Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет110/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Раушан ауылнай болып сайланғаннан к е й і н, Тасыбек елдің бас көтерерлері... Раушанның ауылнайлығын әнгіме қылысып еді (Майлин). Өзге кеменің адамдары тарағаннан к е й і н, бұл кеменің адамдары. Рахметті ортаға ала асқа отырды. ...Шешем қылта- мақтан ө л г е н н е н б е р і, мен адам баласының өмірін мезгілсіз суалдыратын сырқаттың бәріне өшпін (Мұқанов).
6) -ар формантты есімше жатыс септігінде келеді: Сол той тарқап, жеккен пар аттың тарантасына Айбарша м і н е р д е, ауыл адамдары жапырласа қолдасып амандасты (Мұқанов). Екі қабат үіңдің жоғарғысына көтерілерде, Боцай бэрін жинап өз қолына алды (Мұстафин).
2. Көсемше арқылы құрмаласу. Көсемшенің барлық жолдары да мезгіл бағыныңқылы сөйлемді жасай алады.
а) -п формантты көсемше:
Таң атып, үйге сәуле кіре бастады. Мәжіліс а ш ы л ы п, сөз округтен келген өкілге берілді (Майлин). Мұрат шығып үлгермей ж а т ы п, вагонға Ержан кірді (Ахтанов).
Бұл жол мезгіл бағыныңқыда өте сирек қолданылады.
ә) а, -е, (ма) -й тұлғалы көсемше:
Шай ж и ы л а б е р е, Абай жастыққа құлай түсті (Әуезов). Ай- барша тысқа ш ы ғ а, Масақбай Дәулеттің хатын оқуға кірісті. Күндер ө т е к е л е, Тыртықтың өрепкіген жүрегі бәсеңдей бастады (Мұқанов). Колхоз бастығы Нұртаза к е л е, жиналған жұрт жайғасып отыра бастады, (Мүсірепов). Біз Екібастұзбен т а н ы с ы п ү л г е р м е й, күн райы бұзыла бастады (Мұқанов). Гүлжан қақпадан ш ы ғ ы п үлгермей, оған қарсы Шолпан кіріп келе жатты (Есенжолов).
б) -ғалы тұлғалы көсемше:
Енді біразда үй ішіне үлкен сар тегенге толы қымыз келіп, ас- жаулық, ж а й ы л ғ а л ы, жиын жүздері жадырай бастап еді (Әуезов). Өйткені жолаушылар осы поселкеге кеп Дәулеттің үйіне т ү с к е л і, мана жолда кездестірген тарсыл-күрсіл үдемесе бәсеңдегең жоқ (Мұқанов). Марияш к е л г е л і, совхоздың егін шаруашылығына да осындай жаңалықтар еніп жатыр (Мұстафин). Жұмбақ қарт к е т к е л і, мен ешкіммен сөйлескенім жоқ (Әбішев).
3. Қимыл есімдері арқылы құрмаласу. Мұндайда бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы етістіктің -ысымен, -ісімен тұлғасы арқылы беріледі.
Ол Қарашолақ қосқа кірісімен, Абылғазыны ақырын түртіп қойып, құсқа қарай ымдаған. Бұның үні ш ы ғ ы с ы м е н, Құ- нанбай бастаған үлкендер аса бір ден қойып, зор ілтипатпен тың- дады. Құран оқу басталысымен, Құнанбай басын төмен салып мүлгіп, жалғыз көзін жұма түсті (Әуезов).
4. ІПартты рай тұлғасы арқылы құрмаласу. –са/-се тұлғасы мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем жасауда да актив роль атқарады.
Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қ а р а с а, күлдіреу ішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі (Фольк.)| Екеуі биікке шыға к е л с е, біреу үйілген топырақтардың арасымен еңкеңдеп қашып барады екен (Мұқанов). Көзімді ашып алдыңғы жақ қ а қ а р а с а м, екі адам қарауытып тұр екен (Мүсірепов).
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің синтаксистік компо- ненттері арасында болатын мезгілдік ұғым дәрежесі әр түрде құбы- лып отырады. Бірінде екі жақта (бағыныңқы, басыңқы) баяндалған
208

оқиға барысы бір мезгілде орындалып жатса, енді бір сөйлемдерде олардың мезгіл мөлшері бір кезеңде болмай, әр уақытта жүзеге асы-рылады. Атап айтсақ, бағыныңқыда хабарланған ойдан басыңқыда-ғы қимылдың, немесе керісінше — басыңқыдағы ойдан бағыныңқы-дағы хабардың бұрын орындалатыны кездеседі. Енді бірде екі жаң компонентте де қимылдың орындалып жатқаны баяндалады, алайда біреуінде сол қимыл бұрын не соң орындалатын болады. Мезгіл ба-ғыныңқылардың өн бойында болатын осындай заңдылықтарды ескерсек, оларды сол мезгіл мәндерінің ерекшеліктеріне қарай өз ара саралауға болады. Бұл ретте мезгіл бағыныңқылар жалпы екі үлкен топқа бөлінеді: бір мезгілдес және әр мезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Соңғысы өз ара бірнеше жікке ажыратылады.


I. Бірмезгілдес бағыныңқы сөйлемдер. Мұндай сөйлемдердің синтаксистік компоненттерінде баяндалатын қимыл, әрекет бір мезгілде, бірінен соң бірі іле орындалып жатады. Осыған орай олардың баяндауыш формалары да өз ара үйлесіп, түрленіп отырады. Бұл мәндегі сөйлемнің бағыныңқысының баяндауышы, кө-бінесе, -ған формантты есімшенің жатыс септігінде, атау түрі-мен мезгіл мәнді сөздердің тіркесе айтылуы және -а формантты көсемшемен келеді. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің осы түрінде хабарланған қимыл, әрекет орындалған болады не орындалып жатады. Мұны жоғарыда атап өткен бағыныңқы компонент баяндауышының берілу жолдары да айқындап тұрады. Бағыныңқыдағы осындай орындалып жатқан не орындалған оқиға барысына сәйкес басыңқының да баяндауышы соған сай мезгілдес келеді. Осыдан барып, өз ара желістік, уақиғалар орындалуының бір мезгілдес процесі айқындалады. Мұндай процесс басыңқы сөйлем баяндауышының өткен шақ формаларының бірінде не а у ы с п а- л ы о с ы ш а қ т а тұруымен белгілі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет