Іі тарау Жұмысшы тұлғасының психологиясы оның іс-әрекетімен жүріс-тұрысын басқару


Басшының жұмысшымен, жұмысшының басшымен қарым-қатынасы



бет6/16
Дата31.12.2021
өлшемі71,87 Kb.
#22673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ре

2.2. Басшының жұмысшымен, жұмысшының басшымен қарым-қатынасы
Ортақ мақсатта адамдардың бірлескен қызметі, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасағанда ғана мүмкін болады. Қарым-қатынас мәні жеке және қоғамдық өмірдің шарты болып табылады.

Қарым-қатынаста үнемі диалог болады: 1. бір адамның екіншімен;

2. жеке қалғанда өз-өзімен.

Диалогтық байланыс екі түрлі жағдайда жүзеге асады:

А) сыртқы коммуникация деңгейінде;

Б) адамның ішкі субъективті өмірінде – оның ойындағысы, еске түсіруі.

Коммуникацияның бұл екі жүйесі сыртқы және ішкі - бір-бірімен өзара байланысқан және бірін-бірі толықтырып отырады.

Адам қарым-қатынас әр түрлі критерийлердің көмегімен бағаланады. Олардың бірі - қарым-қатынас тиімділігі. Польша психологы және қарым-қатынас процесін зерттеуші Е.Мелибруда бұл құбылысты төмендегідей талдайды. Ол қарым-қатынас тиімділігіне басқа адамға берілетін ақпараттық оймен дәл келуін жатқызады.

Қарым-қатынастың бұзылуының негізгі көзі – серіктестер арасында өзара сенбеушіліктің болуы. Өзара қарым-қатынас бұзылғанда оны қайта қалпына келтіру керек. Психологтардың пікіріне сай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жетістігіне сай факторлар бар. Бұл факторлардың бірі – тыңдаушының, оған айтқандарға сенуі.

Қарым-қатынаста сенімділік деңгейі келесі жағдайларда жоғарлайды:



  1. өз ойын ашық білдіргенде;

  2. қарым-қатынастық тілектестікке көңіл бөлгенде;

  3. талқыланатын сұрақты жете білгенде;

  4. өз ойын сендіре отырып баяндауда.

Қарым-қатынаста сенімділік, әңгімелесушінің сөзіне сенуге негізделеді.

Қарым-қатынас тиімділігі жоғарлайды, егер ойы нақты және түсінікті жинақталса, өзіміздің айтып тұрғанымызға жауапкершілікпен қарасақ.



Қарым-қатынастың келесі критерий: өз сезімін білдіргенде қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі.

Өмірлік тәжірибеде көрсетілгендей, адамдарда өзінің және басқаның эмоционалды ренішінің жоққа шығару және ескермеу тенденциясы жиі байқалады, егер ол оған жағымсыз болса, жиі мынадай олқылықтарды тыңдауға болады: «ренжіме», «қайғырма» және т.б.

Сезімін білдіруде қажеттілікті қанағаттандырудың жеке тәсілі отбасында немесе әлеуметтік топтарда қабылданған шартты нормалардың әсерінен қалыптасады.

Адамдар күнделікті араласа отырып, әр түрлі эмоцияларды байқайды. Эмоциямен жеткізу және білдіру тұлғалық қарым-қатынасты жақсартудың негізгі факторы болып табылады. Адамадар өз ойларын көптеген құралдардың көмегімен білдіре алады. Бірақ олар жиі жанама түрінде, яғни түсініксіз, анық емес формада беріледі. Тұлғаарылық қарым-қатынаста ақпаратты эмоционалды берудің бірнеше тәсілдерін бөліп көрсетуге болады:

А) «Риторикалық (шешендік) сұрақтар» көмегімен өзінің ренішіне, қайғысына әңгімелесушінің назарын аударуы және өз серіктесінің жауабын алу.

Ә) «Бұйрық және тыйым салу» формасы көмегімен басқалардың әрекетін бақылауға мүмкіндік алған адам, оларды тежеуге тырысады.

Б) «Балағаттаушылық және лағынет айту» ашудан және ызадан құтылуға мүмкіндік береді. Мұндай қарым-қатынас жағымсыз сипатта болады, қақтығыс тудырады.

В) «Сөгіс және шағым» бұл қарым-қатынас серіктес жағынан наразылық тудырғанда пайда болады.

Г) «Ескертулерді кекесінмен және келекелеп білдіру». Кекесінді қолдануда сөйлесуші өзінің серіктесіне соқтығып қана қоймай, өзінің жағымсыз эмоциясын білдіреді.

Д) Адамдар арасындағы қарым-қатынас процесінде кеңінен таралғаны «бетіне басу және мақтау» болып табылады. Олар бір уақытта эмоцияналды экспресессияның анықталған фомасы болып табылады.

Е) «Салыстыру және метофоралар» жиі қолданылады. Оларды дұрыс қолдану үшін, сіздің серіктесіңіз қарым-қатынас кезінде бұл әдісті қолданғанда өзін қалай сезінетінін байқау керек.

Басқару практикасында, күнделікті өмірдегі сияқты, атақты психолог Э.Шостром сөзімен, монипуляторлар жиі кездеседі. Ол адамдардың екі қарама-қарсы психологиялық қасиеттерін талдайды – монипуляциялау және актуализациялау. Яғни кәсіпкерлер арасында өздерінің адамдарды монипуляциялануынан зардап шегетін, монипулятор жиі кездеседі. Мұндай адамдардың механикалық қасиеттері олардың өмірлік жақсы қызметін жұмысқа айналдыруы. Мұндай субъект өз қызметіне күндік жұмыс ретінде қарайды.

Мұндай адамдарға қарама-қарсы Э.Шостром мысал ретінде тұлғаның актуализациясын көсетеді.

Сонымен, Э.Шостром мынадай қорытындыға келеді: монипулятор – бұл онтогенистік қайшылықтары бар көпқырлы тұлға, ал актуализатор -

Қабылдау субъектісі және объектісі ретінде жеке тұлғалар ғана емес, адамдар тобы да бола алады. Осыдан тұлғаның топтық эквиваленті пайда болады.

Адамдардың бір-бірін түсінуде бірнеше мүмкін болатын жағдайларды қарастыруға болады:



    • тұлға жеке тұлғанытүсінгенде (мен-ол);

    • жеке тұлға толық топты түсінгенде (мен-олар);

    • толық топ жеке тұлғаны түсінгенде (біз-ол);

    • бір топ адамдары келесі топты түсінгенде (біз-олар).

Қиын кезде адамдардың қарым-қатынасы «ашықтық (открытость)» негізгі мәнге ие болады, яғни басқаларға адал болуы. Ашықтық, психологиялық феномен ретінде, өзінің ішкі «мен» сезіміне байланысты және өзін тұлғалық деңгейде қабылдау.

Психологияда әрбір адам өз тұлғасын 4 түрлі кеңістікте жеткізуші болып табылатынын көрсететін қызықты модель белгілі. Оны «Окно Джогарри моделі» деп атайды. Берілген модель тұлғаның «ашық» және «жабық» кеңістігін анықтауға көмектеседі. Оны тігінен және көлденеңінен 4 бөлікке бөлінген тік төртбұрыш ретінде көрсетуге болады.

Бұл ақпарттық кеңістік өлшемдері адам қарым-қатынасының қандай жағдайда болуына байланысты өзгереді: қарым-қатынасты орнатудың басында немесе жақын өзара қарым-қатынасты орнату жағдайында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет