І. Орта мектепте әңгіме жанырын оқытудың ғылыми-теориялық негіздері



бет4/10
Дата21.11.2022
өлшемі256 Kb.
#51586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Миф

Мифологиялық ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады.Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес.Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте шынайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан.Мұндай себеп мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аншылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-құстардың сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған.Жалмауыз, мыстан кемпір, желтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым –нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туцған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлықт күштермен күресушілер-мергендер, батырлар болып көрінеді.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған. Табиғатынан тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін қарсы қоятын қиял-ғажайып мертегілері осы ізде туған.Мұндай ертегілерде реалдық адам образдарыф мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі.Ондай сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері-«Ер Төстік», «Еділ-Жайық», «Құла мерген», «Аламан мен Жоламан», «»Күн астындағы Күнікей қыз, «Алтын сақа», «Керқұла атты Кендебай», т.б.
Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері де айқын байқалады.Малшылық кәсіптің өзі аңшылық дәуірінен басталған еді. Ертегілерде бұрынғы магиялық ұғым, матриархат дәуірінің салт-санасына қарсы күрес бастайтын Ерназарлар емес, Ер Төстіктер. Көп жайда олардың аты да жоқ, тек «бала» деп аталады.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін мифтік образдардың бірі-жалмауыз кемпір. «Еділ- Жайық» ертегісінде ол адамға үстемдік етсе «Алтын сақада» баладан жеңіліс табады. Жалмауыз кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы: матиархат дәуірінде өндіріс күштері төменгі дәрежеде болғандықтан, адам етін жеу, алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі «Еділ-Жайық» ертегісінде. Ондағы жалмауыз қора-қорамалы болса да, адам етін жейді.
Кенже туған эпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар жалмауыз емес, патриархат дәуірінің батыр, мергендеріне қарсы күресіп жүретін, төтелей қауіптен гөрі айла-сиқыры көп, адамды алдаусырата келіп қолға түсіретін хандардың қол шоқпары ретінде көріне бастайды. Бұл кездегі аты- мыстан. Бірақ олардың матриархат кезеңіне тән басты белгісі ұдайы сақталып отырады. Мысалы, ешбір ертегі, не эпостық жырда мыстандардың ер адамнан шыққандығы туралы дерек жоқ. Олар жұбайлы некені білмеген. Мұны олардың ерге шықпайтын, бала тумайтын қырық қызының табиғатынан да байқаймыз.
Ер Төстік, Кенде бай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен атаулық қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, отбасы үшін күреседі. Олардың жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. «Құла мерген» сюжетінде жұбайлы некенің ұйытқысын бұзушы дәелер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық күштерді жеңіп отырады. Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып, достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Жарғақ құлақ, т.б.). бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда ғана қосылып, көбіне қыз ұзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай образдар орыс ертегілерінде де бар.
Адамдар әрекеті күшейген сайын оның достары құс, құмырсқадан да табыла бастайды. Адамның киелі күш екенің айту үшін ертегі күміс кездік, семсер, садақ сияқты сиқырлы құралдарды адам бойына телейді. Бұл- темір қолданудың қуатын көрсету болмақ.
Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлікініңде қызметі жіктеле бастайды. Мысалы, «Күн астындағы Күнікей қыз » ертегісіндегі көк төбет адам жейтін болса, «Алтын сақадағы» иттер адамның досы.кейде пері қыздары өз сиқырын адам пайдасына қолданады. Оған- Күнікей қыздың ханды қасқырға, уәзірлерді түлкіге айналдыруы куә. Адам енді тілсіз күштердің түрлі түспен тұлғаға ене алатын сиқырмен де жан салып күреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей түседі. Мифтік ойлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарын адам әрекеті, еңбек үстінде танудың белгілері бар.
Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі мазмұнындағы қайшылық десек, біз образдық ойдың фольклорға тән жемісі деп білеміз. М.Горький сөзімен айтар болсақ, залық қиялы сан-алуын мифтік образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сарын, өмір мақсатын танып білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік ертегілері- «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Желден шыққан Желім батыр», «Ұшар ханның баласы», «Аламан мен Жоламан», «Керқұла атты Кеңдебай», «Ер Төстік», «Еділ- Жайық». Бұл ертегілерді тотемизм сарыны азайған.
«Алтын сақа» ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан. Ішінде тотемдік ұғымда бар. Мысалы, жалмауыз кемпір қуып жеткенде, екі түлкі келіп, бірі оның тісін, бірі кетпенін алып кетеді. Баланың сәлемін қарғалар емес, қарлығаш қана оның бес төбетіне жеткізеді. Бес төбет жалмауыз кемпірді де, оның артынан іздеп келген қызын да өлтіреді.
Осы сарын «Сырттандар» ертегісінге тіпті айқын. Асылы бұл ертегі бөрі, ит тотемін символды болса керек. Мұнда ертегілер қазақ фольклорында аз емес.
«Желім батыр», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерінде тартыс жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген. Алғашқы ертегіде кемпірдің үш баласы болады. Олардың екеуі өліп, кіші баласы дәуді жеңеді. Құдыққа жауып тастаған дәумен шешесінің көңілі жарасып, содан Желім батыр туады.
Жерден шығу ертедегі Тесік тау (Отүкен) аңызын меңзейді. Түрік қағанаты кезінде Могилан өзінің алтынын киік, тай, қой, бұзау түрінде құйғызып, шатыр астындағы көгалға малшы тұрғызып қоятын болады. Күнікей ертегісіндегі алтын мүйіз киік, «Безінгендегі» басы алтын, құйрығы күміс бота Түрік қағанаты заманында туған. Мұндағы құмырсқа- тотем.
Аламан мен Жоламан, Құла мергендер ылғи дәу, мыстандармен күресежді. Осы мазмұндас мифалогиялық ертегілерде қала, қамал, құдық оқиғасы жиі кездеседі.
«Ұшар ханның үш баласы» ертегісінде айдаһар тотемінің ізі бар. Мұндай мифалогия шығыс ертегілерінде көп болса да, бұл ертегі қазақтың төл ұғымынан туған. Айдаһардан қызды арашалап қалу батырлар жырында да кездесіп қалады. Ертегідегі Жандыбатыр Күн қызын іздеп, екі айдаһарды, Көлтаусар дәуді өлтіріп, Зәузәмір дейтін пері қызын алады. Тартыс жұбайлы некенің орнығу кезеңінен хабар береді. Мұндағы балаға болысатын жұлдызшы, кітапшы, суға түскен семсерді табатын дәулер, желаяқтар сияқты адамға дос. Матриархат дәуірінің мифінен мыстан мен Сары өзенді шайқайтын дәу бар. Зәузәмір «Оғызнамадағы» Күн сұлуға ұқсас. Географиямен ұғымдар шеңбері өте кең. Айдаһар, мыстан, дәу ерте замандарға кетсе, жұлдызшы, кітапшы- Соғда. Қытай, Тибет елдерінің ұғымына бейім. Сиқырлы семсер темір қолданудың туғандығын білдіреді. Түрік қағанатында темір табу IV ғасырдан бар десек, оқиға Алтай-Қытай қарым-қатынасын меңзейді. Ұшар-бірде Сібір тайпалырының аты болса, бірде Сібір ханы- Ишбара. Жандыбатыр ылғи ғана жаяу жүреді. Оның мәнісі мал шаруашылығының туа қоймағандығыныңда болса да ғажап емес. Бұл қазақтың мифалогиялық ертегілерінің ішіндегі көкелерінің бірі.
Мифалогиялық ертегілерінің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, «Ирен чечен» дейтін аңыздар ерте замандардан бері бар. Алдар көсенің аты көбіне ертегіде көрінсе, Жиенше шешеннің аты шешендік сөздерде жүр. Бұл екеуінің тарихи- этногенездік белгісінен гөрі аңыздық-анекдоттық, күлдіргі сипаты басым. Алдар да, Жиренше де хандар дүниесін, феодализмді сынайды. Бұл белгі олардыҚорқыт пен Асан бейнелеріне жақындатады. Мұның өзі осы екеуі жайындағы аңыз әңгімелердің анық фольклорға жататының, сол үшін ел аузында сақталып, бүгінге жеткенін көрсетеді.
Алдар көсені Әз Жәнібек тұсында өмір сүрген дейтін жорамал берек сөз. XVI ғасырда ол жайындағы аңыздар жиі айтыла бастаса керек. Әйтпесе Алдар мен Юблар образы Сібір, Қырым татарларында X ғасырдан бері бар. Соған қарап, Алдар көсе әңгімелеріндегі шайтан, молда, қожаларды сынау ислам діні орныққан сон барып туған дейміз. Сол үшін Алдар мен Жиренше әңгімелерінің Аяз биге тартқан көрегендігі, мысқылдан зіл тудыратын шыншылдығы бар.
Асылы бұл екеуінде аңызға жатқызу қиын.Алдар мен Жиренше туралы әңгімелер XIV-XV ғасырларда туса да ғажап емес. Олай болса ертегі мен аңыздан эпостық дастан тумайды. Жаңа заман адамдары аңыз бола алмайды. Егер қазақ аңыздары осы төрт есіммен шектелер болса, бұл әрине жетімсіз. Феодализм тұсында туған аңыз жоқ.
Әрине, бұдан келіп қазақ фольклорында көне дәуір аңыздары жоқ деуге болмайды. Ежелгі көшпелі тайпалар ортасында туған аңыздар сан- салалы. Сол аңыз ертегілер кезінде жиналып, зерттелмеген. Бір ізге де сүрілмеген. Соның салдарынан Баршын, Мәді, Баба Ғұмар, Тамирис, Айсұлу сияқты көптеген аңыздардың бәрін Шығыс елдері иемделіп алған. Ендігі жерде осы аңыздардағы мифалогияға, басқа да ортақ белгілеріне ерекше мән беріп, ежелгі сақ, ғұн тайпаларының тарихымен байланыстыра зерттеу қажет. Олар неге ұқсас, сабақтас. Көшпелі тайпалар мен жатақ елдердің арасындағы тарихи байланыс қандай болған деген күрделі мәселелерге үңіліп, қазақ аңыздарының тегі мен табиғатын айқындай түскеніміз абзал. Қазақ аңыздарын бір ғана қазақ тобында сөз ету- жетімсіз Ер Төстік,оның Желаяқ,Таусоғар,Көлтаусар сияқты достары жүреді.Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді.Кенжекей ақ қасқыр сәуегей,ол мыстан,Бекторы,Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді.Қыз біткеннің сиқыры,олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.Проблемасы тек Жанды батыр.Ер Төстіктердің төңірегіне құрылған.Ғашықтық қыздар емес ерлер бала батырлар басында.
Мифологиялық ертегілердің бас геройы-мерген балалар.Олар бірде кемпір мен шал,бірде бай,бірде хан баласы,кейде атасы жоқ,тек кемпір баласы делінеді.Кендебай,Қазанғап деген кедейдің баласы.Ол мифтік патшаға тұтқын болған Меркенбайды құтқарып,пері қызына уйленеді.оның жолындағы бөгет-жеті басты дәу,арыстан,жалмауыз кемпір,ең үлкені-перісі.Мұның бәрі де миф.Қияли ертегіде ат иемдену,мал шаруашылығы туа бастаған.Құйрығы алтын,жүні құндыз құлындар да мифтік жылқылар.
Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар.Олардың өздері де көп жағдайда мифтік образдар болып келеді.Кендебай «өзімдікі »дегенді білмесе,хандар бәрін»өзімдікі »дейді.Мифтік ертегілерде реалдық өмір суреттері аз,бұлдыр.
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен адам арасындағы тартыстарға құрылады.Түрліше төтем,миф ортасында реалдық адамдар-мергендер мен бала батырлар-арал сияқты болып көрінеді.
Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес,қоғам бақташылық кәсіпке көшкен кезде туған сияқты. Ертедегі мифологиялық ертегілердің нананымдық- географиялық,өмірлік шеңбері кең де шексіз. Күн, жер, тұрмыс суреті, кәсіп, нанымдар қазақ ертегілеріне ғана тән емес. Оларды Қытай, Алтай – Саян, Иран, Үнді, грек, орыс мифологияларымен де ұқсатуға рет бар.
Тылсымдау,жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу,жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз.Жамандық пен жақсылық,жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған.Мысалы,»Қорқыт кітабы»сюжетіндегі Төбекөз дәу»Одессияда»Полифемге ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ, Көлтаусар,Таусоғар шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық,аңшылық, бақташылық өмір сатыларын , космолгия, тотемизм, зороастрзим, дуализм , монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.
«Ер Төстік» ертегісі. Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінің ішінде эпизм мен лиризмнің ұштасуына негізделген, барлық белгілері қазақтың өз ұғымдарына көркем де салалы үлгісі-«Ер Төстік»сюжеті. Мұны ең алғаш 1896 жылы Г.Н.Потанин Көкшетаудағы Шоқанның әкесі Шыңғыс ауылына барғанда жазып алған. Ертегіде драматизм мен ерлік ғажап ұштасқан. Дағдылы ертегілерде адам тағдырын,оның басына түскен қайғыны дәл осы дәрежеде көрсету кездесе бермейді. Тіршілік суретін көрсету жағынан ертегіде көптеген реалдық сарындар бар.Оның сюжетінде мал шаруашылығының басы болған Құба інген , жұбайлы некенің бастапқы үлгісі- Кенжекей, Тайбурыл мен Байшүбардың атасындай болған батыр аты-Шалқұйрық, батырлар символынан саналған сауыт-Ақсырмал бейнелері мен атаулары арғы-бергі дәуірлер сюжетін жалғастырып тұрады. Ертегінің тақырыбы бір ғана Ер Төстіктің жалмауыз кемпір,жер астындағы жылан патшасы, Темірхан. Кеше хандармен күресіне құрылмай көбіне ерлер басқарған ру қауымының туып,нығаю кезеніңде жұбайлы өмірдің орнығуына негізделген. Ертегі бірнеше заманның суретін береді.Ондағы салт-сана, түрліше нанымдар ғана емес,аңшылық,мал бағуға бет бұру суреттері де соны.Ерназардың тоғыз ұлын уйлендіру оқиғасынан да осы жайлар байқалады.Әңгіме Төстіктің тоғыз ұлдан бір төбе, Кенжекейдің тоғыз қыздан бір төбе болып туғандығында ғана емес,сол тоғыз ұлдың бір уйден,тоғыз қыздың бір уйден шығуында.Ертегінің дәл осы тұсы ежелгі грек жұртының данаилер туралы аңыздарына ұқсас.Онда елу ұл бір уйден,елу қыз бір үйден шығады.Ру қоғамында бұл салт өзгереді.
Кенжекей мен Ер Төстіктің қосылуынан туатын негізгі идеяның бірі-семьяның туып,нығаю қиыншылығын көрсету.Оның тақырыбы мен идеясы бір жерден шыққан.
Ертегі тақырыбынан елеулі орын алатынкелесі бір желі-мифтік ұғымдар мен образдарға байланысты. «ЕрТөстік»южетін қазақтың қолтума ертегілерінің ең марқасы десек,халық ұғымына жақын жалмауыз кемпір,оның қызы-Бекторы,баласы Шойынқұлақтар жайындағы мифтік тұлғалар ең алғаш осы ертегімен байланысты туған.Мал басы Құба інген болса,сұлу жар бейнесі-Кенжекей.Қазақтың ер жігіт,сұлу жар жайындағы нәзік ой-сезімдерін де біз осы ертегіден бастар едік.Одан корінетін адам және мифтік образдар арасындағы кескілескен тартысты сол көне дәуір ұғымдарының образға айналған суреті дейміз.
Тартыстың да екі қанаты бар.Жер бетіндегі тартысты суреттегенде ертегі барлық оқиғаны реалдық өмір талаптары мен драмасына негіздейді.Оған Ерназардың ашығуы,жұт кезінде сегіз баласынан айрылып калуы,оларды жат елден тауып алуы,жылқының құты болған торы биеге қылбұрау салып, барлық жылқыны айдаусыз елге жеткізу,құдалық суреттері, бір уйдің рулы елдей болуы ,Сорқудық басындағы жайлау,данышпан қыз-Кенжекейжорамалдарының шындыққа айналуы,барлық адамға жат күштер мен өліспей беріспейтін күрестің басталуы толық айғақ бола алса керек.
Жер астындағы оқиғада Ер Төстік пен Шалқұйрық қана көрінеді.Бірақ өзінде де қыртысын айналдырып қойған өмір қайшылықтарының суреті бар.Кеше хандар ақылсыз да қарау болса,Ер Төстік пен оның серіктері өз күштеріне сенімді. Барлық күш-қажыр,ақыл-айла,әділ талап,драматизм мен ерлік адам бойына жинақталған.Бұл ертегінің еңбек процесінде туғандығын көрсетсе керек.Оқиғасы бай,шынайы.Драматизмі терең мұндай сұлу ертегі қазақта кемде-кем.Біз үшін ертегінің ғажайыптылығы бір ғана жалмауыз кемпір.Бекторылар тұлғасында емес,сюжеттің сан заман белестерін көрсететін бай мазмұнында.
Ер Төстік образы.Ертегінің бас кейіпкері-Төстік.Оның туысы,ой сезімі басынан-ақ Ерназардың басқа сегіз ұлына қарсы қойылған.Елге жұт келгенде ұлы ата-анасын тастап кетсе,Ер Төстік олардың әбден тарығып,ашыққан күндері дүниеге келген өзгеше ұл болып суреттеледі.Оның өсуі де ерекше:айында бір жыл жасап,жылында он бес жасар баладай болады.Осы алып бала ұзамай Ерназардың от басына барып,көп ұзамай ең сүйікті ұлына айналады.Уйлену тұсында кенже баласы Ер Төстікке Кенжекей лайық болып шығады.Бірақ уйлену оқиғасынан соң үлкен қайшылықтар,тартыстар туып кетеді?
Ол қайшылықтар неде?
Бір жағынан Ерназардың мақсаты орындалды,балаларын уйлендірді,алдына мал салды десек те,оның басты жауы-жалмауыз кемпір бар,оның алдында Ерназар сорлы,қорғансыз.Екінші жағынан,ол өзінің шыбын жаны үшін жалмауыз кемпірге төрт түлік малын,сегіз ұлын,сегіз келінін ғана емес,жұмыртқадай әппақ болған-Кенжекейді,ең суйікті –Ер Төстікті де құрбан етуге дайын болып шығады.Ерназар басында жаңадан көрінген зор қайшылық осында Бұл тұста,бір жағынан,ата мен бала арасындағы тартыс пайда болады,
Ол тартыстың айдауыш күші неде?
Пері қызы Бекторы Кенжекейді Ер Төстіктің жар етуіне қарсы.Мұны Бекторының Ер Төстікке ғашықтығы деп түсінуге болмаса керек. Дұрысы, матриархат пен патриархат салты арасындағы тартыс, қайшылық символы деп түсіну болмақ.Бекторы жұбайлы өмірді ұнатпайды,жар басына лашық тігіп, бір өзі баяғыша кун кешпек.Мұны гетеризм белгісі дейміз.Матриархат дәуіріндегі үрдіс сондай болған,
Осыған қарама-қарсы ертегіде Кенжекей жұбайлы өмірді,патриархат салтын жақтаушы болып көрінеді.Тартыстың барлық тетігі осыдан келіп туады.Баласын жалмауыз кемпірге берген Ерназардың жанбағарлығы кенжн ұлы мен кенже келініне ұнамайды.Осы екі күш бірлесіп жалмауыз кемпір әлемімен күреске түседі.
Тартыстың басы Ер Төстіктің жер астына түсіп кетуімен берілген.Оның мәнісі, уақытша болса да ЕрТөстік жалмауыздан жеңіліс табады.
«Ер Төстік»сюжетінің арқауында өмір бірдей емес.Ол кезде алты қабат аспан,жеті қабат жер жайында ұғымдар болған.Халық түсінігі бойынша адам жер астына туссе де өмір сүре бермек.Осы реттен Ер Төстік пен Шалқұйрықтың жер астындағы жылан Бапыхан,Темірхан,Кеще хандармен күресінің өзі де алғашқы адамзат қиялының көрегендігіненм, ыншылдығынан хабар береді.Сол хандардың өз араларындағы да бүтін емес, мысалы, өлмелі шал Бапыхан Темірханның қызын зорлап алмақ.Оған сыннан өткен Ер Төстікті жұмсайды.Бұл тұста да жамандық пен жақсылық тартысқа түсіп,әділет,дұрыстық іздеген адам арманы әр қилы формада бой көрсетеді.
Ер Төстік қайтадан жер бетіне шығады.Енді ол Бекторы мен Шойынқұлақты өлтіріп,мұрат-мақсатына жетеді.Бір ғажабы,қаншама қиыншылық көрсе де,халық творчествосы өзінің негізгі қаһармандарын өлтірмейді,халық идеясына өлмес қуат,өлмес қасиет береді. Мысалы, Кенжекей мен Ер Төстіктің жер бетінде қайта табысқан жерін ертегі былай суреттейді: «Ақсақал шалдың астындағы ақсақ боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінеген даусынан оның Шалқұйрық екенін таниды. Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік таниды...Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жана түскен келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпыа келеді.Одан кейін ұзақ жылдар өмір жасап,мақсаттарына жетеді».
Олай болса, ертегілердің оқиғасы мен идеясын төтелей, тұрпайы түсінуге болмайды. Әрбір ертегінің айтар бөгде идеясы, жұмбағы болады. «Ер Төстік» сондай жұмбақ пен философияға толы. Ол, ең алдымен, Ер Төстік әрекеті мен армандарынан көрінеді. Ол кезі үшін Ер Төстік- халық арманы мен мақсатының символы болған образ. Өйткені ол адам тірлігі үшін күреседі.
Ер Төстік образын оның аты Шалқұйрық толықтырады. Оны Кенжекей тәрбиелеген еді. «Ер серігі- жүйрік ат»деген мақал ізінде жасалған бұл образдың ақылгөйлігі, батырға деген беріктігі ерекше.Шалқұйрық Ер Төстікке бірнеше жерде ақыл береді. Төстік оны бұлжытпай орындап, жеңіске жетіп отырады. Жұртта қалып кеткен егеуін іздеп келе жатқанда, Шалқұйрық иесіне:

  • «Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәле болса да бірге көреміз. Менің мына айтқан сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде ұстап алмақ.

Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тауып ал. Кемпір алдана бергенде, мен бетегенден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы болма,-дейді».
Жер астына түскенде Бапыханның есігін баққан,жеңнен кіріп, қойыннан шығатын жыланнан да қорықпауды ескертеді. Темірхан бәйгесінде Шалқұйрық өзінің озып келетінін күн ілгері айтады. Су астындағы қырық құлаш қазанды алып шығады. Бірақ өзі әлдеқашан өлген ат еді. Осы тұста Шалқұйрықты Ер Төстік бірге өліп, бірге тірілту жайындағы достық серті бойынша поэзия қуатымен екі рет тірілтіп алады. Шалқұйрықта өлмейтін, қайта жасайтын ат. Жер астынан шыққанда Шалқұйрық та, Ер Төстік те әппақ қудай болады. Бірақ Кенжекейді көргенде, екеуі де жасарады.
Ер Төстік образын толықтыратын бейнелер- Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, Көргіш, Жарғаққұлақтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет