И мұра ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес ċ ģ ė Ē ĝı Ĝ ĝē 99 ÎÌ 4



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1451
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

505. ТОРҒАЙ

Қызы едім Өмірбайдың, атым—Торғай, 

Жайдым қанат қияға жанға болмай. 

Армансыз дүниеден өтер едім, 

Қосылсам сүйгеніммен, уа, дариға-ай! 

 

 



Уа, о, дариға-ай, а-ай! 

Жел соқса, ағаш басы ырғалады, 

Қаршығаң қыран болса, тырна алады. 

Барады өтіп жалған бір күнгідей, 

Күлмеген, ойнамаған құр қалады, 

 

 



Уа, о, дариға-ай, а-ай!

506. ТӨГІЛМЕЛІ КӨКЕМ-АЙ

Ойласаң, өтер-кетер өмір шолақ, 

Біздерге неге сонша сыйы сол-ақ! 


328

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Су түбінде сүйек бар, 

Салсам, қолым жетер ме-ай.

Биікке шығып қол созсам, 

Ұмтылсам, қолым жетер ме-ай?

Ойнап-күл осындайда құрбы-құрдас, 

Жалғаннан әлі-ақ өтер біз бір қонақ. 

Қайырмасы: 

Су түбінде сүйек бар, 

Салсам, қолым жетер ме-ай.

Биікке шығып қол созсам, 

Ұмтылсам, қолым жетер ме-ай?

Дегенде ән баяулы, ән баяулы, 

Жігіттің жарлы болар жаны аяулы. 

Қайырмасы: 

Су түбінде сүйек бар, 

Салсам, қолым жетер ме-ай.

Биікке шығып қол созсам, 

Ұмтылсам, қолым жетер ме-ай?

Қалайық ойнап-күліп осындайда, 

Барады өтіп заман күн санаулы. 

Қайырмасы: 

Су түбінде сүйек бар, 

Салсам, қолым жетер ме-ай.

Биікке шығып қол созсам, 

Ұмтылсам, қолым жетер ме-ай?


328

329


ӨЛЕҢДЕР

507. 4000 СОМ ТУРАЛЫ ӘН

Аршыны төрт мың сомдық сен бір манат-ай,

Аршын төс, алма мойын айы қабақ. 

Аулыңа жүз бір барып қайтпас па едім, 

 

 

 



қайтпас па едім, ау-ей, 

Құдайдың құдіретімен бітсе қанат, 

   бітсе 

қанат. 


Ауылым Жақсыбайдың Ақсорында,

Өкпелер жаман—асқа, жақсы—орынға.

Аққудай толқын соққан көлбең етіп, 

Ақ үйдің қылаң берші жапсарында. 



508. ТУҒАН ЖЕР

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім, 

Тентек ел талқысына тастап кеттім. 

Болсам да шұбар жылан іштен шыққан, 

Қарғамас деген сенім сақтап кеттім. 

 

Қарғама, жалғызыңды-ай! 



Туған ел, амандасам жас-кәріңе,

Бірге өскен құрбы-құрдас, дос—бәріңе. 

Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге, 

Аласың мені не деп естеріңе?

 

Туған жер, енді аман бол! 



509. ТҮЛКІ ТЫМАҚ 

Кигенің басындағы түлкі тымақ-ай!

Жігітке жарасады өнер қумақ

    өнер 

қумақ-ай. 


330

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Жігіттер, тату-тәтті өмір сүргің-ай!

Жоқ дейді бір тусақ та бірге тұрмақ, 

    бірге 

тұрмақ-ай!

Дүние өтерінде сынаптайсың,

Таулардан жылжып аққан бұлақтайсың. 

Басына талай ердің аттай теуіп,

Сұм ажалға қайда барып тұрақтайсың. 

Дүние жеткізбейді қуғанменен,

Өтеді күндер, шіркін, думанменен. 

Жатасың жалғыз өзің жапан түзде,

Атадан алтау болып туғанменен. 



510. ТІЛЕУҚАБАҚ 

Айқайлап ән саламын Тілеуқабақ,

Керілер, өлең айтсам, қас пен қабақ. 

Көңілдің қуанышын жырға қосып,

Келді ғой бар дауыспен шырқайтын шақ. 

Әніме мен салайын Тілеуқабақ, 

Керілер, өлең айтсам, қас пен қабақ. 

Көңілдің жатсам, тұрсам тілегі сол

Бергей деп маңдайыма бармақтай бақ. 

511. УА, ДАРИҒА, ҚАЛҚАШ

Уа, дәриға, 

Қалқаш, а-ау, сылаң қағып бұраңдайсың, 

Дүние-ау, өтер десем, тіл алмайсың. 



330

331


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы: 

Сәулелі жарық айымсың, 

Бақытымсың, барымсың. 

Дәриға, мына жалғанда

Таңдап бір сүйген жарымсың. 

Уа, дәриға,

Нұрысың-ау, дүниенің алып тұрған, 

Күйігің-ау сенің мені зарықтырған. 



Қайырмасы: 

Сәулелі жарық айымсың, 

Бақытымсың, барымсың. 

Дәриға, мына жалғанда

Таңдап бір сүйген жарымсың. 

Уа, дәриға, 

Қалқам а-ау, сенбедің ғой, сенің үшін, 

Кеудемде жалын барын жанып тұрған. 



Қайырмасы: 

Сәулелі жарық айымсың, 

Бақытымсың, барымсың. 

Дәриға, мына жалғанда

Таңдап бір сүйген жарымсың. 

512. УА, ШІРКІН 

Қартайып кәрі болдық, уа, шіркін, 

 

 

 



қал кеткен соң-ай,

Басыңнан жастық ұшып, ау, шіркін, 

   сән кеткен соң-ай.


332

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қадірің, міне, бүгін, уа, шіркін, 

   бір 


тиындық-ай,

Басыңнан қайрат ұшып, уа, шіркін, 

 

 

 



жан кеткен соң-ай.

Бір кезек, міне, айналып бізге келді,

Басына не түспейді ғазиз ердің.

Тәңірге тәуекел ет, сабыр ойла,

Іс өнбес уайымнан ғаріп көңілің.

513. УӘРИДАЙ-ӘККАЙ

Күреңді талға байлап-ай мінген қандай,

Қалқамен күліп-ойнап-ай жүрген қандай? 

 

 



күліп-ойнап жүрген қандай. 

Аулыңа осы жолы-ай бармақ едім,

Қайтейін бара алмадым-ай, жерің шалғай,

 

 



бара алмадым, жерің шалғай. 

Қайырмасы: 

Уә-ри-дай, әк-кай! 

Уә-ри-дай, әк-кай!

Уә-ри-дай. Уә-ри-дай, 

Уә-ри-дай, уә-ри-дай. 

Жаттық жоқ жақсы адамда деуші едіңіз,

Жаманды жақсы десе болар семіз. 

Аулыңа бізден бұрын бара қалсаң, 

Қалқаға үш қайтара сәлем деңіз. 

Қайырмасы: 

Уә-ри-дай, әк-кай! 

Уә-ри-дай, әк-кай!

Уә-ри-дай. Уә-ри-дай, 

Уә-ри-дай, уә-ри-дай. 


332

333


ӨЛЕҢДЕР

514. УГӘЙ-АЙ

Қалың шыңнан қаршығам, әй, қаз алмайды, 

Ескі дұшпан ел болып тазармайды. 

Угәй-ай, ән салшы, қыз-бала-ай. 

Іші пұшпақ ішіктің, әй, сырты сәтен, 

Етек-жеңін мәшине ажарлайды. 

Угәй-ай, ән салшы, қыз-бала-ай. 

Керегенің көзінде оймақ тұрар, 

Кедейшілік кісіге қой бақтырар. 

Угәй-ай, ән салшы, қыз-бала-ай. 

Алған жары жігіттің болса жақсы, 

Ойдағыдай алдында ойнап тұрар.

Угәй-ай, ән салшы, қыз-бала-ай. 

515. ҮКІЛІ ҚОҢЫР ҮЙРЕК

Ақ көйлектің етегін алтындаған, 

Ақ жамбыдай ажарың жарқылдаған. 

 

Қарғам-ау, жарқылдаған. 



Сексен үйрек шықса да серуенге, 

Сен қоңыр қаз ішінде саңқылдаған. 

 

Қарғам-ау, саңқылдаған. 



Қайырмасы: 

Үкілі үйрек, қоңыр қаз-ай, 

Ғашық едім, жан еркем-ау, 

Былтырғы күз, биыл жаз. 

Бәйге құмар қара кер құнанындай, 

Өрге жүзер талапты ер ұланындай. 



334

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Өнерімен ел сүйген, беу, замандас,

Түз бүркіттің туыпсың қыранынан. 



Қайырмасы: 

Үкілі үйрек, қоңыр қаз-ай, 

Ғашық едім, жан еркем-ау, 

Былтырғы күз, биыл жаз. 



516. ҮКІЛІМ-АЙ

Бір сай шығар бір сайдың тарауынан,

Қоссам келер бәйгеден қара құнан.

Сүтпен жу да шашыңды, балмен тара,

Түсер алтын домалап тарағыңнан.

Қайырмасы: 

Ой-хой, үкілім-ай!



517. ҮРИ-АЙ

(1­нұсқа)

Белде еді-ау, аулың сенің бел тұрғанда

Желп етер орамалың жел тұрғанда-ай, ү-ри-ай. 

Біреудің-ау, күн мен айын не қылайын,

Күлімдеп қарсы алдымда сен тұрғанда-ай, ү-ри-ай. 

Бұлбұлдың даусы жақсы сайрағанда,

Тарантас қозғалады майлағанда. 

Өтпейді ішкен асым тамағымнан, 

Қалқатай не болар деп ойлағанда. 

Ақ маңдай, нұрың қызыл, қара қасың, 

Ақ саусақ ұзын біткен қолаң шашың. 


334

335


ӨЛЕҢДЕР

Серт берген ауызынан, жан серігім,

Дерт болды сен жоқ жерде ішкен асым. 

518. ҮРИ-АЙ

(2­нұсқа)

Мынау айлар, қай айлар, туған айлар, 

Жомарт елдің жоқшылық қолын байлар. 

   Ә-ә-ха-у, 

ү-ри-ай. 

Жақсысы бар өлеңнің, жаманы бар, 

Қандай өлең айт дейсіз, ағатайлар.

   Ә-ә-ха-у, 

ү-ри-ай. 

Жастар өлең айтқанда сәнімізбен, 

Бастап ақыл сұрайық кәрімізбен.

   Ә-ә-ха-у, 

ү-ри-ай. 

Оралыңның барында ойна да, күл, 

Дүние шіркін өтеді бәрімізден. 

   Ә-ә-ха-у, 

ү-ри-ай.

519. ҮРИДАЙ

Күреңді талға байлап мінген қандай,

Қалқамен күліп-ойнап жүрген қандай, 

   Үридай, 

үридай! 

Ауылыңа осы жолы бармақ едім, 

Қайтейін, бара алмадым, жерің шалғай,

   Үридай, 

үридай! 


336

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы:

Үридай, сәулем, үридай әй-хай, 

Үридай, үридай, сәулем,

Үридай, үридай! 

Жаттық жоқ жақсы адамда деуші едіңіз, 

Жаманды жақсы десе, болар семіз. 

   Үридай, 

үридай! 


Ауылына бізден бұрын бара қалсаң, 

Қалқаға үш қайтара сәлем деңіз. 

   Үридай, 

үридай! 


Қайырмасы:

Үридай, сәулем, үридай әй-хай, 

Үридай, үридай, сәулем,

Үридай, үридай! 



520. ҮШ ДОС

Мыс та алтын, жез де алтын-ай, 

    алтын 

да 


алтын, 

Бұл күнде алтын бар ма жарқылдайтын, уай! 

Құрбылар, осындайда-ай, ойна да күл, 

Кім қалар таразыға тартылмайтын-ай.



Қайырмасы: 

Уари-дай, ори-дай, 

Е-рида-дай, уа-риди-дай. 

521. ҮШ ҚЫЗЫЛ ГҮЛ 

Жаныңа жанды қосып болып ек дос, 

Сол сезім не себептен қалды екен бос. 


336

337


ӨЛЕҢДЕР

Айтқаны бұрынғының рас екен

Далада қалады деген итке артқан қос. 

Қайырмасы: 

Уай, қарағым, енді есен бол, 

Енді есен бол. 

Қолыма ақ тұйғын деп қондырғаным, 

Бір сөзді есіткен соң болдырғаным. 

Ішіне бір сарайдың қамап кетіп, 

Жарай ма мені сонша тоңдырғаның.

522. ҮШ ТАС

(«Үш дас» немесе 

«Дегенде перуайым, перуайым»)

Дегенде перуайым, перуайым,

Түседі, сені ойласам, сары уайым.

Өзімнің тұсымдағы жұлдызымсың,

Қазақтың не қылайын күн мен айын?!

Мыс та алтын, жез де алтын, алтын да алтын,

Бұл күнде алтын бар ма жарқылдайтын.

Құрбылар, осындайда ойна да күл,

Кім қалар таразыға тартылмайтын?

523. ХАЙЛӘЙЛІМ 

(1­нұсқа)

Күн батар кешке жақын таудан асып, 

Шапақтап қызыл алтын нұрын шашып. 

Ымырт пен күн батардың арасында, 

22-0256


338

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қосылар екі ғашық амандасып. 

 

Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім. 



Өткен соң көрген қызық көрмегендей, 

Жас дәурен жанған жалын өрлегендей. 

 

Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім. 



Жігіттік көк семсердің жүзі емес пе, 

Қайрап-ап қалың жауға сермегендей.

 

Хайләйлім, хайлалай, ләләйлім. 



524. ХАЙЛӘЙЛІМ

(2­нұсқа)

Түйенің шудасы ақ айға батқан,

Шешесі қыз сорлыны неге тапқан.

Шешесі қыз сорлыны тапқаннан соң,

Әкесі шырылдатып малға сатқан.

Ақбастан бұзау қудым құлдыратып,

Шашыма шашбау тақтым сылдыратып.

Ағайын мал алдық деп қуанады,

Барады іші-баурым ылбыратып.

Домбыра тым қолайлы көсілуге,

Жылайды жас балалар бесігінде.

Ардақтап әлпештеген қайран басым,

Жүремін әлдекімнің есігінде. 

525. ХАЙЛІМ 

Айт дегенде өлеңді бастаушы едім, хайлім, 

Серік болса қасымда, саспаушы едім, 

     хайлім, саспаушы едім. 



338

339


ӨЛЕҢДЕР

Бір-екі ауыз өлеңді айтқаннан соң, хайлім, 

Құрбыларым айтсын деп тастаушы едім, 

 

 



 

хайлім, тастаушы едім. 

Айт дегенде өлеңді аян болмас, 

Аялаған жаныңды алмай қоймас. 

Үлкен де отыр, осы үйде кіші де отыр,

Айт дегенде көпшілік, айтпай болмас. 



526. ХАЛАЛА 

Ой қалқа, талпынушы ең бала құстай.

Аулыңа неше келдім ала қыстай.

Бір жаман мал бердім деп алар, кетер,

Тұйғыннан жем айырған қара құстай.

Деген соң қара бедеу, қара бедеу,

Шығады күз болғанда ақша селеу.

Алыстан ат терлетіп келгенімде,

Болғайсың ым қаққанда өзің медеу. 

527. ХАЛӘЛӘ-КҮЛӘЙЛІМ

Хат жаздым қалам алып-ай, шырағым-ау-ай.

Лебізің таудың таза-ай, бұлағындай,

    Халәлә, 

Күләйлім.

Көзіме көрінесің-ай, жарқ-жұрқ етіп-ай,

Киіктің тауда ойнаған-ай, ылағындай,

    Халәлә, 

Күләйлім.

Хат жаздым қалам алып ақ қағазға,

Түсінер есті құрбы айтқан назға.


340

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Қалқашым, көздер жоқта көңілдесім,

Аулыңа мен барамын келер жазда.



528. ХАЛИЛЕМ-АУ

Тартады тау жадағай обасы жоқ, 

Көрінер көл жадағай қоғасы жоқ. 

Жігітке қайыры жоқ адам ермес, 

Мал тұрмас құба жонға панасы жоқ.

Қайырмасы: 

Халилем-ау! 

Халиләли-ау!

Халилем-ау! 

Құба жонға панасы жоқ-ай. 

Әр таудың өзіне тән қиясы бар, 

Қияның шөбін шаппа миясы бар. 

Өлеңді айт дегенде бөгелмеймін, 

Жел сөздің көмейімде ұясы бар. 

529. ХАЛЫҚ ӘНІ

(1­нұсқа)

Ат баста шылбырыңды жимаған соң,

Жігіттік терең қалды симаған соң.

Жасымда ойнап-күлген, жан қалқатай,

Жылайсың қолымды ұстап қимаған соң.

Қайырмасы:

А, шіркін, қимаған соң

Лияля лиля . . . . . . . . . .


340

341


ӨЛЕҢДЕР

А, хат жаздым қалам алып қара сия,

Ғашық жар, тұра алмаймын көңіл зия.

Бағдаттың шаһәрында ғашық болсаң,

Не болған көз жіберсең әннәзия.

530. ХАЛЫҚ ӘНІ

(2­нұсқа)

Аспанда ай нұрланар толған сайын,

Кей пәнде не демейді болған сайын.

Болғанда ашу—пышақ, ақыл—таяқ,

Таяғың таусылмай ма жонған сайын.

Жапанға бітер сайда бір бәйтерек,

Жігітке бітсе дәулет, ақыл керек.

Өнерді үйрен-дағы жирен деген,

Жамиғат, қор болмайсың, болсаң зерек.

531. ХАЛЫҚ ӘНІ

(3­нұсқа)

Келіп ем ақ тұйғын боп ілейін деп,

Жақсыңды, жаманыңды білейін деп.

Дәрияның ортасында сен бәйтерек,

Мен келдім бұтағыңа түнейін деп.

Дәрияның ортасында бір топ мия,

Ертегі көйлегіңнің бәтәрия.

Болғанда сексен сия, тоқсан пия,

Кетесің қайтып тастап көзің қия.

Сен-дағы қаракөктің тұқымы едің,

Өзіңмен ойнар ма еді, о, дариға!


342

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



532. ХАЛЫҚ ӘНІ

(4­нұсқа)

Бір қылаң шыға келді құлпырып-ай,

Білектен ұстай алдым ұмтылып-ай.

Япырай, мынау неткен әдепсіз деп,

Қолымнан шығып кетті жұлқынып-ай.

Боз бие саудырмайды бөгелектеп,

Бұған да шандоз шашып жебелектеп.

Кешқұрым ақ білектен ұстай алсаң,

Тұрады күлімсіреп не керек деп.

Барады аулым көшіп таулы құмға,

Кербездің кір жұқпайды жаулығына.

Біреулер бай болдым деп қуанып жүр,

Мен өзім қуанамын саулығыма.

533. ХАНШАЙЫМ

Сүйікті Ханшайым жарым едің, 

Сені іздеп ақ боз үйге барып едім. 

Көңілдің ғашық отын сөндіре алмай,

Тотыдай жүз құбылып қалып едің. 

Қайырмасы

Ей, Ханша задам, 

Жазда келем.

Нұрыңа ғашық болған

Мен бір адам. 

Ханша сізге кетті көңілім ауып,

Бекерге кемітпеңіз жала жауып. 

Сыры бір, қыры сегіз құрбым деп біл,

Жігіт деп әлдеқалай қылма қауып. 


342

343


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы

Ей, Ханша задам, 

Жазда келем.

Нұрыңа ғашық болған

Мен бір адам. 

534. ХАРАРАКУРА-РАЙ

Көп болды көрмегелі, қалқам, сені, 

Ғашық от сарғайтады асқан шегі. 

Соңғы хат жазғаныңа көп күн өтті, 

Бір ауыз хабарың жоқ содан бері. 

Қайырмасы: 

Хараракура-рай, арара-рай

Лилаләку, лиләли, ләлилди. 

Сарғайдым санаменен сені ойлай, 

Көрген күн өтті, кетті, болған тойдай. 

Көлеңкең көкейіме түссе, қалқам, 

Басады қалың уайым, қашсам, қоймай.

535. ШАЙЗА

Қырмен келмей замандас саймен келдің, 

Екі аяғың салаңдап таймен келдің, ой, жаным. 

Жамандарға отыр ем қарамастан, қарамастан, 

Екі көзің жаудырап қайдан келдің, ой, жаным. 

Ойлай жүргің, есіңе ап ұмытпастан, 

Қамыққанда сен едің көңілді ашқан. 

Қосыла алмай өзіңмен армандамын, 

Өзің едің құмарым бала жастан. 


344

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



536. ШАНДОЗ

Қайыңдыдан ән салдым құлап тұрып-ай, 

Қызыл шарқат ойнаймыз-ай, ылақтырып, 

    Шандоз-ай. 

Айтқан сөзі еркемнің естен кетпес-ай, 

Үзеңгіге сүйеніп-ай, жылап тұрып, 

    Шандоз-ай. 

Кең Жылойдың ішінде үйдім пішен, 

Үйдемісің, аққұба аттан түсем. 

Дүниенің қызығы күлген ойнап,

Күреңдеткен қолыңнан бір шәй ішем. 

537. ШАНШУЛАҒАН ЖІГІТТІҢ 

ӨЛЕҢІ

Ішім аурып барады шеміршегім

Жамал қыздай болсайшы келіншегім-ай.

Қайырмасы: 

Тәнім-ау,

Талма бел,

Жаным-ау.

Күнім-ай,

Күнде базар, ей, күнім-ай.

Шіркін-ай,

Қалампір бір күл-ай.

Өй . . . . . . . . . . . .

. . . . . . . . . . . . . . . .



538. ШӘМСИ 

Шәмси-Қамар секілді Дұхтар-Бану,

Кісі қайда көңілді сіздей табу.


344

345


ӨЛЕҢДЕР

Жігіттіктің бұл-дағы нысанасы,

Айтқан сөзің құрбыңа жетпей қалу.

Қайырмасы:

Ахау! 


Сен-дағы Бағдатта Шәмсиядай, Дахида, ай, 

Шәмси-ау, шіркін, көңіл-ау, таусылама-ай.

Осы тойда бұл хатым өтпейді деп,

Айтқан сөзім құрбыға жетпейді деп.

Сабыр сақтап азғантай біз отырмыз,

Бұйырған дәм ешқайда кетпейді деп.



Қайырмасы:

Ахау! 


Сен-дағы Бағдатта Шәмсиядай, Дахида, ай, 

Шәмси-ау, шіркін, көңіл-ау, таусылама-ай.



539. ШӘМШІ ҚАМАР

(1­нұсқа)

Шамшы қамар секілді духтар Бану, 

Кісі қайда Зарлықтай сөзді тану. 

Ұғымтал зерекпенен бәрі бірдей,

Сөзіңе айтып тұрған құлақ қану. 

Қайырмасы: 

Тағында Бағидатта, Шамсияда,

Дахида көңіл шіркін таусыла ма. 

Әритай-әритай-әритай, әритай-ай! 

Қан қайнап, жүрек тербеп көңілім мас, 

Болғанда сізде сұхбат, бізде ықылас. 

Ақ иық лашынға тап бергендей, 

Көңілдің өз басыңа соғуы рас. 



346

ӘН-ӨЛЕҢДЕР



Қайырмасы: 

Тағында Бағидатта, Шамсияда,

Дахида көңіл шіркін таусыла ма. 

Әритай-әритай-әритай, әритай-ай! 



540. ШӘМШІ ҚАМАР 

(2­нұсқа)

Шәмші Қамар секілді туар ма жан, 

Тәрбие алып өсті екен қай анадан. 

Ғашықтықтың сүйіскен шын белгісі,

Алдақашан берілген ынтам саған. 

Қайырмасы: 

Пау, шіркін, Бағдатта, Шамсиада,

Дахида көңіл шіркін таусып алма. 

Құмар болдым жасымнан, жаным, сүйіп, 

Жігіттікке жеткен соң есім жиып. 

Жазғы гүлдей майыздан, сүйген сәулем, 

Кетесің бе шыныңмен мені қиып? 

Қайырмасы: 

Пау, шіркін, Бағдатта, Шамсиада,

Дахида көңіл шіркін таусып алма. 

541. ШӘПИБАЛУ

Қалықтап қанат қағып сұлу үнің,

Жібектей жайнатады жанның гүлін.

Ақынның толқындаған қиялында,

Түрлентер шабыт айдап, ойдың түрін.


346

347


ӨЛЕҢДЕР

Қайырмасы:

А, Шәпибалу, ай,

Уа-ра-рай-рай! 

Уа-ра-рай-рай! Уа-ра-рай-рай.

Тамағың шағылысқан күн нұрына,

Шамдайын көзің жанған жан сырына.

Жұп-жұқа қызғылт ернің қыбырласа,

Әлемнің ән ереді ой-қырына.



542. ШӘРИЗАДА 

Ән салсаң, өзімдей сал ырғақтатып, 

Кей маңғаз шоқ тағады бұлғақтатып. 

Қыз мінез қызылша аттың жорғасындай, 

Салайын, келсе даусым, сырғақтатып. 

Қайырмасы:

Ей! Қарағым-ай, Шәризада, ай! 

Айта көр әдемілеп әнге салсаң, 

Тіпті қой, осы әніме сала алмасаң. 

Бәйгеден келген кердей тұра алмаймын

Домбыра екі ішекті қолыма алсам. 



543. ШӘУКЕН

Қарындас, қолға ал десең, қолға алайын, 

Сіздермен достасуға ыңғайлайын. 

Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда, 

Алдында шаппай, желмей жорғалайын. 

Алдында шаппай, желмей, Шәукен-жан, 

    жорғалайын. 


348

ӘН-ӨЛЕҢДЕР

Шетіне орамалдың түйдік тасты, 

Ғашығым келетұғын қиғаш қасты. 

Салғанда осы әнге қоңырлатып, 

Алдыма алып келер қолаң шашты. 



544. ШЕРУБАЙ

Астыма атым мінген көкшесін-ай,

Көкшенің мен мінемін-ей-ай-ау, бөксесіне-ай.

Үйінде Қаусыбайдың бір қызы бар,

Бір қарайды, екі басып өкшесіне-ай-ай-ай.

Қайырмасы: 

Ей, охо-ай, 

Өкшесіне, ох-ай, өкшесіне-ай-ау.

545. ШИЛІ ӨЗЕН

Айналайын атыңнан, алтыным-ай, 

Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай. 

Шилі өзен қамыс-ай, 

Бізді ойлай жүр таныс-ай. 

Сіз дария болғанда мен қоңыр қаз, 

Бауырым төсеп бетінде қалқыдым-ай. 

Шилі өзен қамыс-ай, 

Бізді ойлай жүр таныс-ай. 

Айналайын қарағым, кекілдім-ай, 

Балапаны аққудың секілдім-ай. 

Шилі өзен қамыс-ай, 

Бізді ойлай жүр таныс-ай. 

«Қолда барда алтынның қадірі жоқ», 

Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай. 


348

349


ӨЛЕҢДЕР

Шилі өзен қамыс-ай, 

Бізді ойлай жүр таныс-ай. 

546. ШҰБАРТАУ

Кигенім үстімдегі-ай, тиін бе екен, 

Көтерген тиін ішік иін бе екен-ай! 

Домбырам бес саусақпен-ай, ақылдасса, 

Күй шертіп, өлең айту қиын бе екен-ай! 

Шұбартау басың биік, 

Баурың шалғай, а-а-а-ай! 

Аспанда қос балапан-әй, қалықтаған, 

Ұшуға ұзақ күйге жалықпаған, әй! 

Қанатын қағып ұшып-ай, жоғары өрлеп, 

Көз салып айналаға шарықтаған-ай! 

Шұбартау басың биік, 

Баурың шалғай, а-а-а-ай! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет