Жаңағы көркем бір сәтке сүйсініп езу тартқан Абайдың сол кө- ңілді шағы а й ы ғ ы п болғанша, қатты келе жатқан ат дүбірі естілді (Әуезов). Шәкенмен құшақтасып мауқым б а с ы л ғ а н - ш а, аттар ауылға т а я н ы п т а қ а л д ы. Қыздар беттерін арықтың ағып жатқан салқын суына шайып үлгергенше, үйден звено адамдары да шықты (Мұқанов). Кеуде жағынан қара түтін бұрық ете түскенін біз а ң д а п үлгіргенше, самолет құлап т а тү с т і. Біз жағаға ш ы ғ ы п ү л г е р г е н ш е, жүйткіп есіп қайық та қайта к е л і п қ а л д ы (Мүсірепов). Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат ж ү р і п к е т т і (Мұстафин).
3) Бағыныңқыда да, басыңқыда да істің орындалғаны баяндалады, алайда мезгіл мөлшері жағынан басыңқыдағы амал бұрын болған. Бұл жай оның баяндауышының құрамында еді көмекші етістігінің келуімен айқын дәлелденіп тұрады.
Абай т а қ а п келгенде, үй иесі шыққан еді (Әуезов). ...Жаңа біз к е л і п түскенімізде, мына кісі (Ермақты көрсетіп) арба-сының жанында о т ы р е к е н. Ас-су ішіп Әбдірахман
216
екеуіміз үйден шыққанда, елдің алды ж а т а д а б а с т а п е д і. Біз келгенде, ойын жаңа басталған екен (Майлин).
4) Басыңқыда хабарланған ойдан бағыныңқы компоненттегі амалдың бұрын орындалуы да кездеседі. Мұндайда соңғының баян-дауышы айтқан соң, айтқаннан кейін, айтысымен тәрізді құрылыста келіп, басыңқыдағы ойдың орындалуын өзінен кейінге қалдырады.
Бұл арада майдан б і т к е н с о ң, ол топ жылқының соңынан шаба жөнелді (Әуезов). Қаруын тастаған с о ң, оған заңсыз соқтыға алмайсың (Мұқанов). Жомарт председательдікке ауысқан соң, уақытша партбюроның секретары Жанат болған (Мұстафин). Канал жолында оқпан барлығы а н ы қ т а л ғ а н н а н к е й ін, жұрттың аузындағы сөз көпке дейін сол ғана болды. Ленинградқа апаратын сыйлықпен Рахмет ж ү р і п к е т к е н н е н к е й і н, Мырқының атынан берілген арызды прокурор тексере бастады (Мұқанов). Қанабек Щербаковтың сөзін қ а з а қ ш а л а п б о л ы -с ы м е н, кемпір Щербаковты жетелей қабырларға жақындай түсті (Мұстафин).
Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған уақиға, әрекеттің қалай орындалу амалын білдіріп тұрады. Бұл жағынан алып қарағанда, ол әдеттегі амал пысықтауыштың жай сөйлемде атқаратын қызметімен астарласып та жатады. Алайда жай сөйлемдегі амал пысықтауыштың қызметін амал бағыныңқылы сабақтаспен тепе-тең қарауға болмайды. Өйткені соңғысының қызметі алғашқыдан анағұрлым кең де көлемді. Бұл көлемділік, ең алдымен, мынада: бағыныңқы компонент тұтасымен алғанда басыңқыда орындалған не орындалып жатқан уақиғаның қалай болудағы амалын білдіреді де, белгілі бір ойдың желісіне қазық болып тұрады. Ал, қазық бола алу — өз алдына арнаулы ойы бар, тиянақсыз болса да сөйлемдік құрылысы бар сабақтастың бір компоненті екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, [Олар] біріне-бірі күлімдеп қарады (Мұстафин). Жұлығынан аяғы ш ы ғ ы п, алба-жұлба болып бүрсеңдеп бір әйел келді (Майлин) деген сөйлемдердегі сирек терілген сөздер мен сөйлемдердің қызметі тең дәрежеде емес.
Амал бағыныңқы сабақтас көсемше, есімше түрлерінің бірінде келуі арқылы жасалады.
1. Көсемше арқылы құрмаласу. Бұл ретте көсемшенің -п, -а, -е және (ма) -й тұлғалары қатынасады. Әрқайсысын жекелей талдайық.
а) -п формантты көсемше. Бұл — амал бағыныңқылы сабақтастың ең бір басты көрсеткіші. Бұлай дейтін себебіміз — амал бағының-қылы сөйлем жайында әңгіме қылғанымызда, ең алдымен осы жолмен келген түрін түсінеміз де, соған тоқталамыз. Бұл түсінікті де. Өйткені -п формантты көсемшелі баяндауыш амал бағыныңқы-лы сабақтастың кілті, ең қажетті бір түрі (шартты бағыныңқының -са, -се тұлғасымен салыстырыңыз).
Қалың иегі дірілдеп, жылаған аузынан бір-екі алтын тістері ашылды. Оның қазір өңі күреңітіп, демі ыстық тартып, бойына асығыс қызу жинағандай. Соңғы машиналар қ и н а л ы п, тракторлар сүйреп зорға өткізген жерлер болыпты (Әуезов). Бану сөзі тәбесіне суық су қүйып жібергенмен б а р а б а р б о п, Жақыпбек шошынған адамша орнынан ұшып тұрды. Тебіренген сайын жазып отырған хаты өзіне сондай бір жексұрын к ө р і н і п, оны да лақтырып тастады (Иманжанов).
211
-п формантты көсемше амал бағыныңқы баяндауышының арнау-лы грамматикалық көрсеткіші бола тұрса да, кейде ол басқа бағыныңқылы сөйлемдерді де (мезгіл, себеп) жасауға қатынаса алады. Бұл осы тұлғаның да көп мәнділігінен болса керек, алайда бұдан -п формантының амал бағыныңқының арнаулы көрсеткіші бола алудағы қызметі ешбір солғындамайды. Ал, оның басқа бағыныңқылардың құрамында қолданылуы бұл форманың жанама қызметімен байланысып жатады.
ә) -а, -е (-ма) -й т ұ л ғ а л ы көсемше. -й тұлғасына біткен көсемше етістіктің болымсыз түрінде тұрып, амал бағыныңқылы са-бақтас сөйлемді де жасай алады. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (Мұқанов). Есептің арғы жағы а й т ы л м а й, отырғандар күлісіп кетті (Сланов). Жайнаған туың ж ы ғ ы л- м а й, ...Жақсы өліпсің, япырмай (Абай). Қысқа жіп күрмеуге к е л-мей, бір ту биеңді сойып алдым (Мүсірепов). Бірақ аспалы қолжу-ғышқа үйренген қыз құманды жөндеп ұ с т а й а л м а й, сыңар уысында су тұрмай берекесі кетті (Ахтанов).
2. Есімше арқылы құрмаласу. Бұл ретте -ған формантты есімше -дай жұрнағымен қосыла айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |