Іі тарау Жұмысшы тұлғасының психологиясы оның іс-әрекетімен жүріс-тұрысын басқару



бет10/16
Дата31.12.2021
өлшемі71,87 Kb.
#22673
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Жұмыспен қанағаттанушылық

Ұжымдағы жағымды климат

Ынтымақтастық стратегиясы


Сурет 1. Басшының бағынушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауы арқылы ұйымдық мақсатқа жетуі
Басшының үкімі қызметкерлеріне әсер ету факторы болып табылады.Әлеуметтік психологияда биліктің бірнеше түрлері бар.

  1. Мәжбүр ету билігі. Адамдар жұмысты еріксіз орындайды.

  2. Ықпал ету билігі. Бағынушылар басшылармен араласа отырып, өз басқарушыларының және жоғарыдағы басқарушылардың билік функциясын сезінеді. Мұндай жағдайда билік күші жалпылама сипатта болады.

  3. Құзыретті (компетенция) билік. Басқарушы өзінің кәсіби даярлығының арқасында барлық шешілетін сұрақтарды эксперт (бақылаушы) ретінде ғана емес, сонымен қатар «судья» ретінде де бола алады.

  4. Ақпараттандыру билігі. Басқарушы өзінің бағынушыларына ақпаратты жеткізуді реттеп отырады. Ақпарттан тікелей орындаушылардың әрекеті тәуелді болады.

  5. Лауазымдық билік. Басқарушының статусы неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оның бағынушыларына ықпалы жоғары болады. Кәсіби қарым-қатынас процесі көлденең бағынумен жүзеге асады.

  6. Беделдік билік. Беделді басқарушы өз билігін көрсетпей жүзеге асырады. Адамдар оған қарсылықсыз бағынады.

  7. Марапаттау және кешірім билігі. Адамдар кім кешірімге және марапаттауға құқылы, соған бағынады.

Әр басқарушы жоғарыда аталған билік формаларын өзінше қолданады. Нағыз басқарушы өз билігін жүргізуде, жұмыскерлерімен кәсіби қарым-қатынас ережесін бұзбауға тырысады.

Басқару сұрақтары бойынша АҚШ кеңесшілері Лорн С. Планкетт және Гай А. Хейл басқарушының бағынушылармен қарым-қатынас схемасын ұсынды. Оның негізі пунктары:



  1. Бағынушылардың реакцияларын көре білуі.

  2. Нақты ақпаратпен қамтамасыз ету.

  3. Эмоцияларын (көңіл күй) басқару.

  4. Орындаушыларға нақты талап қоя білу.

  5. «Кері байланыс» жайында ойлау.

  6. Жұмысқа деген қызығушылығын ояту.

Басқарушының бағынушылармен тиімді кәсіби қарым-қатынас орнатуы, әр түрлі мотивациялы амалдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Олардың арасынан төмендегі амалдарды бөліп көрсетуге болады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет