Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


Мәдениеттерді жақындастырудың халы-



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Мәдениеттерді жақындастырудың халы-
қаралық онжылдығы деп жариялады. 
тәуелсіз Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатында бізге ата-
бабаларымыздан мұра боп қалған 
дінге еріктіліктің, төзімділіктің, 
дінаралық келісімнің іргелі дәстүрін жалғастырды. сондықтан 
бүгін  әрбір  адам  Қазақстанның  жаңа  елордасы  Астанада  және 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
153
елдің кез келген қалаларында мұсылман мешітіне, православиелік 
ғибадатханаға,  католиктік  костелге,  синагогаға,  мінәжат  үйіне 
емін-еркін  кіре  алады.  заманаларды,  этностарды,  өркениеттерді 
жалғастыратын арқау жіп дейтініміз осы.
мұсылман  тұрғындары  басымдау  зайырлы  мемлекет  ретінде 
Қазақстан 
мұсылман  және  христиан  өркениеттерінің  жақын-
дасуына, шығыс пен Батыс арасындағы түсіністікті тереңдетуге 
жағдай жасайды.
2011  жылы  Қазақстан 
Ислам  ынтымақтастығы  ұйымын 
басқарды,  ол  умманың  бір  күрделі  кезеңіне  тура  келді.  Қазір 
мұсылман  әлемінде  алуан  қырлы  үдерістер  жүріп  жатыр.  мұнда 
серпінді экономикалар да, едәуір әлеуметтік-саяси проблемалар 
жайлаған  елдер  де  бар.  Бірақ  қалай  болғанда  да  ислам  Әлемі 
-  адамзаттың  өркендеп  келе  жатқан  елеулі  экономикалық-
мәдени тобы.
Қазіргі  және  болашақтағы  жаһандық  қауымдастықты 
Ислам 
әлемінсіз көзге елестету мүмкін емес.
оны тұқырту әрекетінің кез келген түрі көрсоқырлық және тіпті 
қауіпті. орасан зор әрі алуан түрлі  дүниенің осы бөлігінде болып 
жатқан жайларға түсіністікпен қарау керек.
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  мұсылман  әлемі 
Қайта 
өрлеу  дәуіріне  аяқ  басты.  Құранның  ізгі  діні  Африканың  Атлант 
жағалауынан  индонезияның  топаралдарына  дейінгі  ұлан-ғайыр 
аумақта 
бостандық жолындағы кең өрісті халық қозғалыстарын 
терең мән-мағынамен толтырды. дүние картасында қазір ислам 
ынтымақтастық Ұйымына кіретін мемлекеттердің көпшілігі пайда 
болды.
өткен ғасырдың соңына қарай 
Орталық Азия елдері бостандық 
алды, солардың қатарында Қазақстан да бар.
Бұдан  қырық  жылдан  астам  бұрын  ислам  конференциясы 
ұйымы (иыҰ-ның ізашары) құрылуы 
ислам ынтымақтастығының 

154
G
 - GL
OBAL
тарихи актісі болды. одақтық текетірестің күрделі дәуірінде ол өзін 
исламның рухани құндылықтары мен мәдени мұрасын 
сақтау үшін 
түзілген тұңғыш халықаралық құрылым ретінде көрсетті.
сонымен  бірге,  мойындауымыз  керек,  ислам  әлемінде  толып 
жатқан әлеуметтік және саяси проблемалар да бар. Қазіргі уммаға 
тарихтың шұғыл бетбұрысына шыққан қауымдастықтың кереғар 
сипаттары тән.
умманың  жиынтық  экономикасы 
планетаның  күллі  энер-
гетикалық  ресурстарының  70  пайызын,  минералдық  шикі-
заттың  40  пайызын  қамтиды.  сөйте  тұра  мұсылман  жұртшылығы 
мекендеген елдердің үлесіне дүниежүзілік іЖө-нің тек 
7,5 пайызы 
мен жаһандық сауданың 
11 пайызы ғана тиесілі.
Бір  жағынан,  көптеген  елдер  өздерінің  ХХі  ғасырдағы 
жаңғыру 
жолдарын  іздестіруде.  шығыс  Жерорта  теңізі  мен  парсы 
шығанағының  өңірлері,  оңтүстік-шығыс  Азияның  мұсылман  бөлігі 
мен  каспий  маңы  таралу  аймағы
  -  бүкіл  жаһандық  экономика 
өркендеуінің өрісті нүктелері.
екінші  жағынан,  көптеген  мемлекеттер  отарлық  дәуірден  қалған 
проблемаларды шешуде. БҰҰ мәліметтерінше мұндағы 
30 миллион 
адам кедейшіліктің тақсіретін тартуда, 50 миллион адамның сапалы 
білім мен денсаулық сақтауға қолдары жетпейді. 
ИЫҰ-ға қатысушы 
22 мемлекет дүниедегі ең кедейлердің тізіміне кіреді.
мұсылман мемлекеттерінің көпшілігі 
қарқынды демографиялық 
өсу жолына түскен. Ал бұл олардың алдына елді, әсіресе, жастарды, 
жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселесін 
өктем түрде қойып отыр.
оның үстіне ислам қоғамдары ғасырлар бойғы рухани құндылықтар 
мен қағидаттарды тоздыру қаупін туғызатын «
жаһандану көбігіне» 
аса сезімтал. умма елдеріндегі ішкі қайшылықтардың көбінің себебі 
осында жатыр.
Бүгінде  ислам  әлемінде  болып  жатқан  үдерістерді 
сырттай 
бағалаудағы әркелкілікке әсер ететін де көбіне нақ осы.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
155
өкінішке  қарай,  бүгінде  планетада 
ислам  қауымдастығын 
әлдебір тұйыққа тірейтін жол деп көрсетуге тырысатын күштер 
бар.  олар  исламның  бейбітшіл  табиғаты  мен  оның  дүниежүзілік 
қоғамдастықтың  дамуына  қосқан  үлесі  жайынан  адамдардың 
білімі  таяз  екенін  пайдаланады.  кейде  оның  әлем  сипатын 
әділдікпен  жайластыруға  ұмтылатыны,  өзге  мәдениеттермен 
және  өркениеттермен  жемісті  ықпалдастықты  қалайтыны  әдейі 
еленбейді.
ислам дүниеге платон мен Аристотельдің, евклид пен галеннің, 
басқа да ежелгі ойшылдардың орасан зор мұрасын сақтап қалды. 
Ибн Сина, Рази, Ибн Рушд, Ибнун Нафистің теңдесі жоқ үлесінсіз 
әлемдік  медицинаның  дамуын  көзге  елестету  мүмкін  емес. 
Әл-
Ашари,  Әл-Ғаззали,  Ибн-Туфейл,  Ибн-Бадждың  кемеңгер 
туындылары  көптеген  тілдерге  аударылды. 
Әл-Хорезмидің  ұлы 
еңбегі 
«Әл-джебр  валь-мұқабала»  алгебраның  дамуына  жол 
салып  берді.  Біздің  ғұлама  бабаларымыз 
әл-Фараби  мен  Қожа 
Ахмет Яссауи дүниетану үдерісіне және философиялық ілімдердің 
дамуына ғаламат ықпал етті.
ислам  әлемі  көптеген  мәдениеттердің 
тоғысуы  негізінде 
қалыптасты.
Бүгін  де  ислам  қауымдастығы  дәл  солай 
дүниежүзілік 
үдерістің  бірыңғай  ағымында  дамып  келеді.  дүниенің  барлық 
өзге  халықтары  сияқты,  мұсылман  елдерінің  халықтары  үшін 
де 
әділдік  пен  демократия,  бейбітшілік  пен  келісім,  ізгілік 
пен  игілік  ұғымдары  әмбебап  және  жақын.  Қазіргі  дүниенің 
мәдениеттері мен өркениеттерінің жаһандық үнқатысуы мен өзара 
ықпалдастығының негізі нақ осында.
Қазір «жанжал» туралы емес, «өркениеттер кездесуі» туралы айту 
әлдеқайда орынды. ешқандай да «тарихтың ақыры» болмайтынының 
қарапайым  ғана  себебі  -  дүниежүзілік  қауымдастық  өзінің  өмір 
сүруінің бірден-бір негізі деп қабылдайтындай 
әмбебап өркениет 
үлгісі адамзатта жоқ.

156
G
 - GL
OBAL
ХХі  ғасырдағы  қауіп-қатер  мен  дөңайбатқа  толы  жаһандық 
дүниеде,  менің  ойымша,  мемлекеттердің,  діндердің,  азаматтық 
қоғамның ізгі ниетін білдіруінің айрықша және ортақ стратегиясы 
мен әдісі бар. ол - елдер, халықтар, конфессиялар арасындағы 
келісімге,  өзара  түсінушілікке,  ынтымақтастыққа  жетуге 
бағытталған бітімгершілік, үндеу мен іс-әрекет. 
Біз  бүкіл  әлемдік  жауыздықтың  лаңкестік,  жаппай  қырып-
жоятын  және  басқа  да  қару-жарақты  тарату,  есірткі  бизнесі, 
заманымыздың аса ауыр тәни және әлеуметтік сырқаттары сияқты 
көріністеріне қарсы күресте тек төзімділік пен әріптестік арқылы 
ғана табысқа жете аламыз.
ХХі  ғасырда  бейбітшілік  пен  келісім  жаһандық  та,  ұлттық  та 
деңгейдегі даусыз іргелі талапқа айналып келеді.
келісім  мен  сұхбат  - G-GLOBAL пішіміндегі тұрлаулы дүниенің 
базистік негізі.
Төзімділік пен келісімнің қазақстандық үлгісі
тәуелсіздіктің  ең  алғашқы  күнінен  бастап  біздің  көпұлтты 
халқымыздың келісімі мен бірлігі Қазақстанды дамытудың орталық 
формуласы болды және болып та отыр.
Біздің  еліміз  ХХ  ғасыр 
халқының  көпэтникалық  құрылымын 
мирас етіп алды. экономикалық дағдарыс пен ксРо-ның ыдырауы 
жағдайында мұндай ахуал зор шиеленіске бастайтын. 90-шы жыл-
дарда көптеген тмд елдеріне тән болған этносаралық жанжалдар 
тізбегінен  Қазақстан  аман-есен  өтті.  Ал  бұл  мемлекеттің  міндетті 
ішкі  басымдықтар  ретінде    тыныштық  пен  келісімді  қолдағанының 
арқасында болған еді.
енді  бүгін,  араға  20  жылдан  артық  уақыт  түскенде,  мен 
Қазақстанның  жолы  кең,  жарқын  жол,  онда  әрбір  азаматқа, 
оның этникалық, діни немесе басқа да қатыстылығына қарамастан, 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
157
бар мүмкіндіктер, барлық есіктер ашылған деп толық сеніммен айта 
аламын.
Біздің қазақстандық үлкен үйіміздің іргесі мықты әрі берік болып 
шықты.  Біз  Қазақстанның  біртұтас  халқының  бірегей  тарихи-
азаматтық феномені туралы мақтанышпен айтамыз.
менің пайымдауымша, 
көпмәдениеттілік, этникалық және діни 
саналуандық,  бұл  түптеп келгенде, қоғам үшін бәсекеге шақыру 
емес, орасан зор артықшылық.  
Біз  жүйелі  түрде  жұмыс  атқардық  және  сонымыз  принципті 
нәтижелерге жетуімізге мүмкіндік берді.
Біріншіден,  қоғамдық  санада  бірыңғай  ұлттық-мемлекеттік 
ұқсастық  орнықты,  ол  -  барлық  ұлыстардың  бірлігі  мен  топтас-
қандығының нақты бейнесі.
Біз 
Қазақстанның  құндылықтары  мен  мүдделерін  басымдық 
деп білетін біртұтас, ынтымақты халыққа  айналдық.
Біз  ұлттық  бірліктің 
«бір  ел  –  бір  тағдыр»  дейтін  формуласын 
нақты іске асырудамыз.
Екіншіден, елімізді мекендейтін барлық ұлыстар мәдениетінің 
дамуына жағдай жасалған. этномәдени бірлестіктер мен БАҚ-тарға, 
ұлттық театрларға елеулі түрде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Үшіншіден,  үйлесімді  тіл  саясаты  іске  асырылды.  Барлық 
ұлыстардың мемлекеттік қазақ тілін меңгеруі жөнінде үлкен жұмыс 
атқарылуда.
мемлекеттік  тілдің  аясын  кеңейте  беру  біздің  тұрақты 
басымдығымыз болып отыр және болашақта да солай бола береді. 
тілдерді  дамыту  мен  олардың  жұмыс  істеуінің  2020  жылға  дейінгі 
мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
мұндай тіл саясаты - халықты біріктірудің маңызды шарты және 
барлық азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуының кепілі. Бүгінде 
этникалық немесе діни қатыстылығы қандай екеніне қарамастан кез 
келген қазақстандық - өз елінің тең құқықты азаматы.

158
G
 - GL
OBAL
Қазақ халқы мен мемлекеттік тіл даму жолындағы қазақстандық 
азаматтық  қауымдастықтың 
жұмылдырушы  өзегі  қызметін 
атқарады. Бұл үдеріс объективті түрде жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 
мемлекеттік БАҚ-тардың 70%-ы қазақ тілінде шығады. оқу қазақ 
тілінде жүретін мектептердегі оқушылар саны 63%-ды құрайды. Біз 
2020  жылға  қарай  қазақстандықтардың  95%-ы  мемлекеттік  тілде 
сөйлейтіндей дәрежеге жетуді міндет етіп қойып отырмыз.
Жаһандану заманында көптілділіксіз өркендеу болуы мүмкін емес. 
сондықтан ХХі ғасырдың талаптары жағдайында лингвистикалық 
капиталды  кеңейту  біздің  ілгерінді  трендіміз  болып  қала  береді. 
нақ осы өзге тілдерді білу елдің ішінде де, одан тысқары жерлерде 
де қазақ тілінің аясын кеңейтудің жақсы алғышарттарын жасайды.
«Азия барыстарының» тәжірибесін ескергенде 
тілдердің үшбір-
лікті бағдарламасы - біз үшін аса келелі міндет. 
Қазіргі дүниеде инновациялар, технологиялар мен бизнес әлеміне 
есік ашатын ағылшын тілінің маңызы мен рөлі барған сайын артып 
келеді. оның үстіне, іс жүзінде қазақстандықтардың бәрі орыс тілін 
біледі. ол - біздің ешқашан айрылмауымызға тиісті ортақ игілігіміз, 
еуразиялық экономикалық кеңістіктің тілі.
Жаһандық шақырулар мен жаңғырулар дәуіріндегі ұлттық бірлік 
қандай болуы керек? Бірлік дегеніміз - патриот-азаматтар ұлтына 
ұмтылу, ал оның негізін қазақтық ұлттық өзек құрайды.
Жаңа  кезеңде  еуропа  елдері  жүргізген  мультикультурализм  
саясатының тәжірибесін ескеру керек. оның негізінде тегі шетелдік 
иммигрант азаматтарға жеңілдіктер мен пұрсатнамалар беру ниеті 
болған-ды. Қағаз жүзінде бәрі қисынды еді. Бірақ іс жүзіне келгенде 
мұндай    саясат  қайшылықтарға,  этникалық  қауымдастықтар  мен 
түбегейлі ұлттардың әркелкілігіне соқтырды.
Қазақстанда  ондай  қауіп  жоқ. 
Біздің  бірлігіміздің  негізінде 
ортақ тағдыр, ортақ жауапкершілік және барлық қазақстандық 
этностардың ортақ болашағы жатыр.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
159
Бүгінде жаһандық дүние бірлік формуласын іздейді де оны осы 
арадан, біздің Қазақстанымыздан табады. мәселен, 
БҰҰ-ның бас 
хатшысы  Пан  Ги  Мун  Астанаға  келген  сапарының  барысында 
Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаттары - құрметтеу мен 
төзімділік  туралы  айта  келіп 
«БҰҰ  қағидаттары  да  сол»  екенін 
атап көрсетті.
Біздегі  төзімділік  пен  келісім  үлгісі  өзінің  негізін 
пәрменді 
құрылымнан Қазақстан халқының Ассамблеясынан алған.
Ассамблеяны  құру  идеясын  мен  тұңғыш  рет  1992  жылы, 
ел  тәуелсіздігінің  алғашқы  жылдығында  өткен 
Қазақстан 
халықтарының Бірінші Форумында айтқан болатынмын.
ол  кезде  дүниежүзінде  біздің  Ассамблеямыздың  теңдесі  жоқ 
болатын. Біз оны ешкімге жалтақтамай-ақ құрған болатынбыз.
Бұл бастама жалпыұлттық сұхбаттың жаңа кезеңін ашып берді. 
ол  дүниежүзілік  тәжірибеде  даусыз  жаңашылдық  болды  және 
этносаралық қатынастарды дамыту мен нығайтудың мәселелерін 
ең мәртебелі деңгейде шешуге мүмкіндік берді.
1995  жылғы  1  наурызда  мен 
Президенттің  жанындағы 
консультациялық-кеңесші 
орган 
ретіндегі 
Қазақстан 
халықтарының  Ассамблеясын  құру  туралы  Жарлыққа  қол 
қойдым.
Алғашқы  жылдары  ҚХА  дәл  солай  «Қазақстан 
халықтарының 
Ассамблеясы»  деп  аталғанын  айта  кету  керек,  ол  қоғамның  сол 
кездегі  нақты  этникалық  жағдайын  бейнелейтін  еді.  Қазақстан 
қоғамы  ұйысу  кезеңінен  ойдағыдай  өтті.  2007  жылы  бұл 
атауға  принциптік  түзету  енгізілді.  ҚХА  «Қазақстан 
халқының 
Ассамблеясы» болды.
Қоғам  үшін  Ассамблеяның  маңыздылығы  ол  жұмыс  істеген 
алғашқы айларда-ақ көрінді.
Қазақстанның  жаңа  конституциясын  әзірлеу  туралы  менің 
шешімімді  Ассамблеяның  қолдауы  1995  жылғы  30  тамыздағы 

160
G
 - GL
OBAL
бүкілхалықтық  референдумда  негізгі  заңның  қабылдануын 
айқындаған шарттардың бірі болды.
Қазақстан халқының Ассамблеясы серпінді даму жолынан өтіп, 
лайықты  институционалдық  толысуға  ие  болды.  Біріктірушілік 
және парасаттылық әлеуетпен молықты, 
тәуелсіз Қазақстанның 
қоғамдық игілігіне айналды.
Бүгінде  ҚХА  -  жалпы  бірігудің  әрекетшіл  институты,  тұрақ-
тылықтың,  төзімділікті  нығайтудың,  азаматтық  татулық  пен 
қоғамдық келісімнің маңызды факторы.
оның  конституциялық  мәртебесі  бар,  бірақ  биліктің  өкілетті 
тармағын  алмастырмайды.  2007  жылдан  бері  ҚХА  Қазақстан 
Республикасының 
Парламент  Мәжілісіне  9  депутат  сайлау 
құқығына ие болды.
2008 жылғы қазанда мен 
«Қазақстан халқының Ассамблеясы 
туралы» Заңға қол қойдым, дүниеде тағы да теңдесі жоқ болған 
бұл  заң  ҚХА-ның 
қазақстандық  демократияның  негіздік  эле-
менттерінің бірі ретіндегі рөлін заң жүзінде бекітіп берді. 
тұтастай  алғанда,  тәуелсіздіктің  жиырма  жылы  ішінде  біз 
қазақстандық қоғамның жемісті де өрісті үлгісін жасадық.
онда  Қазақстандағы  барлық  ұлыстар  мен  діндер  арасындағы 
достық, өзара түсіністік пен сенім өте жоғары бағаланады.
Біздің  этникалық  топтарымыздың  бәрі  -  мультикультурализм 
практикасындағыдай  мемлекеттің  өбектеуіндегі  азшылықтар  емес. 
сондай-ақ  бұл  кейбір  елдерде  байқалатындай  ассимиляцияның 
«қорыту  қазанына»  арналған  «материал»  да  емес.  кез  келген 
этникалық немесе діни қатыстылығы бар қазақстандық - өзінің туған 
елінің теңқұқықты азаматы. ол басқа этносқа немесе конфессияға 
қатыстылығына байланысты әлдебір жеңілдіктер алмайды. сонымен 
бірге құқық пен еркіндік алу, азаматтық қауымдастықтың бір бөлшегі 
ретінде танылу үшін оның ана тілінен, мәдениеті мен дәстүрлерінен 
бас тартуының да қажеті жоқ.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
161
тарихтың  жаңа  кезеңінде  ХХі  ғасырдың  қисыны  бізді  одан 
әріге:  азаматтық  ұйысудан  ұлттық  бірлікке  бастайды.  Бүгін  біз 
өзіміздің этносаралық және дінаралық келісімімізді 
қазақстандық 
төзімділіктің жемісті формасы ретінде айта аламыз. ол Қазақстан 
халқы  бірлігінің 
құрамдас  екі  бөлігінің  өзара  тығыз  өрілуімен 
сипатталады.
Біріншіден, ол - мемлекет құраушы этнокомпонент және мәдени-
өркениеттік өзек ретіндегі 
қазақ ұлтының бірлігі.
екіншіден,  туған  Қазақстан  жеріне  деген 
ортақ  патриоттық 
сүйіспеншілікпен  және  Қазақстанның  гүлденуі  үшін  белсенді 
еңбекпен  байланысқан  барлық  ұлыстар  мен  діни  қауымдас-
тықтардың бірлігі. 
дәстүрлі  түрде  Ассамблеяның  барлық  сессиялары  өтетін 
Астанадағы  Бейбітшілік  пен  келісім  сарайы  қазақстандықтардың 
бірлігінің нышанына айналды. Біз өзіміздің жасөркен елордамыз - 
Астананы  көпэтникалық  еуразиялық  мегаполис  ретінде  дамытып 
келеміз.  мұнда  мешіт  мұнаралары  мен  ғибадатхана  күмбездері 
қатар  жарасып,  көкке  бой  созады.  Қазақстандықтар  мен  біздің 
барлық шетелдік меймандарымыз Астана келбетінің алуандығына, 
оның бірегей толеранттылық рухына таңырқап, таңдай қағады.
Әрі бұл сипат 
Қазақстанның барлық қалаларына көшуде. менің 
өзім бүкіл ел көлемінде мемлекеттің көмек-қолдауымен бой көтерген 
ондаған  достық  үйлерін,  еңселі  кешендерді,  татулық  пен  келісім 
парктерін  және  саябақтарын,  мешіттер,  мен  ғибадатханаларды 
аштым. ол қазақстандықтар үшін қашан да нағыз мереке болды.
этносаралық  төзімділіктің  қазақстандық  үлгісіне  тән  негіз-
қалаушы ерекшеліктер қандай?
Біріншіден,  қазақстандық  үлгі  әуел  бастан-ақ  «төменнен» 
қаланатын.  ҚХА  елдің  барлық  өңірлерінде  жұмыс  істейтін  820-
дан  аса  этномәдени  бірлестіктерді,  сондай-ақ  Қазақстандағы 
негізгі діни бірлестіктердің жоғары басшыларын қамтиды.

162
G
 - GL
OBAL
Екіншіден, барлық этникалық топтардың жоғары азаматтық-
құқықтық  және  қоғамдық  мәртебесі  бар.  олардың  өкілдері 
ұлттық  азшылық  ретінде  емес,  біртұтас  Қазақстан  халқының 
барлық құқықтарына ие азаматтар деп қарастырылады.
Үшіншіден,  қазақстандық  этностардың  өкілеттілігі  мен 
мүдделерінің саяси іске асырылуы 
жоғары мемлекеттік деңгейде 
қамтамасыз етіледі.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  төрағасы  –  Қазақстан 
Республикасының  президенті.  оның  жоғары  органының  –  жыл 
сайынғы сессиясының  шешімдерін барлық мемлекеттік органдар 
орындайды.
Төртіншіден,  этникалық  топтардың  мүдделері  Ассамблеяның 
кепілдендірілген парламенттік өкілеттілігі арқылы қамтамасыз 
етіледі, соның нәтижесінде парламент мәжілісінің Ассамблеядан 
сайланған депутаттары оның мүдделерін елдің барлық этностары 
мүдделерінің жиынтығы ретінде білдіреді.
Бесіншіден, қазақстандық үлгіге «алуандық арқылы – бірлік» 
дейтін жұмылдырушы 
қағидат салынған. мемлекеттің этникалық 
тілдер мен мәдениеттерді қолдау жөніндегі саясаты мәдени алуан 
түрлілікті сақтау мен молайтуға ықпал жасайды.
Алтыншыдан,  Қазақстандағы  этносаралық  қатынастар  прин-
ципті түрде бейсаясиландырылған. 
мақсат-мүдделері  әлеуметтік,  нәсілдік,  ұлттық,  діни,  сос-
ловиелік  және  рулық  алауыздықты  өршітуге  бағытталған  саяси 
партияларды  құруға  тыйым  салынған.  нәсілдік,  этникалық  және 
діни  қатыстылығына  қарай  партиялар  құруға  жол  берілмейді.  ҚР 
конституциясында  (39-баптың  2-тармағы) 
«Ұлтаралық  татулықты 
бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады», 
– делінген.
Жетіншіден,  этносаралық  және  дінаралық  келісімді  дамыту  мен 
нығайта беру – 
мемлекеттің ұдайы қамқорлығындағы нәрсесі.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
163
Қазақстанда  газеттер  мен  журналдар  15  тілде  шығарылады, 
радиохабарлар 8, ал телехабарлар 7 тілде таратылады. сабақ толық 
өзбек,  тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде оқытылатын 90-ға тарта 
мектеп  жұмыс  істейді.  108  мектепте  Қазақстандағы  22  этностың 
тілдері  өз  алдына  дербес  пән  ретінде  оқытылады.  Балалар  ғана 
емес,  ересектер  де  30  этностың  тілдерін  оқып  үйрене  алатын  200-
дей мамандандырылған лингвистикалық орталықтар ашылған. елде 
қазақ  және  орыс  театрларынан  басқа  тағы  4  ұлттық  театр  –  өзбек, 
ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.
Қазақстан  этностарының  тілдерінде  жыл  сайын  жаңа  кітаптар 
жарық көріп жатады.
этносаралық  төзімділік  пен  қоғамдық  татулықтың  қазақстандық 
үлгісі БҰҰ мен еҚыҰ-ға ұсынылып, олардың оң бағасын алғанын атап 
айту керек.
Бүгінде  Қазақстанның  тәжірибесі 
халықаралық  ауқымда  өтімді 
болып отыр.
оны оқып үйрену үшін ҚХА хатшылығына дүниежүзінің 16 елінен 60-тан 
аса  шетелдік  сарапшылар,  ғалымдар,  дипломаттар  өтініш  жасады. 
этносаралық  төзімділік  пен  қоғамдық  татулықтың  қазақстандық 
үлгісін оқып үйрену Ресейде жүргізілуде, ол түркияның, Болгарияның, 
Чехияның, Қырғызстанның біліми алаңдарында өтімді. дүниежүзінің 
сан алуан елдерінен ғаламтор-пайдаланушылар легі ұдайы арта түсуде, 
олар  Қазақстан  туралы,  этносаралық  институттар  мен  этносаясат 
жайында ақпарат алу үшін Ұлттық академиялық кітапханаға, сондай-
ақ Ассамблеяның ресми сайтына өтініш жасайды. 
этносаралық және дінаралық татулық жөніндегі біздің үлгіміз – 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет