И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



жүктеу 1.51 Mb.
Pdf просмотр
бет4/20
Дата08.01.2017
өлшемі1.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

80. АСЫЛ АЙНАМ

Айнам деп ән саламын он екі алуан

Сөзімде саған айтқан бар ма жалған. 

Тілімді-оу, неше айтсам да, тыңдамайсың, 

Жан құрбым, сенде нем бар, о, менің жазған, а, о. 

Қарағым, айналайын, асыл айым, 

Кәнеки, құрбы болып тиген пайдаң. 


80

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Бірге өскен кішкентайдан сәулем ғой деп, 

Мен едім саған, қалқам, құлаш жайған. 

Қарағым, айналайын, асыл жарым, 

Қай уақта тыңдалады менің зарым. 

Бір ауыз жылы сөзің естір болсам, 

Дүниеде болмас еді еш арманым. 



81. АСЫЛЗАТ

(1­нұсқа)

Ойламай сағат сені тұра алмаймын, Асылзат.

Мойнымды басқа жанға бұра алмаймын, 

      


 

Асылзат.


 

 

 



 

     Ойланшы өзің.

Айрылып шыныменен қалғаным ба, Асылзат.

Қалайша ауылыңа бара алмаймын, Асылзат.

 

 

 



 

     Ойланшы өзің.

Деуші едім жастан сені маған серік, Асылзат.

Аққудай аппақ шырай біткен көрік, Асылзат.

 

 

 



 

      Ойланшы өзің.

Керілген кер маралдай кербезім-ай, Асылзат.

Күн бар ма көңлім тынар сені көріп, Асылзат.

 

 

 



 

     Ойланшы өзің. 



82. АСЫЛЗАТ 

(2­нұсқа)

Базарда бұлы қымбат бас кілемнің, 

Өспесін малы, басы қаскүнемнің-ей. 


80

81

ӨЛЕҢДЕР



Сағынып жар дауысын жүргенімде,

Шығады даусы қайдан қос күреңнің-ей. 



Қайырмасы: 

Әй, Асылзат, шаһи зат, 

Сағынғаннан, ей, жаздым хат. 

Беліме буынғаным бос белбеуім, 

Болса да жаман-жақсы өз белбеуім-ей. 

Көп айлар көрмегелі, көп күн болды, 

Жүрмісің аман-есен, көз көргенім-ей. 

Қайырмасы: 

Әй, Асылзат, шаһи зат, 

Сағынғаннан, ей, жаздым хат. 

83. АУГИГАЙ

(1­нұсқа)

Алыстан көрінесің егіндей боп,

Егіннің жаңа шыққан көгіндей боп.

Алыстан аңсап сәулем келгенімде,

Көзіме кім көрінер өзіңдей боп.

Қайырмасы: 

Уай, аугигай, қыздар-ай,

Құрбым-ай, 

Формың сенің өзгеше-ай.

Қарағым, айналайын, мен де сендей,

Тартасың неге селсоқ көрмегендей.

Әуеде ұшып жүрген ақ сұңқарым,

Қонсайшы тұғырына кел дегендей.

6-0256


82

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Уай, аугигай, қыздар-ай,

Құрбым-ай, 

Формың сенің өзгеше-ай.



84. АУГИГАЙ

(2­нұсқа)

Тасқында, шырқа әнім, серме құлаш,

Серпілте ескектей соқ желмен талас, Агугигай.

Қайырмасы: 

Елімнің көкейіне құйылсын күй,

Асыл әнім, Агугигай.

Музыка мың бұралып, жүз толғанып,

Әншілер домбырасын қолына алып, Агугигай.

Қайырмасы: 

Елімнің көкейіне құйылсын күй,

Асыл әнім, Агугигай.

Тартсын күй, шырқасын ән, билесін би,

Асыл әнім, Агугигай. 

85. АУЫЛЫҢ СЕНІҢ БЕЛДЕ ЕДІ

Жатыр едім көгалда пішен шауып,

Су болды ақ көйлегім жаңбыр жауып. 

Қайырмасы: 

Аулың сенің белде еді, 

Шай көйлегің бүрмелі. 


82

83

ӨЛЕҢДЕР



Айтарыңды айтып қал, 

Отырмын ғой жүргелі. 

Сен есіме түскенде, қимас қалқам, 

Ақбоз аттан жығылдым есім ауып. 



Қайырмасы: 

Аулың сенің белде еді, 

Шай көйлегің бүрмелі. 

Айтарыңды айтып қал, 

Отырмын ғой жүргелі. 

86. АХАУ 

Ахауға мен саламын он екі алуан, 

Сөзінде бұрынғының-ау, болмас жалған. 

Жағалап өзен бойын келе жатсам, 

Ахауға салып келед-ай, бір-екі адам, 

   бір-екі 

адам-а-ай! 

Астыма мінген атым құла қасқа, 

Құдыққа салдым шеген-ау құламасқа. 

Ауылың бірге отырған кетсе басқа, 

Беріп кет сақинаңды сағынбасқа, 

   сағынбасқа-а-ай.



87. АХАУ, АЙДАЙ 

Біздің елдің дуаны Қарқаралы, 

Бір ай бұрын жауады Арқа қары. 


84

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Ахау, айдай, 

Өтіп күнім барады,

Уа, Дариға-ай! 

Осындайда, жігіттер, ойна да, күл, 

Жастық шіркін барады тарқағалы. 



Қайырмасы: 

Ахау, айдай, 

Өтіп күнім барады,

Уа, Дариға-ай! 

Өзге таудан Қарқаралы басың биік

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .



Қайырмасы: 

Ахау, айдай, 

Өтіп күнім барады,

Уа, Дариға-ай! 

Сен есіме түскенде, беу қарағым, 

Жата алмаймын төсекте ішім күйіп. 



Қайырмасы: 

Ахау, айдай, 

Өтіп күнім барады,

Уа, Дариға-ай! 



88. АХАУ, АЙЫМ 

Ей, қалқа, жақындығың жандай еді, 

Құрбының өзің теңді маңдайы едің-ай! 

«Мырза шоқы жарлығы» тұрар тиіп,



84

85

ӨЛЕҢДЕР



Кетпейді тәтті лебің таңдайымнан, 

Беу, шіркін, ләззаты бар балдай еді-ай! 



Қайырмасы: 

Ахау, Айым, қалқатайым, 

Көзіңнен мөлдіреген, ей, 

Айналайын-ай! 

Мінгенім дәйім менің құла қасқа, 

Қаздырдым қырдан құдық құламасқа-ай! 

Қосылған қиуадан қимас қалқам, 

Беріп кет орамал шыт жыламасқа-ай! 



Қайырмасы: 

Ахау, Айым, қалқатайым, 

Көзіңнен мөлдіреген, ей, 

Айналайын-ай! 



89. АҚАУ, АРМАН

Арман-ай, ақ сәулештің аулы шалғай, 

Жан құрбым, жатыр нағып хабар салмай.

Тұр ма екен ол да өзімдей уағдасында, 

Мен жүрмін өзге жанға назар салмай. 

Қайырмасы: 

Ақау, арман, 

Дүние жалған. 

Күн туар 

Кездесетін есен-аман. 

Ақ сәуле, шын сүйгенім, сен—арманым, 

Жүректе, сені ойласам, жанар жалын. 


86

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалқам-ай, хабарыңды бір тигізші, 

Жанымның ынтызары саған мәлім. 



Қайырмасы: 

Ақау, арман, 

Дүние жалған. 

Күн туар 

Кездесетін есен-аман. 

90. АХАУ, ГИГАЙ

Ал, қалқам, маңдайыңнан нұрлы жүзің, ай-ау, 

Аямай ажарлы боп туған өзің, ахау-гигай, 

 

 



 

 

        туған өзің-ай. 



Сүйегің райхан гүлден жаратылған, ай-ау, 

Бұлбұлдай тұрған сайрап айтқан сөзің, 

 

 

 ахау-гигай, айтқан сөзің-ай. 



Қайырмасы: 

Ахау, гигай,

Салдым шимай. 

Кеткенде аулың алыс, 

Қалдым қимай, қалдым қимай-ай. 

Замандас құр қажыма қиял ойлап,

Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап. 

«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар, 

Сабырың ақырында бәрін жимақ. 

Қайырмасы: 

Ахау, гигай,

Салдым шимай. 

Кеткенде аулың алыс, 

Қалдым қимай, қалдым қимай-ай. 


86

87

ӨЛЕҢДЕР



91. АХАУ, ИӘ

Замандас, құр қажыма қиял ойлап,

Ой түбі бір терең сай кетсе бойлап.

«Сары алтын сабыр түбі» деген сөз бар,

Сабырлық ақырында бәрін жоймақ.

92. АХАУ, КЕРІМ

Айналайын, қарағым, алтыным-ай, 

Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай. 

Көрмегелі көп айдың жүзі болды, 

Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай. 

Қайырмасы: 

Ахау, керім, 

Бұраң белім. 

Күнде жиын, күндей той

Жүрген жерің. 

Ризамын, жан қалқа, сертке жетсең, 

Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең. 

Бір шыбындай жанымды құрбан етем, 

Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең. 

Қайырмасы: 

Ай-ай, сарым, 

Сәулежаным, 

Сағынғанда қайда едің

Ғашық жарым.

Сіз асыл зат, қалқатай, сағаттағы, 

Көңілімді сүйген жар табад-тағы. 


88

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көңілімді сүйген жар таппай кетсе, 

Көңіл шіркін, қайтейін, қалад-тағы. 



Қайырмасы: 

Ай-ай, керім, 

Мөлдір көзің, 

Әлі есімнен кетпейді

Айтқан сөзің. 

Ахау, керім, 

Бұраң белім,

Күнде жиын, тамаша

Жүрген жерің. 

93. АХАУ, ҚҰРҒЫР! 

А-ха-ха-хау! 

Дарияның ортасында борық тұрған, 

    борық 

тұрған, 

Екі бала борықты сорып тұрған-ау. 

А-ха-ха-хау! 

Болғанда сен іздеген, мен сұраған, 

    мен 

сұраған, 

Айналайын өзіңмен жолықтырған, ау. 

Қайырмасы:

Ей! 


А-хау, құрғыр, 

Мойның бұрғыр, 

 

    мойның бұрғыр.



Тал шыбықтай бұралып,

Жолда тұрғыр-ау. 



88

89

ӨЛЕҢДЕР



Қанаты қарлығаштың—қара қасың, 

Суға түскен аққудай таранасың. 

Жүзіңе бейне толған ай сияқты,

Қандай жігіт құмартып қарамасын.



94. АХАУ МҮРЛЕН, ТОҒЫЗ БҮРЛЕН

Біздерге бұйым емес өлең-ай боқ,

Қашаннан қара өлеңге мейірім жоқ.

Жақсылар, халық билік айт дегенде,

Бір тілім, екі жағым тақайыр жоқ.

Қайырмасы:

Ахау мүрлен,

Тоғыз түрлен,

Әнімді салып жүрген,

Жазып үйрен. 

Қамысқа балапаннан бітер сүйрік,

Алладан, кім өлмейді, жетсе бұйрық.

Несіне айтар сөзге іркілейін,

Атадан болып тұлпар тудым жүйрік.

Қайырмасы:

Ахау мүрлен,

Тоғыз түрлен,

Әнімді салып жүрген,

Жазып үйрен.

 

95. АХАУ, САРЫ ҚЫЗ 

Алыстан ат терлетіп-ай, келдік тойға,

Жақсымен сұхбаттасу, әдәдай, дай-ай, 

    болып 

ойда-ай. 



90

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Түйілген қыран бүркіт-ой, біз боламыз, 

Теңгеріп жүрме құрбым, әдәдай, дай-ай, 

    тұрымтайға-ай. 

Қайырмасы: 

Ахау, сары қыз, 

Екі-ай дарбыз, 

Ойнайды теңін тауып, 

Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой. 

Алыстан ат терлетіп-ой, келдік тойға,

Жақсымен сұхбаттасу, әдәйдай, дай-ай, 

    болып 

ойда-ой. 

Мұндай той күнде қызық-ой, бола бермес

Құрбылар ойна да, күл әдәдай, дай-ай, 

    осындайда-ай. 



Қайырмасы: 

Ахау, сары қыз, 

Екі-ай дарбыз, 

Ойнайды теңін тауып, 

Әдәйдай, дай-ай, тұрымтайға-ой. 

96. АХАУ, СЕМЕЙ 

(1­нұсқа)

Базардан алып келген кәрлен аяқ,

Қалқатай, шәй құйып бер бәлденбей-ақ, ах-уай.

Бір сөзді әзілмен айта салдым,

Қоя ғой, ұнатпасаң, қинамай-ақ, ах-уай.

Қайырмасы: 

Ахай, Семей, 

Тіл мен көмей,


90

91

ӨЛЕҢДЕР



Басылмас жанған жүрек

Сәулем келмей, ах-уай.



97. АХАУ, СЕМЕЙ

(2­нұсқа)

Аспанда ай болмаса, адасады,

Көңілді көтермесе, кір басады.

Қайырмасы: 

Ахау, Семей, 

Тіл мен көмей,

Келмейді даусым менің

Құрбым келмей.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,

Сандықты кілт болмаса кім ашады.

Қайырмасы: 

Ахау, Семей, 

Тіл мен көмей,

Келмейді даусым менің

Құрбым келмей.

98. АХАУ, СЕМЕЙ

(3­нұсқа)

Көшкенде жылқы айдаймыз ақ табанмен,

Болмайды жаман жақсы мақтағанмен.

Қайырмасы: 

Ахау, Семей, 

Тіл мен көмей,


92

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Басылмас жанған жүрек

Сәулем келмей.

Сүймесе несі қызық екі жастың,

Күйеу боп босағаны аттағанмен.



Қайырмасы: 

Ахау, Семей, 

Тіл мен көмей,

Басылмас жанған жүрек

Сәулем келмей.

99. АХАУ, СЕМЕЙ

(4­нұсқа)

Базардан алып келген темір қақпан,

Қақпанмен түлкі алады ебін тапқан. 

Таспадай сыдырып қойған сыршыл сұлу, 

Анаңнан айналайын сені тапқан. 

Қайырмасы:

Ахау, Семей,

Тіл мен көмей, 

Басылмас менің әнім

Сәулем келмей, ах, уай. 

Базардан алып келген кәрлен аяқ, 

Қалқам-ау, шәй құйып бер бәлденбей-ақ. 

Бір сөзді әзіл қылып айта салдым, 

Қой-ақ қой, жақтырмасаң, қиналмай-ақ. 

Қайырмасы:

Ахау, Семей,

Тіл мен көмей, 


92

93

ӨЛЕҢДЕР



Басылмас менің әнім

Сәулем келмей, ах, уай. 



100. АХАУ, ҮРИЯ

Аулың сенің белде еді, бел тұрғанда-ай,

Орамалың жалп етер жел тұрғанда-ай,

    Ахау, 

Үрия!

Күн мен айын біреудің не қылайын-ай,



Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда-ай,

    Ахау, 

Үрия!

Аулым көшіп барады Көлме-көлге,



Алыс дейді Көлме-көл көрмегенге,

    Ахау, 

Үрия!

Алыс болса Көлме-көл көрмегенге,



Күн күркіреп жаз шығар өлмегенге,

    Ахау, 

Үрия!

Бір ат қашты қорадан құла қасқа,



Тақтай қойдым құдыққа құламасқа,

    Ахау, 

Үрия!

Аулың алыс кеткенде, қимас қалқам,



Бет орамал беріп кет жыламасқа,

    Ахау, 

Үрия!

101. АХАУ, ҮРИЯЙ

Аулың сенің белде еді, бел тұрғанда,

Орамалың желп етер жел тұрғанда,

 

 



 

    Ахау, Үрияй



94

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көзіме ешкім, қалқатай, көрінбейді,

Қарсы алдымда күлімдеп сен тұрғанда,

    Ахау, 

Үрияй.


102. АХАУ, ҮРИЯ-АЙ 

Келдің қайдан, ей, қалқа, келдің қайдан? 

Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан. 

 

 



 

Ей! Ахау, Үрия-ай! 

Мекеніңді, ей, қалқа, айтып қойшы-ей! 

Жат болмағы адамның осындайдан. 

 

 

 



Ей! Ахау, Үрия-ай! 

Ұшып жүрген әуеде көк көбелек-ай, 

Дертің болса, жазайын су себелеп. 

 

 



 

Ей! Ахау, Үрия-ай! 

Сен есіме түскенде, ей, перизат-ей,

Аш бөрідей жортамын тау іргелеп. 

 

 

 



Ей! Ахау, Үрия-ай! 

103. АХАУ, ХАЛИЛЕМ! 

Айналайын, қарағым, келдің қайдан, 

Алма мойын ақ үйрек ұшар сайдан, халиләм. 

Құдай айдап кез болдық, әріптесім, 

Дос болмағы адамның осындайдан, халилем. 

Ахау! Халилем, 

Дос болмағы адамның осындайдан, халиләм. 

Ақыл—дария болғанда, көңіл—көлмек, 

Бір көруге өзіңді келдім шөлдеп. 


94

95

ӨЛЕҢДЕР



Оралыңның барында ойна да күл, 

Мың күн тұрып, сынады бір күн шөлмек. 

Бірін-бірі дос болмас мақтамаса, 

Жамандықтан бір-бірін сақтамаса. 

Бір күн тату болатын, бір күн араз, 

Дей алмаймыз мінезді тап-тамаша. 



104. АХАХАУ, АРМАН 

Көзіңнен, айналайын, күлімдеген, 

Қадірің бірге өскен соң білінбеген. 

Қайырмасы: 

Ахахау, арман-ай,

Ей, сәулетай, 

Құмармын саған жалған-ай. 

Судағы сүңгуір үйрек, қарағым-ай, 

Салсам да көлге қармақ, ілінбеген. 



Қайырмасы: 

Ахахау, арман-ай,

Ей, сәулетай, 

Құмармын саған жалған-ай. 

Қамысы қызыл көлдің селдіреген,

Жүрегім сен дегенде елжіреген. 



Қайырмасы: 

Ахахау, арман-ай,

Ей, сәулетай, 

Құмармын саған жалған-ай. 



96

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Аққудың балапаны секілдім-ай, 

Көзіңнен, айналайын, мөлдіреген-ай! 



Қайырмасы: 

Ахахау, арман-ай,

Ей, сәулетай, 

Құмармын саған жалған-ай. 



105. АЯЙЫМ, АЙЫМ, АЯЙЫМ! 

Жектім шана торыға, шүйгелкелеп-ай, 

Шүлжіңдеттің тіліңді кімге еркелеп-ай.

 

 



 

Аяйым, айым, аяйым! 

Артық біткен әкеңнің дәулетінде-ай,

Тарттым шарқат күлдері көлеңкелеп-ай. 

 

 

 



Аяйым, айым, аяйым! 

Алыс жерден мен келдім асып-сасып, 

Ақ жүзіңді көруге болып асық. 

Талай тойда топ жарған ақын дейді, 

Атыңды естіп сыртыңнан болдым ғашық. 

106. АЯМАННАН

Басыңдағы мақтанба, а-ей, бағыңызға, ай,

Ешбір пенде жолатпай жаныңызға.

Айнымалы дүние жел емес пе,

Бір күн жоқ, бағың тайған шағыңызда.

Мінгенім дәйім менің, а-ей, сұр киігім,

Аңға шықсам, көремін жер биігін.

Сексен беске келгенде селкілдетпей,

Ей, Алла, тартқызбай ал, қыз күйігін.


96

97

ӨЛЕҢДЕР



107. АЯУЛЫМ 

Қара төбел, қарағым, құнандайсың, аяулым, 

Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым. 

Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым, 

Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым. 

Қайырмасы: 

Ерке тотым, 

Махаббатым,

Күйдірдің, 

Жандырдың жүректі.

Ерке тотым,

Махаббатым, 

Сағындым,

Сарғайдым өзіңді. 

Қара бүркіт келмейді қайыруға, аяулым, 

Не демейді көп дұшпан айыруға, аяулым. 

Арадағы дұшпанның сөзіне ермей, аяулым, 

Кел екеуміз шығайық жайылуға, әй, аяулым. 

Қайырмасы: 

Ерке тотым, 

Махаббатым,

Күйдірдің, 

Жандырдыңжүректі.

Ерке тотым,

Махаббатым, 

Сағындым,

Сарғайдым өзіңді.

7-0256


98

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



108. ӘГИГӘЙ

Қарағым, айналайын, айнам жақсы, 

Тигізбес залалыңды пайдаң жақсы,

    Әгигәй. 

Жаманға әзіл айтсаң, қорс етеді, 

Толқыған қорғасындай қайран жақсы, 

    Әгигәй. 

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі, 

Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі, 

    Әгигәй. 

Барында оралыңның ойна да, күл, 

Қызығы бұл aрaның ойын-күлкі, 

    Әгигәй. 

109. ӘГУГАЙ

Кім айтпайды бұл әнді жұрт қаласа, 

Домбырама сыңғырлап жүр жараса, әгугай-ай. 

Толғамалы әнімнің түйіні көп,

Бәйге атындай екпінді ер таласа, әгугай-ай. 

Екеу, екеу мінейік жел кемеге, 

Кешке жақын қыз шығар әңгімеге. 

Әңгіменің соңына ере берсең, 

Көңіл, шіркін, кетпей ме әр немеге. 


98

99

ӨЛЕҢДЕР



110. ӘДЕМІ ӘУЕН

(Отличный напев) 

А-хау-ей! 

Қыз қайда қызыл шырай иіс майлы,

Қиғаш қас, қарақат көз, алма мойын, ай. 

А-хау-ей! 

Бір айтқан сәлемімді есіне алып, 

Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай. 

Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,

Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай. 

А-хау-ей! 

Қыз қайда айтқан сөзді алатұғын,

Қырандай көзді алысқа салатұғын, ай. 

А-хау-ей! 

Айтқан серт, уәдеге берік болып,

Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай. 

Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,

Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай.

111. ӘДЕМІ-АЙ

Ақ көйлек, қара бешпет, әдемі қыз, 

Тиген жоқ әлі ешкімге әлегіміз-ай. 

Жеделдес заманы бір құрбы ғой деп, 

Біз сенен әлі күнге дәмеліміз-ай. 

Ақ көйлек, қара бешпет делегейім, 

Болайық екеу жолдас елге дейін-ай. 

«Сыйламас танымасын» деген сөз бар,

Құрбыға сыр білмейтін мен не дейін-ай. 


100

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



112. ӘЙ, ҚАЛҚА 

Әй, қалқа, ғашық болдым жамалыңа, 

Қызықпас кімдер көрсе ажарыңа. 

Құрбым деп нәсілім теңдес сөз айтқанда, 

Тигізбе қатты жауап назарыма. 

Қайырмасы: 

Алалым, міне қызық заманым, 

Әй, қалқа, дәнекерсің айнадағы. 

Жақындық әр адамға пайда-дағы, 

Өксітпей жауабыңды қайыр, сәулем. 

113. ӘЙЕКЕШ 

Әй! 


Әйекеш көркің сұлу—бекзияда,

Даңқыңды жіберейін жер қияға. 

Бетің ай, белің қылдай, асыл еркем, 

Қалайша тудың екен дүнияға?



Қайырмасы: 

О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау. 

Қара көк қайда бармайды, бос жіберсем, 

Тоямын қызығыңа көз жіберсем. 

Қалқатай, не деп жауап қайырарсың, 

Қарлығаш қанатынан сөз жіберсем. 



Қайырмасы: 

О-хоу, о-хоу, дүнияға-ау. 



100

101


ӨЛЕҢДЕР

114. ӘЙЕЛ КҮЙІ

Ауылым қу ағаштың қуағында,

Мизамның қой қырқамыз шуағында, ай.

Күніне тоғыз түрлі әнге салып,

Қос күрең болып өстім уағында, ай.

Белгілі атым шыққан Айданамын,

Қызы едім Күней атты Малғараның.

Өзіме қатар құрбым тең келген соң,

Өнерге бойға біткен таң қаламын.

115. ӘКУДАЙ 

Ағаға іні келер амандаса, 

Дос емес, дос артынан жамандаса. 

Аяғың бір нәрседен шалыс болса

Немен бір қайласын, шіркін, а-ай, табалмаса. 

Қайырмасы: 

Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,

А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау. 

Ат жақсы арғымақтан шабыс болса, 

Жат жақсы ағайыннан таныс болса. 

Артыңнан жоқ сөзді айтып күңкілдейді, 

Аяғың бір нәрседен, шіркін, а-ай, шалыс болса. 

Қайырмасы: 

Ә-әкудай, дәкудай, ай, дай-ай-да,

А, шіркін, а-ай, табылмаса а-ау. 


102

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



116. ӘКУЛАН 

Аспанда ұшып жүрген сұңқар ма екен, 

Үстіме қызыл камзол сияр ма екен. 

Баласын әлпештеген ата-анасы, 

Жылатып жіберуге қияр ма екен. 

Қайырмасы: 

Пи-пай-пай, Әкулан, керім-ай.

Әкемнің қыз да болса, ұлындаймын. 

Ішінде жұмыртқаның жұлындаймын. 

Қолына әлдекімнің қаратар деп,

Ұршықтай байыз таппай зырылдаймын. 



Қайырмасы: 

Пи-пай-пай, Әкулан, керім-ай.



117. ӘЛӘЛІМ 

Шын күміс шыны-аяғың, тәрелке алтын, 

 

 

 



алтын да алтын, әләлім-ай, 

Ойнап жүрген құрбымен болма салқын-ай, 

     әләлім-ай. 

Құрбыңмен ойнап жүрген болсаң салқын, 

 

 

 



болсаң салқын, әләлім-ай, 

Бұрынғыдай болмайды көңіл жарқын-ай, 

     әләлім-ай. 


Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет