И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

278. КӘЛЛӘМ

Жылқы айдаймын, көшкенде Жалбаспенен,

   Ей-ау! 

Ортан жілік бітеді жамбаспенен, кәлләм-ау,

   Жамбаспенен, 

кәл-ләм!


Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Ей-ау, аман-есен жүрмісің мал, баспенен, 

     кәлләм-ау,

 

 



 

   мал, баспенен, кәл-ләм!

Айналайын көзіңнен күлімдеген,

Басқан ізің жүргенде білінбеген.

Сен есіме түскенде сенсең, қалқам,

Ұзақ таңға бұл көзім ілінбеген.



279. КӘМШАТ БӨРІК

(1­нұсқа)

Алдымнан қарсы келдің, Ханзада қыз,

Көркіңе Құсни-жамал таң қаламыз-ай.

Ғалімдер әулетінен болсаң керек,

Иншалла, фахим етіп аңғарамыз-ай.

13-0256


194

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Ау, ой, еркем,

Ау, ой, еркем!

Үкілі кәмшат бөркің-ай,

Туған айдай көркің-ай,

Былқ-сылқ еткен күлкің-ай.

Ой, білсең біл, білмесең қой,

Мені де өлер деймісің,

Ау, шіркін-ай!

280. КӘМШАТ БӨРІК

(2­нұсқа)

Алдымнан қарсы келдің, Қанзада қыз,

Көркіңе Құсни-Жамал таң қаламыз-ай.

Ғалимлер әуләдинән болсаң керек,

Иншалла фахим етіп аңғарамыз-ай.

Қайырмасы: 

Ау, о-й, еркем,

Ау, о-й, еркем!

Үкілі кәмшат бөркің-ай,

Туған айдай көркің-ай,

Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,

Білсең біл, білмесең қой,

Мені де өлер деймісің.

Қызырды мекеніңнен келдің кезге,

Жоқ еді таныстығым бұрын сізге-ай.

Ғадетпен сыпайшылық көз салмадым,

Сағымдай мұнарлаған жүзіңізге-ай.



Қайырмасы: 

Ау, о-й, еркем,

Ау, о-й, еркем!


194

195


ӨЛЕҢДЕР

Үкілі кәмшат бөркің-ай,

Туған айдай көркің-ай,

Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,

Білсең біл, білмесең қой,

Мені де өлер деймісің.

Дүниеге түни келдің нағып мұндай,

Жүзіңе ғашық еткен жаббар құдай-ай.

Барады ал дегенде лебің тартып,

О, достым, кетті қарар сабыр қылмай-ай.



Қайырмасы: 

Ау, о-й, еркем,

Ау, о-й, еркем!

Үкілі кәмшат бөркің-ай,

Туған айдай көркің-ай,

Былқ-сылқ еткен күлкің-ай,

Білсең біл, білмесең қой,

Мені де өлер деймісің.



281. КӘМШАТ БӨРІК 

(3­нұсқа)

Қалам алып хат жаздым мен қиялдап, 

Бүркіт салған жүреді тау қиялап. 

Жапан түзге сіз біткен бір бәйтерек, 

Бұтағына жүрмесін қарға ұялап. 

Қайырмасы: 

Кәмшат бөрік қыз болды-ай, 

Қара жол ма дегенім. 

Шұбырынды із болды-ай, 

Ала жаздай нәр татпай,

Іздегенім сіз болды-ай. 



196

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Алтыным-ай дегенге алтыным-ай, 

Ақ дидарын көргенде балқыдым-ай. 

Көрмегелі көп айдың жүзі болды, 

Сәу-саламат жүрмісің, жарқыным-ай? 



Қайырмасы: 

Кәмшат бөрік қыз болды-ай, 

Қара жол ма дегенім. 

Шұбырынды із болды-ай, 

Ала жаздай нәр татпай,

Іздегенім сіз болды-ай. 



282. КӘРІНІҢ ӘНІ

Дүние өтіп жатыр құмай қудай, 

Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой, 

   сүтпен 

жумай. 

Уа, шіркін, дүние-ай, 



Ақ бетке ажар кірмес, ой-ой-ой-ой,

   сүтпен 

жумай. 

Бірге өскен құрбы-құрдас жүрсің қайда,



Қанатын қайшылаған, ой-ой-ой-ой,

   аппақ 

қудай. 

Уа, шіркін, өмір-ай, 



Қанатын қайшылаған, ой-ой-ой-ой, 

   аппақ 

қудай. 

Кәрілік қара нарға тас артқандай, 



Бір жағын бір жағынан баса артқандай. 

Аяққа жетпіс батпан кісен түсті, 

Жан бар ма сол қорлықтан босатқандай. 


196

197


ӨЛЕҢДЕР

Жемдей бер шаппай, желмей кәрі бозды, 

Күш-қуат, ақыл-қайрат бәрі тозды. 

Төрт бұрышын дүниенің сайрандаған, 

Мінеки, екі аяқтан таяқ озды. 

283. КЕЛІНШЕК 

(1­нұсқа)

Алдында есігімнің қамыс пішен,

Япыр-ау, қыз күніме қашан түсем-ау.

Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,

Сен болдың аяғыма болат кісен.

Алдында есігімнің томар толмас,

Қоспаған өз теңіме әкем оңбас-ау.

Жаманды жер соқтырып кетер едім-ау,

Атамның ақ батасын бұзып болмас.

 

Ау! Ау-ай!



 

Қоя ғой, бөпем,

 

Жылама, бөпем, әлди-ау.



284. КЕЛІНШЕК 

(2­нұсқа)

Қан түссе аяғына ат сүріншек, 

Келгенде жиырма беске қыз еріншек. 

 

Ой, келіншек, жеңеше-ай, 



 

Атпен желме, ой, ги-гәй. 

Осы әнге шаттандырып салады екен, 

Түбінде зайымкенің бір келіншек. 



198

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

 

Ой, келіншек, жеңеше-ай, 



 

Атпен желме, ой, ги-гәй. 

Ағашы зайымкенің селдіреген,

Қалқаның екі көзі мөлдіреген. 

Ән салып кешке таман жүргенімде, 

Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген. 



285. КЕЛІНШЕК 

(3­нұсқа)

Келіншек менің атым Нұркүләнда, 

Бармаған өз теңіне қыз арманда. 

Ағайын ата-ананың көңілін қимай,

Сырымды паш қылмадым ешбір жанға. 

Қайырмасы: 

А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,

Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай. 

Хай-ли-ли-ли-ли-лай,

Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай! 

Сол үйге келін келді қадам басып,

Қатындар май құйып жүр жабырласып. 

Ежелден қимаған сол ата-анам ғой, 

Екеуі отыр екен бек ұнасып. 

Қайырмасы: 

А, ха-ли-ли-лил-ла-ау,

Хай-ли-ли-ли-ли-ли-лай. 

Хай-ли-ли-ли-ли-лай,

Ха-ли-ли-ли-ли-ли-ли а-ай! 


198

199


ӨЛЕҢДЕР

286. КЕНЕМ-АЙ 

Түлкі бөркің басыңды түбіттеген, е-ей, 

Сенен артық болар ма жігіт деген, е-ей. 

Осы тұрған ауылға бір келмейсің, е-ей, 

Ақ сандыққа түстің бе кілттелген, е-ей. 

 

 



Кілттелінген, Кенем-ай. 

Біздің ауыл, сұрасаң, зымнан биік, 

Қазинадан көйлегім сегіз қиық. 

Сен есіме түскенде, беу, Кенем-ай, 

Жата алмаймын төсекке ішім күйіп. 

287. КЕРБЕЗ СҰЛУ

Алтайдың кербез сұлу—азат қызы, 

Шырқатып әнге салған жайнап жүзі. 

Қайысқан қара орманда құлақ түріп, 

Жымыңдап масайрайды көк жұлдызы. 

Алтайдың жерінде—нұр, көгінде—күн, 

Таппайсың ұнамастай өзінен мін. 

Нұрлы жүз, құралай көз қарындастың, 

Көрдің бе қара шашы төгілгенін?! 

288. КЕР ҚАШАҒАН

Міндім де кер қашаған аяңдадым-ау, 

    аяңдадым-ау, 

Шығар деп сәулем үйден-ау, аялдадым, 

    аялдадым-ау. 


200

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ғашығым жанды өртеген қимасым-ау, 

    қимасым-ау, 

Кетерде қоштасарға-ау, бара алмадым, 

    бара 

алмадым-ау. 

Кербесті-ай астымдағы-ау, беске келген, ау, 

Қызығы-ай, жылқы жайып-ау, 

    кеште 

жүрген, 

ау. 


Аулына ғашық жардың бара алмастан

Сарғайып жүргенімді ескерер ме ең, ай. 



289. КЕР ҚҰНАЖЫН 

Бастаған сиыр алдын, кер құнажын, 

Бетіме биылдан соң-ай түсер әжім. 

Тоятын ақ сұңқардың құзғыны ілсе, 

Тағдырдың жазғанына-ай бар ма ылажым. 

Қайырмасы:

Кәй-ау, кәй-ау, кәй-ау

Я-а-а-ау. 

Ұшады көк ала үйрек аспанменен, 

Мезгілсіз таң атпайды, ай, сасқанменен. 

Кісіге кісі жары жар бола ма, 

Қаншама бауырыңа, ой, басқанменен. 

290. КЕРБЕЗ ЖАЙ 

Боз жорға, жорғаңа бас-ай, ау, 

    алдыңда 

ел 


жоқ-ай, 

Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ-ай, а, ау, ай. 



200

201


ӨЛЕҢДЕР

Алыстан ат терлетіп-ай, ау, келгенімде-ай, 

Ат ұстап қарсы алатын бұраң бел жоқ-ай, 

 

 



 

 

 



       а, ау, ай. 

Ауылдан мен де шықтым, күн де батты, 

Бозжорға алма мойын ішін тартты. 

Боларын бір сұмдықтың біліп едім, 

Ауылы ғашық жардың алыс тартты. 

291. КИГАЧОК

Домбыра екі ішекті-ай, жұқа қақпақ-ай, 

Тар жерде қиын екен өлең таппақ, кигачок. 

Қиын екен өлең таппақ, ах-уәй! 



Қайырмасы: 

Игигай-гөк, 

Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок. 

Ой, көкем-ай, япырмау-ай, 

Жастық дәурен өтеді-ай. 

Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда-ай, 

Қызыл тіл баяуламай, жорғалап бақ, ах-уәй! 

Баяуламай, жорғалап бақ, ах-уәй! 



Қайырмасы: 

Игигай-гөк, 

Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок. 

Ой, көкем-ай, япырмау-ай, 

Жастық дәурен өтеді-ай. 

Домбырам екі ішекті-ай қолға алайын-ай

Қайырып он екі алуан ән салайын, кигачок. 

Он екі алуан ән салайын, ах-уәй! 



202

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Игигай-гөк, 

Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок. 

Ой, көкем-ай, япырмау-ай, 

Жастық дәурен өтеді-ай. 

Жиылып өңшең құрбы отырғанда-ай, 

Мен не ғып бұл қызықтан құр қалайын, кигачок. 

Бұл қызықтан құр қалайын, ах-уәй!



Қайырмасы: 

Игигай-гөк, 

Көкем сені-ай, абайгөк, кигачок. 

Ой, көкем-ай, япырмау-ай, 

Жастық дәурен өтеді-ай. 

292. КӨГӨГӨК

Ат байладым ақ үйдің кермесіне, 

Көзің салма біреудің бермесіне. 

Осындайда, ағалар, күл де ойна, 

Өткен өмір мен кепіл келмесіне. 

Қайырмасы: 

Көгөгөк, көкгөк-гө-көк.

Ат келеді бәйгіден қылаңдаған, 

Мін табар олақ істі қыла алмаған. 

Ақтаңлақтың астынан келген, сәулем, 

Айналайын, беліңнен бұраңдаған! 



Қайырмасы: 

Көгөгөк, көкгөк-гө-көк.



202

203


ӨЛЕҢДЕР

293. КӨКАЙДАЙ

Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,

Қосылса екі ақ маңдай, шам жаққандай. 

Төбесі сұлу қыздың көрінгенде, 

Аяқты баса алмаймын жын қаққандай. 

Қайырмасы: 

Бір ағашта екі алма, 

Мен де алмаймын, сен де алма! 

Анық достым сен болсаң, 

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Мен кеткенде сен қалма!

Ей, көк-айдай, көк-айдай, 

Күткен, сәулем, қыз қайда-ай! 

Көзіңнің айналайын жанарынан, 

Сөзіңнің қуанамын хабарынан. 

Не келіп, нелер кетпес жігіттікте, 

Иіскеп жатар ма едім тамағыңнан! 



Қайырмасы: 

Бір ағашта екі алма, 

Мен де алмаймын, сен де алма! 

Анық достым сен болсаң, 

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Мен кеткенде сен қалма!

Ей, көк-айдай, көк-айдай, 

Күткен, сәулем, қыз қайда-ай! 



294. КӨКАРШЫН

Ал, көкаршын ән еркесі баппен айтса,

Ер жігіт не болады серттен қайтса.


204

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Ән болмас көкаршындай қайда болсаң,

Ән білем деген адам шынын айтса.

Ал, көкаршын көңілімен қонған әнім,

Сүйеді сұлу әнді менің жаным.

Аспандап айғайлатып жүз құбылтсам,

Кетеді бойым балқып қызып қаным.



295. КӨКЕМ-АЙ

Шыңында өскен асқардың сен бір шынар, 

Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар. 

 

Бұраң бел, көкем-ай, 



 

Қасы, көзі қиылып

 

Қай жерде отыр екен-ай. 



Көрмегелі жүзіңді көп күн болды, 

Құмарланған көңілім қашан тынар. 

 

Бұраң бел, көкем-ай, 



 

Қасы, көзі қиылып

 

Қай жерде отыр екен-ай. 



Қайырмасы: 

Ел қыдырып іздесем, 

Табар ма екем, көкем-ай. 

Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай, 

Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай! 

 

Бұраң бел, көкем-ай, 



 

Қасы, көзі қиылып

 

Қай жерде отыр екен-ай. 



Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай, 

Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай! 



204

205


ӨЛЕҢДЕР

 

Бұраң бел, көкем-ай, 



 

Қасы, көзі қиылып

 

Қай жерде отыр екен-ай. 



Қайырмасы: 

Ел қыдырып іздесем, 

Табар ма екем, көкем-ай. 

296. КӨК КӨБЕЛЕК 

Әуеде ұшып жүрген көк көбелек, 

Жазайын дертің болса, су себелеп.

Кеткенде ауылың шалғай, ей, перизат, 

Жортайын аш бөрідей тау жебелеп. 

Ауылым көшсе қонар көл-қопаға,

Ғашық ем мен де өзіңдей бір ботаға. 

Кебістің жалаңаяқ басын киіп, 

Шығарып салушы едің тең ортаға. 

297. КӨК КӨЙЛЕК 

Көк көйлек көлеңдейді кең болған соң, 

Ойнайды екі асыл зат тең болған соң. 

Сырымды саған айтпай кімге айтайын

Көзіме көрінгенім сен болған соң. 

Көк көйлек көлеңдейді көз алдымда, 

Білемін басқаға емес өз алдымда. 

Міндім де атымды ерттеп жүріп кеттім, 

Қалқамнан келсін деген сөз алдым да. 


206

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



298. КӨКЕК

Аты жоқ құс болады—көкек деген,

Алдында терезенің секектеген.

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,

Айрылып сені, сәулем, кетед деген.

299. КӨКЖАР

Дәм татайық бұйырса-ей, шай қайнаса,

Бойы қызар жүйріктің айғайласа.

Тіршіліктің барында күл де ойна,

Не болады ер жігіт қайғы ойласа.

Дәйім менің мінгенім құла мойын,

Қыз-бозбала сылайды тұла бойын.

Сауық құрып, сайран сап, ән шырқайды,

Жігіт-желең жиылып, салып ойын.

300. КӨКШЕТАУ

Көрінген анадайдан көлдің миқы,

Алысты жақын қылған қайран жылқы.

 

Қайран, жылқы Көкшетау,



 

Ей, Көкшетау, жерің салқын,

 

Ой, Аллау.



Барында дүнияның қудай шалқы,

Жоқ дейді ау, ол дүниеде ойын күлкі.

 

Көкшетау, жерің салқын,



 

Ой, Аллау.

Қай беткей мынау беткей, қара беткей,

Жатады саздау жердің қары кетпей.



206

207


ӨЛЕҢДЕР

 

Көкшетау, жерің салқын,



 

Ой, Аллау.

Дүние тіршілікте ойна да күл,

Бетіңнің алақандай қаны жетпей,

 Көкшетау.

301. КӨЛДЕ ҮЙРЕК 

Құрметті бізден сәлем-ай, бұраң белге-ау, 

Шалғында құс қонатын-ай, айдын көлге, 

    көлде 

үйрек-ай. 

Түскенде сен есіме-ай, беу қарағым, 

Көзімнен үйрек жүзер-ай, аққан селге, 

    көлде 

үйрек-ай. 

Қалқатай, бір баласың бұлаңдаған, 

Паңдықтан аяқ басып тұра алмаған. 

Бейне бір ақша бетің туған айдай, 

Көрген жан тағат қылып тұра алмаған. 

302. КӨТЕРМЕ

Ау-уа!


Бір күнде жігіт болдың бойдақ, сылаң,

Ботадай от басатын ойнақшыған.

Уа, бұл күнде жас кәртайып, уақыт жетсе,

Біздерде не қалды енді бақ сынаған.



Қайырмасы:

Кидің гәй-ай

Яй . . . . . . . 

. . . . . . . . . .



208

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Уа, бір күнде жігіт болдың ор киіктей,

Тозаңы аспанға ұшқан көзге ілікпей,

Уа, дүниеге зердесі бар келген жандар,

Қалмайды жас уақытта бір желікпей.



303. КҮЛӘЙ

Зарлансам, даусым жетпес Күләйіма,

Әйел теңдес келмейтін ұнамыңа. 

Қайықтай төңкерілген қара керім, 

Басқаның бермес едім қылаңына, әй, Күләй. 

Қайырмасы: 

У-ай, дүния-ай,

Күн-ай, Күн-ай, 

Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай, 

Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй. 

Кетпейді Күләй даусың құлағымнан, 

Жерімнің бара алмадым жырағынан. 

Жау шығып дос дегенім арадағы

Айырылдым зарығумен шырағымнан. 

Қайырмасы: 

У-ай, дүния-ай,

Күн-ай, Күн-ай, 

Гүлі-гүлі-гүлі-гүлі, а-ай, 

Зарықтым, тарықтым, ой-ой, Күләй. 

304. КҮЛӘН

Бауырында тасты өзектің ін бар ма екен,

Бойыңда жан әкемнің мін бар ма екен.


208

209


ӨЛЕҢДЕР

Жылаймын күні-түні сағынғаннан,

Көретін сүйгенімді күн бар ма екен?

Жағасы жел соққанның ойдым-ойдым,

Ағатай, ойлаудан мен қашан тойдым.

Бұлғақтап алтын шоқтай жүрген басым,

Қор қылып мына шалға неге қойдың.

305. КҮЛДАРАЙ

(Гүлдарай)

Салғаным оң қолыма алтын жүзік, алтын жүзік,

Аққуым көл дария жүрген жүзіп, Күлдарай. 

Қолымнан сен қапыда кеттің ұшып, кеттің ұшып, 

Алайда кеткенім жоқ күдер үзіп, Күлдарай. 

Қайырмасы: 

Күлдарай, гүл-гүл шашқан,

Бұлбұл құстан. 

Не пайда өнері жоқ, 

Шіркін, жастан, Күлдарай. 

Тоғайдан кесіп алған тал сойылым, 

Ылақтай жарға ойнаған қалды ойыным, Күлдарай. 

Сұқсыр үйрек секілді, асыл қалқам, 

Жүрмісің аман-есен, қаз мойындым, Күлдарай. 

Қайырмасы: 

Күлдарай, гүл-гүл шашқан,

Бұлбұл құстан. 

Не пайда өнері жоқ, 

Шіркін жастан, Күлдарай. 

14-0256


210

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



306. КҮЛИЛӘУ

Қонған жері аулымның қоғалы көл-ай,

Қозысы өлсе қоңыр қой болады төл, и-ги-гай,

 

 



Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай. 

Ерке қыздың аулынан шыққанымды-ай,

Қоңыр салқын алдымнан соғады жел, и-ги-гай,

 

 



Ги-ги-ги-ги, гай-гай, Күлиләу-ай. 

Аулым көшіп барады Қызылжарға,

Таң рауаны шығыстан сызылғанда. 

Осы әнге қоңырлатып сала бердім,

Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда. 

Аулым көшіп барады Құмкөшуге,

Түйе жақсы тегінде мінгесуге. 

Аулың алыс кеткенде, беу, қарағым,

Көңлім соқпас ешкіммен тілдесуге. 

307. КҮНІМ-АЙ 

(1­нұсқа)

Көзіме көріндің де кетіп қалдың-ай, 

Қадірі болмайды екен қолда бардың-ай, 

 

 



 

е, ей, қолда бардың-ай. 

Аптадай болмай жатып сағынғаннан-ай, 

Өлеңмен атыңды атап әнге салдым-ай, 

 

 

 



е, ей, әнге салдым-ай. 

Сағындым жаным сені бір күн болмай, 

Жолыңа көп қарадым шыдай алмай. 

Кетіппін, жаным, саған қатты үйреніп, 

Көңілім басылмады бір жыламай. 


210

211


ӨЛЕҢДЕР

308. КҮНІМ-АЙ

(2­нұсқа)

Сарғайып сары көлде қамыс қалды, күнім-ай,

Ауылы бауырымның алыс қалды, күнім-ай. 

Қайырмасы: 

Күнде базар күнім-ай, 

Сағындым, сәулем, сені-дай. 

Әуелден қыз болғанша, қаз болсамшы, күнім-ай,

Сыңқылдап айдын көлде табысқандай, күнім-ай. 

Қайырмасы: 

Күнде базар күнім-ай, 

Сағындым, сәулем, сені-дай. 

Дүниеде не мұңдық, қыздар мұңдық, күнім-ай,

Шешеден болып мұңдық неге тудық, күнім-ай. 

Қайырмасы: 

Күнде базар күнім-ай, 

Сағындым, сәулем, сені-дай. 

Шешеден болдым мұңдық тумас едік, күнім-ай. 

Бұрынғы үлкендердің жолын қудық, күнім-ай. 

Қайырмасы: 

Күнде базар күнім-ай, 

Сағындым, сәулем, сені-дай. 

309. КҮРЕҢ ЖАЛДЫ АТ

Сағынсам мінетінім күрең жалды ат, 

Ауыл бар көрген жерде күрең самғат. 


212

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Көңілің рас маған берген болсаң, сәулем, 

Тіліңнің үшін қойып, түбін жалат, а-ай! 

Қадалған қара көзің мөлдірейді, 

Даусыңды, жаным, естіп елжірейді. 

Кеткенде қырдан асып үй сыртында, 

Жолыңда ақ орамал желбірейді.



310. КІДІГАЙ 

(1­нұсқа)

Уәй! 


Кідігәйға кім салар мен тұрғанда,

Бір-екі ауыз аузымда-ау, жел тұрғанда.

Қызды ауылдың сыртынан кідігәйлап-ай,

Құйысқаным-ай, кідігәй, сарт етер ұмтылғанда.

Жақсы күйді тыңдасаң—құлақ құрышы,

Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы.

Түзу мылтық, жүйрік ат, сұлу қатын,

Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.



311. КІДІГАЙ

(2­нұсқа)

Атымды анам сүйіп қойған Сусар, 

Көп жылқы көкалалы көлде жусар. 

Қайырмасы: 

Угагай-гай, кідігай. 

Біреудің әлпештеген баласы едім, 

Білмеймін қандай жанға болам душар. 



212

213


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Угагай-гай, кідігай. 

Әпсер бар, Әпсер барсаң, Қызылжар бар,

Өзім сал, өзім сылқым мен кімге зар. 



Қайырмасы: 

Угагай-гай, кідігай. 

Біреудің әлпештеген баласымын,

Көлеңкемнен аулақ кет, менде нең бар. 



Қайырмасы: 

Угагай-гай, кідігай. 



312. КІДІГАЙ

(3­нұсқа)

Кідігайға кім салар мен тұрғанда, 

Бір-екі ауыз аузымда жел тұрғанда.

Қызды ауылдың сыртынан кідігайлап,

Құйысқаным сарт етер ұмтылғанда. 

Қайырмасы: 

Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай, 

Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа. 

Шіркін, ай-ай, ау-ай! 

Тойлау базар, той базар тойлай келдім, 

Алтын сақа қолға алып ойнай келдім. 

Жолдасым жоқ бұл тойда, танысым да, 

Айтсам ба деп өзіңе ойлай келдім. 



214

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай, 

Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа. 

Шіркін, ай-ай, ау-ай! 



313. КІДІГӘЙ

(4­нұсқа)

Әй! 


Тыңдасаң жақсы күйді—құлақ құрышы, 

Қалың төсек, тәтті ұйқы—жанның тынышы. 

Жүйрік ат, түзу мылтық, сұлу қатын, 

Мал мен перзент жігітке—дәулет құсы.



Қайырмасы: 

Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай, 

О! Уай, кеу, кідігәй. 

Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім. 

Әй! Салам қаршығамды қырғауылға, 

Қырғауыл ілдірмейді, күн дауылда. 

Аяғым қадам бассам, сөзге ілігем,

Жүремін қайтып бармай қызды ауылға. 



Қайырмасы: 

Ей, кідігәй, қыздар-ай, шіркін-ай, 

О! Уай, кеу, кідігәй. 

Тәжікем, ә-ку дәу-ку дә-рі-ді-дім. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет