Ііі. Тапсырмалар фонетика күлтегін ескерткіші (Кіші жазу)


СИНТАКСИС Күлтегін (Үлкен жазу) (YIII ғ.)



бет11/13
Дата26.10.2022
өлшемі77,31 Kb.
#45496
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
СИНТАКСИС



  1. Күлтегін (Үлкен жазу) (YIII ғ.)




  1. Күлтегін йадағын оплайу тегді.

  2. Оң тутуқ йорчын йарақлығ елігін тутды.

  3. Йарақлығды қағанқа анчулады.

  4. Ол сүг анта йоққышдымыз.

  5. Бір отуз йашыма Чача Сеңүнке сүңүшдіміз.

  6. Ең ілкі Тадықын Чорың боз атығ бініп тегді.

  7. Ол ат анта өлті (КТү, 32).

(Ғ.Айдаров. Орхон ескерткіштерінің тексі. Алматы, 1990).



  1. М.Қашқари. Дивану луғат-ит түрк (XIғ.)

8. Атасы ачығ алмыла йесэ, оғлының тісі қамар (қамалар). 9. Ол менің бірла түгін түгүшді. 10. Ол бу евні евсінді.11.Ол елікдін (елек-) йармақ түшүрді. 12. Нечэ йітік (өткір) бічэк (пышақ) ерсэ өз сабын йонумас.13.Оғлан іші іш болмас, оғлақ мүңүзі сап болмас. 14. Од кечэр, кіші тоймас, йолыңуқ (адам) оғлы меңү (мәңгі) қалмас. 15. Бар - бақыр, йоқ - алтун.


(Түбі бір түркі тілі. Алматы, 1993).


Тапсырмалар
1. Айтылу сазына, құрамына қарай қандай сөйлем. Оплайу (1) сөзі қандай сөз табы және қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр? Қазіргі қазақ тіліне аударып, сөз тіркестерінің өзара байланысу тәсілдеріндегі ерекшеліктерге назар аударыңыз.
2. Йарақлығ (2) туынды сын есімі қандай сөйлем мүшесі қызметін атқарып, қай сөзбен синтаксистік байланысқа түсіп тұр?
3. Елігін (2), сүг (3), атығ (6), евні (10) сабын (12) зат есімдері сөйлемдерде қандай септікте, қандай синтаксистік қызмет атқарып тұр? Берілген сөздерді өздері меңгеріле байланысып тұрған басыңқы сыңарларымен теріп жазып, қазіргі қазақ тіліне аударыңыз. Көнерген, өлі тұлғаға айналған тұлғаларға тарихи сипаттама беріңіз.
4. Пысықтауыш қызметінде тұрған (4-7) сөздерді теріп жазып, олардың қай сөз табы, қандай тұлғада тұрғанын көрсетіңіз. Осы пысықтауыштарды дәл осы тұлғасында қазіргі қазақ тіліне қолдануға бола ма? Егер болмаса, неліктен?
5. Сөйлемдер ішінен (8, 10, 12) анықтауыштарды теріп жазып, олардың қандай сөз табынан, қалай жасалып тұрғанын айтыңыз. Қазіргі тілмен салыстырғанда тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін анықтаңыз.
6. Құрмалас сөйлемдерді (8,12) қазіргі әдеби тілдің үлгісіне келтіріңіз. Мағынасына қарай бағыныңқы сыңары сабақтастың қай түріне жатады?
7. Ілік септігінің басыңқы сыңарымен ашық, жасырын байланысқан түрлерін тауып (8, 9, 13, 14), олардың сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі қазақ тілінде дәл осы (ашық, жасырын) тұлғаларында қолданыла ма?
8. Бар, йоқ және бақыр, алтун (15) сөздері сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарып тұр?
9. Түгүшді, түшүрді (9, 11) етістігімен меңгеріле байланысып тұрған зат есімді тауып, оның қандай сөйлем мүшесі және қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
10. Есімдіктер (4, 9, 10, 12) қандай сөз табының орнына жұмсалып, қандай сөйлем мүшесі қызметінде қолданылып тұр? Қазіргі тілмен салыстырғанда тұлғалық, мағыналық өзгешеліктер бар ма?
11. Берілген сөйлемдер (13-15) құрамына (екі, көп құрамды) мағынасына қарай салаластың қай түрлеріне жататындығын анықтап, олардың баяндауыштарының жасалу жолына сипаттама беріңіз.



  1. ОҒЫЗНАМЕ (XIIIғ.)

1. Көб телім алтун күмүш тартыб, көб телім қыз йақут таш алыб, көб телім ерденілер йеберіб йумшаб Оғуз қағанға с(о)йурқаб берді, ағызыға бақынды. 2. Йақшы бегү бірле достлуқ қылды, ануң бірле амырақ болды. 3.Чоң жаңақыда Урум деген бір қаған бар ерді. Ошбу қағаннуң черігі көб көб балықлары көб көб ерділер ерді.4.Ошул Урум қаған Оғуз қағаннуң жарлығын сақламас ерді, қатағлағу бармас ерді. 5. Оғуз қаған чамат атуб анға атланғу тіледі.6.Черіг бірле атлаб туғларны тутуб кетті. Қырық күндүн соң Муз тағ деген тағнуң адағыға келді. 7. Чаң ерте болдуқта Оғуз қағаннуң қурықаныға күн дег бір жаруқ кірді. 8. Ол жаруқтун көк түлүклүг көк жаллуғ бедүк бір еркек бөрі чықты.


(Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, 1991. 62-бет.
Ауд. Қ.Өмірәлиев).



  1. ШЫҢҒЫСНАМЕ (XIYғ.)

Ағазі дастан-і Чіңгізхан

9.Чүн Чіңгізхан вілайәт//ләрні фәтһ қылдылар, бу тәрәфі Бағдадә вә бір тәрәфі Һіндустан вә бір тәрәфі Дәшт-і Қыпчақ// дәрйайі ‘Іділ эрді. 10. Вә бу вілайәтләрні төрт-бәш оғлығә бәхшіш қылды. 11. ‘Ірақ віла // йәтіні һүләгү-ханғә бәрді. 12. Өгәдәй- ханны өз вілайәтіндә қойды, Тулы - ханны // өз қашында сақлар әрді, Чықатай - ханғә Бухара вә Сімәрқәнд вә Хорасан вә // һісар вілайәтләріні бәрді. 13. Әмма Йожы-хан барча оғланларындын улуғрақ // әрді. 14. Әзім ләшкәр қошуб Дәштә Қыпчақ вілайәтін ғә салғаб йібәрді. 15. А//тларыңғә йәм болсун тәб Хварәзм вілайәтіні бәрді. 16. Чүн Йожы-хан // Дәшт-і Қыпчақ вілайәтінғә кі мүтәвәжжіһ болды,Улуғ-Тағ кі мәшһүр // турур, аңа йетішділәр.17.Бір күн тағ арасында ав авлайы чықыб әрді. 18. Бір бөләк //марал-кейікләр йолуқды. 19. Аны қувалаб атардә атдын йықылыб бойны сыныб // вәфат болды.


(Чингиз-наме. Алматы, 1992. 37- б.)

Тапсырмалар


1. Алғашқы сөйлемді (1) қазіргі әдеби тілге аударып, құрамына, мағынасына қарай құрмаластың қай түрі екенін анықтаңыз. Құрамындағы бірыңғай сөйлем мүшелерінің қандай сөз табынан жасалып, сөйлемде қандай синтаксистік қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңіз. Құрамындағы жай сөйлем баяндауыштарының жасалу жолына, қай жақ, шақта тұрғанын түсіндіріңіз.
2. Берілген үзінділерден (I, II) құрамындағы бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемдерді көшіріп жазып, бірыңғай мүшелердің өзара қандай синтаксистік тәсіл-құралдармен байланысып тұрғанын (жалғаулық, орын тәртібі) анықтаңыз. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі бірыңғай сөйлем мүшесінің синтаксистік айырмашылығы бар ма, болса, ол қандай ерекшеліктер екенін түсіндіріңіз.
3. 2,6,7 сөйлемдерден қазіргі әдеби тілімізде қосымшаға айналған шылау сөздерді табыңыз.
4. “Шыңғыснамадан” берілген үзіндіден вә, кі, амма шылаулары қолданылған сөйлемдерді бөліп алып, осы шылаулардың әрбір сөз тіркесі мен сөйлемді байланыстырудағы мағынасын көрсетіңіз. Аталған шылаулардың шығу төркінін анықтаңыз.
5. Берілген сөйлемдер ішінен мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың баяндауыштарының тұлғасына талдау жасаңыз.
6. 3,16- сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, қандай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз. Сөйлемдерді қазіргі қазақ әдеби тіліне аударып, көне түркі синтаксисінен қандай ерекшелігі барын анықтаңыз.
7. Мәтіндерден өткен шақ есімшелерді тауып, олардың тұлғасын, жақ-сан, қай септікте тұрғандарын көрсетіңіз. Синтаксистік қызметі жағынан қазіргі тілдік деректермен ұқсастығын анықтаңыз.

  1. Көп құрамды құрмалас сөйлемдерді бөліп алып, көп құрамды салалас, көп бағыныңқылы сабақтас, аралас құрмаластардың құрамындағы жай сөйлемдердің мағыналық байланысу тәсілдері мен баяндауыштарының жасалу жолдарына толық талдау жасаңыз.

  2. Берілген 1, 3, 8 сөйлемдердегі қыз, чоң, бедүк сөздері қандай сөз таптары? Қандай сұраққа жауап беріп, қандай сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалып тұрғанын анықтаңыз. Қазіргі әдеби тілде дәл осы тұлғаларында қолданыла ма, қолданылмай ма, әлде өзгеріске ұшыраған ба?

  3. Мәтіннен барлық анықтауыш қызметінде қолданылып тұрған сын есімдерді теріп алып, оларды тұлғасына (түбір, туынды), мағынасына қарай (сапалық, қатыстық сын есімдер) талдаңыз.

  4. 6-8 сөйлемдерді құрамына қарай, сөйлем мүшесі қызметіне қарай, құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амал-тәсілдеріне қарай талдаңыз.

  5. Мына (2) сөйлемдегі бегү, бірле, ануң, бірле тіркестері қандай сөз таптары және сөйлемнің қандай мүшесі қызметінде жұмсалып тұрғанын көрсетіңіз.

  6. 13-15 сөйлемдерді қазіргі қазақ әдеби тіліне аударып, толық синтаксистік талдау жасаңыз.

  7. Сөйлемдерде (3, 4, 5, 9, 13, 19) ошбу, ошул, анға, бу, барча, аны есімдіктері қандай мағынада және қандай сөйлем мүшесі қызметтерінде жұмсалып тұрғанын анықтаңыздар.



  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет