Басшының қабілеті оның мінезінің екінші бөлігі болып табылады. Олар жалпы (интелект) және спецификалық (білім іскерлігі) болып бөлінеді.
Тұлғаның спецификалық қабілеті – бұл арнайы білім іскерлік, ақпараттық, компитенттік. Бұл қабілеттер басшының іс-әрекеттерінде байқалады.
Басқарушы қандай жұмыспен айналысады? Басқаруды жүзеге асыра отырып, ол ұйымда қандай істер қабылдайды.Батыста 70 жас қызықты зерттеу жүргізілген нәтижесі төмендегідей жалпылауға болады:
Зерттеу – менеджер адамның интенсивті сипаттамасын көрсетті. Шебер кәсіпорын өндірісінде 8 сағыттық жұмыс күнінде 200-270 қызмет атқарады.
басшының әрекеті шапшаң және әртүрлі болады.
Уақытты өлшеу басшының көп уақытты өз ұйымынан тыс қарым-қатынасқа кетеді. Жоғарыдағы басшылармен мамандық бойынша сыбайластарымен.
Менеджерлер жұмысының көбісі сөйлеуге бағытталған. Сөйлеу басшының 80% жұмысын алады. Осыдан басшыға жоғары камуникативтік өнер керек екендігі байқалады.
Тұлғалық ерекшеліктері – бұл басшы негізінің соңғы бөлігі. Оларға мыналар жатады:
өз-өзіне сенімділік;
жеңіске деген шыдамдылық;
жауапкершілік;
сенімділік т.б.
Жетекші қызметкердің, басқарушы адамның бойындағы өзіндік стиль, даралық тәсілі өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасап, әрбір істе нәтижелі қорытындыға жету жолындағы бағалы психологиялық қасиет болып табылады.
Басқарушы адамда даралық ерекшелеріне сәйкес оларды психологияда мынандай 3 типке бөліп іздестіреміз:
Басқарушы ісіндегі демократияшыл тәсіл:
1) Демократияшыл типті, жетекші ұжымдағы адамдарды, қарамағындағы қызметкерлерді өндіріс пен кәсіпорында барлық жағдайлармен қиыншылықтарды жеңу жолдарымен, сын-пікірімен санасып, оларды болдырмаудың әдіс-тәсілдерімен қарамағындағы адамдармен пікір алысады. Өзінің жеке басын ұжымнан жоғары санамай, сол ұжымның мүшесі ретінде тиісті шараларды іске асырудың жолдарын қарастырады.
Демократияшыл жетекші қарамағындағы адамдардан өздеріне жүктелген істерді дау-дамайсыз орындау қажеттігін іскерлігі арқылы көрсетіп, дөрекілік мінез көрсетпейді, өзгелерден де солай болуды талап етеді. Демократияшыл тәсіл орнаған ұжымның жұмысы өнімді, әрбір адам бастамашылық көрсетіп, ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас жолдастыққа, ар-ұят пен жауапкершілік сезіміне негізделеді, ұжым мүшелері біріне-бірі қамқоршы болып, өз жетекшісінің қызметінің табысты болуына игі тілектер білдіреді.
Демократияшыл бағытты ұстанған басшылар өндірістегі істердің жай-жапсарын жете біліп, олар барлық адамдарға әділетті болуды көздейді. Мұндай басшылар қарамағындағыларды алаламайды, ұжымдағы адамдардың бәріне бірдей әділеттікпен қарайды.
2) Әміршіл ( автократты ) тәсілді ұстанушы басшылар.
Өз басы мен іскерлік қабілетіне мол адамдар. Ондай басшылардың жұмыс стилі әміршілік пен билік жүргізуге тіректеліп, барлық мәселелерді жеке өзі шешуді ұнатады. Олар ұжымға сенбейді. Өздерінің жарлықтарымен өзгелерге қалайда орындатуға міндеттеп, берген бұйрық, жарлықтардың дәйекті болуын қат деп санамайды. Зерттеуші Е.Е. Бендровтың айқындауынша әміршіл бастықтар, биліктің бәрін өз уысында ұстап әкімшілік әдістің ролін асыра бағалайды да, көпшіліктің пікірімен санасуды қажет деп санамайды. Әміршіл әмір басшының сөзі әдетте қысқа, қарамағындағылармен үзілді-кесілді тілдеседі, қарсы ой-пікір айтқандарды ұнатпайды, тек өзгелерге өз ойын ғана орындатуды талап етеді. Өз қызметкерлеріне талапты тіке қойып, дөрекілік те көрсетеді, қауіп-қатер төндіре сөйлеп, жазалауы істің шындығына сай бола бермейді.
Әміршіл басшылар әдетте адамның дарақылық, ерекшелік мінез-құлқын дұрыс ажырата алмайды. Өздері жіберген қателіктерін өзгелерге аударып, жеке басының қателіктерін асыра бағалайды. Менмендік көрсетіп, өзінің ұнатқан адамдарының іс-әрекетін асыра бағалауға тырысады.
Дегенмен, әміршіл басшылар жұмыс істеуге қабілетті,үнемі асығып-үсігіп жүреді. Жедел шешім қабылдай алады. Шапшаң қимылдап асты тез ішеді, демалысты ұнатпайды, жұмыссыз жүргендерді жек көреді. (Мысал келтіру Англия 8 жыл 3500 адам 35-55 жас аралығында).
3) Ымырашыл жетекші.
Басқару ісінде ымырашыл жетекшінің іс-әрекетінде бір жағынан алғанда тұрақсыздық пен бей-берекеттік орын алатын болса, алекінші жағынан қарағанда, ондай жетекшінің жұмысты ұйымдастыруға қабілетсіз екендігін көрсетіп, әрбір әске немкетті қарайтын болады. Ондай басшы атқаратын қызыметіне лайықсыз және ол басқарған ұйымда тәртіп болмайды, істің бәрі ырду-дырду сипат алып, ақыры ыдырауға әкеп соқтырады.
В.И. Ленин өзінің ғылыми туындыларында даму дегеніміз - өрлеп өсу, ал даму болмаса істің бәрі құрдымға келіп тіреледі де, істің өнімі де, нәтижесі болмайды, бұл кері кетіп шегіндену, қимыл-қозғалыстың алға баспай табандап бір орында қалып қоюы деген екен.
Жетекшілердің басқару қызыметіндегі жұмыс тәсілі мен мінез-құлқындағы осындай типтік айырмашылықтарды талдай отырып, қайтиптегі басшыладың іс-әрекеті жемісті болады екен? Деген сұраққа келіп тірелеміз.
Бұл сұраққа біз демократияшыл стилдегі басшының жұмысы нәтижелі болады деп жауап береміз. Мұндай стилдегі жетекшінің басқару ісі әлдеқайда өнімді болатындығын американдық зерттеуші Курт Левин 1938 жылы Германияда жүргізілген тәжірбиелері арқылы анықтаған болатын. Ол сол кезде-ақ әміршілдік басқару ісінің баянсыз болатындығын сынаған.
3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудық өзекті мәселелері қатарына жетекші қызметкердің жеке басына тән қадір қасиеті мен оған қойылатын талап тілектер:
Жеткешілік қызмет атқаратын адамның беделі мен психологиялық
сипаты ең алдымен, оның өзінің қармағындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың ісін, уақытын бағалай білуі. Сонымен бірге жетекшінің өз уақытын дұрыс пайдалануы.
Жетекшінің басқару қызметінің стиліндегі маңызды мәселе
адамдарды көтермелеу және жазалау. Мысалы АҚШ «Дженерал электрон» фирмада 3- ші кісінің қатысуында ешқандай ескерту немесе жаз еңбектерді ұйымдастыру немесе басқару құқығына жатпайды деп саналады.
Жетекші қызыметкер істі ұйымдастырушы, әрі басқарушы. Егер
жетекші қарамағында жұмысқа айдаушы әкім болмай, олардың қамқоршы басшысы болғаны жемісті болатынын көрсетеді.
Жетекші қызыметкердің мінез-құлқындағы ұнамды сипаттарға
оның өз ісіне сенімділігі, мақсаттылығы, әділеттілігі, табандылығы және т.б.
Жетекші бойында жақсы сапаларды тұрақтандырып, өзінің мінезіне айналдыру үшін мынандай қағидаларды басшылыққа алу керек:
Сын – пікірлер пайдассыз болса, оған үнемі назар аударып отыру қажет.
ә) Өзгелер қате пікірлер айтса да, оған зейін қойыңыз.
б) Басқа жағдай болса да төзімділік көрсетіңіз.
в) Әділетті болу керек. Әділеттілік көрсету – беделді арттырудың шарты.
г) Айтар сөзің мен ойың болсын.
д) Қарамағындағы адамдардың жақсы ісін қоштап, оған алғыс айт.
е) Қарамағындағы адамдарға үшінші бір кісі қатысып тұрғанда оған ескерту айтушы болмаңыз.
ж) Қарамағындағы адамдардың істейтін ісін өзің істеуші болма.
з) Егер берген жарлығын қате болса, онда өзің жіберген қатені мойындап, оны түзет.
и) Жазбаша түрде жарлық беруден мүмкіндігінше өзіңді сақтандыр.
к) Егер қарауындағы адам артық қабілетті болса, ондайлардан қамықпай, керісінше ондай қызметкерлерді мақтаныш ет.
Достарыңызбен бөлісу: |