Использованная литература
1. Концепция Республиканского педагогического совещания « Модернизация системы образования»
bala-zan.kz/pedforum.htm/2012/
2. Ежегодное Послание Президента РК народу Казахстана -2012 -/ zakon.kz /4470015/2012/zakon.
kz/2012/
3. Интеллектуальная компетентность и ее развитие -/rusnauka.com/ 2012/
4. Педагогическая компетентность alted.ru/oo801/html_fragments/2012
5. Особенности профессионального развития учителя. -/nauka-pedagogika.com/2012/
6. Профессиональная компетентность учителя- geo.metodist.ru/images/Doc/Method/2012
7. Шпаргалка по педагогике В.А. Назарьева. Либрусек.- /lib.rus.ec/b/203815/2012/
8. Цитаты афоризмы высказывания фразы - Абу Абдаллах Рудаки. aphorism-citation.ru/index/0-124/2012/
9. Ключевский В.О. – биография - /dic.academic.ru/dic.nsf/aphorism/2012/
НЕОБХОДИМОСТЬ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ НАУЧНОЙ ЛИТЕРАТУРЫ КАК ЗАЛОГ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ УЧИТЕЛЯ
Мансуров Б. А.
Казахский Национальный
педагогический университет им. Абая
г.Алматы, Республика Казахстан
Аңдатпа
Химияны оқып үйренгенде анықтама материалдарын қолдану керек. Химия анықтамасында күкірт
қышқылының диссоциациялануы мен этилен құрылысына мысалдар келтірілген.
Аннотация
Предлагается использование справочных материалов при изучении химии. Приведены примеры
использования справочных материалов по химии при изучении диссоциации серной кислоты и строения
этилена.
89
Abstract
It is proposed to use reference materials in the study of chemistry. Examples of the use of reference materials
on the chemistry in the study of dissociation of sulfuric acid and the structure of ethylene.
Содержание курса химии в школах естественно-математического направления в соответствии с ГОСО
расширена более, чем на 30%. Для некоторых учеников будущая профессия может быть связана с химией.
Изучение содержания данного предмета соответствует современному уровню развития химии-детально
рассматриваются строение веществ, так как от этого зависят их свойства, подробно изучаются механизмы
многих химических процессов. В соответствии с уровнем развития химической промышленности
изучаются переработка нефти, каменного угля, природного газа, а также производства синтетического
каучука, полимерных материалов, органических красителей, лекарственных препаратов, средств борьбы с
сельскохозяйственными вредителями.
Усвоение такого обширного и достаточно сложного материала требует от учащихся интенсивной
мыслительной деятельности. При этом они должны выделять суть теоретических положений, применять
их для объяснения и прогнозирования конкретных фактов. Учащиеся при изучении химии овладевают
основными приемами умственных действий, такими как сравнение, обобщение, абстрагирование. На уроках
химии эти приемы являются средствами развития и активизации познавательной деятельности учащихся.
Также средствами активизации учебной деятельности при изучении химии служат информационно-
логические упражнения, различные виды самостоятельных работ (с учебником, справочниками), решение
и составление задач, доклады, рефераты, изготовление приборов, моделей.
Очевидным является для школ естественно-математического направления выполнения дидактических
требований к содержанию курса химии [1]. Основополагающим является принцип научности,
он устанавливает определенное соотношение химической науки и учебного предмета. Одной из
сторон принципа научности является системное изложение учебного материала. Систематичность
непосредственно связана с логикой самой химической науки. При этом каждый элемент знаний связываются
с другими элементами, последующие опираются на предыдущие , что готовит учащихся к усвоению
новых элементов знаний. Глубина научной интерпратации процессов, фактов, явлений ограничивается
другим дидактическим принципом – доступностью. Устранение противоречия между необходимостью
отражения современного уровня науки и соблюдением требований принципа доступности – главный
путь совершенствования содержания. Доступность учебного материала определяется числом связей этого
материала с уже известными сведениями. Например, нельзя доступно изложить вопрос о гибридизации
орбиталей в 11 классе, если неизвестна теория строения атома. Нельзя объяснить сущность электролита
без знания теории электролитической диссоциации и понятий об окислительно-восстановительных
процессах.
Из других принципов отметим развивающее обучение, которое предполагает построение обучения
на высоком, но посильном для усвоения уровне трудности; изучение материала курса химии быстрым
темпом, но с учетом доступности; осознание учащимися сущности процесса учения.
Углубленное изучение химии требует использование дополнительной литературы: научно-популярной
[2], книги для чтения по химии [3], справочники [4,5]. Перечисленной литературой ученики как правило
пользуются, справочной же практически нет. Справочной литературой следует пользоваться при изучении
тепловых эффектов химических реакций, диссоциации неорганических веществ и другие.
Так, при изучении алканов, одним из свойств является горение предельных углеводородов. Уравнение
реакции записывается с проведением количества выделенного тепла. Предлагаются задачи для
определения выделившегося тепла при сгорании определенной массы алкана. Для развития мышления
учащихся целесообразно дать задание на составление задачи - составить термохимическое уравнение
реакции горения этана (бутана). При этом известны масса алкана и выделившееся тепло. После решения
задачи следует обратиться к химическому справочнику [5]. Учителю следует пояснить, что в справочнике
приводится значение выделившегося тепла в расчете на 1 моль. А при горении этана (бутана) в реакции
участвует 2 моль алкана.
90
При изучении теории электролитической диссоциации рассматриваются диссоциации многоосновных
кислот. Протекают они ступенчато, у учащихся нет затруднений в их составлении. Диссоциация серной
кислоты протекает в две ступени:
H
2
SO
4
H
+
+ HSO
4
-
HSO
4
-
H
+
+ SO
4
2-
У учеников вызывает затруднение при определении какая ступень диссоциации серной кислоты
протекает
легче? Выяснив, что предпочтительна первая
ступень диссоциации, следует
обратиться к
справочным данным [5]. Константа
диссоциации первой ступени 1·10
2
, второй 1,2
-2
. Следовательно
диссоциация серной кислоты по первой ступени в 10000 раз превышает диссоциацию по второй ступени.
При изучении строения этилена создается проблемная ситуация. Какая из связей σ или π-более прочная?
Подробно рассмотрев строение этилена, выясняется, что одинарная σ-связь более прочная, чем π-связь.
Связано это с тем, что область перекрывания гибридных орбиталей σ-связей значительно больше, чем
у π-связи. Подтвердить это можно только справочными данными.Для этого учащихся знакомят с такой
характеристикой как энергия связи. Это энергия, которую необходимо затратить на разрыв связи. Значение
энергии связи для одинарной σ-связи равна 344 кДЖ/моль, для двойной (σ-и π-связей) 615 кДЖ/моль
[5]. Энергию π-связи определяют как разницу двойной связи и σ-связи. Она равна 271 кДЖ/моль. Это
подтверждает, что π-связь, образованная путем бокового перекрывания негибридных орбиталей менее
прочная, чем σ-связь.
Использованная литература
1. Чернобельская Г. М. Методика обучения химии. М. ВЛАДОС., 2000.
2. Власов Л. В., Трифонов Д. Н. Занимательно о химии. М. Молодая гвардия, 2002.
3. Книга для чтения по неорганической химии. Пособие для учащихся, ч. I ,II . М. Просвещение, 1974.
4. Справочник по химии. Пособие для учащихся, М. Просвещение, 2004.
5. Рабинович В. А., Хавин З. Я. Краткий химический справочник. Химия, Ленинградское отделение,
1978.
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ БІЛІМ КӨТЕРУ КУРСТАРЫНЫҢ МҰҒАЛІМ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Масимбаева М. А.
Алматы облысы Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы
Аңдатпа
Мақалада жаңа форматтағы білім көтеру курстарында берілген әдістемелердің оқыту үдерісінде
қолданылуы, оқыту әдістемесіндегі ерекшеліктер, автордың ізденіс жұмыстары мен шығармашылығы
жайлы және жаңа әдістемемен оқыту барысында оқушылардың бойында сыни тұрғыдан ойлау, білім,
білік, дағдыларының дамуы, балалардың топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуы туралы
баяндалған.
Аннотация
В статье говорится о курсах повышения квалификации нового формата, которые обучают методике
преподавания и особенностям процесса обучения. Это авторская исследовательская и творческая работа
по новой методике, направленной на развитие навыков критического мышления учащихся, повышение
знания, развитие навыков, формирование навыков групповой работы.
91
Abstract
The article refers to training courses of the new format that teach the methods of teaching and the learning.
The author’s research and creative work on the new methodology aimed at developing students’ critical thinking,
increasing knowledge and forming of skills of the group work.
Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы
қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ол
қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың
жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан
дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі
мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Еліміздің Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған «Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық
білім тұжырымдамасы» мен «Қазақстан Республикасы жаңа тұрпатты педагогының үздіксіз педагогикалық
білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Жоғары
кәсіби-педагогикалық құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды.
Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл,
мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника
жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. [1, 267-б].
Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде
нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың
мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске
оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,
қабылдайды. [2, 7-б] «Қалай оқу керектігін үйрету» модулінің атауы «өзін өзі реттеу» үдерісіне жатады.
Бұл үдерісте оқушылар метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау
жүргізу қабілеттерін дамытады. [3, 43-б].
Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе. Егеменді елдің болашағы – еліміздің
баға жетпес қазынасы, ұрпағының оқу-білімінің тереңдігімен өлшенеді. Өйткені, ізденумен жүретін,
тапқырлыққа, жаңашылдыққа жаны құмар еңбекқор ұстаз ғана білімді, жан-жақты, тәрбиелі, қабілетті
жастардың дамуына үлкен үлес қоса алады.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның
жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі
қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі
табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы
шеберлігі. [4, 7-8-б].
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі - рефлексияға қабілетті, өзін-өзі
жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,
коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын
рухани - адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге,
соның нәтижесінде өзіндік іс - әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына
байланысты қалыптасады.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін
технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың
еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Қазіргі заман адамның осы
92
құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске
асырылу мүмкіндігін» үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
«Мұғалім- зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты», - деп ұлы педагог К.Д. Ушинский айтып
өткендей, жаңа заман ұстаздары- үнемі өскелең ұрпақтың бойына ізгілік нұрын себетін, қазіргі қоғам
талабына сай әлеуметтік құрамды тұлғаны қалыптастыратын, жақсылық атаулының ішкі жан дүниесімен
қабылдап, өз көзқарасын оқушы бойына дарыта білетін, білім шырағын жағушы, сәулесін шашушы.
Әл-Фараби: ұстаз қызметінің мақсаты- балаға бақытқа жетудің жолын табуға көмектесу деп есептесе,
А.Дистерверг: «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді»-
деп білімді ұстаз оқушының тапсырманы ықыласымен, шабытпен орындауына әсер ететінін айтты.
Біздің планетамызда ашық қоғам құруды көздейтін технологиялық дүмпулер, адамдардың әлемді
қабылдауы мен менталитетін өзгерткен, күшті ақпараттық ағымдармен адамзат дамуының барлық
бағыттарында интеграция деңгейлерімен анықталатын дамудың жаңа кезеңдері басталды. Бүгінде елімізде
жүріп жатқан терең, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер жас ұрпақтың тәрбиесін жаңаша
жүргізіп, жаңа Қазақстан құру жағдайында рухани және жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға
міндеттейді. Себебі, бүгінгі балалар, еліміздің ертеңгі болашағы екенін ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті,
жаңа уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз. Әрине ол үшін ұстаздар
жан-жақты құзіретті болуы шарт. Ұлы ғұлама Әл-Фараби «Қандай болсын әдіс, тәсіл (мақтау, бетіне басып
ұялту, көзін жеткізу, көндіру) тәрбиешіден имандылық, ізетті талап етеді, осылай ғана ол шәкірттерінің
шыншыл, адамгершілікті, сыпайы, әділ болуын қамтамасыз ете алады. Сондықтан мұндай қасиеттерге
ұстаздың өзі де ие болуға тиіс»,- деп өз еңбегінде атап көрсетеді. Әрине ұстаздың сыртқы түрі келісті,
баламен жұмыстың әдісін, өз пәнін жетік білетін, ашық-жарқын, ерекше тұлға болуы балаға үлкен
әсер ететінін де ескеруіміз керек. Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Солардың бірі-үнемі білімін
жетілдіріп, толықтырып, жеткілікті дәрежеде кеңейтіп отыруы керек. Жаңа заман ағымына сай ұстаздар
да ақпараттық технологиямен қатар жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып білім беруі шарт. Бүгінгі таңда
еліміз бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылып отырғанда біздің тәрбиелеп отырған шәкірттеріміз
де бәсекеге қабілетті жан-жақты зияткер болуы міндетті. Ол үшін жаңа заман ұстазы қандай болмақ...
Жаңа заман ұстазы- рухани дамыған, кәсіби іскерлікке, рефлексияға, жаңа ұмтылыстарға қабілетті,
педагогикалық талантты шығармашыл тұлға болуы керек. Ол үшін ұстаздар қауымына жаңашылдықтың
көзін ашар, жан-жақты тереңдетілген курстардан өту керек деп ойлаймын. Қаншама ұстаздар ескі әдіс-
тәсілдер арқылы өз сабақтарын тиімді өткізіп те жүр, бірақ біз ескі әдіс-тәсілдерді жаңамен алмастыра
отырып, ұстаздардың да көзқарасын қалыптастыра білуіміз де керек. Міне, осы бағытта Елбасымыздың
қолдауымен мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары ашылып, жұмыс жасауда. Соның бір дәлелі
ретінде мен Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» жаңа форматтағы үш деңгейлік
курстан өтіп, біліктілігімді көтеріп, тәжірибеме жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың жолдарын
үйреніп, қосудамын. Осы курстан кейін менің іс - тәжірибемде үлкен өзгерістер болды. Мен үшін дүниенің
бір тылсым тұстары ашылғандай әсер алдым. Өз тәжірибеме енгізілген өзгерістерді оқушыларыммен,
әріптестеріммен бөлісуге асықтым. Бірақ олар қалай қабылдайды екен? - деген сұрақтар да мазаламай
қоймады. Басында әрине жаңашыл дүние болған соң жұмысы көп екен деген сияқты сөздер әріптестер
тарапынан болып жатса, оқушыларды топқа бөліп жұмыс жасауда қиыншылықтар туындады. Бұл
әдіс-тәсілдердің мұғалімдер үшін тиімді екендігін көрсету мақсатымен өз практикама енгізе бастадым.
Оқушыларға курстан алған әсерімді айта келе, сабақтарымыз барысында біршама өзгерістердің енетінін
де ескерттім. Дамыған мемлекеттермен салыстыра келе, біздің де жан-жақты білім алуымыз үшін осы әдіс-
тәсілдердің атқаратын қызметінің зор екендігін де айта кеттім.
Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби
білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім
кеңестігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену
арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.
Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін,
93
дағдысын, тұлға мінез - құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру
құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім
беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп
жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу
мүмкіндігі молаяды. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру
- басты мақсаты» деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті
білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты
орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей
байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым
ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды. [5]
Құзіреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені дұрыс шеше білу
қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің
аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни, бір сөзбен педагогикалық қызметке
маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады.
Осыдан келіп, кәсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-
педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада
тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті
қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл
мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға
талпынуы керек.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады.
Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам
қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды,
педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық
инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді
қажет етеді. [6, 17-б].
Тұлға құзыреттілігін дамыту үшін ұстаздың құзыреттілікті тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын
жетілдіруі қажет екендігін ескере отырып, біз, жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін
пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы
тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз
Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзыреттілігін
дамытуда маңызы зор болар деген тұжырымға келдік. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған
ойлау. [7]
Мен қатысқан жаңа форматтағы курста «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын меңгеру басты назарда
болды. Менің осы біліктілік арттыру курсынан кейін ойыма түйгенім: ұстаздық қызмет – өзіңнің іс
- әрекетің туралы сыни көзқараспен қараудан басталады. Сабақ жоспарын құру оқушыға деген шын
ықыласпен, сенім білдіре отырып, төзім мен сабыр сақтау негізінде жүзеге асады. Мұғалім оқушыларға
жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіту кезінде оқушылардың көңіл-күйлеріне ерекше назар аудара білу
керек. Өйткені, мұғалімдер тарапынан ілтипат болмаса, оқушылардың сенім арту қабілеті төмендейді.
Сондықтан оқушы өзін еркін сезіне алмайды, сенім артпайды, соның негізінде ойларын ашық айтудан бас
тартады.
Ана тілі пәнінен өткізген сериялы сабақтарымда «Балалар» (С.Сейфуллин) С.Сейфуллиннің суретін
тақтаға іліп қойдым.
- Балалар, мына суреттегі адамға мінездеме беріп көрейікші.
- Қандай адам?
- Біздің бүгінгі сабағымызға қатысы бар ма? Қалай ойлайсыңдар? деген сұрақтар қою арқылы балаларға
сыни тұрғыдан ойлана отырып, жауап берулеріне мүмкіндік бердім.
94
«Бұл қай кезде болады?» тақырыбында сыни тұрғыдан ойлану сұрақтар қою кезінде мұғалім мен
оқушының арасында диалогтық оқыту арқылы орын алады.
1. Жылдың неше мезгілі бар?
2. Айнала қай кезде қызыл-жасыл түске енеді?
3. Қай кезде көлде құстардың саңқылдаған даусы естіледі?
4. Жидек қашан піседі?
5. Көбелектер қай кезде болады? сұрақтарын қоя отырып, сурет көрсетемін. Сурет арқылы оқушылар
жаз мезгіліне сыни тұрғыда ойлана отырып, жауап береді.
- Мен бақылай алмаған ерекшелік бар ма?
«Жазғы шілде» тақырыбында өткен сабағымда ынтымақтастық атмосферасын оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын оятудан бастадым. Жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді кесіп,
оқушыларға таратып бердім. Оқушылардың міндеттері суретті мозайканы құрастыру. Әр топ суреттерді
құрап көрсетті. Әр топқа шыққан суреттің жылдың қай мезгілі екенін айтқыздым. Бұл суреттер біздің
сабағымызға қандай қатысы бар? деп сұрақ қойдым. Арайлым: Кеше жаз мезгілі туралы өткенбіз,- деп
жауап берді. Бұл жерде суреттерді құрата отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына жол аштым деп
ойлаймын. Осы әдіс – тәсілдерді қолдану сынып оқушыларының білім сапасының артуына, балалардың
топпен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына, өз ойын еркін, тиянақты жеткізуіне ықпал етті.
Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, педагогтар құрамының
сапасын арттыру, біліктілікті айқындаудың тәуелсіз жүйесін жасау арқылы жастардың білімге қол жеткізу
мүмкіндігін дамыту заман талабы.
Қоғам дамуының негізгі қайнар көзі-білім. Ал білім беру адамның тұлғалық қалыптасуымен тығыз
байланысты орта. Бұл ортада кәсіби кемелденуге тырысатын және қабілетті, әлеуметтік жетілген,
оқытудың барлық құралдарын меңгерген, шығармашыл, құзырлы маман - ұстаз шешуші рөл атқарады.
Мен қазақ елін әлемге танытатын, елдер қатарына терезесін тең ететін күш – білім болса, білім беруші
ұстаз ретінде алдыма бірқатар мақсаттар мен міндеттерді қойдым. Осы мақсат, міндеттерді жүзеге асыру
мен үшін үлкен мәртебе. Егеменді елдің болашағы – еліміздің баға жетпес қазынасы, ұрпағының оқу-
білімінің тереңдігімен өлшенеді. Өйткені, ізденумен жүретін, тапқырлыққа, жаңашылдыққа жаны
құмар еңбекқор ұстаз ғана білімді, жан-жақты, тәрбиелі, қабілетті жастардың дамуына үлкен үлес қоса
алады.
Ұстаздың шығармашылық шеберлігі, білім, білік, дағдысы оқушының шығармашылығын, өзіндік
ізденуін, жауапкершілігін дамыту негізінде дамиды. Мен де өзіме «Үйрет. Ізден. Үйрен» деген талап
қойып алға жылжудамын.
Достарыңызбен бөлісу: |