І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері



бет9/10
Дата21.11.2022
өлшемі256 Kb.
#51586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Миф

Қорытынды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030-жылға жасаған жоспарында балаларды сауатты етіп шығаруға барынша көңіл бөлінген. Болашақта еліміздің мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Жан – жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәжірибеде тиімді пайдалану мен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілуде. Бұл тұрғыда бастауыштың негізгі міндеті - бала қабілетін ашып дамыту, оқуға деген ықыласы мен іскерлігін қалыптастыру.


Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ десек, білім негізінің бастауышта қаланатыны анық. Осыдан да бастауыш мектептегі түрлі пәндер оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Еліміздегі білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды бір сәт те күн тәртібінен түсірмеу талап етіледі. [33]
Екінші сыныптың ана тілі аңыз-әңгімелерді пайдалана отырып, сабақ өткенде балалар көп нәрсені үйренді. Атап айтқанда оқушылардың шеберліктері, іскерліктері, ізденімпаздықтары және білім мен білік дағдылары қалыптасты. Осы салада әрбір мұғалімнің оқушылардың шеберліктері мен іскерліктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдаланып отыратыны белгілі. Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде бастауыш сыныпта аңыз әңгімелерді оқыту жолдарында, оқытудың негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық ойлауына жол ашу. Ол үшін білім мазмұнын оқушы жасына лайықтап, тек тұрмыстық деңгейдегі түсініктер түрінде ғана емес, белгілі бір ұғымдар жүйесі деңгейінде құру қажеттігі, бұл оқушының нақтылы, бейнелі ойлауын жоғары деңгейге көтеріп, шығармашылық ойлауына база, тірек болып дамытатындығы дәлелденді. Сондықтан халық ауыз үлгілерін пайдалана отырып қазіргі талапқа сай білім беруге қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Әрбір сабақ - мұғалімнің көздеген мақсатының нақтылығымен, оның қорытындысының дұрыстығымен басталып және сабақта мұғалімнің неге қол жеткізгісі келетіні де ескерілді.
Қостанай қаласындағы №5 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназияның екінші сынып оқушыларымен аңыз әңгімелерді қолданып жүргізілген сабақтардың үлгісі ұсынылды. Бұл сабақтардың негігі мақсаты – бір ғана міндетті нәтижеге жету емес, ол әрбір оқушының іскерлігі мен мүмкіндігін дамытуға жағдай жасау. Оқуға қызықтырудың басты элементтерінің бірі – оқушыны нәтижеге жетуге ынталандыру. Қойылған талаптарды әр оқушы өз мүмкіндігі деңгейінде орындайды. Міне, осы көзқарастан алғанда білімнің міндетті деңгейін анықтау басты міндет болып табылды. Оқушы дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек.
Аталған құрылымдағы қажеттілік және мотив - әрекет етуге итермелейтін басты күш. Біз ана тілі сабақтарында оқушыларға білім дайын күйінде беріле салмауы керек дейміз, ендеше оқушының дәл бүгінгі жаңа материалды білмейтіндігін, оны білудің қаншалықты қажет екендігін іштей мойындату, бар жан-дүниесімен беріле ынтызарын ауғызып, қызығушылығын ояту мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Дұрыс таңдалған проблемалық жағдай, сұрақтар, әр түрлі әдіс-тәсілдер, амалдар ғана баланы жоғарыдағыдай психологиялық көңіл-күйге әкеледі. Енді ол алдына мақсат қойып, нәтижеге жетудің, проблеманы шешудің әдіс-амалдарын белгіленді. Сонымен қатар бұл бөлімде бастауыш сыныптарда мұғалімнің оқушыларға қарым – қатынасы, мұғалім білімінің беделінің оның тәжірибесінің даналығының маңызытуралы және дамыта оқытуда әр балаға жеке қарым – қатынас жасау, әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау үшін маңздылығы, сондай ақ оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде зор рөл атқаратындығы туралы тұжырым жасалған. Зерттеу тақырыбы бойынша эксперимент нәтижелері берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет