Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Аңыз әңгімелерді оқыту арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
1.Аңыз әңгімелер бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу, талдау жасау.
2. Аңыз әңгімелер жанры арқылы оқушылардың қабылдау белсенділігін анықтау.
3. Аңыз әңгімелердің мазмұнына байланысты сабақта қолдану жолдарын анықтау.
4.Бастауыш мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, аңыз-әңгімелерді қабылдау белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
Курстық жұмысының құрылымы:Курстық жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 Әңгіме жанрлары және зерттелу тарихы Ертегіге бай елдердің бірі-қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В. Радол, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», «Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жариялап келді. «Обрацы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В.радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияктыкөптеген түркі тайпаларының эпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Соныменқатар қазақ эпосы мен ертегілерін жинап, профессор Әубәкір Диваевтің еңбегі де елеулі.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, сондай-ақ М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар.Алайда 30-40 және 50-жылдары қазақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігін байлар мен үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер иниституты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды.Бұл іске дайындық жұмысы 1945-1946 жылдары-ақ жасала бастағанды.Сол тұста қазақ ертегілерин құрастырушы ғалымдар құрамына менің де енгенім бар. Алайда 1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Х.Сүіншәлиев, С. Садырбаев, С. Қасқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотивобраздар да аз емес. Ертегінің тұтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі болатынын кезинде М.Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен тұйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында болған десек, сол жеткіәлікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болакды. Олар: а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар) жайындағы ертегілер; б)реалистік (тұрмыс-салт) ертегілері.