І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Миф
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады. Халық ауыз әдебиетінің асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, аңыз әңгімелер, халық ауыз әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте мүмкін емес. “Халқым қандай десең, салтынан сынап біл” деген екен. Ұлттың салт-дәстүрі арқылы сол ұлттың менталитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен даралығынан хабардар етіп тұрады. Елбасымыз болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз, - деген болатын. Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық ауыз әдебиетін жүйелі пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады. Қазақтың “тектілік” деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар жатыр. “Текті” деп білім қуып, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды-инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз. Ал “текті” ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін тәрбиемен қоса, мектеп қабырғасында берер алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан басталады. Білім негізі – бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы шарт. [31] Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жас жеткіншектерді жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. жүктеу/скачать 256 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |