Талайдан бір а й ы з ы қ а н ғ а н д а й, құшырлана түсіп әңгі-месін айтады (Әуезов). Кең бөлме б о с қалғандай, ой үясы қаңғырап тұр. Бар ыстық менің қойныма т ы ғ ы л ғ а н д а й, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж қайнайды, (Мүсірепов). Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады (Мұстафин). Осы қуаныш қуатын а р т т ы р а т ү с к е н д е й, Сырбай кетпенін жылдамырақ сілтеді (Мұқанов). Таңертең отаудың ішінде болған жайсыз ыю-қиюдың, күні бойғы кикілжіңнің бәрі ұмыт болғандай, қатпары мол Нұрша ерекше бір, шабытпен сілтеп жатыр (Әлімқұлов).
Кейде осындай бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін «бо-лып» көмекші етістігі қабаттаса келеді.
Нұғыманның баяндамасы талай жараның аузын жұлғандай б о п, елеуреп қызараңдағандар көп болды (Майлин). Әуелі аспан , ақырын шымырлап қайнай бастағандай б о л ы п, лезде құйып келе жатқандай гуілдеп кетті (Мүсірепов).
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы деп етістігімен аяқталып тұрады.
Жақсылық киім мен мал, көрікте д е п, өлшемей ой мен сырды жаза баспа (Дөнентаев). Оған Абай енді қайтып ырық б е р е д і д е п, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла алмайды (Әуезов).
Мұндай жолмен жасалған бағыныңқы сөйлемдер мағыналық жақтан кейде себеп, мақсат сабақтастарға да тән болып тұрады.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, негізінен алғанда, себеп пен салдардың бір-біріне қарым-қатынаста болуы арқылы жасалады. Мұндайда бағыныңқы компонент хабарланып отырған ойдың себебін білдірсе, басыңқысы сол себептен туған салдарды (нәтижені) баяндап тұрады. Сондықтан да олар (себеп пен салдар) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болып, хабарланып отырған оқиға әрекетінің мазмұнын жан-жақты ашып отырады. Мысал үшін, мына бір сөйлемді алып қарайық: Өткен жаз жерге шөп шықпағандық-тан, халық қолы жеткен көл атаулының қамысын түгелімен отап алады (Мұқанов). Алғашқы «компонентте хабарланып отырған ойдың себебі
212
(шөп шықпау) білінсе, кейінгісінде — сол себептің әсерінен туған нәтиже — салдар (қамысты отап алу) айқындалған.
Сөйтіп, себеп бағыныңқылы сөйлем мағыналық жақтан себеп пен салдардың өз ара астарласып, қиюласа жымдасып келуі арқылы құ-былыстар арасындағы байланыстылықты білдіріп тұрады. Мұндай байланыстылық бір құбылыстың соңынан екінші бір құбылыстың ілесе журуі арқылы өз мазмұнын айқындай алады. Ал, осындай қасиет (бір құбылыстан екінші бір құбылыстың тууы) себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің мағыналық ерекшелігімен үйлесіп жатады да, оның мәнін ашуда улкен роль атқарады. Олай болса, күрделі ойдың кұрамы себеп пен салдардың өзінен тұруы себеп бағыныңқының ең бір негізгі белгісі болып саналады. Бұл ретте сабақтастың осы түрінде уақыт жағынан себеп (бағыныңқы) салдардан (басыңқы) әр уақытта бұрын келеді. Ал, себептің бұрын келуі өзінен кейін салдарды туғызуға жағдай жасайды. Мұндай заңдылық тек себеп бағыныңқылы сөйлемде ғана тұрақты сақталып отырады, сол құрмаластың басқа түрінде, атап айтсақ, себептес салалас сөйлемдерде олардың (себеп-салдар) орын тәртібі алмасып келе береді.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем де, басқа бағыныңқылар сияқты, белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы жасалады. Мұндай тәсілдер өз ара екі үлкен топқа жіктеледі: есімше және к ө с е м ш е арқылы құрмаласу.
1. Есімше арқылы құрмаласу. Байланысудың бұл түрінде -ған формантты есімше жеке өзі тұрып, немесе шылау сөзбен тіркесе айтылып, бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасай алады. Соған орай, мұның өзі екі түрге ажыратылады.
а) -ған формантты есімше ш ы ғ ы с септік жалғауында келеді. Бұл жол себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемде өте жиі қолданыла-ды. Соған қарап мұны осы бағыныңқының аса бір өнімді жолы деуге болады. Екіншіден, бұл жол — себеп бағыныңқының төл тәсілі. Өйткені бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы -ған + дық -тан түрі тек осы себеп бағыныңқылы сабақтаста ғана кездеседі.
Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. Мекеден қайтқалы Базара-лымен алғаш кездескені осы жол болғандықтан, оның шаруа қамын да көп сұрастырған. Сырбай мен Дәулеткен осындай достас болғандықтан, олардың үй іштері де бір семьядай араласып кетті (Мұқанов). Онда жаңағы бүгілмеген аяғының жарасы б і т п е-гендіктен, шалғыға жарамай, ол да бізбен бірге машина айдады! (Айтматов).
ә) -ған форманты есімше соң шылауымен тікесе айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |