Зерттеудің мақсаты:Сауатты, білімді, қабілетті басшы болуға үлес қосу, өз ісін шебер атқаруға шақыру.
Зерттеудің объектісі:Басшы тұлғасы және оның басқарудағы іс -әрекеті.
Зерттеудің міндеті:Қазіргі кезең жағдайда білім бері, дамыту, қалыптастыру арқылы болашақ басшы тұлғасына қажетті зәру іс-әректтер мен мағлуматтарды қамту.
Зерттеудің әдістері:Зерттеудің маңыздылығы бойнша әдебиет көздеріне қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу.
Зерттеудің көздері:Оқу әдістеме құралдары, газет, журналдар, кітаптар.
Зерттеу құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, тараулардан, қорытынды бөлімінен және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І Тарау. Басшы тұлғасының психологиясы
1.1. Басшының жеке мәселелері, ерекшеліктері және оған қойылатын талаптары.
Кәсіпорындарда, фирмаларда, мекемелерде, ұйымдарда және ұжымда басқару қарым-қатынасы бөлінеді: біреулері басқарады, екіншілері басшыға бағынады. Басқару субъектісі көбінесе ұжым басшысы болады. Кейінгі уақытта менеджмент пікірі қабылданып келеді, яғни мұндай басқаруда ұйымның, фирманың маңызды шешімдер шығаруда және өңдеуде ұйымның барлық мүшелері қатысады.
Басшылықтың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін оқыту 20 жылдарда енді, қазіргі кезде бұл тақырыпқа байланысты жұмыстар көп. Ал біздің лексиконымызда «менеджмент» түсінігі пайда болды.
Менеджер (ағылшын сөзінен manager - «басқару» деген мағына білдіреді) басқару маманы. Менеджментті әр түрлі қарастырған. Американдық социолог П.Дракер «меенеджмен» әр түрлі тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін іскер кәсіпорынға тән деп түсіндіреді. Басқа көптеген зерттеушілер, менеджерлер – бұл бизнесті, мемлекетті, қоғамдық ұйымдарды, қарулы күштерді басқарушылар деп есептейді. Бірақ менеджер қандай салада жұмыс істесе де, бағынушыларды басқарумен іс жүргізеді. Психологиялық көзқараспен менеджмент – адамзаттық мінез-құлықтың негізін қалайтын түсініктерді ескере отырып, адамдарды басқаруды жүзеге асыратын процесс.
Менеджменттің теориялық негізін мануфактор компаниясының президенті Г.Таун, 1886 жылы Америкада өткен инженер-механиктер қоғамы жиналысында, өзінің «Инженер-экономист ретінде» баяндамасында атап өтті. Онда менеджменттің ролін ғылыми білімнің және кәсіптік мамандандырудың өзіндік саласы ретінде түсіндірді. Сонымен қатар Г.Таун инженер өз бойында өндірісті басқарушының қасиетін дамыту керек деді. Г.Таунның ізін басушыларға нақты басқару тәжірибесімен танысуға назар аударды.
Психология ғылымында басқару: басшылық және лидерлік деп бөлінеді. Басшылық билікпен байланысты арнайы қарым-қатынас феномені; ал лидерлік арнайы емес қарым-қатынас жүйесінен туған. Басқарушыны ережеге сай, жұмыскерлер, жоғарыдағылар сайлайды, ал лидер ретінде жұмыскерлер арасынан іске белсенді, жауапты адам шығады.
Басшы мен лидерліктің айырмашылықтарына қарамастан, Р.Л.Кричевский олардың 3 түрлі ұқсастықтаны ажыратады:
басшы және лидер әлеуметтік топтар мүшелерін ұйымдастырушы ролін атқарады;
басшы және лидер ұжымда әлеуметтік құбылысты жүзеге асырады, бірақ әр түрлі тәсілмен;
басшы да, лидер де субординациялық қарым-қатынасты ұстанады.
Негізінен менеджер мен лидер, кәсіпкер рольдерінің арасында біраз
айырмашылықтар бар. Шетел практикасында лидер деп, тәуеклге бел буған, басқаруда жаңа тәсілдер қолданатын, ұйымдастырушылық және ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізетін кәсіпкерлер деп түсіндіріледі.
Батыс зерттеушілерінің пікірлерінің негізінде лидер мен менджерлер
арасындағы айырмашылық белгілерді төмендегідей көрсеткен:
Менеджерлер: шешім қаылдап, оны өңдейтін, басқару ғылымында жаңа жетістіктерді қолданатын, жауапты, еңбексүйгіш жұмыскер, тәжірибеге бай жоғары білімді маман. Үнемі өзінің кәсіби және ғылыми деңгейін (семинарларда, басқару бойынша әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды оқитын) жоғарлатады.
Менеджерлер ресми және ресми емес бұйрықтардың дұрыстығы мен ерекшелігін жақсы түсінеді. Олар жаңа ережелер мен процедураларды кез-келегн формада өңдеп, оларды стандарттық жүйеде қолданылуын қамтамасыз етеді. Менеджерлер компания қызметін бағалауда сапалық емес, сандық көрсеткіштерін қолданушылар. Тәжірибелі менеджерлер компанияның жұмыс күшін басқару, жинау, ұйымдастыру, жоспарлау үшін еңбекақы төлейтінін түсінеді.
Менеджерлер бағынушылары жоғары компетенциялы болса да, жақсы жетісіктерге жету үшін, ол аз деп есептейді. Олар өздерінің де басқалардың да қатесін кешірмейді. Өз бағынушыларының кәсіби өсуі мен тәуекелге бел буушылық операцияларын сирек қолдайды. Менеджерлер қиын кезде кінәлілерді тауып, өздерінің міндеттерін бұлжытпай орындау керек дейді. Менеджерлер тапсырманы адал, жақсы, жауапты орындайтын жұмыскерлер іздейді.
Лидерлер – қарапайымдылық жетістікке жетудің басты принципі деп есептейді. Ол барлық қызметкерлерін өз әрекеттерін қарапайым тәсілмен атқаруға үйретуге тырысады. Ол өзінің ізбасарларына жоғары мақсаттарды меңзей отырып ерекше назар аударады. Пайда төмендегенде немесе төменгі нәтижелерді көрсеткенде осы ситуациядан шығу жолын ұсыну үшін көмек қолын ұйым мүшелеріне, топтарына созады.
Лидерлер - өз қателерін мойындайды және оларды шешу үшін қажетті шараларды ашық түрде қолданудан қорықпайды. Олар өз жұмыскерлеріне сыйластықпен қарайды, оларды бағалайды, сенімдерін үнемі қорғайды.Ал өз кезегінде жұмыскерлер лидерге берілген болады және тіпті олар үшін өлімге де дайын барады.
Лидерлер – автократтар (автократ – тежеусіз жеке билеуші) бірақ бұл дәстүрлі емес автократие (автократие – шексіз билейтін демократиялық өкімет). Ол мынадай құндылықтарға негізделген: тұлғаға деген адал және сыйластық қарым-қатынас, жоғары мақстақа жетудегі қайсарлық.
Лидерлер – адамның және оның әрекеттерінің үнемі жоғары сатыға көтерілуі үшін жағыдай жасайды және олар өз қызметкерлерінің жетістікке жеткен жұмысын мойындап марапаттайды.
Лидерлер – пікірлес, сыбайластар іздейді.
Басшылардың, лидерлердің жеке қасиеттеріне байланысты 3 тұжырымдама пайда болады:
1. Харизматикалық (грек сөзі, қабілет, талап деген мағына береді) – адам лидерлік талабы болып табылады.
2. «Ерекшелік теориясы» - тұлға өзіне қажет қасиеттерді жинайды: жоғары интелектілік; жан-жақты білім; өз-өзіне сенімділік; иницативтілік т.с.с.
3. Осы аталған екі тұжырымдама лидерліктің ситетикалық теорияларына біріктірілген. Бұл теорияға байланысты басшылықтың тиімділігі басшының, жеке қасиетімен ғана емес оның бағынушыларымен де қарым-қатынас негізінде де анықталады.
2. Ғылыми түсінікте қазіргі басшының, жетекшінің психологиялық портреті қандай деген сұрақ туындайды. Ал психологиясы Американ психологы М.Шоу және отандық ғалым Р.Л.Кричевский зерттеулеріне сүйене отырып жалпы басшылардың портреті төмендегіден тұрады; өмірбаяндық сипаттамалар, мінездемелер; қабілеттіліктер; тұлғалық ерекшеліктер.
Көтеген психоөмірбаяндық зерттеулерде отандық ғалымдар «Психологиялық жас» түсінігін қолданады. Шынында да жас бұл табиғи ғана емес, сонымен қатар адамның әлуметтік мінезі. Нағыз өмірбаяндық көрсеткіш болып басшының жоғарғы білімі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |