Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Лексикологияның салаларын атап шығыңыз. Айырмашылығын түсіндіріңіз



бет10/129
Дата25.03.2023
өлшемі489,54 Kb.
#76072
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129
56. Лексикологияның салаларын атап шығыңыз. Айырмашылығын түсіндіріңіз
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп ќарауға болмайды.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология ілімі.
Лексикология тілдегі барлыќ сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келелі мәселелерін түгел ќамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді..
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді.
Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы замандар бойында ќалыптасуы және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі", "Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады.
Тарихи лексикологияның бір саласы - этимология. Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашќы мағынасының ќандай болғандығын айќындайды. Этимологиялыќ зерттеулердің жеке сөздердің шығу төркінін ғана емес, сонымен бірге жалпы тілдің тарихын танып білуде маңызы күшті. Этимологиялыќ зерттеулердің екі түрлі проблемаға ќатысы бар. Оның бірі - тіл мен тарих проблемасы, екіншісі - тіл мен ойлау проблемасы.
Лексикологияның енді бір саласы - салыстырмалы лексикология, туыстас тілдердің сөздік ќұрамын, ондағы сан алуыан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді. Салыстырмалы лексикология туыстас тілдердің лексикасын салыстырып ќана ќоймайды, оларды тарихи даму, өзгеру тұрғысынан ќарастырады. Сондыќтан ол, әдетте, салыстырмалы-тарихи лексикология деп аталады.
Оның маңызы мынада: тілдің ерте кездегі шағын сөздік ќоры талай замандар бойында, біріншіден, талай өзгерістерге ұшыраса, екіншіден өрбіп, өсіп сан мыңдаған сөздер ќосылып, бұл күнде оның аумағы да арнасыда кеңіді. Тілдің лексикасындағы әрбір сөздер белгілі бір мағына бар. Сөздердің мағыналыќ жаќтары семасиологияда ќарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет