Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар! Әзір Қозыбақ жұ-мысының арты басылсын! (Әуезов). Бұлармен жақынырақ танысайын (Сейфуллин). Әй, Бақтықұл, жөніңе көшсеңші! (Әуезов).
Бұйрықты сөйлемдер ерекше интонациямен айтылады. Дауыс ырғағы екпін түсетін сөзде аса көтеріңкі келеді. Бұл сұраулы сөйлемдерден көп көтеріңкі. Бұйрықты сөйлем мұның үстіне аса күшті қарқынмен айтылады. Дауыс қарқыны екпін түсетін сөзде қатты болады.
ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ
Тіл ойды тек хабарлап қана қоймай, сөйлеушінің эмоционалдық қатынасын қоса танытады. Тілдің бұл қасиеті әсіресе ауыз екі сөй-леу тілінен анық көрінеді.
Тілде сөйлеушінің эмоциясын білдіретін амал көп. Сол амалдар-дың бірі — одағай сөздер, демеуліктер. Бірақ тілдің сөздік қорында басқа да эмоциялық өң беретін сөздер көп. Бұл ретте өте, орасан, қалай деген сияқты сөздерді атауға болады. Бұл сөздер тиісті ситуацияда сөйлеушінің эмоциясын білдіруге көмек болып жұмсалады. Бірақ эмоцияны білдіруде ең басты қызмет атқаратын амал — интонация. Эмоцияны танытатын интонация қатысып, сөйлемдердің қайсысына болса да (хабарлы сөйлемге де, сұраулы сөйлемге де, бұйрықты сөйлемге де) леп қосады,,
Мынау сол ауылдың мүғалімі ғой! Жоқ, қайнага, өтірікке мөр баса алмаймын! Түс аттан! Құдай-ай, мен неғып мұндай құбыжық болдым? (Майлин).
Осы сөйлемдер тиісті интонацияда айтылып, сөйлеушінің эмоция-сын қоса білдіріп отыр. Ол эмоциялық мағына, — таңдану, бір әрекетке бел байлау т. б. Сөйлемдер интонациядан ажыраса, бұл эмоциялық мағына да жоғалады.
Эмоцияны білдіретін интонацияның структурасы білдіретін ма-ғынаға қарай, экспрессивтік өң беруге жәрдемші лексикалық амал-дардың қатысуына қарай түрлі-түрлі болып қалыптасады. Оны мына мысалдардан көруге болады.
Мұқыш: Әй, Рақмет, Ақтанның қаладан шақыртқан отряды қа-шан келеді екен, білдің бе?
Рақмет: Қ а й д а ғ ы отряд?
Мұқыш: Білмегенің! (Майлин).
Әсіресе әнеубір сабы кішкентай, қалақтай ғана жалтырауығын айтсаңшы! (Тілегенов).
Бірінші, екінші мысал мысқылмен, сенімсіздікпен айтылған. Осыған орай сөйлемдегі предикат мүше сәл созылыңқы айтылады. Үшінші мысалда сөйлем таңдану, масаттануды білдіреді. Мағынасы-на қарай сөйлем тиісті интонациялық кейіп алып отыр.
Сөйлемге экспрессивтік мән беруші сөздер қатысқанда, сол сөз-дерге екпін түсіріле айтылады. Бұл интонацияға ерекше қалып қо-сады.
Бізді қайбір маңдайымыздан сипап отыр. Жүздерін ж ы р т а - ж ы р т а айтамын (Майлин).
Бірақ эмоцияны білдіру сөйлемге интонация арқылы жамау қал-пында көрініп қана қоймайды. Эмоцияны білдіру — коммуникатив-тік мақсаттың басты элементі. Сондықтан ол сөйлемнің белгілі структуралық түрлерін өзіне бейімдейді. Лепті сөйлемдер эмоцияны білдіру міндетіне екі жақтан бейімделген: а) құрамы жағынан; ә) баяндауыш мүшенің формасы жағынан.
123
Құрамы жағынан бейімделген лепті сөйлем
1. Атаулы сөйлем формасы — ойға эмоцияны қоса білдіруге жақсы бейімделген тіл амалдарының бірі. Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдер ылғи изафеттік тіркестен құралады, мыс.:
Жаздың ыстығы-ай! Я, сенгенім! Сенің жоқ жерде кісімситінің-ай!
Бұл типтес атаулы сөйлемдер синтаксистік құрамы жағынан бас- тауыш-баяндауыш болып мүшеленбегенімен 12, логикалық мазмұнында субъект-предикат қатынасы анық танылады. Субъект мүшені ілік септіктегі сөз білдіргенде, предикаттық мазмұнды тәуелдеулі сөз білдіріп тұрады.
Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдердегі негізгі мү- ше — предикативтік мағынаны білдіруші мүше. Бұл мүше сын есім,| үстеу сөзден, -тын, -тін, -ған, -ген формалы есімше, тұйық рай етіс- тік сөзден жасалады.
Бұл лепті сөйлемде негізгі мүше атау септікте тұрады. Сондықтан оны басқа формадағы атаулы лепті сөйлемдерден ажыратып тану үшін номинативтік атаулы сөйлем деп атадық.
-ғ а н, -г е н формалы лепті сөйлемдер: Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені жасап отырады (Тілегенов). Жүгіріп зорға жеткенім!
Достарыңызбен бөлісу: |