236. ЖАМАЛ-АЙ
(3нұсқа)
Алқызыл басында-ау, ала ноқта,
Айналайын, қарағым, еркем тоқта.
Кезең жерде-ау кез болған едің, Жамал,
Әнеугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па?
Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?
Ұстағаным қолыма-ау бұйда пышақ,
Жамал, сені көрдім де жайдым құшақ.
Қасіретіңе, Ақжамал, болдым риза,
Айдын көлдің аққуы саған ұқсап.
Қайырмасы:
Жамал-ай, Жамал-ай,
Не жаздым, қалқам, саған-ай?
237. ЖАНЫМ, ЖӘКЕШ
Ұстағаным қолыма алтын қалам,
Еске түссе сөзіңіз, от боп жанам.
Жәкеш-ай,
енді есен бол-ай!
172
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Қызыл гүлдің бұлбұлсыз сәні жоғын,
Айырыларда, қалқатай, еске салам.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
Қолымда бір қамшым бар шежемейлі,
Барғанда мал өріске не жемейді.
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
Қыл өтпес арамыздан тату едік,
Қызыл тіл арадағы не демейді,
Жәкеш-ай, енді есен бол-ай!
238. ЖАҢА ӘН
Ей!
Жастар шырқап, ойнайды, әндетеді,
Жер-өңірге жаңғырып-ай, ән кетеді.
Жаңа ел, жаңа өмір тамаша,
Колхозшы ауылым жаңаша-ай!
Сол қызықтың ішінде отырғанда,
Көтерілер арайлап-ай, таң етегі.
Жаңа ел, жаңаша өмір тамаша,
Колхозшы ауылым жаңаша-ай!
Қандай тамаша, ай!
239. ЖАРҚ ЕТПЕ
Келмейді қайран шашым тарақтауға,
Орадым жібек оқа балақ бауға-ай!
Хабарын жан сәулемнің естіген соң,
Мен бардым күндік жерге қонақтауға-ай!
172
173
ӨЛЕҢДЕР
Байладым қара арғымақ керме ағашқа,
Жан құрбым, сіз дегенде жаным басқа-ай!
Ауылың алыстаса өмір өксіп,
Беріп кет алтын жүзік сағынбасқа-ай!
240. ЖАС ЖҮРЕКТІҢ СҮЙГЕНІ
Жіберем әнге салып қой жаймаменен-ай,
Қалып еді көңілің ғой, айнам, қайда менен,
Айсәулем-ай.
Сен айнамның айрылсам ар жағынан-ай,
Сендей талай айрылдым ғой, айнам,
Көлбеңнен,
Айсәулем-ай.
Қайырмасы:
Екі-ай ғана жирен-ай,
Жал-құйрығын түйген-ай.
Оймақ ауыз, көмір көз-ай, айнам,
Жас жүректің-ай сүйгені-ай.
241. ЖАС ЖІГІТТІҢ ӘНІ
Ей!
Қосылып екеу-екеу ән салайық,
Тайкөкті жегіп шана қолға алайық.
Тайкөкті жегіп шана қолға алған соң,
Елдегі бір сұлуға көз салайық.
Астымда мінген атым күрең десем,
Өзімнің еркем екен біреу десем.
Шыққанда біздің дауыс танырмысың,
Жағалап Елек бойын жүрем десең.
174
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
242. ЖАС ӨТТІ
Он бесте тартып міндім аттың жалын-ау,
Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын-ай.
Бүркіттей тасқа түскен талап етіп-ай,
Сонымен біраз жүрдім ұзын сарын-ай.
Құрдым мен он сегізде жігіт салтын-ау,
Байқамай әр нәрсенің алды-артын-ай!
Аяғым дүлдүл болды, басым бұлбұл-ай,
Перзент жоқ, бұзады екен ердің шартын-ай.
243. ЖӘМИЛА
Торыны жаз жайламай күз жайлайды, ай, ау,
Басыңа не күн туды-ай, бізді ойламай, ау,
Жәмила-ай-ау.
Ахау, жалған-ай!
Арманым, ау, Жәмила-ай.
Қапаста өтіп кеткен жиырма бес, ай, ау!
Өткіздің алды-артыңды, ай, абайламай-ау,
Жәмила-ай,
ау.
Ахау, жалған-ай!
Арманым, ау, Жәмила-ай.
Ойлашы өткір қандай, жасық қандай,
Барады өтіп өмір асыққандай.
Барыңда оралыңның ойна да күл,
Қара жер бауыры суық басып қалмай.
174
175
ӨЛЕҢДЕР
244. ЖЕЗ ОЙМАҚ
Астымда атым мінген боз ойнақтай,
Жиып бүгін түнде қыз ойнапты-ай.
Ішінде ойнағанның өзім жоқпын,
Орнынан тауып алдым жез оймақты-ай.
Келеді екі құлан оттай-оттай,
Көрмедім жер сауырын оймауыттай.
Есіме сен түскенде, асылым-ай,
Аяғым баса алмаймын шідерлі аттай.
245. ЖЕКЕЙ САЛ
Біздің қыстау берік тас Қызыл биік,
Бауырында ойнаған біз бір биік.
Сен есіме түскенде, Жекей салым,
Екі стакан май іштім, ішім күйіп.
Қайырмасы:
Дүние далың,
Жекей салың.
Тоқтайтұғын алдында қамал бар ма,
Бұрынғыдай ойнайтын заман бар ма.
Қырық жігіттің қыздары ән шырқайды,
Тәңірім әйел қылған соң амал бар ма?
Тоқтатарға келмейді сенің халың,
Жетпейді деп жүрсің бе дүние-малың.
Қайта айналып көргенше кім бар, кім жоқ,
Бәрің де есен болыңдар, өңкей салым!
176
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
246. ЖЕҢГЕЙ
Әнімнің, ай-ау, деген аялғысы,
Аттыға жол бермейді жаяу кісі, а-ау,
жаяу
кісі-ай.
Ат міндім, айғыр міндім құтаймады,
Жақсы екен тай да болса баяндысы, а-ау,
баяндысы-ай.
Қай дөңге, мына дөңге, құба дөңге,
Белгі етіп шанышам құрық көріп көнге.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүр ме екен аман-есен біздің жеңгей.
247. ЖЕҢЕШЕ-АЙ
(1нұсқа)
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам болар ма ексем жерге.
Намаздыгер намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
Қайырмасы:
Ай, жеңеше-ай,
Мінезің қалай өзгеше-ай.
Айдап салдым жылқымды ошағанға,
Салсам құрық тимейді қашағанға.
Сен есіме түскенде, асыл еркем,
Бір көрсет деп жалындым жасағанға.
Қайырмасы:
Ай, жеңеше-ай,
Мінезің қалай өзгеше-ай.
176
177
ӨЛЕҢДЕР
248. ЖЕҢЕШЕ-АЙ
(2нұсқа)
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай.
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.
Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.
Айдап салдым жылқымды ақуданға,
жеңеше-ай,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға,
жеңеше-ай.
Шын көңілімді тартасың алтындай-ақ,
жеңеше-ай,
Ақ білегің сыбанып нар сауғанда, жеңеше-ай.
Қайырмасы:
А-ей, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.
249. ЖЕҢЕШЕ-АЙ
(3нұсқа)
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы-ай,
Жағасында сарғайған жапырағы,
Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!
12-0256
178
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Ата-анамды сағынып әнге салдым-ай,
Бауырымның хабарын алмағалы.
Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!
Ақ қағазға хат жаздым қалам алып-ай,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!
Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай,
Шалға кетіп қор болдым есім танып.
Қайырмасы:
Үкілім-ай, жеңеше-ай,
Сағындым, сәулем, өзгеше-ай!
250. ЖЕТІ ҚЫЗ
Мінгенім дәйім менің дедің көкше,
Зарауқау,
Көлбеңдеп көзге түсер қыз бой жетсе,
Зарауқау.
Қайырмасы:
Күлзира, Үнзира,
Қабира, Қатира,
Фатима, Жекейжан,
Сағындым-ау, жетеуіңді-ай.
178
179
ӨЛЕҢДЕР
Сарғайып сабағынан үзіледі,
Зарауқау,
Төсіне бұл қыздардың егін ексе,
Зарауқау.
Қайырмасы:
Күлзира, Үнзира,
Қабира, Қатира,
Фатима, Жекейжан,
Сағындым-ау, жетеуіңді-ай.
251. ЖЕТІАРАЛ
(1нұсқа)
Жетіаралдай жер қайда қыз балаға,
Дария бешпент жарасар бозбалаға.
Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Елім-жұртым көз қырын сала ма екен,
Еңіреп кеткен еріксіз бір балаға.
Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
Қыран бүркіт аспанда айналады,
Қиып кисем, тел бойым сайланады.
Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
180
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Еркек болсам, басыма бар ма пәле,
Әйелдікпен аяғым байланады.
Қайырмасы:
Жетіарал жерім-ай,
Сағындым елім-ай.
252. ЖЕТІАРАЛ
(2нұсқа)
Жеті аралдай жер бар ма, елдің көркі,
Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.
Жетіарал, жердің көркі-ай.
Дұшпан шауып жерімді алғаннан соң,
Қай жерімнен келеді ойын, күлкі.
Жетіарал, жердің көркі-ай.
Жүруші едім Жеті арал саясында,
Ор киіктей ойнақтап даласында.
Шұбырынды ақтабан заман туды,
Дұшпандарға ана боп қаласың ба.
253. ЖЕТІАРАЛ, ЕЛІМ-АЙ,
САҒЫНДЫМ ЖЕРІМДІ-АЙ
Жетіаралға салмасам, ән болмайды,
Дүрия шапан кимесем сән болмайды.
Жетіарал, елім-ай,
Сағындым жерімді-ай.
Өзің сүйіп ойнасаң құрбыңменен-ай,
Жаманыңнан мал берген кем болмайды.
180
181
ӨЛЕҢДЕР
Жетіарал, елім-ай,
Сағындым жерімді-ай.
Жалбаң-жалбаң жапалақ ұшар сайдан,
Қуып жетер лашын құс әлде қайдан.
Құдай айдап кез болдың жан құдаша,
Дос болмағы адамның осындайдан.
254. ЖЕТІМНІҢ ӘНІ
Жетімнің күйі құрсын жастай қалған,
Әкесін шешесімен, оу, жалған, құдай алған.
Күтетін баласындай жақын қайда?
Деген сөз осы емес пе, оу, дүние жалған,
дүние жалған.
Бетіңмен іс етуге ақылың кем,
Бой өсіп, жас жетпеген, білмейсің жөн.
Мал-басың ағайынның талауында,
Алдамшы осы емес пе дүние деген.
255. ЖИЫРМА БЕС
(1нұсқа)
Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған,
Бақ тайса, ерге дәулет құралмаған.
Меңзеген асқар тауға есіл көңіл,
Дүнияда еш нәрседен тына алмаған.
Қайырмасы:
Ахахау! Ай-ай жалған.
Жиырма бес,
Қайта айналып келмес саған-ай.
182
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
256. ЖИЫРМА БЕС
(2нұсқа)
Ертістің арғы жағы, бергі жағы,
Жайқалған жағасында жапырағы.
Жігіттің алған жары болса жаман-ай,
Ол кеткен-ай барымтаға малы-дағы.
Қайырмасы:
Ах-ха-ай! Ой, жалған!
Жиырма бес,
Енді айналып келмес саған-ай!
257. ЖИЫРМА БЕС
(3нұсқа)
Беріп кет сақинаңды мыс та болса,
Жүрсейші келіп-кетіп қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақша кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.
Қайырмасы:
А-хау жалған,
Жиырма бес екі айналып
Келмес маған.
258. ЖИЫРМА БЕС
(4нұсқа)
Жиырма бес, қош аман бол, қайтып келмес,
Жастықты ойлағанмен қолға бермес.
Қасыңда қатын-балаң құл күзетіп,
Кәрілік ауру болды қолдан келмес.
182
183
ӨЛЕҢДЕР
Қайырмасы:
Уа-хоха-ау, ой, жалған,
Жиырма бес,
Екі айналып келмес маған.
Жиырма бес тотыдайын толғайтұғын,
Қызыққа ертеңді-кеш тоймайтұғын.
Өң тозып, су алды ғой бар тамырды,
Үміт жоқ жастық шақты ойлайтұғын.
Қайырмасы:
Уа-хоха-ау, ой, жалған,
Жиырма бес,
Екі айналып келмес маған.
259. ЖИЫРМА БЕС
(5нұсқа)
Байжеке, мырза көңлі болды қалай,
Қашқаны аралаушы ең талай-талай.
Қондырсам осынау тұрған қызыл гүлге,
Етуге ептеп сайран жайың қалай.
Қайырмасы:
Ау, қыздар—бір гүл,
Жігіт—бұл-бұл,
Өтер жастық, ойнап бір күл.
Қарғаша қалдаң етіп түсіп қалма,
Бұтақтан мұжық тұяқ ұстай алмай.
Болмаса қараң батқыр қашып жоғал,
Құйыға құйрығыңды бекер малмай.
184
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
260. ЖҰБАЙ
Айналайын, қарағым, кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай,
Ыңғай,
Өзіңде білші, жұбай-ай.
Қолда барда алтынның қадірі-ай жоқ,
Қолдан шығып кеткесін өкіндім-ай.
Ыңғай,
Өзіңде білші, жұбай-ай.
261. ЖҰБАЙ-АУ
Қызды әулие көрмедім-ау, Балғасындай,
Той дегенде балқимын қорғасындай.
О-о-о-о, о-о-о-о-о, жұбай-ау.
Әрі-бері өлеңді-ау, сілкітейін,
Келіншектің керала жорғасындай.
О-о-о-о, о-о-о-о-о, жұбай-ау.
Айналайын, қарағым, келдің қайдан,
Алма мойын ала үйрек ұшар сайдан.
Ай, ау, десем артыңа қарамайсың,
Қарамастай көңілді кім қалдырған.
262. ЖҰМАГҮЛ
Жылқының мейіз қара төбеліндей,
Аузың бар шынаяқтың-еу кемеріндей.
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей.
184
185
ӨЛЕҢДЕР
Сөзіңді берер болсаң, тезірек бер,
Мен жүрмін әлі сізден-еу, күдер үзбей-ау-ай.
263. ЖЫЛҚЫШЫ
Жылқысы біздің елдің ала мойын,
Су ішіп, айдын көлде салады ойын.
Айдын көлде салады ойын.
Сүйеніп тал құрыққа тұрғанымда,
Қалқада әрқашан да болады ойым.
Әрқашанда болады ойым.
Айқайлап жылқы бақтым қысы-жазы,
Қалқамның құлағымда айтқан назы.
Шалқыған дарияда қанат қаққан,
Сен едің ерке жүзген қоңыр қазы.
264. ЖЫЛҚЫШЫ ӘНІ
Озып келген бәйгеден атты алайын,
Сынамай ма ер жігіт, ей, бақ-талайын.
Айтып жүрген бұрыннан әнім еді-ай,
Ақеркешке құйқытып, ей, мен салайын.
Екі ішектен домбырам бала қурай,
Бес саусағым тартқанда кетед зырлай.
Тіршілікте, жігіттер, ойна да күл,
Өтіп шығар бұл дүния, еу,
Дүния-ай бір күн тұрмай, ай.
186
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
265. ЖЫЛЫОЙ
(1нұсқа)
Кең Жылыой—біздің елдің жайлаған жер,
Белдеуге кербесті атты байлаған жер.
Күлімкөз, оймақ ауыз, қиғаш қаспен
Мезгілсіз таң атқанша ойнаған жер.
Кең Жылыой—біздің елдің тиянағы,
Даусыңды ести алмадым қиядағы.
Даусыңды ести қалсам қиядағы,
Талпындым балапандай ұядағы.
266. ЖЫЛЫОЙ
(2нұсқа)
Орынбор-Тұзтөбенің тұзын көрсең,
Жылыойдың таң қаларсың қызын көрсең.
Атыңнан түскен қайтып, міне алмайсың,
Әй-әйдің судан қайтқан ізін көрсең.
Торы айғыр тоқпақ жалды Адайда бар,
Қыздардың ең көркемі Ноғайда бар.
Көрінген қыздың бәрі сұлу емес,
Сұлу қыз көзі қара Жылыойда бар.
267. ЖЫЛЫОЙДЫҢ ҚОҢЫР ӘНІ
Ішпедік-ай Жайық суын-ай ылай ма деп-ай,
Толқыны соқса жарға-ау, құлай ма деп.
Жақсымен-ау бас қосуға-ай болдық ынтық,
Иіліп, бүгілуге ойдай-ай, оу, шыдай ма деп-ай.
186
187
ӨЛЕҢДЕР
Шай іштік жез самауыр, тарелка алтын,
Құрбыңмен бірге жүрген болма салқын.
Құрбыңмен бірге жүрген болсаң салқын,
Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.
268. ЖЫЛОЙДЫҢ МӘТӨК ӘНІ
Қарлығаш-ау балапанын-оу, жарға салған,
Жаңылып ат жорғасын-ау қарға салған.
Кешегі жиырманың ғой бар шағында,
Біздерден құтылған жоқ еді, о, жаным,
бар
қашаған-оу.
бар
қашаған-оу.
Көрінген сондайдан керуенші,
О жаным, құшақтайын бері келші.
Айырған сары майдың тортасындай,
Басар ма еді бауырыма ерігенше.
269. ЖІБЕК
Үкілі кәмшат киіндім-ау, киіндім, үкі тағып, ай,
Оң жақтағы күн қайда бұлаң қағып-ай.
Туған елім, ата-ана, ау,
ата-ана қош аман бол, ай,
Қалай өмір сүремін жатқа жағып, ай.
Жез бауырлы қолыма алдым қамшы,
Көзім жасы сорғалып болды тамшы.
Қызды «балам» дегені бекер екен,
Күні жеткен жалданып болдым жалшы.
188
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
270. ЖІГІТ ӘНІ
Сөйлейін сөйле десең ырғаңдатып,
Шоқ тағар кейбір маңғаз сұлғаңдатып,
Төрт бөліп түн ұйқысын жүрген жігіт,
Жүрмей ме әрбір елдің дәмін татып, ай-ай.
Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.
Қыз мінген қызыл аттың жорғасындай,
Басайын келсе даусым ырғаңдатып.
Ей! Жақсы қыз қырдың қызыл түлкісіндей,
Ойнасаң ебін тауып құрбылатып, ай-ай.
Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.
А-хау, болғанда қыздар түлкі, жігіт мерген,
Ер жігіт аңдығанын алмай ма атып.
Өзіңе анық ерік бермесе де,
Құрбыңа қадыр білер ақылдасып, а-ай.
Қайырмасы:
А-хау! Хай-лә-лі, хай-лә-лі, хай-лә-лі
Ләй-лім хай ләу-хай, ләу ха-ла-ла-ла,
Ләй-лім о-ха-хау, а-ри-ләй, ау, о-ха-ха
А-ей ха-ла-лау, хай-лә-лі лә-лә-й лә-ләй.
188
189
ӨЛЕҢДЕР
Сұлумен өзің сүйген өмір етіп,
Аузынан сол сұлудың өмір татып.
Жеңгемен қадір білер болсаң тату,
Аларсың сол сұлуды жақындатып, а-ай.
271. ЖІГІТТІК
Ой-ги-ги, дай-ги-ги,
Дай ги-ги-ги-ги-ги-ги.
Әй!
Жігіттікте біз жүрміз сері болып,
Ойын-күлкі сауықтың кені болып.
Әдейі іздеп келгенде құрбыластар,
Үлкен-кіші күтіп жүр елі болып.
Қайырмасы:
Ги-ги-ай, ги-ги-ги-ги-ги
Ги-ги-ги-ги-ги, а-ай
Жігіттікте біз жүрміз өлеңдетіп,
Сайран қылып әр жерде желе өрлетіп.
Ақ көйлек, пұшпақ бөрік қыз секілді—
Басайын мен әніме көлеңдетіп.
Қайырмасы:
Ги-ги-ай, ги-ги-ги-ги-ги
Ги-ги-ги-ги-ги, а-ай
272. ЗАМАН-АЙ
(1нұсқа)
Еріккенде шығам деп тау басына,
Салып алдым сақина сау басыма,
заман,
ай.
190
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Сені қиып кете алмай, қарағым-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына,
заман,
ай.
Тауға біткен мен бір түп шынар едім,
Өнеріммен еліме ұнап едім.
Бүгін, міне, дәм айдап кезің келді,
Сырласуға өзіңмен құмар едім.
Астымдағы мінгенім күрең дөнен,
Таудан түлкі қашады сүмеңдеген.
Үш ұйықтасам ойымда бар ма менің,
Қалқам, сенен айрылып жүрем деген.
273. ЗАМАН-АЙ
(2нұсқа)
Еріккенде шығам деп тау басына-ай,
Салып алдым сақина сау басыма, заман-ай.
Сені қиып кете алмай, қарағым-ай, заман-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына-ау.
Жастық дәурен қайта келмес, заман-ай,
Қырға шықсаң, көрінер қызыл еспе, ай.
Қырғауылдай көрінген біздің көш пе,заман-ай.
Бармақ едім көшіңе жете алмадым, заман-ай,
Аяқ-қолым байланып, мені кеш те-ау.
274. ЗАМАН-АЙ
(3нұсқа)
Еріккенде шығам деп тау басына,
Салып алдым сақина сау басыма,
заман-ай.
190
191
ӨЛЕҢДЕР
Сені қимай кетуге, қарағым-ай,
Көпшіліктің қалдым ғой табасына,
заман-ай.
Қайырмасы:
Аты семіз арқаның,
Еті тәтті марқаның.
Қор қызындай бұралып,
Отырысы-ай қалқаның.
Қырға шықсаң көрінер қызыл еспе,
Қырғауылдай көрінген біздің көш пе,
заман-ай.
Бармақ едім көшіме жете алмадым,
Кедейшілік, қайтейін, көзіңді ашпа,
заман-ай.
Қайырмасы:
Аты семіз арқаның,
Еті тәтті марқаның.
Қор қызындай бұралып,
Отырысы-ай қалқаның.
275. ЗАУЛАТШЫ-АЙ
Бүгін дала гүлденіп жаңарғандай,
Күлтелі көк құлпырып оңалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Кешегі құм шөл дала шаңырқаған,
Бүгін қара, тамаша таң қалғандай.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
192
ӘН-ӨЛЕҢДЕР
Артель ұйым біріккен ұранды бір,
Жанды қыздан есіткен бір терең сыр.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
Жасы жаңа, жас құрбым, жатпа қарап,
Елің үшін еңбек ет, ертемен тұр.
А-хау! Заулатшы-ай, құрбым, заулатшы-ай.
276. ЗӘУРЕШ
О, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы туып-өскен жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп бір сүйейін деген едім.
Қайыңның жаста көрдім жапырағын.
Құланның жолда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан жалғыз Зәуреш.
Бір уыс бұйырмады-ай топырағың-ай.
Не керек болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Төрт бөліп түн ұйқымды келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.
277. ЗИБАШ
Жанарындай көзімнің сәулем едің,
Қуанышты көңілімнің дәурені едің.
Қайырмасы:
Зибаш-ай,
Қалам қасың қиғаш-ай,
Құрбыңды, қалқам, сыйлашы-ай.
192
193
ӨЛЕҢДЕР
Кетпейсің түнде түстен, күндіз ойдан,
Басымды не сиқырмен әуреледің.
Қайырмасы:
Зибаш-ай,
Қалам қасың қиғаш-ай,
Құрбыңды, қалқам, сыйлашы-ай.
Достарыңызбен бөлісу: |