Ертеңінде Абайлар аңға шыққанда, Жиренше мен Абылғазы е р е шықты (Әуезов). Бұл кеңесті ұзақ айтқанда, секретарьдың көзі Байжан мен Рахметке кезек қ а р а п о т ы р д ы (Мұқанов). Түйілген саусақ сандыққа т и г е н д е, қақпағы сарт а ш ы л д ы (Майлин). Қыз алға түсіп а я ң д а й бергенде, Кендебай алмасын с е р м е п к е п қ а л а д ы (Фольк.). Көкшеден Әмірді Ызғүтты а л ы п жөнелгенде, Байтас Абайға кісі шаптырған (Әуезов). Бүгін өзі ұ йықтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұ р л а п а л ы п т ы (Дөнентаев). Таң қараңғысы б о л ғ ан к е з д е, Сақа сыртқа
ш ы ғ а д ы (Фольк.).
Мезгіл бағыныңқыдағы бір мезгілдестік ұғым тек болған не бо-лып жатқан уақиға көріністерінде болып қана қоймайды, кейде әлі орындалмаған, келер шақта баяндалған хабардан да орын алады. Мұндайда бағыныңқы компоненттің баяндауышы есімшенің -ғанша түрінде, ал басыңқынікі — келер шақтық -ар формантты есімшемен және етістіктің бұйрық райында келеді.
Орыс жұмыскерлерінің күні біткенше, осындай жұмыстарға ауыстырған дұрыс б о л а р (Мүсірепов). Тегінде, пәтер т а б ы л- ғ а н ш а, біздің үйде б о л а тұрарсың (Иманжанов). — Балам сен, басқа үйлердің малдары төлдегенше, жақ-жұтты боп өзге үйлерге жуымай-ақ қой, осында тұра бер... (Мұқанов).
II. Әр мезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Баяндалатын оқиға мазмұны мезгілдік жағынан әр мезгілде жүзеге асады. Мәселен, бағыныңқы компонентте қимыл әлі орындалмаса да, басыңқыда — ол орындалып жатады не болмаса орындалып қояды; енді бірде керісінше болады: басыңқыдағы хабардан бағыныңқыда айтылған ой бұрын орындалады. Кейде екі жақ компоненте де баяндалған
209
оқиға желісінің мазмұны осы не өткен шақта хабарланады, алайда олардағы мезгілдік дәреже де біркелкі болмайды: бірінде сәл де болса бұрын не ерте орындалып қойылады да, екіншісінде — кейін болғаны байқалады. Сөйтіп, осы топтағы сөйлем компоненттерінің өн бойындағы оқиға желісінің мезгіл дәрежесі әр кезеңнің төңірегінде болады да, уақыт жағынан бірін-бірі айқындап тұрады. Әр мезгілдес кезеңге сай осы топтағы мезгіл бағыныңқы сөйлемдер өз ара бірнеше түрге ажыратылады. Олардың ең бастылары мыналар:
1) Бағыныңқыда іс әлі орындалмайды да, басыңқыда оның бол- ғандығы байқалады. Мұндайда алғашқы компоненттің баяндауышы есімшенің -ғанша, -ар(+да) түрлерінен болады да, басыңқынікі-өткен шақтық не ауыспалы осы шақтық тұлғалармен беріледі.
Қашан Ревякин келіп жариялағанша, өзі ұрлықтан ұсталғандай қ ы с ы л а д ы д а ж ү р е д і (Мүсірепов). Шипың торы орнынан қозғалғанша, жылпың көк жорғалап барады (Мұстафин). Абайлар а т т а н а р к е з д е, Қаратай тысқа ш ы ғ ы п к е т к е н-д і (Әуезов). Торғайдағы жеті жылдықты бітірген Айбарша Қабан-дыдағы орта мектепке аттанарда, Дәметкеп бір қойын сойып той ж а с а д ы (Мұқанов).
2) Бағыныңқыдағы іс жаңа да басталып келе жатады, оның аяқ- талуына қарамастан басыңқыдағы қимыл орындалып қояды. Сон-дықтан да бағыныңқының баяндауышы осындай мәндік кезеңге сай ала берем дегенде, тұрайын деп ұмтылғанда, алғалы жатқанда тәрізді құрылыста келіп отырады.
Ол жөнделіп әңгімесін тағы бастай б е р е м д е г е н д е, зың-қылдаған бір дауыс құлаққа сап етті. Бәкеннің төнгенінен сес- кеніп Жақсылық бала кейін шегіне б е р е м д е г е н д е, Бәкен оған оқша атылып ж а б ы с а түсті. Тысқа шығып бір-екі аттап жү р е б е р е м д е г енд е, жапырайған қорасының құлап жатқан бұрышы көзіне ш а л ы н д ы (Майлин). Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына к е п қ а л ы п е д і (Әуезов). Төніп келіп Қалиды. с ү й е й і н д е п ұмтылғанда, көзі Мақыштың көзіне тү с і п к е т т і. Шәйді жаңа алдына а л ғ а- л ы ж а т қ а н д а, ауылнайдың кішкене баласы к е л і п к і р д і (Майлин).
Сонымен қатар, бағыныңқының баяндауышы есімшенің -ған + ша түрімен де беріледі. Бұл ретте де бағыныңқыдағы істің болып жатқандығы, алайда өлі аяқталып бітпегендігі аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |