Бағынушылардың өзіндік адамгершілік сезімін қолдау. Адамның мінез-құлық психологиясын білетін басқарушылар, жұмысшылардың өзіндік адамгершілік сезімін қолдау олардың еңбек тиімділігін арттыруға көмектесетінін түсінеді. Ол үшін бағынушылармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қажет. Орындаушылардың адамгершілік сезімін төмендету, олардың жұмысында жағымсыз нәтижелердің тууына әкеледі.
Жағымды ынталандыру. Бұл амалды қолдану орындаушылардың жұмысындағы мүмкіндіктерді дұрыс болжауға көмектеседі.
Белсенді тыңдау. Бағынушы назар қойып тыңдау, стимулдық мәнге ие. Бағынушысын дұрыс тыңдай алмайтын басқарушымен орындаушылардың қарым-қатынасы кері сипатта болады.
Міндетке нақты назар аудару. Ақылсыз басқарушылар көбіне өз назарын бағынушы тұлғасына аударады.
Басқару қызметі қақтығыс ситуациялары негізінде өрбиді. Тұлғааралық қақтығыс психологиялық себептерден пайда болады. Олар тұлғалық ерекшеліктер, мақсат, тілектестік қарама-қайшылықтар.
Қақтығыс - өмір әрекетінің әр түрлі аумақтарына және түрлеріне байланысты тармақталған өте күрделі құбылыстардың бірі. Қақтығыс мәселесі басқарудың әлеуметтік-психологиялық шешу үрдісінде ортақ назарда.
Қақтығыс жағдайында мінез-құлық стратегияларының ең маңыздылары болып: қарсы тұрушылық, ынтымақтастық, келісім, кету және бейімделу табылады.
Қарсы тұру стратегиясы: басқарушы іскер серіктесіне қатысты басты орынды алуға тырысумен сипатталады, серіктесінің қарсылығына қарамастан, даулы мәселеге байланысты өз позициясын жүргізуге тырысады және ешқандай белсенділік танытпайды, басқалардың ықыласын, тілегін елемейді.
Ынтымақтастық стратегиясы: бұл кезде басқарушы жоғарыдағы сияқты белсенділік танытпайды. Бірақ ол қақтығыс жағдайын болдырмас үшін өзінің ғана емес, іскер серіктестерінің ниетіне, ықыласына сүйенеді.
Келісім стратегиясы: басқарушы серіктестерімен қарым-қатынасының дұрыс болуына тырысады, олардың ниетімен келіседі және оларды өз жағына шығуға тартады.
Кету стратегиясы: жауапкершіліктен кетуге ұмтылу, басқарушы жауапкершіліктен және жазалаудан қорқады, өз бетімен шешім қабылдағысы келмейді.
Бейімделу стратегиясы: басқарушы басқару мақсатына жету үшін ешқандай белсенділік, құштарлық танытпайды.
Бұл стратегия, адамдармен қақтығысты қарым-қатынасты болдырмауға бағытталған: бұл стратегияны ұстанған басқарушы жауапкершіліктен кетуге ұмтылады.
«Қақтығыс» термині мақсат, пікір, ықылас, тілектестікпен күресті білдіреді. Ол теке жеке индивид арасында ғана емес, сонымен қатар тұтас әлеуметтік топтар арасында да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |