И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1. АБАЙКӨК

(1­нұсқа)

Абайкөкті жараттым әдейі арнап, Абайкөк.

Көңлім менің қалқатайым түнде бармақ, ояу деп.

Тәуекелге белімді бекем байлап, Абайкөк,

Суда жүрген ақ қайраңға салдым қармақ, 

 

 



 

 

 



     ай-ау, деп.

Қайырмасы:

Ай-ай сәулем, қыз-ай деп.

Мен тілеймін Алладан-ау,

Бір сүйгенім сіз-ай деп.

Болса болар, болмаса қояр,

Көңілім алаң сіз-ай деп.



2. АБАЙКӨК

(2­нұсқа)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк, 

Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп. 

Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк, 

Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп. 

3-0256


34

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Бар тілеуім көңілімдегі 

Жалғыз ғана сіз-ай деп. 

Ойдан өмір кетпейтұғын 

Сіздің ақша жүз-ай деп. 

Иығына жамылған жібек шоқа,

Жағасы мен етегі тіккен оқа. 

Көз тойғандай қараса келбетіңе, 

Ондайлы денесіне киім жұқа. 

Қайырмасы:

Бар тілеуім көңілімдегі 

Жалғыз ғана сіз-ай деп. 

Ойдан өмір кетпейтұғын 

Сіздің ақша жүз-ай деп.

3. АБАЙКӨК

(3­нұсқа)

Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!

Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,

Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!

Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк. 

Садақа соның бәрі бір өзіңнен, 

Әй, бір көрсем сені, арман жоқ! 

Жапалақ жалбаң-қалбаң ұшар сайдан, Абайкөк.

Лашын құс қуып жетер әлде қайдан, 

Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!

Шырқаған еркін даусың жүрегімде, Абайкөк,

Ауылың алыс кеткенде-ай, қарағым. 



34

35

ӨЛЕҢДЕР



Аршын төс, алма мойын келдің қайдан? 

Әй, бір көрсем сені, арман жоқ! 



4. АГАГИ, ҚАЛҚАШ

Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты, 

Көргенде туған асыл қарындасты, 

Ойымда тоқсан түрлі толқын туып, 

Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты. 

 

 



Агаги, қалқаш, ага ги-гай! 

Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ, 

Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ. 

Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл, 

Агаги отты көзін тұрса қадап. 

 

 



Агаги, қалқаш, ага ги-гай! 

Қалайша сонда ойда тумас жалын, 

Сөндірер сол жалынды бар ма амалым. 

Жасырар бар ма менің әл-қуатым, 

Махаббат деген тәтті арман барын. 

 

 



Агаги, қалқаш, ага ги-гай! 

5. АГИ, ҚАЛҚАШ, ҚАЗИЗА-АЙ

Дайым менің мінгенім мұз көк ала-ай,

Сала алмас осы әнге өзге бала, аги-гай.

Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,

Арадағы айрылдық сөзге бола, аги-гай.

Қайырмасы: 

Аги-аги-аги-гай,

Аги, қалқаш, Қазиза-ай.


36

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бір қамшым бар қолымда бұйра сапты-ай,

Сол қамшым бұйра сапты жұртта қапты, аги-гай.

Қыл өтпес арамыздан тату едік,

Қызыл тіл арадағы бұра сапты, аги-гай.



Қайырмасы: 

Аги-аги-аги-гай,

Аги, қалқаш, Қазиза-ай.

6. АГӨЙ, ҚАЛҚАШ

Жырғылтайдай жер қайда қаралмаған-ей,

Жібек шашың желкілдеп таралмаған-ей.

Қайырмасы: 

Ей, Агөй, қалқаш,

Ой, Агөй-гай.

Бағаласам, бағаңа жан жетпейді,

Бұл өлкеде сіздей жан жаралмаған.

Қайырмасы: 

Ей, Агөй, қалқаш,

Ой, Агөй-гай.

7. АГУГАЙ, ЖАМАЛ-АЙ

Дауысың бұлбұл болғанда өзің бір гүл,

     ахахау,

Он бестегі толған ай кезің бір бұл айдай, 

    агугай, 

Жамал-ай.



36

37

ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Жаным, саған не амал-ай,

Бірге жүрер заман-ай!

Тал бойыңда тарыдай бір мін жоқ, ахахау,

Тас бұлақтай дауысың шыққан сыңғыр, айдай.

Қайырмасы:

Жаным, саған не амал-ай,

Бірге жүрер заман-ай!

Үйректің өрге жүзер қасқалдағы,

Көпірдің солқылдайды басқа жағы.

Қайырмасы:

Жаным, саған не амал-ай,

Бірге жүрер заман-ай!

Бағаңа, бағаласам, жан жетпейді,

Секілді шолпан жұлдыз аспандағы.

Қайырмасы:

Жаным, саған не амал-ай,

Бірге жүрер заман-ай!

8. АҒАЖАЙ 

Есігімнің алдында жусан ба екен,

Тал жібекпен белімді бусам ба екен. 

 

 



Ағажай, а-ей, асыл еркем-ай. 

Өтіп кеткен басымнан жиырма бесті,

Қос ат алып артынан қусам ба екен. 

 

 



Ағажай, а-ей, асыл еркем-ай!

38

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Исі жұпар болсын деп жақтым арша, 

Бөзі жұмсақ болсын деп кидім барша. 

Қартайған соң еске алып сан қиырды, 

От басында отырмын балаларша. 



9. АҒАЖАН 

Қара су есік алды жусан ба екен, 

    жусан 

ба 


екен, 

Белімді жусанменен бусам ба екен. 



Қайырмасы: 

Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым, 

Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем. 

Өтіп кеткен басымнан жиырма жасты-ай, 

    жиырма 

жасты-ай,

Қос ат алып артынан қусам ба екен. 

Қайырмасы: 

Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым, 

Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем. 

Дүние қызығың-ай тұрғаныңда, 

    тұрғаныңда, 

Жиылып тақта кеңес құрғаныңда. 



Қайырмасы: 

Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым, 

Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем. 


38

39

ӨЛЕҢДЕР



Хан демей, қара демей телміртесің,

    телміртесің,

Мойныңды бір теріске бұрғаныңда. 

Қайырмасы: 

Ағажан, құлынтайдай сегіз қырлым, 

Сен-сен асыл-ау жан-ай еркем. 

10. АҒАЖАН ЛӘТИПА

Жаңа салған көктемнің гүліндейсің,

Піскен алма жайсаңның бүріндейсің.

Күлше берген баладай алдай түсіп,

Бержағыңмен әшейін күлімдейсің.

Қайырмасы: 

Ағажан Ләтипа,

Гүлмайдан Ләтипа,

Бір қиял, бір зыян,

Беу-беу Ләтипа. 

11. АҒАШ ҮЙДЕ ТЕРЕЗЕ 

Жоғарыдан келемін заулай түсіп,

Орған бидай жатады баудай түсіп,

Сен есіме түскенде, қалқа бала, 

Жата алмаймын төсекте аунай түсіп, 

 

 



 

        аунай түсіп. 



Қайырмасы: 

Жата алмаймын ағаш үйде, 

Ағаш үйде терезе-ай. 


40

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалқатайым, қарағым, алтындайсың, 

Алтын сапты қылыштай жарқылдайсың. 

Інжу-маржан аузыңнан гүл төгіліп, 

Ешбір жаннан, сөйлесең, тартынбайсың. 



Қайырмасы: 

Жата алмаймын ағаш үйде, 

Ағаш үйде терезе-ай. 

12. АЙ-АУ, ҚОЙ-АУ

Келмейді алтын шашың тарақтауға-ай, ау, 

Көнбейді асау сұңқар, ау, балақтауға, қой-ау. 

Дарияның ортасында сіз бәйтерек-ай, ау, 

Мен келдім бұтағыңа, ау, қонақтауға қой-ау. 

Жайлайды Кеңбақты елім қалың жиде, 

Домбыра келмей отыр ыңқыл күйге. 

Қымызды үйде, қызды үйде бір жәрмеңке, 

Қыз кетсе, кім барады кепкен үйге. 

13. АЙ-ГОК

Мәскеуде бір қыз көрдік көзі күлген, 

Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген. 

Сол қыздың сұлулығы жаннан асқан,

Етегін дүрия көйлек шаймен бүрген. 

Қайырмасы: 

Ай-гок, тағат жоқ, ой! 

Көкем, еркем Ғайни,

Өтіп жалған кете ме-ай. 



40

41

ӨЛЕҢДЕР



Әрине, айтпас па едім өлең білсем, 

Шұлғытып қара арғымақ дөнен мінсем. 

Армансыз бұл дүниеден өтер едім, 

Сол қызбен қосылысып ойнап-күлсем. 



Қайырмасы: 

Ай-гок, тағат жоқ, ой! 

Көкем, еркем Ғайни,

Өтіп жалған кете ме-ай. 



14. АЙКЕН-АЙ

Сен де келдің өмірге, мен де келдім, 

Бірге жасап қызығын келер көргім, Айкен-ай.

 

 



Кел шырқалық, кел-кел-ай. 

Елестесе көлеңкең көз алдыма, 

Лүпіл қақпай жүрегім төзе алды ма? Айкен-ай!

 

 



Кел шырқалық, кел-кел-ай. 

Не қылайын басқаның Қыз Жібегін, 

Сүйген сұлу болған соң өз Жібегім, Айкен-ай.

 

 



Кел шырқалық, кел-кел-ай. 

Алтын дәурен—жастық шақ жайқап гүлдей,

Достық бізге нұр төксін өшпес күндей, 

     Айкен-ай!

 

 

Кел шырқалық, кел-кел-ай. 



15. АЙ-ХОЙ, ЕЛІМ-АЙ

Ауылым қос арықтың жағасында, 

Қолымның алтын жүзік саласында. 


42

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қайран елім қалады, қайран елім. 

Бірге өскен құлын-тайдай, құрбыларым, 

Туған жер, қайран елім, қаласың да. 

Қайырмасы: 

Қайран елім, қалады, қайран елім. 

Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,

Қайран елім, туған жер,

Қайран елім, қалады, ай-хой, елім. 

Ауылым көшіп, қонады терең сайға, ай, 

Мінезің шырын-шәрбет қызыл шайдай. 

Жібердім сағынғаннан бір хат жазып, 

Апырмай, жетер ме екен қалқатайға, ай! 

Қайырмасы: 

Қайран елім, қалады, қайран елім. 

Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,

Қайран елім, туған жер,

Қайран елім, қалады, ай-хой, елім. 

Қараймын қарайғанға қабан ба деп, 

Атымды қамшылаймын шабан ба деп. 

Сұраймын өткеннен де, кеткеннен де, 

Ауылым, туған жерім, аман ба деп.

Қайырмасы: 

Қайран елім, қалады, қайран елім. 

Туған жер, қайран елім, қаласың да-ай,

Қайран елім, туған жер,

Қайран елім, қалады, ай-хой, елім. 


42

43

ӨЛЕҢДЕР



16. АЙ, КӨКЕ

Сырымбет биік адыр қатар кезең,

Жарысып таудан құлай аққан өзен.

Ұқсаған биқасапқа көк шалғыны,

Көк орай қайың мен тал бәрі де әсем.

Қайырмасы: 

Ай-ай көке, үридай,

Қалқаш-ай, үридай, үридай.

Мөп-мөлдір сынап құсар бұлақ аққан,

Маңында үш түрлі көл шалқып жатқан.

Топырағы бейне мақпал егінге жай,

Шырайы әдемі жер күліп жатқан.

Қайырмасы: 

Ай-ай көке, үридай,

Қалқаш-ай, үридай, үридай.

17. АЙ, СӘУЛЕМ

Жоғарыдан келемін төмендетіп, 

Бозшұбардың құйрығын сүмендетіп. 

 

 



Мен қайтейін, еркем-ау. 

Сен есіме түскенде, сәулетайым, 

Атынды атап қоямын өлеңдетіп. 

 

 



Мен қайтейін, ай, сәулем. 

Сұлу қызға сұқтанбас жігіт болмас, 

Сандығында жомарттың кілт болмас. 


44

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жақсы қыздың жауабы айдан анық, 

Не дегенін жаманның біліп болмас. 

Қыз-қырқынсыз жігіттік өтпейді екен, 

Оған, сірә, еш қызық жетпейді екен. 

Қартайсаң да сол күнің сәулеленіп, 

Өл-өлгенше есіңнен кетпейді екен.



18. АЙБИ

Келмейді қара шашым қайыруға-ай,

Қас дұшпан не демейді айыруға-ай. 

   Угай-гай,

   Әгу-гай,

   Заман-ай. 

Жаманға шыныменен бір сөз айтсаң-ай,

Жетпейді айтқан сөздің пайымына-ай. 

   Угай-гай,

   Әгу-гай,

   Заман-ай. 

Бір жүйрік бір жүйріктен қалыспаған,

Жолдасым жолдасыңмен таныспаған. 

Сауабын екеуінің біз алайық, 

Жақсыдан жақсы болмас алыстаған. 

19. АЙДАЙ 

Айт дегенде өлеңді аңыраймын, ай-дай, 

Көлден ұшқан аққаудай мамырлаймын, ай-ай. 


44

45

ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

О, жалған өткенің бе, айдай-ай. 

Қолда барда алтынның қадірі жоқ,

Іздесе де жаманға табылмаймын. 



Қайырмасы: 

О, жалған өткенің бе, айдай-ай. 

Айт дегенде өлеңді аңғарар ма, 

Ақын жігіт тойда өлең жаңылар ма. 



Қайырмасы: 

О, жалған өткенің бе, айдай-ай. 

Келген жерден өлеңді қоя бермей, 

Мұндай қызық күнде той табылар ма. 



Қайырмасы: 

О, жалған өткенің бе, айдай-ай. 



20. АЙЖАН

Керуенді бастаған қызыл мая,

Таңға жақын туады, ах-оу-ай-а.

 

 



Өмір-зая, Айжан-ай.

Тіршілікте, жігіттер, ойна да күл,

Қартайғасын өмірің, ах-ау-ай,

 

 



Кетер зая-ай, Айжан-ай.

Қайырмасы: 

Қадырымды білмедің,

Ойнап, күліп жүрмедің.


46

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Сені ойлап, шөлдедім,

Айналайын, Айжан-ай.



21. АЙМАН-АЙ

Тойға мінген торының ұрыншағы-ай, 

Салбырайды қыздардың тұлымшағы-ай. 

Қайырмасы: 

Айман-ай, білемісің Жамал-ай. 

Қалжың сөзге шамданып алшаңдама, 

Мен де өзіңдей біреудің құлыншағы-ай. 



Қайырмасы: 

Айман-ай, білемісің Жамал-ай. 

Сөз айтамын құрметтеп енді саған, 

Сөз қадірін сезеді білген адам. 



Қайырмасы: 

Айман-ай, білемісің Жамал-ай. 

Таң алдында секілді шолпан жұлдыз, 

Көзің қандай жақсы еді жаутаңдаған. 



Қайырмасы: 

Айман-ай, білемісің Жамал-ай. 



22. АЙНА-АУ

Ахауға мен саламын он екі алуан,

Сөзінде бұрынғының-ау, болмас жалған-ай.


46

47

ӨЛЕҢДЕР



Жағалап өзен бойын келе жатсам,

Айнашқа-ай, салып келеді-ау, бір-екі-ай, адам-ай.

Өлеңім өзен-судың арнасындай,

Елімнің топқа салған жорғасындай.

Шын болса әлгі сөзің, құрбыласым,

Толықсып сары алтындай кел қасыма-ай.



23. АЙНАМКӨЗ

Салмасам Айнамкөзге ән болмайды,

Кимесең оқа бешпент сән болмайды.

Ойнасаң, өзің теңдес жаспен ойна,

О-дағы сүйген жардан кем болмайды.

Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,

Біреудің мен де өзіңдей боз тайлағы.

Есіме, беу, қарағым, сен түскенде,

Шымырлап қан қайнайды өнбойдағы.

24. АЙША

Айналайын, қарағым, асыл айым,

Мінезімді-ей несіне жасырайын, ақ Айша.

Расыңмен көңіліңді берсең маған.

Ей, бала қаздай жем беріп асыраймын-ай, 

     ақ 


Айша.

Қайырмасы:

Қыздар мінген сары ат-ай. 

Жылтырайды қояндай.

Татулықтың белгісі—

Қозы менен Баяндай.


48

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аяңда, сәулем, аяңда-ей,

Аяңдашы-ау, аянба-ай.



25. АЙЫМ-АЙ, КҮНІМ-АЙ 

Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,

Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.

Болғанда қырық күн шілде—саршатамыз,

Ыстық боп жердің түбі қайнап тұрған.

Қайырмасы

Әй, айым-ай, күнім-ай,

Айхай, жаздың күні майдай-ай.

Бөленген жердің жүзі жасыл жібек,

Күлімдеп күнге қарап қылған тілек.

Қалған жоқ елжіремей тастан басқа,

Жан сәулем, тас болды ма сіздің жүрек.

26. АҚ ЖЕЛЕҢ ӘН

Мен айтамын өлеңді дал-дал қылып,

Кең жасаған бақ берген малды-ау қылып.

    Әләу 

айдай-ау.

Сүйген жарым алдымда аман болса,

Көк мақтадан киемін дамбал қылып.

    Әләу 

айдай-ау.

Қайырмасы: 

Атым мінген астыма күрең дөнен,

Ойдан түлкі қашады, ой,


48

49

ӨЛЕҢДЕР



Ойпырым-ой, дәл айдау,

 

 



Сүмеңдеген уай.

Он бесімнен кешегі хабары жоқ,

Ойлап па едім осылай, 

Ойпырымай, дәл айдау,

 

 

Жүрем деген уай.



27. АҚ ЖӘМИЛӘ

Қолыма қалам алып жаздым хатқа,

Жақсының жетер зейіні ишаратқа.

Жаманға бір сөз айтсаң, желмен кетер,

Аз сөзім көпке бірдей асылзатқа.

Жан-жаннан жатырқамай биік қармап,

Ойнайық әзіл сөзді тілмен жалғап.

Ақылды Ақ Жәмилә мінезі бар,

Жіберер сүймегенін сөзбен алдап. 

28. АҚ ҚАЙЫҢ

(1­нұсқа)

Ой, қалқа, құлағың сал мына сөзге,

Жоқ еді бөтен жұмыс көңілімізге. 

 

 



 

Айхахай! Ақ қайың! 

Қат-қабат осы сөзбен болып кетті, 

Аяғын құп білерсіз өзіңіз де. 

Зәмзәмнің жауабым бар шырағындай, 

Бір батып, бір шығасың күн мен айдай. 

Өзіңді көрген адам жабысады

Асылың тартып тұрған сенің қалай. 

4-0256


50

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



29. АҚ ҚАЙЫҢ

(2­нұсқа)

Еңкейіп ителгі ұшар биік шыңнан,

Жіңішке нәзік белің тартқан сымнан.

Қайырмасы:

А, ақ қайың айдай,

Өзіңнің тәрбиелі мінезіңнен.

Секілді ақ балапан тұйғын қуған,

А, ақ қайың айдай.

Қарағым, айналайын, перуайым,

Бітеді сізді ойласам сары уайым.

Өзімнің таңдап алған шолпанымсың,

Өзгенің не қылайын күн мен айын.

30. АҚ МАҢДАЙ 

Ақшоқы бауыры жазық, басы биік, 

Сен сонда мекендеген, ай-гүл-гой, 

 

 



 

ерке киік, ірі-юяй.



Қайырмасы: 

Ақ маңдай, інжу шаш, 

Үкілі кәмшат, қиғаш қас. 

Жар жолы асу екен асқар-асқар, 

Жетем деп арманыма, ай-гүй-гой, 

 

 



 

тартып күйік, ірі-юяй. 

Келеді қара бұлттар меңдей болып, 

Қалады кескен терек жеңдей болып. 



50

51

ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Ақ маңдай, інжу шаш, 

Үкілі кәмшат, қиғаш қас. 

Кеткенде ауылың алыс, ей, қарағым, 

Көзіме кім көрінер сендей болып. 

Қайырмасы: 

Ақ маңдай, інжу шаш, 

Үкілі кәмшат, қиғаш қас. 

31. АҚБАҚАЙ

Ат қайда Ақбақайдай шаппай желген, 

Қыз қайда құдашадай көзі күлген, 

Алыстан ат арылтып келгенімде, 

Айтқызбай еш адамнан өзі білген. 

Қайырмасы: 

Ахау, ау, сәулем-ай, 

Ах-ха-ау, арман-ай! 

Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын, 

Адамда сөз болмайды айтылмайтын. 

Сыртынан жүзін көріп қызыққанмен,

Табылмас нағыз алтын жарқылдайтын! 

Қайырмасы: 

Ахау, ау, сәулем-ай, 

Ах-ха-ау, арман-ай! 


52

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



32. АҚБЕРЕН 

Астымда атым мінген торы жорға-ай

Келемін жорғалатып жанай қырға. 

Өзіңе, кетер шақта-ай, келдім салып, 

Көңілім амандасып жолығарға-ай. 

Еркеммен алма мойын жолықпаған-ай!

Қиналып мен де кеттім Орынборға,

Алақтап екі көзім, мен жатырмын, 

Қапияда қаршығадай түскен торға-ай. 

33. АҚБИДАЙ

Барсаң сәлем айта бар асыл тасқа, Ақбидай, 

Мақсатым көңілде жоқ сізден басқа, Ақбидай. 

Қайырмасы: 

Ғашық жар, сәулем-ай! 

Он бесінде осы айдың біз барамыз, Ақбидай, 

Ден сау болса, салдырап қиғаш қасқа, Ақбидай. 



Қайырмасы: 

Ғашық жар, сәулем-ай! 

Мына беткей қай беткей, құба беткей, Ақбидай, 

Ер жігітке мал қайда талап етпей, Ақбидай. 



Қайырмасы: 

Ғашық жар, сәулем-ай! 



52

53

ӨЛЕҢДЕР



Менің, сірә, көңілім басылмайды, Ақбидай, 

Кербезімнің тұсынан жанап өтпей, Ақбидай. 



Қайырмасы: 

Ғашық жар, сәулем-ай! 



34. АҚБИРА

Қамқалы-ау, бөрік кидің-ау, қиығынан, 

    Ақбира-ай, 

Біреуге-ей, біреу күлді-ай, миығынан-ай. 

Біреуге-ау, біреу жақын-ау, болады екен, 

    Ақбира-ай, 

Өзінің құйқылжыған қылығынан-ай. 

Ақ көйлек, қызыл шарқат бұландайсың, 

Дүние өтер десе тіл алмайсың-ай. 

Басыңа ақ жаулықты салғаннан соң, 

Ешкідей жан жүрмеген бұраңдайсың-ай. 

Анаңнан айналайын, сені өсірген, 

Қос мерген атар бойлап ду-ду ерген-ай. 

Өзіңді қос атпенен іздесем де, 

Таптырмас сендей ерке қасын керген-ай. 

35. АҚБОЗАТ

(1­нұсқа)

Сен бе едің ақбозатпен орағытқан,

Мен едім ақ көйлекпен қозы ағытқан.

Есіме сен түскенде, беу, құрбыжан,

Қойныма көзім жасы сорағытқан-ай.


54

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



36. АҚБОЗАТ

(2­нұсқа)

Ақбозатпен сен бе едің орағытқан, ау,

Ақ көйлекпен мен едім қозы ағытқан-ау.

Сен түскенде есіме, беу, құрбыжан, ау,

Көзім жасы-ау қойныма сорағытқан-ау.

Ақ көйлекті сен кидің қос етектеп,

Ақбозатты мен келдім бос жетектеп.

Жиырманың кешегі тентегінде,

Саған, айнам, мен жүрдім кім жетед деп.

37. АҚДАРИҒА

(1­нұсқа)

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,

Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі. 

Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр, 

Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі. 

   Ақдариға, 

ілдіргелі-ай. 

Қолымда бір қамшым бар бунақтаған, 

Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған. 

Жүрмісің есен-аман, беу, қарағым, 

Көзіңнен, айналайын, жайнақтаған. 

   Ақдариға, 

ілдіргелі-ай. 

38. АҚДАРИҒА 

(2­нұсқа)

Базардан базар барып қауын алдым, 

Бешпенттің асыл қара бауын алдым. 

 

 



Әй, үгәй, Ақдариға-ай! 

54

55

ӨЛЕҢДЕР



Жасқанып жардан безіп жүргенімде, 

Күлім көз, оймақ ауыз тауып алдым. 

 

 

Әй, үгәй, Ақдариға-ай! 



Аспанда ай бірдей ме жұлдызбенен,

Шын қамшат түрі бір мен құндызбенен? 

 

 

Әй, үгәй, Ақдариға-ай! 



Жарамсыз қай кісіні кім мақтайды, 

Қоңыр қаз жапалаққа ілгізбеген. 

 

 

Әй, үгәй, Ақдариға-ай! 



39. АҚЕРКЕ

(1­нұсқа)

Ақерке ақ күмістей сенің жүзің, 

Кетер ме көкейімнен айтқан сөзің. 

Ақылың айдын шалқар көл секілді, 

Жанары қара нәркес екі көзің. 

Күлкің гүл жас баланың жанарындай, 

Ақерке, айтып бітпей құмардым-ай. 

Болса да жасың кіші, білімің—дария, 

Әнімді арнамаймын саған қалай?

Жас күнің жалындаған ерке тоты, 

Асылдың өнер, үлгі есіл-дерті. 

Шырқайын Ақеркенің айғайымен,

Өзімдей берік болсын, жігіт серті. 


56

ӘН-ӨЛЕҢДЕР




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет