І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет99/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156
Әдебиеттер



  1. Молдахметұлы А. «Қарасай батыр». – Алматы: 1998 ж. – 23 б.

  2. Қонысы Қарасайдың құтты мекен. Құрастырған авторлар. – Алматы 1999 ж. – 16 б.

  3. Тынышбаев М. «Қырғыз - қазақ халқы тарихынан материалдар». – Ташкент: 1925 ж. – 25 б.

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ҮШ АЙМАҚ» ТӨҢКЕРІСІНІҢ
БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ

Нағашыбай Назерке Мұхтарқызы (Қазақстан)
ҚазмемқызПУ
Ғылыми жетекшісі: Тойшубекова Ж.Қ.

Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыс тарихы уақыт, мазмұн және көлем жағынан кең ауқымды, әлі де болса толықтай зерттеп-зерделеуді қажет ететін тақырып. Өйткені бүгінгі Егемендік жағдайында халқымыз басынан кешірген түрлі тарихи кезеңдердегі ұлт-азаттық қозғалысының мән-маңызы онан сайын арта түсуде. Уақыт тұрғысынан ұлт-азаттық қозғалыстың Ресей отаршылдығына байланысты XVIII ғасырдан бастау алатын бертінгі кезеңі тіпті де мол тарихи құндылыққа ие. Бірақ қазақ халқы қатысқан көтеріліс Ресей патшалығымен шектелмейді. Себебі 1940 жылдан бастау алған Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек ұлттарының ұлт азаттық қозғалысы да отан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы болып табылады.


Шыңжаңдағы «Үш аймақ» төңкерісі ұлттардың бостандық алуына, тәуелсіздікке ұмтылуынан болған оқиға болса, төңкеріс басталуына себепкер болған біртұтас Алаш идеясы. 1917 жылы желтоқсан айының 5-13-і аралығында Орынбор қаласында екінші жалпы қазақ съезі өткізіліп,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Е.Омаров, С.Досжанов, М.Дулатов бастаған ұйымдастырушы топ 10 мәселе көтереді. Соның бірі – Алаш автономиясын жариялау еді. Ә.Бөкейханов бастаған топ автономия жариялау әзір ертерек деген пікір ұстанған. Екінші – Халел және Жанша Досмұхамедовтар бастаған топ дереу автономия жариялау қажет деген пікірде болған. Ақыры Алаш автономиясын жариялау туралы бір шешімге тоқтап, Алашорда үкіметін құрған. Үкімет төрағалығына Әлихан Бөкейханов сайланып, 25 адамның құрамына үкімет мүшелерін тағайындаған[6,57].
Кешікпей большевиктер билігі күшейіп кетуіне байланысты Алаш автономиясының өрісі тарылды. 1918 жылдың наурыз айында Оралдан Халел және Жанша Досмұхамедовтар Мәскеуге барып, Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ленин және ұлт істері бойынша халық комиссары Сталинге жолығады. Бірақ келіссөз нәтижесіз аяқталады.Бүкілресейлік құрылтай жиналысы Алаш автономиясын мойындаудан бас тартқан. Осындай қиын-қыстау жағдайдан кейін Алаш қайраткерлері әртүрлі жолдар іздеген. Соның бірі шетелдегі қазақтармен байланыс жасап, оларды Алаш шаңырағының астына біріктіру ісі болатын. 1917 жылдың бейресми дерегі бойынша Ресейге бағынышты өлкелерде 5 млн 400 мың қазақ тұрған. Ал шетелде қазақтар Қытай мен Монғол елдерінде ғана бар еді. Осы тұста Қытай елінде 150 мыңға тарта қазақ болса, Монғол елінде 20 мыңның шамасында екен. 1918 жылдың жазында Қытай елін бетке алып Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Садық Аманжолов, Райымжан Мәрсеков жолға шығады. Олар Ақсуат өлкесін басып өтіп, Шәуешек қаласына барады. Кезінде Семей қаласында тұрып, осында қоныс аударған көпес Рамазан Шәнішевтің үйіне түседі. Елді жинап келген мақсаттарын айтады. Шәуешекке келген Алаш өкілдерін қазақтың ауқатты байы Құсайын өзі ертіп, Үрімжіге апарады. Оларды Шынжаң өлкесінің билеушісі Ян Зын Шин қабылдайды.Сөйтіп, 1918 жылы 24 көкек күні Шәуешек қаласында кіші құрылтай өткізілген болатын. Ондағы басты мақсаты

  1. «Алашорда» үкіметінің Шығыстағы эмиграциялық бөлімін ашу;

  2. Босып барған ел мен жергілікті қазақтардың басын қосып, Алашорда мемлекетінің азаматтары ретінде қытай үкіметіне ресми тіркету;

  3. Оларды жерге қолтықтаса орналастырып, дербес автономиялық басқару жүйесін құру болатын [5].

Бірақ бұл құрылтай нәтижесіз аяқталады. Себебі Қытайда империялық билік құласада, үстемдігін жоймаған болатын және Шәуешек қаласында баяғыдан келе жатқан орыс консулы болған. Осы консул Кеңес үкіметінің мүддесіне ойысқан болуы керек. Сондықтан да Алаш арыстарының сапарына шектеу қойылған. Тіпті арыстардың қандай шаруамен келгенін де біліп отырған. Тез қайтуға мәжбүрлеген. Алаш арыстарының осы сапары кезінде бірге жүрген, дидарласқан адамдардың көбі артынан атылған, асылған. Бұдан біз 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау науқаны Қытайдағы қазақтарды да айналып өтпегенін аңғарамыз.Бірақ та Алаш идеясы өзінің дәнін сеуіп, өнімін егіп кетті. Ұлттық газеттер мен мектептердің, мәдени ойын-сауық отауларының ашылуы ұлттық сананы оятып, ақыр соңында ұлт-азаттық қозғалысына алып келді. Ұлт-азаттық күрес қаһармандары мен жауынгерлері осы біртұтас Алаш идеясы үшін қолына қару алды. Жауымен жағаласты, жараланды. қаза тапты [1,12]. Шығыс Түркістан қазақтарының XX ғасырдың 40-шы жылдарындағы бостандық жолындағы түрлі көтерілістері де жалпы ұлтқа тән ұлт-азаттық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады. XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап Қытай қазақтары өздері қоныстанып отырған қоныстарымен қоса Цин билігіне қараса да, өздерін жалпы қазақ жұртының бір бөлігі ретінде сезініп келді. Бұған дейін олар Ресей мен Қытай арасында шекара бөлісі болғанынан да хабарсыз еді. Сөйтіп, отаршылдық, бодандық деген ұғымды біреу ерте, біреу кеш түсінді. Жер мәселесі екіұдай күйге түскенде барып, қарсылық білдіріп отырды. Соның бір мысалы ретінде Шығыс Түркістан қазақтарының XX ғасырдың 40-шы жылдарындағы ұлт-азаттық күресін айтуға болады.
Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарында болған қазақ, ұйғыр және басқа халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі. Шыңжаң генерал-губернаторы Шың Шысай(Шэн Шицай) 1939 жылдан бастап жергілікті халықтарға, әсіресе, қазақ халқына қарсы қатаң саясат жүргізе бастады. Ол қазақ зиялыларын, ел басқарған беделді азаматтарды жазықсыз тұтқындап, түрмеге жапты. Қазақ шаруалары қолындағы аңшылық мылтықтарды зорлықпен тартып алып, үкіметке он мың бас сәйгүлік жинап беруді бұйырды. Осындай шектен асқан қорлық пен зорлыққа ызаланған халық стихиялы түрде үкіметке қарсы көтерілді. 1940 ж. ақпанда Алтай аймағының Көктоғай ауданында Рысхан Ноғайбайұлы, Есімқан Иманбайұлы бастаған жергілікті қазақтардың көтерілісі басталды. Оған Оспан Исламұлы қатарлы азаматтар қатысып, аудан әкімін және мылтық жинауға барған әскерлерді өлтірді [2,77]. Үш аймақ төңкерісі – Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі Іле, Алтай және Тарбағатай аймақтарында 1940-1945 жылдары болған қазақ, ұйғыр және басқа да халықтардың ұлт-азаттық көтерілісі өзінің бағдарламалық мақсаттары, қызмет аясы, әлеуметтік-саяси негізі, тіпті ұйымдық құрылымы бойынша әлемде теңдесі жоқ қайталанбас ерекшеліктері мол тарихи құбылыс болатын. Жаппай бас көтеру жеңіспен аяқталып, гоминьдан өкіметі «орталықтың Синьцзяндағы кейбір оқиғаны шешу жөніндегі ұсыныс жобасын» жасайды, әрі оны ШТР өкілдерінің талқылауына береді. 1945 жылы 13 қараша күні Р.Сабырхажиев, Әбілқайыр төре, А.Қасымилар Үрімжіге қайтып келіп, Чжан генералға Құлжадағы орталықтың ұсыныс жобасы жөніндегі пікірін және қойған талабын тапсырады. 1945 жылдың соңында Іле, Алтай, Тарбағатай аймақтары және оған қоса Жың, Шиху өңірлері азат болғаннан кейін, аталмыш өңірлерде тыныштық орнап, халық бейбіт жағдайда өмір сүре бастады [4]. Жергілікті тұрғындар өзіндік заңдар мен нышандарын жариялап, төңкеріс нәтижесінде құрылған Шығыс Түркістан Республикасы 5 жыл ғана өмір сүрді.
Қорытындылай келе, біртұтас алаш идеясы негізінде бес ұстанымды мақсат еткен қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек халықтары бастаған Қытай үстемдігінен өз мүдделерін қорғау үшін болған ұлт-азаттық көтеріліс, жеңіске жете отырып, өзінің шарттарын қоя білді. Осы көтерілістен кейін қазақтар Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Германия жерлеріне өтіп кетті. Алты адам Шығыс Түркістанның «Халық батыры» атағын алды (Оспан, Ғани, Акбар, Фатих, Дәлелхан, Қалибек) [3,333]. Көтеріліс өзінің ауқымдылығымен АҚШ, Еуропа, Ресей, Жапония, Қытай тарихында елеулі орын алады. Ғылыми жұмыстың тақырыбы негізінде Шығыс Түркістандағы «Үш аймақ» көтерілісі алаш идеясымен сабақтаса отырып, қазақ тарихы көтерілісінің заңды жалғасы болып табылады. Алаш Орда автономиясын құру өз нәтижесін бере алмағанымен, алаш идеясы өз тарихи маңызын жойған емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет