Ертегі-халық шығармасы,халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт – арманы, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсада өзінің дамуында қилы – қилы жолдардан өтеді. Сол жолдардың кейбір көрінісін ертегі арқылы қалдырады. Ертедегі ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Әдет те ертегілер « Ерте, ерте, ертеде...» немесе «Баяғы заманда...» деп басталып, соңы жақсылықпен аяқталады. Ертегі балаларды қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге және қайратты істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатына « Ертегілер еліне саяхат» апталығы өткізілді. Апталыққа I – IV сынып оқушылары түгел қатынасты. Аптаның бірінші күні « Ертегі сабақта» тақырыбымен өтті. Бұл күні I – II сынып мұғалімдері ертегі желісі бойынша сабақ көрсетті. I сыныптағы математиканы « Есептің мәнді белгісі» тақырыбын мұғалім Ешібаева
«Бай мен бала» ертегісі бойынша, I сыныптағы Ана тілінен « Жіңішке қария» ертегісі бойынша, II сыныптағы Қазақ тілінен « Сөз құрамы» тақырыбын мұғалім Нұрқадірова « Шалқан» ертегісі бойынша , II сыныптағы «Жұрнақ пен жалғаудың» сөздерге байланысу жолдары» тақырыбын мұғалім Тәменова «Ана мен бала» ертегісі бойынша ұйымдастырды. Сабақта жасалған жұмыстар ертегі бөлімдерімен байланысып , сабақ жүрісінде ертегі желісі қорғалып отырылды.
Аптаның екінші күні оқушы шығармашылығына арналды. Бұл күннің мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, оқушылардың сөздік қорын байланыстырып сөйлеуін дамыту мақсатында өз ойларын ертегі құрастырып айтуға арналды. II – IV сыныптағы әр сыныптан қатысқан бір оқушы өзінің құрастырған ертегісін суреті бойынша айтып қорғады. Оның ішінде балалар құрастырған « Жеті күн», «Алиданың тапқырлығы» , «Бауырлар» ертегісі жоғары бағаға,
« Малдыбый, «Ала лақ», «Айсұлу» ертегілері жақсы бағаға ие болды.
Аптаның үшінші күні « Ертегіні кім көп біледі?» сайысы өтті. Оған I – IV сынптардан әр сыныптан бір оқушы қатысып, ертегі туралы білетіндерін ортаға салды. Бұл сайыс төрт бөлімнен тұрады.
I бөлім « Кім тапқыр ?» деп аталады. Ертегіден үзінді бойынша сахналық қойылым көрсетілді, көрген ертектің атын, қай халық ертегісі екенін білетін оқушы жұлдызша белгісін көрсету арқылы жауап берді. «Қаңбақ шал», «Алтын балта», «Көбсек пен сәбіз, «тамақтың исі мен ақшаның сылдыры» ертегілері көрсетілді.
II бөлім «Кім шапшаң ?»деп аталды.Ертегіден үзінді үн таспадан оқылды.Шарты ертегінің атын табу және жалғастырып айту. «Ұр тоқпақ!» «Алтын сақа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр»ертегілері тындалды.
III бөлім «Кім ойшыл?».Кез келген ертегіден үзінді айтылады.Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.
1)орманда бауырсақ түлкіге кездеседі.
Жауабы:Бауырсақ,кемпір ,шал, қоян,қасқыр,түлкі.
2)Мысық тауыққа барады.
Жауабы:мақта,қыз,сиыр,қыздар,дүкенші,тауық,тышқан.
3)Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі алынды.
IV бөлім «Кім білгір?»деп аталады.
Шарты:Ертегі сурет арқылы бейнеленген,сол суреттегі ертегінің аты мен қай халықтікі екенін табу керек. «Қызыл телпек», «Айлалы арыстан», «Қасқыр мен түлкі» ертегілері бейнеленді.Бұл шараға қатысқан оқушылар тапқырлығымен,ойшылдығымен сынға түсті.Қортысындаертегінің үзінді атағын 2-сынып оқушысы Жұмағалиев Ерасыл емденді. күні
Аптаның төртінші күні.Ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау күні деп аталады.Бұл шарада әр сыныптан бір оқушы шығып,салған суреті бойынша сөйлеп ертегі мазмұнын айту «Ұйқыдағы ару»IV «а»сыныптың, «Сыбызғы сыры» III «б»сыныптың, «Сауысқан мен көкек» II сыныптың ертегі-суреттері өте сәтті шықты.
Аптаның бесінші күні. Ертегі бойынша көрініс көрсету.Ертегіні баяндайтын оқиғасы мен түпкі мақсатын айқындайтын сәтті «Қырық бір өтірік», «Шалқан, «Алтын құс» «Ақымақ тышқан», «Алма ағашы» ертегілері көрініс берді.шара көрермендер көңілінен шығып лайықты бағасын алды.
Аптаның қортындылаушы күні шынайылықтың бірліктің нышанын көрсеткен.Ертегілер еліне саяхат жасаудың шешуші күні болып аталды.Ертеден атай қонаққа келіп,ертегі туралы оқушылардың білетіндерін тыңдап,өзіінң қатысуымен «Адамның тапқырлығы»ертегісін көрінісін көрсетті.
Апта бойынша өткен істер қортындыланып,үздік шыққан оқушылар мен сыныптарға бастауыш сынып мұғалімдері бірлестігі атынан дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.Қорыта айтқанда ертегі түрлері мен сусындаған,тәлімі мен тәрбиесі мол осынау апталық балалар үшін ерекшк есте сақталатын шара екендігіне көз жеткіздік.