіп

Сенің әурең. 



179. ҒАШЫҚ ЖАР 

Жалғанда қиын екен екі ғашық, 

Екеуі сөйлеспесе мауқын басып, ай. 

Ағаштай жапырақ жайған, сүйген сәулем, 

Тұрса екен топ ішінде бетін басып, ай. 

Қайырмасы: 

Ғашық, жар, енді аман бол, 

 

 

енді аман бол, ай. 



Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай, 

Сәулем, ғашық жар, сүйгенім. 

Екеуі сөйлеспесе мауқын басып, 

 

 



басып-ай, ғашық жар. 

Жан сәулем, айға бітсе, сендей көрік

Дария тасып, тау балқыр тастар еріп. 

Тамақтан үлбіреген бір иіскетсең, 

Кетпей ме бойдан қуат, ойдан ерік. 

Қайырмасы: 

Ғашық, жар, енді аман бол, 

 

 

енді аман бол, ай. 



Ахау, сәлем-ай, ғашық жар-ай, 

140

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сәулем, ғашық жар, сүйгенім. 

Екеуі сөйлеспесе мауқын басып, 

 

 

басып-ай, ғашық жар. 



180. ҒАШЫҚ ЖАР-АЙ

Ей, жайлауы-ай, еліміздің теңіз-көлді-ай,

Желқомыз теңіз жайлап семіз келді-ай.

Тарта бер түйең басын, Жияншашеке,

Құрытқан ынтық зарым сегіз келді-ай-ай.

Қайырмасы:

Уай, ғашық жарым,

Уай, ынтық зарым,

Ой, әлә-лем ли-ли-лә-ей!



181. ҒАШЫҚ ЖАР, СӘУЛЕМ, 

АМАН БОЛ

(Аттари)

Бауырынан Ерейменнің егін ектім,

Бір шелек ақ бидайды жерге септім.

 

Аттари, угай



 

Ғашық жар, сәулем, аман бол.

Түскенде сен есіме, беу, қарағым,

Көл қылып көзім жасын жерге төктім.

 

Аттари, угай



 

Ғашық жар, сәулем, аман бол.



140

141


ӨЛЕҢДЕР

182. ҒАШЫҚ ЖАРҒА

Уа, шіркін, ғашықтықпен көңілде арман,

Жетем деп мақсатыма көңілге алған.

Жас жүрек көтеріліп қылмас тұрақ,

Келер деп қашан хабар ғашық жардан.

Жан сәулем, бақшадағы сен қызыл гүл,

Сайраған бір сен үшін мен бір бұлбұл.

Жасымнан бірге өскен сұңқар едік,

Сөзің бал болар ма екен сайрашы тіл. 

183. ҒАШЫҚ СӘУЛЕМ 

Көшкенде жылқы айдаймын-ай, сарыменен, 

Қорғасын мылтық аттым, о, шіркін, дәріменен. 

Бетіңнің алақандай-ай, қызыл үшін, 

Аулыңның араз болдым, о, шіркін, бәріменен. 

Қайырмасы:

Ахахау! 


Ғашық сәулем-ай! 

Аулыңның араз болдым,

О, шіркін, бәріменен. 

Көшеді біздің ауыл-ай, белеңменен,

Қаракөк өзі сұлу, о, шіркін, дөненменен. 

Болғанда тау салқыны-ай, тәтті ұйқы, 

Оятам мен қалқаны, о, шіркін, өлеңменен.

Қайырмасы:

Ахахау! 


Ғашық сәулем-ай! 

Аулыңның араз болдым,

О, шіркін, бәріменен. 


142

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



184. ҒАШЫҚТЫҚ

Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңлі сынық.

Айтқан жар бір сағымның мысалындай,

Қара су—қайғы, қасірет жатқан тынып.

Сағынсам хат жазамын қалам алып,

Раушан ақ жүзіңді хатқа салып.

Қалқатай, сені ойламай тұра алмаймын,

Көргенше дидарыңды өзім барып

185. ДАЙДАЙ-АУ

Қатқылға жол салады шұбырған мал, 

Құйрығы кер тор аттың он екі тал.

Ауылына жан досымның, әй, барамын деп, 

Қалмады кер тор атта өкпедей жал. 

    Дайдай-ау. 

Жайнаған қару болат тастан шығар,

Жұлқынған ерен жүйрік жастан шығар, 

Аңдай бас аяғыңды, құрбыларым, 

Дұшпаның алыста емес достан шығар. 

    Дайдай-ау. 

186. ДАРАЙЛЫМ ӘНІ 

Екеу-екеу қосылып ән салалық,

Жегіп шана тай көкке қолға алалық.

Қайырмасы: 

Айлым бекем

Дарайлым. 


142

143


ӨЛЕҢДЕР

Жегіп шана тай көкке алған соң, 

Біз сұлуға елдегі көз салалық. 

Қайырмасы: 

Айлым бекем

Дарайлым. 

Атым мінген астымда күрең десем, 

Еркем екен өзімнің біреу десем. 

Қайырмасы: 

Айлым бекем

Дарайлым. 

Біздің дауыс шыққанда танырмысың, 

Елек бойын жағалап жүрем десең. 

187. ДАРИҒА

(1­нұсқа)

Алдында есігімнің балғын көл-ді, ай,

Балығын балғын көлдің, алғым, келді, ау.

Бірге өскен кішкентайдан қыз Дариға-ау, ай,

Жеріңде аттандырған, қалғым келді, ау.

Қайырмасы: 

Ей! Ойпырмай!

Күйіп-жанып барамын,

Бағы бар маңдайында

Сені тапқан адамның.

Жарқылдап алтын-күміс тағынғаның,

Дариға, кәне, сенің сағынғаның.


144

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Төрт бөліп түн ұйқымды келгенімде,

Уәдеңе келмей қалып не қылғаның.



Қайырмасы: 

Ей! Ойпырмай!

Күйіп-жанып барамын,

Бағы бар маңдайында

Сені тапқан адамның.

188. ДАРИҒА

(2­нұсқа)

Барады аулым көшіп Балғын көлге,

Балығын балғын көлдің алғым келді.

Ойнаған бес-алты күн қалқатайым,

Жерінде аттандырған қалғым келді.

Қайырмасы: 

Жазарма-ай маған-тәңір-ай! 



189. ДАРИҒА-АЙ

Дариға, сылаң қағып бұраңдайсың, 

Дүние өтер десем-ау, тіл алмайсың-ай. 

Алтайы құмнан қашқан түлкідейін, 

Қалқатай, қолға түспей-ау, бұлаңдайсың-ай. 

Нұрысың сен дүниенің, алып тұрған, 

Күйігің сенің мені зарықтырған. 

Қалқам-ау, сезбедің ғой сенің үшін, 

Кеудемде жалын барын, жанып тұрған. 


144

145


ӨЛЕҢДЕР

190. ДАРИҚА

Қой айдадым Орынбор базарына,

Кім көнеді жаманның азабына,

   О, 


Дариқай.

Жер соқтырып жаманды кетер едім,

Қарап жүрмін жұртымның ажарына,

    О, 


Дариқай.

Қайырмасы:

Әлди, әлди, бөпем-ау,

Жылама, бөпем, сәулем-ай.

191. ДӘУЛЕТИЯР

Пұл жібердім, у-и-и, базардың ерігіне,

Барсаң, сәлем айта бар серігіме, айта бар серігіме.

Жатсам, тұрсам, құдай-ай, таң қаламын,

Айтқан сертке құрбының берігіне, ай-ау.

Қайырмасы: 

Кердерінің жігіті кер болады,

Балағына салғаны зер болады.

Айдап салар алдына бір тайы жоқ,

Іші толған көкірек шер болады.

Жасырынбас жамандық көмгенменен,

Жақсылық жоқ бағасын ел бермеген.

Жаман жақсы болмайды еш уақытта,

Жалған көңіл, бос мақтан бөлгенменен.

10-0256


146

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Кердерінің жігіті кер болады,

Балағына салғаны зер болады.

Айдап салар алдына бір тайы жоқ,

Іші толған көкірек шер болады.

192. ДИДАКУ ЖАН

Өкшесі етігімнің айнала жез, 

Айналайын көзіңнен дөңгелек көз. 

Екеуміз екі рудың баласы едік, 

Қаңбақтай жел аударған болыппыз кез.

Қайырмасы:

Дидаку жан-ай, 

Дидаку жан-ай, 

Дидаку жан-ай. 

Дауысың қоңыр қаздың дауысындай, 

Нәзіктігі беліңнің қауырсындай. 

Қиядан түлеп ұшқан қыран едім, 

Қонақ қыл мекеніңе ауырсынбай. 

Шақырдың «келсең кел» деп, ауылыңа, 

Жіберейін бір сипат сауырыңа. 

Мойныңа ақ білекті арта салсам, 

Тигендей болып жүрме жауырыңа. 



193. ДОСТЫМ ЖАН 

Есігімнің алдында балғын көлді-ай, 

    балғын 

көлді-ай,

Балғын көлдің балғынын алғым келді-ай. 


146

147


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Ойпырым-ай, ой-ой достым жан, 

Күн болар ма қосылған? 

Биттейіңнен бірге өскен, беу қарағым, 

Аттандырған жеріңде қалғым келді. 

Қайырмасы: 

Ойпырым-ай, ой-ой достым жан, 

Күн болар ма қосылған? 

Шынаяғың шын күміс, тәрелке алтын, 

    тәрелке 

алтын, 


Ойнап жүрген құрбымен болма салқын. 

Қайырмасы: 

Ойпырым-ай, ой-ой достым жан, 

Күн болар ма қосылған? 

Ойнап жүрген құрбымен болсаң салқын, 

    болсаң 

салқын, 


Бұрынғыдай болмайды көңіл жарқын. 

Қайырмасы: 

Ойпырым-ай, ой-ой достым жан, 

Күн болар ма қосылған? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет