Ертегі әлеміне саяхат
2-сынып
Сабақтың мақсаттары: 1)Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен,ертегі кейіпкерлерімен таныстырып,ұлттық рухани біліммен қаруландыру:2)Оқушының тілін,қиялын,сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту:3)Оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ертегілер тақырыбына байланысты суреттер,ертегілер кітабынан көрме, бейнетаспа, ертегі кейіпкерлері.
2.2 Әдебиет сабақтарында әңгімелерді оқыту жолдары
Бастауыш мектептің 1 сыныбының ана тілі оқулықтарында аңыз-әңгімелердің бірнеше түрі берілген. Мысалға алатын болсақ:
Менің атым Бөлтірік.
Жетісуды билеп тұрған Тезек төреге барғанда, төренің айтыспақ ыңғайын байқап, Бөлтірік былай деген екен:
- Менің атым – Бөлтірік,
Шаршы топта сөйлейтін
Сөз мәнісін келтіріп.
Ұры менен қарының
Берекесін кетіріп.
Айтыспағың болса егер,
Кетемін сөзбен өлтіріп.
Досболдың тапқырлығы.
Досбол мен Бала би бір үйде түстеніп отырса керек. Үй иелері түстікке күріш бұқтырып, үстіне сары май салып әкеліп қояды. Бала би сонда еріген сары майды өз жағына қарай алғызуды ойлап:
Досеке, жасымыздан бірге өскен қатар едік, егіз едік. Атам өлді- келмедің, шешем өлді – келмедің, -деп,-күріштің бетінен өзіне қарай екі жол тартып қояды.
Жолдасының қулығын сезе қойған Досбол:
Рас – ау, мен сені ұмытайын деп жүр деймісің. Жүргіншілік көп. Ел іші ұйқы-тұйқы болған кез ғой,- деп, сары май мен күрішті араластырып жіберіпті.
Ел аузынан.
Қожанасырдың тойға баруы.
Баяғыда біреу той жасапты. Тойға көп кісі жиналыпты. Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жұпыны екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық ,тамақ іш » демепті.
Қожа үйден шығып кетеді де, үйіне келіп тәуір киімдерін киіп, қайта келеді.
Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
Қожеке, алыңыз, алыңыз!- деп қошеметтейді.
Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
Же, шапаным,же!-деп отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұл не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді?-дейді.
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапанымды жегізіп отырғаным! – деп жауап береді. [12]
Алдар көсе мен бай баласы.
Бір күні Алдардалада жаяу келе жатса, алдынан бір салт атты кездесе кетеді. Амандық айтып, жөн сұрасқаннан кейін:
- Атың кім? –жаңағы кісі Алдарға.
- Атым – Алдар.
- Әй, сен әлгі алдамшы Алдармысың?
- Иә.
- Кәне, мені алдашы.
- Ойбай!-деп санын бір-ақ соғадысонда Алдар. –Алдауыш ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы, алып келейін.
Бай баласы атынан түсіп, атын береді. Алдар былай шыға беріп:
Алдаған деген осы болады, қош бол!- деп, шаба жөнеледі. Бай баласы алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-ақ срғады.
Арыстан мен түлкі.
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатып:
Аурумын,жүруге әлім жоқ,-деп, барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.
Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?-деп, көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, біраз сөйлесейік,-деді арыстан
Түлкі:
Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ!-деп, жүріп кетіпті.
Осындай баланың жас ерекшелігіне сай берілген шағын аңыз әңгімелердің бірнеше түрлерімен 1 сыныпта танысады.
2 сыныпта тағы да аңыз-әңгімелердің бірнеше түрлері берілген.
Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыздағы әңгіме тарихта болған адам төңірегінде құралады. [7]
Қожанасыр мен Алдар көсе.
Қожанасыр мен Алдар көсе Ыстықкөл жағалауында келе жатып, Алдар көсе Қожанасырдан:
Қожеке, мына көлден неше шелек су шығады екен?-деп сұрапты.
Қожанасыр ойланбастан жауап беріпті:
Осы көлдей шелек тапсаң, бір-ақ шелек шығады,-деп жауап беріпті.
Үш сом.
Бір күні Қожанасыр Алдарға:
- Мына үш сомға қой сатып әкел,-депті.
- Жарайды, -дейді де, Алдар бір қойшыға келіп:
- Ата, мына үш сомға бір қозы берші,-деп жалынады. Қойшы қуанып бір қозы береді. Біраздан соң Алдар қайтадан келіп:
- Ата, үш сом да, қозы да сенікі. Маған бір тоқты бер,-депті.
Қойшы қуанып бір тоқты береді. Біраздан кейін Алдар қайтадан келіп:
- Атажан, үш сом да, қозы да, тоқты да сенікі болсын, маған бір қой бер, -депті. Қойшы қуанып:
- Таңдағаныңды ал!-дейді.
Алдар қойды Қожекеңе әкеліп береді.
Баласы өз үйінде ойнап жүріп бақыр теңге тауып алады. Оны көрген Қожа баланы көшеге алып шығып:
Кімнің теңгесі екен, халықтан сұра, - деп бұйырыпты.
Теңге тауып алдым, кімдікі? – деп бала айқай салған кезде Қожа:
Менікі, - деп қалтасына салып алыпты. – Рақмет, қарағым! Мұны іздемеген жерім жоқ еді. Кімнің баласысың? Кімнің баласы болсаң да, әкең сияқты адал екенсің? – депті арқасынан қағып.
Бала Жиренше
Әз Жәнібек жаяу мал қарап жүрген балаға кез болады.
Шырағым, елсіз жерде неғып жүрсің? – деп сұрайды.
Жалғыз түйемнен көз жазып қап, соны іздеп жүр едім, - деп жауап береді бала.
Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?
Түйемнің тұсауы өліп қалып еді, - дейді бала. Ол «әкем өліп қалып еді» деген сөзі екен.
Балам, біз қай үйге қонамыз?
Бір қой жеймін десеңіздер, қай үйге болса да қона бересіздер? Екі қой жеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар, - дейді бала. Ханның қасындағылар:
Мынау бір мырза бала екен, осының үйіне қонайық, - дейді.
Қонақтар үйге келген соң, бала бір буаз саулықты жетектеп келіп, «иллаһи амин» дегенде: «Шырағым, бойдақ қой жоқ па?» - деп ескертеді хан.
Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім. Екі қойжеймін десеңіздер, біздің үйге қонасыздар дегенім – осы емес пе, - дейді бала.
Қонақтар баланың жауабына қайран қалады. Бұл бала әлі жас
шешен Жиренше еді.
Күй құдіреті.
Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзіжасап алған домбырасымен күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда әлгілер қамығып жылай бастайды. Және бір күй тартқанда, бәрі маужырап ұйықтап қалыпты. Фараби «Бұл күйлерді тартқан - Әл-Фараби » деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де таба алмапты.
3-сыныптың ана тілі оқулығында аңыз-әңгімелерге 4-сағат берілген.
Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры.
Бір күні Қожанасыр асханаға келсе, асхананың иесі бір кедей адамды сабап жатыр екен. Қожанасыр араға түсіп арашалайды. Бишара кедейді соққыда босатып алады. Жанжалдың неден басталғанын, кедейді неге сабап жатқанын сұрайды.
Сонда асхананың иесі тұрып:
Бұл оңбаған кедей маған тиісті ақшасын төлемей кетіп барады,. Соның үшін сабап жатырмын,-дейді.
Ол сізге не үшін ақша төлеуге тиісті еді?-дейді Қожанасыр.
Бұл кедей менің асханама келіп, домбырасындағы нанын қолына алып, ұзақ отырды. Көпке дейін жемеді. Асханадағы тамақтардың дәмі нанға әбден сіңіп болғаннан кейін, рақаттанып нанын жеді де, шығып жүре берді. Ол нанға сіңген тәтті тамақтардың иісі үшін маған ақша төлеуге тиісті,-дейді асхана иесі.
Дұрыс екен. Ал, енді сіз айтыңызшы,-дейді Қожанасыр кедейге.
Менің асханаға келгкенім де рас, босағада отырып нанымды жегенім де рас. Өйткені мен асханаға кіргенде, тамақ ішсем деп кіріп едім. Қалтама қолымды салып қарасам , екі-үш бақыр ақша ғана бар екен. Бұған тамақ келмейтін болды. Содан кейін «бай қалған сорпа-суын бермес пе екен» деген оймен нанымды қолыма ұстап, босағада ұзақ отырдым. Бірақ қайырымсыз бай ештеңе бермеді. Амал не, өз нанымды жедім де , шығып жүре бердім. Осының үшін ақша төлеуге бола ма, тақсыр! –кедей адам, Қожанасырға мұңын шағып.
Бұ да дұрыс екен. Сіздің ақшаңыз бар ма?-дейді Қожанасыр кедейге.
Аз ғана бақыр ақшам бар,-дейді кедей.
Иә, аз да болса төлесін, ақша төлемей тұрғанда мен жібермеймін оны,-дейді асхана иесі екіленіп.
Байеке, сіз тұра тұрыңыз. Бұл кісімен өзім сөйлесейін,-дейді Қожанасыр.
Түсіндіріп айтыңыз ақымаққа, төлсін!-дейді үміттеніп.
Сіз бақыр ақшаңызды маған бере тұрыңызшы,-дейді Қожанасыр кедейге. Кедей адам біраз ренжіп барып, қалтасындағы бақыр ақшаларын Қожанасырдың алақанына салады. Қожанасыр бақыр ақшаларды қолына қысып тұрып:
Бері келіңіз, байеке!-дейді.
Ақшаға арын сататын бай көңілденіп, Қожанасырдың жанына жетіп келеді. Қожанасыр ақша ұстаған қолын байдың оң құлағының түбіне таяп тұрып, ұзақ сылдырлатады. Ақшаның сылдырын естіп, бай күлімдей түседі. Қожанасыр одан күштірек сылдырлатады. Ұзақ уақыт сылдырлатқаннан кейін, Қожа бақыр ақшаларды кедейдің қалтасына кері салады да:
Ал, сіз жөніңізге жүре беріңіз,-дейді.
Кедей бишара аз да болса, ақшасының қалтасында қалғанына қуанып, Қожанасырдың қолын алып, жүруге ыңғайланады.
Қожеке, мұныңыз қалай, ақшамды неге төлетпейсіз?-дейді бай.
Сонда Қожанасыр тұрып:
Байеке, әділдікке көшелік. Дұрысында ол сіздің тамағыңызды жеген жоқ. Иісін ғана иіскеді ғой. Ал сіз оның ақшасының сылдырын тыңдадыңыз. Сондықтан сіздің артық кеткен борышыңыз жоқ кедейдің мойнында. Тамағыңыздың иісі ақшаның сылдырымен төленді-дейді.
Бай сөзден жеңіліп, аңырып қала береді. Кедей бишара Қожанасырға риза болып қайта-қайта қолын алады да, өз жөніне жүре береді.
Әке мен бала.
Бір адам баласын ертіп салт атпен жолға шығыпты да, кешке бір ауылға кеп қоныпты. Жатарда аттарын отқа қоймақ болып, ер-тоқымын аларда әкесі баласына
Балам, атыңды тұсап жібер, ертең әуре болып жүрме.-депті. Сонда баласы:
Күнде мұның аяғын ешкім тұсамйтын, тұсап не қыламыз,-ер-тоқымын алып, бос жіберіпті. Әкесі баласына ештеңе айтпай, өз атын тұсап жіберіпті де, жатып қалыпты. Түнде баласының аты үйренген жағына қашып кетеді. Сонда әкесі тұрып:
Көрдің бе, балам, кеше аттытұсап жіберуге, аз жұмысқа ерініп едің. Енді бүгін жолыңнан қалдың. « Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер» деген осы,-депті де, жүріп кетіпті
4-сыныптың ана тілі оқулықтарында аңыз-әңгімелердің бірнеше түрі толық берілген.
Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.
Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін орманды, көкорай шалғынды, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жайлы қоныс іздейді. Жүрген жерінде жақсы-жаман қонысқа баға беріп отырады.
Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, тақырдың бетіне, шөлдің өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас» деген екен.
Асан қайғы Маңғыстауға үш барып, үш қайтыпты: «Түбінде, мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас» депті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының бұтағы сайын жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен» депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес» деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде: «Ей, Аспара; көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер!»деп жүріп кетіпті.
Шу өлкесін көргенде: «Ей, Шу,атыңды теріс қойыпты! Тегінде бір шулығың болмасаң, мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес» депті. Шудың аяғында Сарысу елі малға шөп шаппай, Шудың қамысын қымтап, жаз Арқаны жайлайды екен.
Әудиеатаның шығысында аққан Талас, батыс жағында сарқыраған Келес өзендеріе көргенде: «Ей, екі Талас, бір Келес, малсыз күнің кенелмес, жеріңде жайылған малға жұт болмас!» деген екен.
Жуалы жеріндегі Ауан дейтін Қаратопырақты егістік аймақты көргенде: « Шөбің семіз, қырың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер» депті.
Ақмешіт тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: « Ей,Ақмешіт,жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан дүз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басына байлық қонар, жұртың ашықпас» деп жүріп кетіпті.
Шыңғырлау өзенін көргенде Асан Желмаясынан түсе қалып, көлігін суарады: «Жылқының өзі өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірген екенсің!» деп қонып кетіпті.
Бірақ Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке таба алмай, Ұлытаудың бас жағына келіп дүниеден көшіпті.
Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай.
Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Көңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тоймаса да көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе, оның жауабы:
Шық, әй!-екен. Осыдан жұрт оны «Шығайбай» атап кеткен екен.
Шықбермес Шығайбайдың атын естімеген ел болмайды екен. Оның « Шық, әй-ін» естімеген жан болмайды екен. Қайтсем де Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылыпты.
Осы кезде Алдар көсенің де аты шығыпты. Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атаұ ел-елге жайылады. Ел аузындағы мәтелге айналады.
Әй, Алдарың қанша қу болса да, алдай алмас,-жұрт. Осы сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да есітеді. «Шықбермес Шығайбайды ырза бай етпесем, Алдар атым құрысын»-деп Алдар аттанады. Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп сапар шегеді. Күн –түн жүреді. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.
«Не істеп отыр екен бұл қу?» деп, атын алысқ тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды.
Сығаласа Шыайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйтіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.
«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» деп жылмаң етіп:
Кеш жарық!-деп кіріп барады.
Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш...» дегенді айтып болғанша, алдындағыларын жасыра-жасыра қойыпты. Шығайбай таспаны бәйбіше ұршықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп , қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады .
«Әй, әбден –ақ әккіленіп алған екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер» дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып, төр алдына отырып алады.
«Әй, көсе екенсің, жұртты қуратқан қу ма екенсің?! Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің?! Қу болсаң да, сұм болсаң да менен дәм тата алмайсың» дейді бай ішінен.
Қайдан жүрген адамсың? Қайда барасың? Не естіген-білгенің бар? –дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, көлімдеп, желдірте жөнеледі.
Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай...
Артық –кем қып асырмай
Шын айтқанды жасырмай:
Таспен ұрып жібердім,
Тоқал астындағы басындай.
Былш ете түсті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай,
Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай-
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай,-
дейді. [1]
Осыны айтқаннан кейін бай:
Шоқ түссін тіліңе!-деп астындағы қазысын лақтырып тастайды.
Тілің кесілсін!-деп бәйбіше нанын лақтырады.
Жағың қарыссын!-деп тоқал басты лақтырады.
Ішің толсын!-деп қыз тырнаны лақтырады.
Қазаныңды аса бер, бәйбіше, -дейді бай «амал қайсы» деген пішінмен. Бәйбіше қазанға ас салады да:
Отырайын он ай!-дейді Алдар етігін шешіп.-Кер тағының терісін келер жылы киермін,-деп, төрге орнығып отырады. Қазан түніменқайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады: «Мынау кәпір қашан жатады?» деп, үн жоқ қасарып бай да отырады.
Ақырында ұйқыдан шаршап шыдай алмай:
Әй, кемпір, төсек сал,-дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй іші ұйықтаған кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, ет орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбішесін оятады.
Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау ит!-деп сыбыр етеді. Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп:
Жат, жігітім, жат! Сазайың осы!-деп, аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды - болмайды.
Етіңе не болып кеткен, өңкей шандыр! –деп әйеліне ұрсады.
Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры бір бәле Алдардан келгенінбіліп, амалсыз аштан-аш жатады. Таңертең Шығайбай жолға шықпақ болып, бәйбішесіне: «Қонаққа көрсетней маған нан бер» дейді. Әйелі жерошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып, байдың қойнына тыға қояды.
Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады.
Е, байеке! Енді бұдан былай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысайық,-деп бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.
Ау, жарайды енді!-деген сайын қаттырақ қыса түседі.
Ау, мына ит жегірді ит жесін,мә!-деп қойнынан нанды лақтырып жібереді.
О, байеке, ит жегенше, мен жейін,-деп, Алдакең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді. Бай екінші күні тағы жол шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны көрсетпей ішіне байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар: «Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын, қоштасып қалайын» дейді де, құшақтасқан күйі торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп, Шығайбайдың мазасын кетіреді.
Торсықты амалсыздан Алдарға беріп, Шығайбай бұл жолы да аш кетеді.
Алдар көседен құтыла алмаған соң, бай Көсенің атын сойып алмақ болады. Алдар байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың аты да тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің еш айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зияны болса, өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сиырдың жас жапасын жағып жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қып қояды. Сөйтеді де орнына келіп жатып ұйықтайды.
Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін білген бай ішінен: «Тұра тұр,бәлем!» деп Алдарға ыза болып жүр еді. Алдар ұйықтады ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.
Міне, жігітім,сазайың!-деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне жатып ұйқыға кетеді. Таңертең бай орнынан тұрып жатып Алдарға:
Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Жарылып қалған сенің атың болуы керек,-дейді. –Сорлы, атыңды бақпай, қазан қағып жүрген не қылған адамсың?-деп қарқ-қарқ күледі.
Алдар тұрып:
Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса, менікі болар, бор қасқа болса, сіздікі болар,-дейді. Бай сонда құдайдың ұрғанынбір-ақ біледі де, орнынан тұра жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен. Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:
Жоғалт қараңды, сұм! Мен енді сені көрмеймін,-деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен әйеліне:
Мыны итті тез жөнелт!-дейді. Бай үйден ұзай берген кезде Алдар жақындап барып:
Етігім жыртылып, шылғауым шығып жүр. Бізіңді беріп кет,-дейді. Байдың бергісі келмейді. Алдар жабысып жібермейді.
Ақыры болмаған соң:
Ә, алсаң алшы, антұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір,-дейді. Алдар алғысты жаудыртып, күліп қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:
Ал бәйбіше, қызыңыз Қызыңыз Бізбикені киіндіріңіз, дейді.
Е, не үшін?
Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.
Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, -дейді.
Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал, деп сыртқа шығып, недәуір жерге қзап кеткен байдың артынан айғайлайды:
Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең, -дейді «біз» сөзін қатты айтып.
Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін,- деп айғайлайды бай.
Әне, естідің бе? дейді Алдар қасында тұрған әйелге.
Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа қыз беріп құтырған ба?- деп таңғалады әйелі. Қатын- қалашқа бой берген Алдар ма? Анау- мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді. «Алдардың ойына осылай болады» деп еліне тартып отырады.
Мұғалімдердің алдында тұрған міндеттерінің бірі-жас ұрпақты ұлттық рухани біліммен қаруландыру. Халық педагогикасының бөлігі-халық ауыз әдебиеті екені аян. Барлық сабақтарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану тиімді әдістердің бірі.
Халық ауыз әдебиеті арқылы оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту.
Халық мұрасы арқылы жан-жақты дамыту.
Тәлім сөз –тәрбие көзі.
Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов ”қазақ халқының халық ауыз әдебиеті – асыл қазынасы, оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек”-деген болатын.
Ұлы ғұлама ақын Абай ауыз әдебиеті түрлерін зерттеп, мақал-тәтел мәнін, маңызын ашып берген. Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде өз заманының татар молдалады қағидаларын қолданбай, халық аузында айтылып жүрген ”Асыл шөп”,” Асан мен Үсен” т.б. аңыз ертегілерді қолданған.
Тіршілік көзі-су. Ал тіршілік нәрі-күн десек, осы халық ауыз әдебиеті үлгілерін мына сызбамен түсінуге болады. [16]
-
-
Аңыз әңгімелер
|
|
Мақал-мәтелдер
|
|
Айтыс
|
-
Ертегілер
|
|
Жаңылтпаш
Жұмбақ
|
|
Шешендік сөздер
|
Күн- халық ауыз әдебиеті. Оның сәулесі сол халық ауыз әдебиеті бөліктері қиыннан қиыстырар, мақал-мәтелдер, тіл ұстартар, жаңылпаштар.
Ана тілі. Әліппе.
Қазақ тілі.
Математика.
Бейнелеу.
Дүние тану.
Психологиялық даму.
Күн сәулелері ойға түрткі салар- жұмбақтар өмір тәжірибелері тұжырымдары – мақал-мәтелдер, қиыннан қиыстырар айтыс, шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер қиялдан туған-ертегілер деп алдым.
Күн шуағы мына баспалдықтар арқылы жеке тұлғаны дамыта қалыптастыруға негіз болады.
Сонымен мектепте жаңа келген баланың қызығушылығын арттыруымыз қажет. Сондықтан мұғалімнің әр тақырыпқа өзі жаңа нәрсе ойлап табуы керек. Мұғалімнің өзі шығармашылықпен айналасуына тура келеді. Әліппе сабақтарында ”Төрт түлік пен төрт жігіт” ертегісін жазып, сабақта пайдаландым. Олардың қызығушылығын сабақта пайдаландым. Қызығушылығын арттыру үшін, жылқы-желден, сиыр-судан, түйе-сордан, қой-келтіштен пайда болғандығын айтып өттім. Бұл аңыз екендігін ескертеміз.
1.Сөйлем түрлерімен таныстыру.
2. Қазақтың салт-дәстүрін насихаттау.
Қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел қолдануға болады.
Мысалы: Атау септік
Ақыл басқа бітеді
Қына тасқа бітеді
Ілік септік: Шешеннің сөзі мерген
Шебердің көзі мерген, т.с.
Көмектес септік:
Көппен көрген ұлы той.
Сұрақ арқылы қай септікте екенін ажыратса, мағынасы арқылы мәнін түсінеді.
Бейнелеу өнері сабақтарында ертегінің атқарар орны айрықша. 2-сыныпта ою-өрнек түрлері мен таныстырған кезде ертегі қолданып оқушылар белсенділігін арттырдым. “Ою хан мен Жою хан” Оқушыларға оюдың тілін түсіндірдім.
Сырмаққа тіккен ою арқылы Жою ханға хабар естіртті.Жыл мезгілдері суреттерін салу кезінде оқушылардың өз дене мүшелері арқылы үйрету тез қабылдауын арттырды.
4 саусақ, 4 мезгіл, ал саусақ буындары оның айлары екендігін түсіндірдім. Саусақ үш буыннан тұрса, үш айға сәйкес келеді.
Заман ағымына орай аукцион сабақтарын өткіздім. Ақтөбе, Алматы, қалаларындағы фирмалар туралы түсінік беру, өздерін өлең құрастыруға ынталандырады. Мысалы: Мен келдім
Семей-Бутя фирмасынан,
Сан соғып қапылыста қалма достым.
Ойынға жыл мезгілін ала келдім.
Білімің болса, сатып ала қойғын.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілері баланың психологиялық дамуына әсері мол. Бір ғана ойлау қабілетін алатын болсақ, жұмбақ есептер балалардың өз бетінше ойлауына мүмкіндік жасайды.
Ал жаңылтпаш есептер логикалық ойлауға жетелейді.
Сонымен шағын ойымды қорыта келе, аңыз әңгімелерінің тарам-тарам жолдарын қолдану тек әдебиет сабағында емес, барлық пәндерде қолдану. Мұғалімнің өз үлесінде ол тек оқушы санасын оятып, жүрегіне жол сала білсе болғаны.
Төменде 2 сыныптың ана тілі сабағында жүргізілген сабақ үлгісін береміз.
Тақырыбы: “Аққұс туралы аңыз”
Мақсаттары: 1)Шәмші Қалдаяқов және оның өнері туралы, ән құдіреті туралы аңызды оқыта отырып түсінік алуға жағдай туғызу; 2) Өнер адамдары туралы білімдерін кеңейтуге, әнге, өнерге деген қызығушылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлауға, сөйлеуге, өнерге баулу; 3) Шәмші әндерінің құдіретін сезінуге ықпал жасау, өнер адамдарын құрметтеуге, қадірлеуге, адамгершілікке, табиғатты сүюге тәрбиелеуге жағдай туғызу.
Типі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, Венн көрсетуі, “эссе”,
”4 жолды өлең”.
Көрнекіліктер: Шәмші Қалдаяқов пен Оразбек Бодықов туралы буклет, кітаптар, теледидар (Шәмші әні, “Айгөлек” әні), үнтаспа (әнұран).
Сабақ барысы
І.Қызығушылықты ояту. Ұйымдастыру, сабаққа дайындау,амандасу. Жаңа топ құру (өзі қалаған қағазды алады).
І топ-халық күйшілері ол туралы не білесің?
ІІ топ-Жаяу Мұса- қандай әңгімеден оқыдың?
ІІІ топ- Ә.Қастеев.
ІV топ-Қажымұқан.
V топ- Әнші Әміре.
-Біздің қазақ халқының арасында өнер адамдары өте көп болған. Өнердің өзі қаншама.(Мағынаны тану) Соның ішінде күй өнері, ән өнері халыққа жеткізген атақты композиторлар да болған.
-Қандай композиторларды білесіңдер?
Ибрагим Нүсіпбаев, Ескендір Хасанғалиев, Бақытжан Байқадамов, Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғиса Тілендиев, Кеңес Дүйсекеев, т.б.
-Енді осы композиторлардың ішінде қай композитордың әні Әнұран болды? Әнұранның авторлары кім? Ш. Қалдаяқов “Желтоқсан көтерілісінде” қазақ жастары осы әнімен алаңға шыққан.
Әнұранды айтып жіберейік. Қандай әндерін білесіңдер?
Ш.Қалдаяқов арқылы мәлімет беру.
Осы Шәмші атамыздың серіктесі, жақын досы, соңғы жылдары бірге жүрген адам Оразбек Бодықов екен. Ол кісі Шәмші туралы естеліктер, кітаптар жазыпты.
Оразбек Бодықов туралы түсінік беру. Оның ”Шәмші Қалдаяқов” кітабын көрсету.
Осы кітаптан алынған ”Аққұс туралы аңызды”оқимыз.
Кітаптағы әңгімелерді оқыту.
-Шәмші атануы
-Ән туралы....
Аққұс туралы аңыз: мәтінмен жұмыс.
-Шәмші ағадан не жайында сұрады?Ол не деп жауап берді?
Сурет. Бетховен тас керең болса да ғажап музыка жазған.
Неміс композиторы ”Айлы түн” шығарма жазған (кассета).
-Ал енді ”Айлы түн” шығармадан үзінді тыңдайық. Б.Байқадамов нағыз қазақи әндер жазған. Қандай әндер?
“Айгөлек” әні орындалады.
-Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір-бір Аққұс бар. Енді осы аңызға Аққұс туралы не айтасың? Аққұстың әніне табиғат қалайша табынған?Адамдар ше?Қарақұс туралы не айтасыңдар? (Неге көзін жоймақшы болды?)
-Аққұстың ақырғы өтініші не еді? Ажалдан қалай құтылды? Аңыздан ненің құдіретін білдік, не арқылы көрсетті? Қандай әндер, құстарды білесіңдер?
Дәптермен жұмыс. Мәтіннен табиғаттың Аққұс әніне табынған жерін суреттейтінтұстарды тауып оқы, дәптеріңе жазып ал.
ІІІ.Ой толғау.
І топ. Венн көрсетуін құр (Аққұс - Қарақұс).
ІІ топ. Шәмші Қалдаяқов-топтастыру жаса.
ІІІ топ.”Ән құдіретті”- эссе жаз.
ІV топ. ”Бес жолды өлең”ән сөзінен.
V топ. Кестені толтыр.
Бүгін сабақты Шәмші ағамыздың әнімен аяқтап, Шәмші әндерін жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
Үйге тапсырма беру. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |