Аламан кемпірді мінгестіру үшін қасына к е л е й і н д е с е, астындағы аты пысқырып жолатпады (Фольк.). Дәулеткелді бір- д е м е д е й і н д е с е, кемпір аузын ашырмай ақырып сөйлет-пеі ді (Әуезов). Анатолий қызды іздеп барып түсінісейін д е с е, директор ұ л ы қ с а т бермейді. Кейбір күндері құлағыңды шымшитын аязына қарап, Сібірдің қысына ұқсатайын д е - с е ң, жерді жауып жатқан қалың қары болмайды (Мұқанов).
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемде бағыныңқы сыңар ба- сыңқыда айтылған ойдың мезгілін білдіріп, ондағы орындалған не орындалып жатқан уақиға болмысын уақыт кезеңі жағынан айқын-дап тұрады. Бұл ретте бағыныңқы компоненттің өн бойында болатын мезгілдік ұғымның дәрежесі біркелкі бола бермейді.
Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы, негізінде, мынадай жолдармен жасалады: есімше, көсемше, шартты рай және қимыл есімдері арқылы.
206
1. Есімше арқылы құрмаласу. Мұның өзі түрліше формалық құбылыстармен былайша өзгереді:
1) -ған формантты есімше жатыс септігінде келеді. Бұл жол — әдеби тілімізде әбден қалыптасқан және кең қолданылатын көне тә-сілдің бірі.
Керекуде Құнанбай үш-төрт күн а я л қ ы л ғ а н д а, шапраш Майыр қуып жетті (Әуезов).
Әйелдің әкім болғанын ерсі көріп ауылы күңкілдеп о т ы р ғ а н- д а, Дәмесін қайта жақсы көрген пішін көрсетумен болды. Біз күн ұзаққа маңдайымыздан тер сыпырып жүріп кесіп і с т е г е н і - м і з д е, әлгі тегін ет жегендер ауыл қыдырып бос жүреді (Майлин). Ұйтқыбек Сейфулланың сәлемін айтқанда, Има Мұса жылы ұшырай жымиды (Талжанов).
Кейде есімшелі баяндауыштан кейін тежеу мәніндегі ғана демеу-лігі қосылып айтылады: Қолында фонары бар станция күзетшісі етігін тырпылдатып алдағы паровозға қарай жүгіріп ө т к е н д е- ғ а н а, арттағы вагонның есігі жай ашылып, мылтық асынған кезекші баспалдаққа шықты (Айтматов).
2) А т а у түріндегі есімше кезде, шақта, соң, сайын т. б. демеу-лерімен бірге қолданылады.
Сырбай звеносына жақындаған к е з д е, қалың шеңгелдіц арасынан олардың көзіне даусы гүрілдеген трактор шалынды. Ақы-ры қар жапалақтап жауып ж а т қ а н к е з д е, Болатбайдың үйі еліне көшті (Мұқанов). Күн найза бойы көтерілген ш а қ т а, алыстан атылған зеңбірік даусы да естілді (Ғабдуллин). Сол қызу ө р л е г е н с а й ы н, сандырақ молайып, көбінше есін білмей жат-ты (Әуезов). Жылқы су ішіп б о л ғ а н с о ң, құдық қасындағылар желі басына келді (Мұстафин).
Кейде болған соң тәріздес баяндауыш шектік мағынасындағы ғана демеулігімен тіркесе айтылады.
Тек Әйгерім араласқан с о ң ғ а н а, жоқтау өзінің үнін тапқандай. Бар елубасы өтіп болған соң ғана, начальник орнынан тұрды (Әуезов).
-ғана соң түріндегі кейбір сөйлемдер мағыналық жақтан себеп бағыныңқы да болып келеді.
3) -ған тұлғалы есімше -ша жұрнағымен қосылып айтылады. Ұлжан ауылына к е л і п жеткенше, барлық үйлер тігіліп
болды. Осымен аялдаған Ақылбай, Әзімбайлар елге қарай ж ө н е л- г е н ш е, қоста бөгеліп қалыпты (Әуезов). Олар машинаға ж е т - к е н ш е, түйе құлаған орнынан түрегелді... Рахмет Ленинградқа сыйлықты а п а р ы п қайтқанша, бұл жұмысты бітіруге прокурор уәде берді (Мұқанов).
Кейде -ғанша формалы баяндауыштан кейін болған жоқ сөздері қосылып айтылады. Мұндайда бағыныңқы компоненттегі іс-әре-кеттің жаңа да ғана басталып, аяқталмай қалғандығы белгілі болып тұрады.
Есенқұл жауап қ а т қ а н ш а б о л ғ а н ж о қ, жаңағы жүк ма-шинаға да жеттік. Дәуір Айдарлыдан дәрігер жеткізуге құдіреті жетпейтіндігін а й т ы п ү л г е р г е н ш е б о л ғ а н ж о қ, басында жүні сыртына шыққан шоқпыт тымағы бар, бурыл сақалды, имиген қара сұр адам күркеден шыға келді (Әбішев).
4) Барыс жалғаулы есімше дейін, шейін демеулерімен тір-кеседі.
Олар бөктер айналып жеткенге д е й і н, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. Жүргіншілер әбден көзден таса б о л ғ а н - ғ а ш е й і н, бұлар арттарынан қарап тұрды (Әуезов).
207
5) Есімше шығыс жалғауында тұрады да, кейін, соң, бері демеу- лерімен қабаттаса айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |