І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері


Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері



бет7/10
Дата21.11.2022
өлшемі256 Kb.
#51586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Миф

Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдырының бірі – ертегі. Ертегілердің мазмұнына халықтың тыныс – тіршілігі, әдет – ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым – қатынастары мен мінез құлықтары, адамдардың еңбек сүйгіштігі, өз халқына, отанға, туып өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері белгіленген. Т. Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім – тәрбиелік рухани маңызы жөнінде айта келіп « Ертегі – рухани тәрбиелік мәні аса зор, көзіміз көріп, құлағымыз ести алмайтын , тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түсіне алатын ,материялдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының бір тұтас түсінікті баян етілген көрінісі», - деп анықтама береді.
Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлуметтік мәні жағынын қарағанда ертегілер көрнекті көркем құбылыс болып табылады. Оның маңызды ерекшелігі мынада: ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мамұны абективті болмыстың көрінісі болып табылады.
Негізінен ертегілер оқушылардың ой – өрісін жетілдіріп отанын сүюге халқын қорғауға және өнерді игеруге , ел қорғаны болуға уағыздайды. Мысалы, «Ер Төстік» ертегісінің мазмұнында Ер Төстік жұт болғанда жоғалып кеткен ағалардын іздеп табу үшін жер астына түсіп, шойын құлақпен жекпе – жекке шығып жыландар патшалығына барып, жолда айнымас достары – Көл таусар, Тау соғар т.б жер асты өнерпаздарының көмегімен кездескен қиыншылықтарды жеңіп отырады. Сонымен қатар Темір хан елінде өз мергендігін көрсетеді, Айдахармен алысады, пері Шойынқұлақты жеңеді. Бұдан біздің түсінетіміз, ертегіде Төстіктің асқан ерлігімен қатар бауырмалдығы, достыққа берік болуы, мақсатына жетудегі қиыншылықтарға әсірелеп беріледі. Және де қазақ халқының өнердің қай түрін болмасын жоғары бағалағанын, оларды қадірлей білуге ұл – қыздарын жастайынан үйреткендерін байқауға болады. « Өнер мұратқа жеткізеді» демекші, ертегілердің кейіпкерлері шығарма соңында мақсат – мұратына жетеді. Осы мұрат – мақсатқа жетудің өзі тыңдаушының психологиялық әсерленуіне ықпал етіп қызығувшылығын тудырады.
Ертегілерде батырлардың түр – тұлғасын « жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бүлкілдеп, алысқанды алып ұрар» т.б. сипаттамалар арқылы суреттеу көптеп кездеседі. Мұны ертегілердің қоғамдық – әлеуметтік жағдайға байланысы өзгерістеріне байқауға болады. Өте ертедегі архаикалық ертегілерде көбіне «батырлар»мерген немесе аңшы бейнесінде кездеседі. Мысалы, «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Ағайынды екі жігіт», «Ер Төстік»т.б ертегілерде басты кейіпкер-батыр жігіт елін аң аулаумен асырайды,осы жолда ол жын –перілермен күресіп жүреді.Әдетте мұндай ертегілер батырдың дүниеге келуімен басталады.Мысалы, «Ер Төстік»ертегісінде: «Ол өзгеше бала болып өседі.Бір айда бір жастағы баладай,үш айда үш жастағы баладай,бір жылда он бестегі жас өспірімдей болып,екі жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады.Садақ тартып үйренеді,тартқан садағын тоғыз қабат темірден өткізеді»,-дейді.Бұл жерде кейіпкердің тұлғасы елін,жерін қорғайтын,ерлік жасайтын батыр кейпінде көрінеді.Шынында,кейін Ер Төстік Темірхан елінде өз мергендігін көрсетеді, айдаһармен алысады,пері Шойынқұлақты жеңеді. Осындай кедергілермен күресе отырып,мұрат-мақсатына жетеді.Бұл жерде біз халық арманындағы батырлардың күшінің зор екндігі соншалық,олар мистикалық әлемнің дұшпандарына қарсы тұра алатындай қабілеті бар екнін байқаймыз.
Ал «Керқұла атты Кендебай»ертегісінде Кендебайдың сипаты мен ерлігі былай беріледі: «Ай сайын емес,күн сайын өсіпті.Алты күнде күліпті,алпыс күнде жүріпті,алты жылда жігіт болыпты,сондай күшті болыпты,алысқанда алып ұра беріпті,күрескенді жыға беріпті,шыңырау құддыққа құлаған атанды жалғыз тартып шығара беріпті,аң аулау әкесіне жәрдем беріпті,құралайды көзіне атқан мерген болыпты. Жеті басты дәуді жеңеді, азулы арыстанды жеңеді,мыстан кемпірді өлтіреді,алтын құйрықты,күміс жалды сегіз құлынды алып келеді, қалмақтарға қолға түскен Мергенбай батырды босатып шығарады».
Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес,елді,халықты жаулаған дұшпандармен күреседі.Оның астарында ел,жер үшін күрес,кек алу жатыр.Ертегінің негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру,шынайы ғашықтық,батырдың айнымас серігі-тұлпардың бейнеленуі байқалады.Мысалы, «Әлібек батыр», «Делдаш батыр», «Ер Тарғын», «Көрұғлы», «Нарық батыр», «Ер Көкше және Орақ», «Қамбар батыр», «Алты жасар Алпамыс»т.б ертегілерде көбіне ерлік көрсету,қаһармандық рух жоғары тұрады. Ал батырлар ерлігінің сипатталуына келер болсақ,мысалы, Әлібек батыр «туғанында алты қарыс селебесімен туылады,ай сайын емес,күн сайын өседі»,-деп айтылады.қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «селбес»сөзіне «ұшы үшкір,үлкен өткір пышақ»деп түсінік беріледі.
Демек, мұндай сипаттау ертегіге тән қасиет деп ұққанымыз жөн.себебі халықтың арман-тілегі бойынша осындай батырлар елді,Отанды қорғайтынын ұғынуға болады.Сондай-ақ «Қазанбай батыр» ертегісінде біз оның бейнесінен байқайтынымыз: «Өзінде алпыс ердің қайраты бар,дұшпанына кекшіл,бағынған дұшпанына кешірімшіл»,-десе,ал оның жеке басының қасиеттерін былайша сипаттайды: «Қазанбайдың ұрыс кезіндегі тағы бір айласы арқанға ілмектеп,қашып бара жатқан жаудың мойнына лақтырып дәл түсіру және қанша жау болсада сескенбестен қарсы бару.Ол көп,аз демейді.өзіне жұмсалған жаудың қаруын бойына жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет