Построение структуры медиа-урока на основе использования презентаций.
воздействие учебного материала на учащихся во многом зависит от степени и уровня иллюстративно-
сти устного материала. визуальная насыщенность учебного материала делает его ярким, убедительным,
способствует лучшему его усвоению и запоминанию. при изучении новой темы можно провести урок-
лекцию с применением компьютерных презентаций, позволяющих акцентировать внимание учащихся на
значимых моментах излагаемой информации. структура и содержание медиа-урока отличается от тра-
диционной формой подачи учебного материала, но при этом обязательным является соблюдение этапов
урока. так объявление темы урока сопровождаем демонстрацией слайда, на котором дана тема урока и
план изучения темы. Затем идет объяснение темы по плану, ученики делают необходимые записи. после
объяснения темы ученики решают устные упражнения, затем решают в тетрадях задания более сложные.
все предлагаемые задания также представлены на слайдах.
используемая система дает возможность проявить себя любому из учащихся, при этом формы работы
выбирает для себя сам ученик. так, дети с математическими способностями чаще работают по изготов-
лению программных продуктов – презентаций. Дети «гуманитарии» выбирают – работу по составлению
кроссвордов или сообщений, докладов, рефератов.
учащиеся имеют прочные, глубокие знания по предмету, у них сформированы стойкие познаватель-
ные интересы, развито умение самостоятельно решать возникающие проблемы и научно объяснять проис-
ходящие химические процессы, применять полученные знания на практике.
результаты работы:
повысилась эффективность и качество обучения по предмету.
повысилась активизация познавательной деятельности учащихся.
успешное поступление выпускников школы по химико-биологическому профилю:
учебный год
число выпускников, посту-
пивших по профилю препо-
даваемого предмета
ф,и. выпускника
наименование вуЗа, кол
леджа
2008-2009
1
скородумова елена
г. талдыкорган медицинский
колледж
2009-2010
2
шайханова мадина
г.Алматы
фармколледж
кызайбек Анар
г. талдыкорган медицинский
колледж
2010-2011
1
омарова гаяна
жгу
успешное участие учащихся в районных, городских и областных олимпиадах, конкурсах:
учебный год
фамилия, имя
учащегося
класс
в чём принимал
участие
какое место за-
нял
2006-2007
байбосынова Алуа
9
районная олимпиада по хи-
мии
второе
2007-2008
Алимжанова гаухар
10
районная олимпиада по хи-
мии
первое
2008-2009
шайханова мадина
8
районная олимпиада по хи-
мии
первое
областная олимпиада по
химии
четвертое
кызайбек Анар
бородачева Юлия
9
мАн (районная) по эколо-
гии насекомых коксуского
района п.балпык би
четвертое
2009-2010
шайханова мадина
9
районная олимпиада по хи-
мии
третье
Цой любовь
11
районная олимпиада по хи-
мии
первое
областная олимпиада по
химии
четвертое
2010-2011
салимова фатима
9
районная олимпиада по хи-
мии
третье
журекова Асель
10
областной экологический
форум
третье
2011-2012
Абыханова Айжан
9
городская олимпиада по
химии
третье
500
501
Целью моей системы работы обеспечить готовность (в настоящем и будущем) выпускника школы к
полноценному функционированию в обществе, т.е. личность – образованную, толерантную, нравствен-
ную, здоровую и творческую, воспринимающую жизнь, как постоянное учение, приобретающая новые
знания наряду с умением реагировать на изменяющиеся условия внешнего мира, способная самоопреде-
литься в профессиональной сфере, в условиях современного общества, личность, ценящая культурную и
творческую деятельность, участвующая в ней и понимающая наиболее важные стороны культуры, фор-
мирующие личность и общество, личность, осознающая себя в различных социальных ролях и, прежде
всего, в ведущих: «профессионал», «общественник», «семьянин», «гражданин», «патриот» имеющий
потенциальные способности и реальные возможности для их осуществления, основанием для реализации
которых являются сформированные установки, ценности, стереотипы и картины мира человека. и только
тогда, когда мы воспитываем такие личности, мы вносим большой вклад в дело становления гражданско-
го, правового государства республики казахстан!
я знаю, какими будут мои дети - выпускники – это будут сАмостоятельные личности, оценившие
свою сАмоценность, которые достигли сАмоопределения и сАмоутверждения путём сАморазвития
и сАмореализации.
использованная литература
1. мелёшкина е. г.Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках химии.
- http://www.referat.ru/referats/view/31639
2. виртуальный семинар: «обсуждение научно-педагогических проблем в области информатизации
образования».
- http://www.mediaedu.ru/modules.php?name=pages&go=page&pid=18
3. трунова м. п. Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках.
- http://festival.1september.ru/articles/595373/
МатеМатиканы ЖаңаШа оҚыту тиіМділігі
кыдыралина Э.і.
Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық
мектеп-интернаты, Ақтөбе қаласы
Қазақстан Республикасы
аңдатпа
бұл мақалада қазіргі қоғамның талаптарына сай оқыту ерекшеліктері және қоғам мүшесіне қандай
талаптар қойылатыны туралы айтылады. жаңа оқыту технологияларын қолданып математика сабақтарын
тиімді өткізу тәсілдері сипатталады.
аннотация
в статье приводятся особенности обучения, согласно предъявляемым современным требованиям. опи-
сываются методы эффективного проведения уроков математики с использованием новых технологий.
Abstract
in this article are given peculiarities of teaching according to modern society’s demands and what kinds of
demands are expected from modern person. there are described methods of effective teaching on lessons of
mathematics using new technologies.
Қазақстан республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта
білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік
тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.
Қазіргі заманда ақпараттық қоғамның сұраныстары адамнан (азамат және маманнан) келесі құзырлылықты
талап етеді: проблемаларды шеше білу біліктілігі(құзыреттілігі), түрлі проблемалық жағдайды айқындай
білу, жауапты шешім қабылдай білу, өз шешімінің салдарын бағалай білу; ақпараттық құзыреттілігі, сыни
ойлау тұрғысынан алынған хабарлар негізінде шешімдер қабылдай алу; коммуникативті құзыреттілігі,
жалпы нәтиже алуға арналған позициясы әртүрлі топтағы адамдармен қарым-қатынас орната алу. Юнеско
құжаттарында 21-ғасырда білім берудің келесі берік мақсаттары мен міндеттері тұжырымдалады: білім
алуға үйрету (оқи білу); өмір сүруге үйрету; бірге өмір сүруге үйрету(бірге өмір сүруге арналған оқу)
[4, 6-бет] Қазіргі кезде қоғамның өзгеруіне байланысты дәстүрлі оқыту әдісінің жақсы сәттерін сақтап
қалып, оны заманның талабына сәйкес жастарды дайындайтын жаңа оқыту бағдарламасы және оқыту
әдістемесімен ұштастыру міндеті туындап отыр. себебі өзгермелі қоғам жағдайында сауаттылық деп шексіз
ақпарат ағымынан өзіңе қажетті білімді таба алу біліктілігі деп есептелінеді. бұл жағдайда оқушыларды
өзгермелі және ашық, демократиялық, ақпараттық қоғамға дайындайтын оқытудың жаңа формалары мен
әдістері қажет. оқытудағы өзгеріс тек қана оқыту құралдары мен әдістерінде ғана емес мұғалім мен
оқушының санасы мен ойлауында да жүргізілуі керек. ол үшін уақыт керек болады және саналы түрдегі
әрекет жасау қажет. бұл жасалынатын әрекеттер қатарына келесі қадамдарды айтуға болады: жұпта және
топтарда оқыту; түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; оқытудың белсенді және ашық түрлері мен
әдістерін қолдану; сұрақ қойғанда оқушының жауабын күту үшін паузаны ұстай білу; жаңа әдістемеге
қарама-қайшы келетін санадағы ескі стереотиптерді бұзу. жаңа оқыту әдістемесіне қайшы келетін
мұғалімдер мен оқушылардың да санасында берік орныққан бұзуды қажет ететін таптаурындар бар. олар:
оқытудың нәтижесі – баға; оқушы қателеспеу керек; оқушылар әлсіз және күшті болып бөлінеді; мұғалім
оқытады, ал оқушы оқу керек; оқушының сұраққа қалай жауап беретінін мұғалім білу керек, өйткені
мұғалім оқушыдан гөрі білімі көп; мұғалімнің сұрағына әрқашан жауап болу керек [3,16-бет].
Қазіргі кезде еліміздің орта білім беру жүйесінде көп жаңалықтар енгізіліп жатыр. елбасы биылғы
жолдауында: «Қазір халықаралық стандарттар негізінде назарбаев университеті мен зияткерлік мектептер
ойдағыдай істеп тұр. олардың тәжірибесін Қазақстандағы бүкіл білім беру жүйесіне енгізу қажет және
барлық білім беру орындарын солардың деңгейіне жеткізу керек» деп айтқан болатын. бұл жүктелген
міндетке сәйкес қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептегі педаготардың біліктілігін арттыру курстары
жүргізіліп, онда оқытудың кэмбридж университетінің әдістемесімен дайындалған жаңа бағдарламасын
меңгеру қолға алынып отыр.
жалпы білім беретін мектептегі педаготардың біліктілігін арттыру ііі деңгейлі курсын аяқтап,
оқытудың кэмбридж университетінің әдістемесімен дайындалған жаңа бағдарламасымен танысқаннан
кейін менің заманауи әрі ғылыми негіздерге сүйенген оқыту жөнінде білімім кеңейе түсті. бұл бағдарлама
бүкіл дүние жүзі мойындап отырған сындарлы оқыту теориясына негізделген және ол құзырлы мұғалімнің
алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. сындарлы
оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайлы ойланып, сұрақтар қойып,
білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді.
бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем,
тіршілік, жаратылыс туралы түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. оқытудың
бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс
жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу
материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша
түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болады.(нұсқаулық, 7-бет)
елбасымыздың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20
қадам» атты биылғы жолдауында Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту үш басым бағыт бойынша
502
503
жүретіні айтылған. соның бірі – оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту. бұл мақалада қазіргі кездегі білім берудегі
балаларды, жасөспірімдер мен жастарды олардың есеюі мен табысты әлеуметтенуінің дара міндеттерін
шешуге бағыттайтын рухани-парасаттылық тәрбиесінің тәсілдері жеткіліксіздігі жөнінде айтады.
сондықтан математика сабағында тәрбие жұмыстарының бір сәті ретінде сабақтың ұранын, эпиграфын
сабақ басында оқушыларға айтып, осы айтылған сөздердің мағынасын оқушылармен бірге талдауды
қолданамын. бұл жерде цитата математикаға қатысты болуы міндетті емес. мысалы, мұхтар әуезовтың
«Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек» деген сөзі оқушыларды өз оқуына
саналы түрде жауапкершілікпен қарауға жетелейтіні анық. Ал әл-фарабидің «білімді болу деген сөз –
белгісізді ашуға қабілетті болу», әлішер науайдың «білмегенді сұрап үйренген ғалым, арланып сұрамаған
өзіне залым» деген сөздері оқушыларды өз оқуы туралы ойлауға жетелейді.
әлемдік білім беру жүйесі ххі ғасырда жаңа, тың бағытта дами бастады. білім берудің мақсаты мен
мазмұны өзгерді. соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар қолданыла бастады.
Қр «білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағидаты
бекітілген. бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, оқытушыларына педагогикалық процесті өзіне оңтайлы
кез-келген үлгіде құруға мүмкіндік береді. осы тұрғыда мен өзімнің жұмысымда м.м.жанпеисованың
модульдік оқыту технологиясын пайдаланамын. бұл технологияның тиімділігі: тек қана білім мазмұнын
емес, сондай-ақ баланың танымдық қабілеттері мен танымдық процестері: ес, ойлау, зейін, қабылдауын
дамытуға басымдық береді және арнайы ұйымдастырылған оқытушылық және танымдық ситуациялар
арқасында жеке тұлғаның маслоу айтқан қажеттіліктерін қанағаттандырады. Авраам маслау (1968)
ынтаның иерархиялық моделін құрастырды. олар: биологиялық және физиологиялық қажеттіліктер;
қауіпсіздікке деген қажеттілік; сүйіспеншілік және қарым-қатынасқа деген қажеттілік; өзін-өзі құрметтеуге
деген қажеттілік; өзін-өзі таныта білу. төменгі деңгейде ол психологиялық қажеттіліктерді орналастырса,
жоғары деңгейге өзін-өзі көрсете білу мен таныта білуді қойды және ол төменгі деңгейдегі қажеттіліктер
қанағаттандырылғанда ғана келесі деңгейге көшуге болады деп дәлелдеген, өйткені төмендегі деңгейде
ынта жоғары деңгейген анағұрлым жоғары болады. маслоу білім алуды өзін-өзі көрсетудің бір жолы
ретінде қарастыруға болады деген және бұл оқытуда басты мақсат бола алады деп айтылған (нұсқаулық,
24-бет). ендігі кезекте мен сабақта математика пәні бойынша терең білім беріп қана қоймай сонымен қатар
оқушының сабақта өзін таныту, өзін көрсету арқылы жеке тұлғасын жан-жақты дамытатын болуын үнемі
назарда ұстаймын. сабаққа дайындалар кезде орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақтар жоспарларын
даярлап, жаңа оқыту бағдарламасында айтылған жеті модуль идеяларының толық кіріктірілген болуын
қадағалаймын. себебі жеті модульде айтылған идеялардың барлығы да маңызды, оны өз алдына бөліп
ажырата алмайсың. бұл жерде мен м.м.жанпеисованың модульді оқыту технологиясы бойынша кіріспе,
диалогтық бөлім және қорытынды бөлімдерге ұқсас тақырыптар топтамасын орта мерзімдік сабақ
жоспарын құрғанда бөліп аламын. Анағұрлым тиімді сабақтар саны тәжірибеде 7-12сағат болу керек
деп көрсетілген. кіріспе және қорытынды бөлімінде 1-2 сағаттан аламын, қалған сағаттар диалогтық
бөлімге арналады. кіріспе бөлімінде осы модульдың оқылуға тиісті материалдарын қысқаша тірек
конспектілер, сызба немесе кесте түрінде ұсынамын және осы модульде оқушының орындауға тиісті
тапсырмалары мен жинақтайтын балл сандарын және соған сәйкесінше қойылатын бағалау шкаласына
тоқталамын. көбінесе жаңа материалды игеруде бірлескен жұмыстарды да ұйымдастырып отырамын.
Өйткені мерсердің (2005)айтуы бойынша құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл
атқарады. оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі
өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше симметриялы болып табылатын іс-қимылға тартылады, осылайша,
негізделген дәлелдерді әзірлеу және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие
болады. (нұсқаулық, 29-бет). ол үшін сабақта в.ф.шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту тәсілін
қолданамын. бұл кезде тірек конспектілері теориялық материалды игеру құралы және практикалық
есептерді шешуге бағыт көрсетуші үлгі ролін атқарады. бұл тірек конспектілерді қалай түсінгендерін
оқушылар топтарда талқылай отырып, жаңа тақырып туралы өзіндік білім мен түсінік қалыптастыра
алады. Диалогтық бөлімде сабақтар сыныпты топтарға бөле отырып, оқу материалына қарапайымнан
күрделіге қарай қайта оралу арқылы, алғашында оқу материалын білу, түсіну деңгейінде, кейін талдау,
жинақтау және бағалауға құрылған белсенді оқыту әдістеріне негізделеді. Диалогтық бөлімнің тағы да бір
ерекшелігі ойын және белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып бір модуль шеңберінде оқу материалына
13-24 ке дейін қайта оралып жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Ал психологтардың зерттеулеріне сәйкес
материалды меңгеру оған 7рет қайта оралу арқылы жүзеге асады екен.[6, 7-бет] Ал қорытынды бөлімде
осы тарау немесе тақырып бойынша өзіндік жұмыстар мен бақылау, тест аламын. бұл кезде оқушының
тақырып не тарау бойынша алған білім, білік және дағдысы тексеріледі. сондықтан бұл жұмыстар өз
бетінше орындалады, сондай-ақ оқушының дайындық деңгейіне, мүмкіндігіне байланысты тапсырмалар
төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге дейін дамытпалы түрде болады. осылайша сабақта диалогтық
оқытуды қолдану оқушыларға оқыту мен оқуы үшін қарым-қатынас жасауға еркіндік алуға мүмкіндік
береді. ол үшін бірлескен топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастырамын және оқытуды дайын білім
күйінде ұсынбай жаңа білімді өздері ашуына мүмкіндік жасайтын сұрақтар мен тапсырмалар дайындау
арқылы сыныпта мұғалім мен оқушылар арасында және оқушы мен оқушы арасында диалогтың жүруін
жүзеге асырдым. бұл кезде диалогты оқыту модулінің идеялары іске асады және білім берудің сапасын
арттыруда оның маңызы зор. Өйткені барнстың(1971) айтуынша сыныпта тіл қаншалықты қолданылса,
оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. барнс білім берудің селқос тыңдағанда
емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге
асатынын көрсетті.(нұсқаулық, 38 бет). Диалогтық оқытудың бірқатар артықшылықтары бар. Қатаң
дәстүрлі авторитарлы педагогика оқушыларға тек тыңдаушы ретінде пассивті рольде болуды талап етеді.
Ал диалогтық оқыту мұғалімдердің оқушылармен бірігіп дамуға, ашықтыққа, сенімділікке, әділдікке
құрылады. ғылыми зерттеулерге сәйкес, диалог оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар
олардың білім деңгейін өсуіне үлес қосатынын атап көрсетілген. онда ересектермен интерактивті қарым-
қатынас пен достарымен бірігіп жасалған жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер
ететіндігі байқалған (нұсқаулық 38бет).
оқыту ортасы –сабақтың ажырамас бөлігі. орта деп ең алдымен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-
қатынас стилі айтылады, толыққанды және тиімді оқыту үшін қажетті кеңістіктің ерекше ұйымдастырылуын
оқытудың атмосферасы деп айтады. оқушыларға психологиялық жайлы ахуал тудырып, сенім және
жұмыс атмосферасын тудыру үшін мен сабақта тренингтер мен сергіту жаттығуларын жасатамын және
кері байланысты қолданамын. кері байланыс мұғалім мен ұстаз арасында сенімге негізделген қарым-
қатынас орнатуға бағытталады. сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты
жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады. ол үшін сабақтың соңында оқушылардан рефлексия жасауға
белгілі бір уақытқа сабақ жоспарының бөлігін арнаймын. рефлексия тек қана мұғалімге ғана емес
оқушыларға да қажет. рефлексия – білім алудың қорытынды кезеңі, оқушылар сабақ бойы алған білімдерін,
түсініктерін өз сөздерімен баяндап бере алатын, жаңа білімді көрсете алатын кезең. рефлексия арқылы
оқушылар өз ойларын тұжырымдайды, өз жолдастарымен, мұғаліммен қарым-қатынас жасай алады және
жаңа ақпаратпен өз білімінің толығуын тексере алады. ол ойды мұқият таразылауға, бағалауға, таңдауға,
болжай білуге үйретеді. [4, 42-бет]
оқушылардың білімін жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда
“сын тұрғысынан ойлау” модулі стратегияларының көмегі зор. сын тұрғысынан ойлау – ол қалай әрекет
ету және неге сенуге қатысты қисынды, өлшенген күрделі шешім қабылдауға қолданылатын тәсіл . ол
ақпарат және идеялармен әрекеттесудің табиғи жолы. Ақпаратты тек қана меңгеріп қоймай оны түсіну,
қолдану, бағалау іскерлігі болу қажет.Д. клустер сын тұрғысынан ойлаудың бес сипаттамасын айтады .
біріншіден ол – өз бетінше ойлау, екіншіден– ол кең ойлау, үшіншіден – проблемалық және бағалаушы
ойлау, төртіншіден – дәйекті ойлау, бесіншіден – ол әлеуметтік тұрғыдан сыни ойлау. [7, 99-бет]
сын тұрғысынан ойлауды кіріктірген сабақтарымда оқушының жоғары деңгейде ойлауын іске асыру
үшін блум таксономиясына негізделген сұрақтар мен тапсырмаларды дайындаймын. таксономия (грек
тілінен аударғанда taxis – орналасу, құрылым, тәртіп және nomos – заң) – иерархиялық құрылымға ие
(органикалық әлем, геогрфия, геология, тіл білімі, этнография объектілері және т.с.с.) нақты әрекет
саласындағы күрделі ұйымдастырылған жүйелеу және жіктеу теориясы.
504
505
таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру
мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.таксономия барлық
оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Американдық психолог б.блум және оның әріптестері ойлаудың әртүрлі алты деңгейінің жіктелуін –
таксономиясын жасаған. бірінші, ең төменгі деңгейде, білу деңгейінде (knowledge level) оқушы әрекеті
ақпаратты есте сақтау және еске түсірумен шектеледі. бұл деңгейдегі тапсырмаларда өзекті сөздер
мынадай болады: анықтау, бейнелеу, атын айту, маркерлеу, білу, еске түсіру. екінші деңгей, түсіну деңгейі
(comprehension level) басты ойды өзгертіп айту, мағынасын түсіне білу болып табылады. бұл деңгейдегі
тапсырмалардың өзекті сөздері: талдап қорыту, қайта құру, қорғау, өзгертіп айту, өзінше түсіндіру, мысал
келтіру.Үшінші деңгей, алған білімді қолдану (application level). оқушыдан жаңа жағдайдағы ақпаратты
немесе тұжырымды қолдана білу біліктілігі. бұл деңгейдегі тапсырмалардің өзекті сөздері: жаңадан
жасау, құрастыру, моделдеу, болжау.Ақпаратты талдау деңгейі (analysis level), келесідей тапсырмалар
көмегімен жоғары деңгейде ойлау дағдаларын қалыптастырады: салыстыру, қарама-қарсы қою, , бөліктеу,
ажырату, таңдап алу, шектеу, ақпаратты бөліктерге бөлу.жинақтау деңгейі (synthesis level), керісінше
қорыту, жаңаны құру үшін идеяларды жинақтау, топтастыру, қайтақұру дағдыларын қалыптастыруға
бағытталған. Алынған білімді бағалау деңгейі (evaluation level), оқушыға алынған ақпарат құндылығына
қатысты пайымдауға көмектесетін ойлау дағдыларын қалыптастыруға шақырады. бұл ойлау деңгейін
құрылымдайтын тапсырмалар келесідей сөздермен қамтылады: бағалау, сынау, пікір айту, ақтау, таласу,
қолдау. [6, 79-бет]
мектептегі математика оқулықтарындағы есептердің көбісі білім, білік және дағдыны дамытуға
арналған жаттықтырушы есептер болып келеді. сондықтан оқулықтағы есептерді мұғалім жоғары деңгейде
ойлауды қамтамасыз ететін дамытушы есептермен толықтыру қажеттілігі туындайды. бұл мәселені шешу
үшін мұғалім екі бағытта жұмыс жасауға болады. біріншісі қосымша әдебиеттерден дамытушы есептерді
жинақтау, екіншісі сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып, оқулықтағы есептердің
дамытушылық қызметін арттыру. ол үшін келесі әдістерді қарастыруға болады: есепті түрлі әдістермен
шығару; есеп шарты бойынша сұрақтарды кеңейту; сандық мәндерді әріптермен ауыстырып есеп шартын
қайта құру; есеп шартын түрлі жазбалармен (сурет, схема, график, таблица) қайта құру. сондай-ақ,
сабақтарымда оқушылардың сыни ойлап, ақпаратпен жұмыс жасай алу іскерліктерін дамыту үшін сын
тұрғысынан ойлаудың стратегиялары: ббҮ, инсерт, кластер, ассосация, миға шабуыл, ротация, жигсо
әдістерін қолданамын.
сыныпта жұмыс ортасын тудыру үшін сонымен қатар оқушылардың сабақ мақсатын өздері қоя
алатын және соған жетуге жауапкершілік ала білетін ерекше атмосфера туғызуы үшін мұғалімнің сабақта
оқушылдарға өзінің оқу үдерісінің белсенді мүшелері болуына үйретуі маңызды. сабақтың мақсаты
оқытудың маңызды бөлігін құрайды, өйткені сабақтың барысында мұғалім мен оқушылардың барлық
әрекеті соған бағытталады. сабақ мақсаты ең алдымен оқушы тұрғыдан қойылуы тиіс. сабақ мақсаты
ол - оқушылардың сабақ соңында жетуіне тиісті алдын ала мұғалімнің жоспарлаған күтілетін нәтижесі.
мақсат оқушыларға сабақ соңында нені үйрену керек, білу керек және жасай алу қажеттігін көрсететін
болу керек. бұл жөнінде ағылшын тілінің бас әріптермен алынған smart талабы бар . ол specific-нақты,
measurable –өлшенетін, achievable-қол жетімді, realistic-нақты және time-bound-уақытпен шектелген болу
дегенді білдіреді. сонда сабақтың мақсатын қойғанда егер сабақ мақсаты: оқушылардың білімін арттыру
деп алсақ, онда ол жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмейді, ал пропорцияны құрып, оны шешуге үйрену
десек, онда бұл таалаптарға сәйкес. себебі ол нақты, өлшенетін, қол жетімді және оқушыға бағытталған.
сондықтан сабақ мақсатын қойғанда жоғарыдағы талаптарға сәйкес болуына ерекше көңіл аудару керек.
[5, 7-бет]
мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар (жиынтық бағалау), білім беру үшін бағалауды(формативтік
бағалауды) пайдаланғанда, бағалау білім алудағы аса пайдалы құралға айналады. оқыту үшін бағалау
–оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен
бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. табыстың қабілетке емес,
ауыр еңбекте екенін түсіндіру, санасына сіңіру үшін қалыптастырушы бағалаудың оқушыға маңызы зор.
Қалыптастырушы деп аталуының өзі оқушының білім игерудегі олқылықтарын анықтап, оның орнын
бар мүмкіндігінше толтыруды көздей отырып, жеке оқушыға бағытталғандығын меңзейді. ол оқушыға
қатесін түзей отырып үйренуге көмектеседі. нені білу маңызды, нені білу керек, қандай істі жасауды
үйрену керектігін анықтауға көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау білім нәтижесін сабақтың нақты
кезеңдерінде бағалауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау әрбір баланың жеке нәтижелерін
анықтауға бағытталған.
ол оқушыны бағалауды басқа балалардың жұмысымен салыстырудан немесе мұғалімнің оқыту
нәтижесінен алған шешімі бойынша жүргізуге жол бермейді. Қалыптастырушы бағалау оқушының
оқыту барысында материалмен жұмыс жасап, өзінің оқуын талдау кезінде қолданылады: оқу материалын
игеруін тексеру үшін; дамуының мониторингін жасауға; метатанымын ынталандыру үшін; түсінгенін
тексеру үшін; мақсаттарды белгілеуге; өзара әрекеттестік пен өз бетімен жұмысын мадақтауға. сабақта
қалыптастырушы бағалаудың өзіндік бағалау, жұптардың бағалауы, топтардың бағалауы, белгі арқылы
және белгісіз, ауызша бағалау, критериальды бағалау тәсілдерін қолданамын. оқушылардың бағалауға
қатысты оң көзқарасын қалыптастыру үшін олармен бағалау туралы әңгімелесу де тиімді. онда мен өзін-
өзі бағалау мен өзара бағалауға арналған негізгі ережелерді түсіндіремін. мұнда ең бастысы оқушылардың
бағалағанда мақсатымыз біреудің кемшілігін табу емес, өз рекордымыздан асып түсу екенін және қателесу
біздің нені жақсартуымызды түсінуге көмектесетіндіктен бізге пайдалы болатынын түсіндіремін.
Қорытындылай келе, сындарлы оқыту теориясына негізделген әрі жаңа оқыту технологиялармен
өткізілген сабақтар оқушыларды жаңа заман талаптарына жауап беретін жеке тұлға болып қалыптасуына
оң әсер ететіні анық. сабақ заман талабына сай өз дәрежесінде өту үшін заманауи әдістеме және
теория жағынан жаңа педагогикалық технологиялармен қаруланып, іс-тәжірибеде тәуекелге бел
буып үнемі жетілдіру жұмысын жүргізіп отыру керек. себебі сабақ тиімді болып, сәтті өтуі келесі үш
жағдайлармен анықталады: мұғалімнің жеке тұлғасы; оның педагогикалық инструменті; оқыту үдерісін
үнемі рефлексиялау және түзету қабілеттілігі. [3, 27-бет] сондықтан жоғарыда айтылған тәсілдер мен
әдістемелерді пайдалана отырып сабақ тиімділігін арттыра аламыз деп ойлаймын.
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан республикасының білім туралы заңы
2. назарбаев н. ә. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20
қадам», егемен қазақстан, тамыз 2012.
3. Задорожная н. п.,.низовская н. А. от педагогической практики к педагогической рефлексии: мето-
дические рекомендации по организации и проведении педагогических мастерских/ б.:maxprint, 2011
4. имжарова З. у., Ахметова А. у. сын тұрғысынан ойлау - білім алу үрдісінде. оқу-әдістемелік көмек
құрал.Ақтөбе қаласы: білім баспасы, 2010,99бет.
5. шакиров р. х., кыдыралиева м. ф., сахарова г. н., буркитова А. А. формативное оценивание на
уроках математики. практическое рособие для учителя/-б: «билим»,2012.-76с.
6. жанпеисова м.м. технология модульного обучения Ақтобе, 1999.
7. клустер Д. cыни ойлау деген не 106 бет.// әрекеттегі rWct философиясы мен әдістері.с.мирсеитова
мен ә.іргебаеваның редакциялаған. Алматы: Қазақстан оқу Ассосациясы.верена, 2006.-260 бет.
8. мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей
506
507
Достарыңызбен бөлісу: |