Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Бірінші – әмбебаптық. Бейбіт атомды игеру аясында жинақталған 
халықаралық-құқықтық  тәжірибені  қорытып,  кодификациялау  қажет. 
мақсат  –  нақты  және  өндірістік  ядролық  қауіпсіздіктің  заң  жүзіндегі 
міндетті стандарттарын қабылдау.
Атом  энергетикасын  дамыту  саласындағы  үдерістерді  басқарудың 
әлемдік тетіктерін практикалық тұрғыдан жетілдіру қажет.
Бүкіл  дүниежүзіндегі  ядролық  объектілер  қауіпсіздігінің  неғұрлым 
пәрменді  жүйесін  жасау  керек.  Атом  энергетикасы  объектілерінің 
бірыңғай, барынша қатаң әрі халықаралық тұрғыда мойындалған 
стандарттары мен қауіпсіздік өлшемдерін қалыптастыру айрықша 
маңызды.  оларды  қатаң  сақтамайынша  дүниедегі  бірде-бір  Аэс 
пайдалануға жіберілмеуі тиіс.
мАгАтэ  қамқоршылығымен,  тәуелсіз  сарапшыларды  қатыстыра 
отырып, 
АЭС  басқару  және  қорғау  жүйелерінің  міндетті  түрдегі 
ширықпа-сынақтарын ұдайы өткізіп тұру орынды болар еді.
Екінші – транспаренттілік пен ширақтық. Ядролық объектілердегі 
кез келген оқиға жайында толық және жедел хабардар етумен бірге 
төтенше  жағдайларға  тез  әрекеттесудің  нақпа-нақ  тетіктерін  жасау 
қажет.
дүниедегі  техногендік  ірі  апаттардың  себебі  табиғи  зілзалалар 
болатыны барған сайын жиілеп барады.
Жер бетіндегі 
табиғи және антропогендік үдерістерді бақылаудың 
Жаһандық жүйесін енгізу орынды болмақ.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
119
Бұл  үшін  жергілікті  ландшафты,  логистиканы,  демографиялық 
картаны ескере отырып, дүниенің әрбір өңіріне  арнап дағдарыстық 
әрекеттесудің желісін әзірлеу қажет.
Адамзат Фукусимадағы апаттан дұрыс қорытынды жасауға міндетті. 
керек  десеңіз,  апат  атаулы  өз  салдары  бойынша  лаңкестердің 
ықтималды әрекеттерімен байланысты болады.
ғаламат  радиоүрей  жағдайында  шынайы  әрі  нақты  ақпарат 
негізінде 
ядролық  энергетикаға  деген  жұртшылық  сенімін 
нығайту мейлінше маңызды. Ядролық энергетикада «шындықты, тек 
шындықты, бар шындықты айту» дейтін құқықтық ескі қағидатты 
басшылыққа алу керек.
Үшінші – теңдік пен сенім.
Барлық  мемлекеттерге  бейбіт  ядролық  технологияларға  қол 
жеткізудің  тең  құқығы,  сондай-ақ  кем  байытылған  уранның  Халы-
қаралық  банкіндегі  кепілдендірілген  қорларды  пайдаланудың 
мүмкіндігі берілуі тиіс.
Бұл ретте ядролық технологияларға іс жүзінде ие болып отырған 
елдер  ядролық  материалдар  мен  технологиялардың  заңсыз 
айналысқа  түсуіне  қарсы  әрекетті  қамтамасыз  етіп,  ядролық 
объектілердің  қорғалуы  мен  өздеріндегі  ядролық  материалдардың 
сақталуы  тәртіптемесіне  кепілдік  беруге  міндетті.  тек  осындай 
шаралар ғана ядролық лаңкестік пен қылмысты «қара базарлардың» 
пайда болу қатеріне жол бермеуге жағдай жасайды.
түптеп  келгенде,  ядролық  қауіпсіздік  саясаты  энергетиканы 
дамытушы  елдер  мен  әзірше  оған  қолдары  жетпеген  елдер 
арасындағы айырмашылықты жоюға жағдай туғызуы керек.
Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұстанымы 
бастамашыл, теңдесі жоқ адамгершіл және ашық.
Біз  G-GLOBAL принциптеріндегі әлем сипаты – 
ядролық өзін-өзі 
жою қаупінен бостан планета дегенді басшылыққа аламыз.
сол себепті де ядролық қауіпсіздік  – ХХі ғасырдағы дүние қалыбының 
экономикалық және саяси өлшемінің берік негіздерінің бірі.

120
G
 - GL
OBAL
сеулде өткен жаһандық саммитте мен ядролық қауіпсіздік жүйесін 
жоғарыда көрсетілген қағидаттар бойынша құрастыруды ұсындым.
Жаһандық  экономиканы  дамытудың  болжамдары  көз  жетер 
болашақта  бейбіт  атом  энергетиканың  маңызды  сараланымы 
болып қала беретінін айтады. сондықтан біз 
ядролық энергетика 
саласындағы  бағдарламаларға  халықаралық  бақылауды 
күшейту қажет деп санаймыз. Бұл ретте барлық елдердің ядролық 
энергетикалық зерттеулер жүргізу құқығы бірдей. сөйте тұра бейбіт 
ядролық бағдарламаны әскери бағдарламадан бөлетін шектен ешкім 
аспауы керек.
иран мен солтүстік кореяның ядролық бағдарламасы айналасында 
қалыптасқан  жағдайды  тек  қана  дипломатиялық  әдістермен  шешу 
керек.
осы заманғы дүниенің алабөтен күрделі екенін біз түсінеміз, бірақ 
елдер    ерте  ме,  кеш  пе,  –  міндетті  түрде  ядролық  қауіпсіздіктің 
кепілдігі бар дүниеге келеді деп есептейміз.
Біздің  бұл  сеніміміз  ұлттық  қауіпсіздік  жаһандық  қауіпсіздікпен 
тығыз байланысты екенін тәуелсіздіктің бастапқы кезінен-ақ түйсінге-
німізге  негізделген.  Ашық  саясатымыз  бен  бастамаларымыздың 
қайнар көзі де нақ осында.
мен барлық елдерге: қазақстандық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 
елдер ядролық қарудан бас тартудан орасан зор пайда алар еді 
дейтін үндеуімді арнағым келеді.
Біздің дүниеде ықпалы күшті, достары көп, гүлденіп келе жатқан 
тұрақты  елге  айналуымыз  осы  шешіміміздің  арқасы  екеніне  менің 
күмәнім жоқ. Біз үрей мен күдік-күмәннің емес, бейбіт қатынастармен 
гүлденудің пайдасына таңдау жасадық. Біздің бәріміз басқа елдердің 
де дұрыс таңдау жасауына көмектесетін осындай жағдай туғызуымыз 
керек.
G-GLOBAL  әлеміне 
ядролық  қауіпсіздік  пен  таратпаудың 
жаңарған  жаһандық  стратегиясы  қажет  екеніне  сенімдімін. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
121
дүниеге ядролық қауіпсіздік саласындағы толыққанды халықаралық 
құқықтық және институционалдық негіз керек.
Барлық  елдердің  ядролық  қаруды  таратпау  аясындағы 
міндеттемелерін орындауының да құқықтық негізін кеңейту қажет.
Қазақстан  әр 
екі  жыл  сайын  ядролық  қауіпсіздік  жөнінде 
жаһандық  саммит  өткізіп  тұруды  ұсынды  және  сондай 
саммиттердің бірін Астанада өткізуге әзір.
Қазір біздің еліміз ұсынған 
халықаралық «АТОМ» жобасының шең-
берінде жер бетіндегі кез келген адамның планета мемлекеттерінің 
үкіметтеріне  бағытталған  онлайн-петицияға  қол  қойып,  ядролық 
қаруға қарсы шығуына болады.
мен  адамзат  бірлескен  күш-жігері  арқылы  жаһандық  ядролық 
қауіпсіздіктің тұтас бір жүйесін жасай алатындай дәрежеге жетті деп 
есептеймін.
3. ЖАһАндыҚ ҚАуіпсіздік: өңіРлеР ЖӘне Әлем
көрнекті  британ  ғалымы  Х.  маккиндердің  сонау  ХХ  ғасырдың 
басында  жарияланған  «тарихтың  географиялық  өзегі»  дейтін 
еңбегі  осы  заманғы  көптеген  геосаяси  тұжырымдамалар  дамуының 
бастау  нүктесі  болды.  оның  жақтаушылары  мен  сынаушылары  күні 
бүгінге  дейін  бар.  маккиндер  енгізген  «хартленд»,  «Әлемдік  арал», 
«өңір-қақпа»,  «тастама  жерлер  белдеуі»  сияқты  көптеген  ұғымдар 
төңірегіндегі даулар әлі күнге басылар емес.
егжей-тегжейге бармай-ақ, әсіресе, біреулердің жағына шықпай-ақ 
қояйын. тек айтарым: «тарих өзегі» авторының идеялары 
Ескі дүниенің 
ең жаңа және болашақ уақытта атқаратын ауқымды рөлін тарихи-
философиялық тұрғыдан парықтаудың қуатты қозғауышы болды.
еуропа  мен  Азиядағы  саяси  үдерістердің  дүние  тағдыры  үшін 
айқындаушы  сипаты  болғанын  ХХ  ғасырдың  бүкіл  барысы  растап 
берді.  70-ші  жылдардың  басында,  «бәсеңдеу»  дейтін  үдеріс  жүріп, 

122
G
 - GL
OBAL
ауқымы  кең  жаңа  халықаралық  құрылым  –  еуропадағы  қауіпсіздік 
пен  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйым  құрылып  жатқанда  нақ  осы 
еуропада 
екі рет дүниежүзілік соғыс шыққаны жиі айтылатын.
сондықтан  еуропалық  континентте  қауіпсіздіктің  бекем  жүйесін 
құру  қоскіндікті  дәуірде  жержүзілік  қауіпсіздіктің  берік  негізі  деп 
саналуы дұрыс еді.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымда 
(еҚыҰ)  1995  жылы  рәсімделген  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықтың 
жалпыеуропалық жүйесі қазір де, шын мәнінде, көпкіндікті дүниенің 
қалыптасу барысында 
жаһандық қауіпсіздіктің негізі болып қалып 
отыр.
сонымен  қатар  екі  жүзжылдық  тоғысында 
жаһандық  дамудағы 
Азияның рөлі күрт артты. Бірқатар азиялық елдер серпінді экономикалық 
дамудың  үлгісін  көрсетіп,  сенімді  өрлеу  жолына  шықты.  «Азиялық 
жолбарыстардың»  тәжірибесі  тек  сол  Азия  мемлекеттерінің  өздеріне 
ғана дамудың тартымды үлгісі болып қалған жоқ. оның жеке элементтері 
планетаның өзге өңірлеріндегі елдерде де қолдануға әбден лайық.
дегенмен еуропамен салыстырғанда Азия ХХ ғасырдың соңына қарай 
мемлекетаралық  қауіпсіздік  құрылымдарының  көрінеу  жетімсіздігін 
сезінді. Бұрынғы дәуірлерден жекелеген елдер арасындағы сенімсіздік 
сүйреткісі  қалды,  соның  ішінде  үнемі 
«бөліп  тастап,  билей  бер» 
принципімен әрекет еткен отарлау кезеңінің қалдығы әсер етті.
Жаһандану  үдерісі 
Еуразияның  екі  бөлігін  барған  сайын 
жақындастыра берді. Бүгін ХХі ғасырда дүниенің тағдыры көбінесе 
ЕурАтлантика мен ЕурАзияның ұлан-байтақ өңірінде оқиғалардың 
қалай  дамығанына  байланысты  деп  күмәнсіз  айтуға  болады. 
маккиндердің  «тарих  өзегі»  нақ  осы  ұшы-қиыры  жоқ  геосаяси 
кеңістік арқылы өтетініне мен сенімдімін.
Күллі  Еуразияның  қауіпсіздік  формуласы  табылып,  іске 
асырылғанда  ғана  ХХі  ғасырдағы  әлем  сипатын  жасау  бекем 
болмақшы.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
123
менің  түсінігімдегі  G-GLOBAL  әлемі  – 
«Мұхиттан  Мұхитқа 
дейінгі»  неғұрлым  кең  координаталардағы  қауіпсіздік  пен 
ынтымақтастықтың  жаңа  деңгейі.  Әңгіме  Атлант  мұхитынан 
Тынық мұхитқа және Солтүстік Мұзды мұхиттан Үнді мұхитына 
дейінгі  төрт  мұхиттың  шегінде  біртұтас  қауіпсіздік  кеңістігін 
қалыптастыру туралы болып отыр.
Бұл  –  болашақтағы  жаһандық  дамудың  басты  мәселелерінің 
бірі.
Азияда өңірлік қауіпсіздік құрылымдарын қалыптастыру
1992  жылы,  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  мәжілісінде  тұңғыш 
сөйлеп  тұрып,  мен 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім 
шаралары  жөнінде  Кеңес  шақыру  туралы  ұсыныс  жасадым. 
сонда  мен  «болашақтың  талаптары  біздің  өзіміздің  бірлескен 
күш-жігерімізді  үйлестіру  мен  ұйымдастырудың  жаңа  сапасына 
көшуге»  мәжбүрлейтінін  атап  көрсеткен  болатынмын.  Әрі  бұл 
ретте жұмыс бірнеше деңгейде – 
«бүкіл қауымдастық, әркімнің 
өз континенті, өз өңірі және өз елі» деңгейінде жүргізілуі тиіс-ті.
еуропаның қауіпсіздігімен бірге, дүние үшін Азияның қауіпсіздігі 
де  өзекті  мәнге  ие.  сондықтан  да  мен  дүниенің  осы  бөлігіндегі 
қауіпсіздік проблематикасына жаңаша қарауды ұсындым.
ол  кезде  Азияда  еуропалық  үлгімен  қауіпсіздік  пен  ынты-
мақтастық  құрылымдарын  құру  идеясы  пікірталастардың  тақы-
рыбына  айналып  үлгергенімен,  әлі  кең  қолдау  таба  қоймаған 
болатын.  көптеген  күмәншілдер  Азияның  экономикалық,  саяси 
және мәдени әртектілігін алға тартумен болды, ал олар ұжымдық 
қауіпсіздіктің  жалпыазиялық  жүйесін  құруға  кедергі  болады  деп 
саналатын.
Біздің ойымызша, өзара ықпалдастықтың барлық түрлері бойынша 
бірыңғай азиялық құрылымға бірден ұмтылу сонша міндетті емес еді.

124
G
 - GL
OBAL
Әуелі ұстанымдардың жақындасуын белгілі бір саладан бастап, со-
дан соң ынтымақтастықтың басқа салаларынан да ортақ көзқарасты 
іздеу дұрыс болар еді. мен мұндай континенттік құрылымға қарай 
беталыс қадамдық, кезеңдік болуы керек деп есептедім.
сөйтіп,  бұдан 
жиырма жыл бұрын Қазақстан Аөсшк-ні құруға 
ұсыныс  жасап,  жаһанданушы  дүниеге  сол  идеясымен  аяқ  басқан 
болатын. Біз жаңа ғасырдың қарсаңында жаңа геосаяси жағдайда 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 
тек  таңдаулы  мемлекеттердің 
ғана  дәргейі  емес  екенін  басшылыққа  алдық.  Халқының  санына, 
экономикалық,  әскери  және  саяси  әлеуетіне  қарамастан,  барлық 
елдердің күш-жігері қажет дедік.
осы  идеяны  табандылықпен  жүзеге  асыру  үшін  бірнеше  жыл 
қажет болды. Әйтсе де 1999 жылғы қыркүйекте Алматыда Аөсшк 
елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. оған Азияның 
16  мемлекетінің  өкілдері  қатысып,  тұңғыш  рет 
АӨСШК-ге  мүше 
мемлекеттердің  арасындағы  қарым-қатынастарды  реттеуші 
қағидаттар  туралы  декларацияға  қол  қойды.  Бұл  Аөсшк 
іргетасына қаланған алғашқы кірпіш болды.
2002 жылғы 4 маусымда Алматыда 
АӨСШК-нің бірінші саммиті 
өтті.
Жаңа құрылымның «өзегі» құрылып, ол континенттің Қытай, Ресей, 
үндістан,  түркия,  пәкістан,  иран  және  басқа  да  жетекші  елдерін 
қамтыды.
осы құрамда лаңкестікті айыптаған және континент халықтарын 
мәдениеттер  мен  өркениеттердің  кең  сұхбатына  үндеген 
Алматы 
актісі мен АӨСШК Декларациясына қол қойылды. 
кеңесте сөйлеген сөзімде мен Алматы актісіне қол қойылуының өзі 
біздің күні ертең-ақ еҚыҰ секілді құрылымға ие бола қалатынымызды 
білдірмейтінін атап көрсеттім. Аөсшк-ге қатысушы елдердің алдында 
алшақ  ұстанымдарды  жақындастыру,  қажетті  келісім-шарт  негізін 
жасау жөнінде қыруар жұмыс тұр.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
125
ХХі  ғасырдың  алғашқы  онжылдығының  басында  халықаралық 
қиын-қыстау жағдайда өткен Аөсшк бірінші саммиті қазақстандық 
сыртқы  саясаттың  табысы  ғана  емес,  сонымен  бірге,  ең  бастысы 
–  азиялық  субконтиненттегі 
мемлекетаралық  қатынастарды 
дамытудың жаңа кезеңі болды.
2004 жылы Аөсшк 
Сенім шараларының тізімдемесі қабылданды. 
ынтымақтастық  пен  қауіпсіздік,  дау-дамайды  бейбіт  реттеу  мен 
қару-жараққа  бақылау  жүргізу  жөніндегі  келісімдерді  орындау 
мәселелерінің  кең  шеңбері  бойынша  Азия  елдерінің  көпқырлы 
ынтымақтастығын  көздейтін  ауқымды  құжат  тұңғыш  рет  пайда 
болды.
2006 жылы Алматыда 
АӨСШК екінші саммиті өтті.

126
G
 - GL
OBAL
Аөсшк-нің  ашық-жарқын  әрі  тең  құқықты  сұхбатқа  қолайлы 
алаңы өзінің көкейкестілігі мен өміршеңдігін тағы да паш етті. Әуелі 
Алматыда, содан соң Астанада Аөсшк Хатшылығының ашылуымен 
іс  жүзінде    қауіпсіздік  жөніндегі  жаңа  халықаралық  құрылымның 
институционалдану үдерісі басталды.
2007  жылғы  желтоқсанда 
АӨСШК  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының 
жанындағы бақылаушы мәртебесін алды.
АӨСШК  үшінші  саммиті  2010  жылғы  мамырда  ыстамбұлда 
өтті.  түрік  Республикасы  Қазақстаннан  осы  ұйымға  төрағалық  ету 
эстафетасын қабылдап алды. үшінші саммитке 27 мемлекеттің қатысуы 
назар  аударарлық.  Бұл  –  Азияның  бүкіл  аумағының  90  пайызы  әрі 
онда 
планета халқының жартысы тұрады және дүниежүзілік іЖө-
нің үштен бірін өндіреді. сонымен бірге континенттің географиялық 
шегінен  тысқарыдағы  екі  ел  –  украина  мен  Америка  Құрама 
штаттары, сондай-ақ 3 халықаралық ұйым – БҰҰ, еҚыҰ және Араб 
елдерінің лигасы Аөсшк-де бақылаушы болып табылады.
өткен жылдарда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары 
кеңесі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мәселелері жөніндегі 
жалпыөңірлік сұхбаттың беделді форумы мен маңызды тетігі ретінде 
бекіді.
енді  ұзақ  мерзімді  болашақта  Аөсшк  Азиядағы  қауіпсіздік 
жөніндегі ауқымды ұйымның базисі ретінде қарастырылатын болады 
деп топшылауға толық негіз бар.
Қазақстанның  бастамасы  халықаралық  қатынастардың  нақты 
факторына  айналып,  Азиядағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты 
қолдаудың  пәрменді  құралы  қызметін  атқаруда.  ол 
Азия 
континентінде бейбітшілік пен сенімді қалыптастыру идеясынан 
ұжымдық  дипломатияның  практикалық  тетіктеріне  дейінгі 
жолдан өтті.
Аөсшк қабылдаған құжаттар топтамасы бүкіл дүние замананың 
қыр  көрсетуі  мен  қауіп-қатеріне  лайықты  жауап  әзірлеу  үдерісіне 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
127
жұмылған жағдайда форумның уақытпен бірге адымдай алатынын 
сенімді түрде көрсетті.
Қағидаттар  декларациясы,  Алматы  Акті,  сенім  шараларының 
тізімдемесі,  рәсім  ережелері  және  соңында  иммунитеттер  мен 
артықшылықтар  туралы  конвенция  Аөсшк  қызметінің  барлық 
бағыттары  бойынша  практикалық  өзара  ықпалдастық  үшін  кең 
өрісті құқықтық шеңбер жасайды.
Аөсшк  қызметінің  арналы  бағыттарын  дамыту  жөнінде  елеулі 
ілгері  басушылыққа  қол  жетті.  көп  жылдық  келіссөздердің 
нәтижесінде  әскери-саяси  өлшем  мәселелерін  талқылау  туралы 
келісім жасалды.
Аөсшк  көзкөрім  жақын  арадағы  болашақта 
Азиядағы  ынты-
мақтастық  пен  қауіпсіздік  жөніндегі  құнды  ұйымға  айналуға 
мүмкіндік беретін сипаттарға ие болып келеді.
Аөсшк  үдерісін  дамытудың  болашағы  оған 
қатысушы  елдер 
сыртқы  істер  министрлерінің  2012  жылғы  12  қыркүйекте 
Астанада  өткен  мерейтойлық  конференциясының  басты 
назарында болды.
онда өзінің экономикалық әлеуеті жағынан болсын, дүниежүзілік 
саясатқа тигізетін ықпалының деңгейі тұрғысынан болсын Азиялық 
континент ХХі ғасырдағы жаһандық халықаралық қатынастардың 
басты  алаңына  айналып  келе  жатқаны  ерекше  атап  айтылды. 
Бүгіннің  өзінде-ақ  бұл  өңірдің  елдері 
бүкілдүниежүзілік  ІЖӨ-нің 
57%-дан астамын өндіреді.
сонымен қатар, өкінішке орай, Азияда аумақтық даулармен және 
қайшылықтармен  байланысты  шешімін  таппаған  мемлекетаралық 
проблемалар асқына түсуде. солай бола тұра континент ядролық 
қаруы  бар  және  әскери  әлеуетін  белсенді  түрде  үдетумен  келе 
жатқан  мемлекеттердің  барынша  шоғырланған  аймағы  болып 
отыр.  Астыртын  көші-қон  мен  заңсыз  есірткі  айналымының,  діни 
әпербақандық пен лаңкестіктің проблемалары сақталып қалуда.

128
G
 - GL
OBAL
сірә,  азиялық  елдер  арасындағы  сенімді  нығайтпайынша 
қауіпсіздіктің жаһандық міндеттерін шешуде елеулі түрде алға басу 
оңайға соқпайтын шығар.
осы тұрғыдан алғанда дүниенің халық ең көп қоныстанған өңірінде 
қауіпсіздік  пен  ынтымақтастықты  қолдаудың  институционалдық 
құралы  ретіндегі  Аөсшк  айрықша  мән  мен  өтімділікке  ие  болып 
келеді.
министрлер  конференциясының  барысында  мен  Аөсшк  іV 
саммитін  оған  қатысушы  елдер  толыққұнды  халықаралық  ұйым 
құру жөніндегі белгілі бір нәтижелермен қарсы алатын болар деген 
үмітімді білдірдім.
Қазақстан Аөсшк Хатшылығы басшысының мәртебесін Атқарушы 
директордан Бас Хатшы дәрежесіне көтеру, сондай-ақ қолданыстағы 
Рәсім ережелеріне тиісті өзгертулер енгізе отырып, Аөсшк тұрақты 
комитетін құру туралы мәселе қарау жайында ұсыныс жасады.
Аөсшк  үдерісінің  бастамашысы  ретінде  мен  Қытай  Халық 
Республикасының  2014-2016  жылдарда  Аөсшк-ге  төрағалық 
миссиясын қабылдауға ниет білдіргенін құптаймын.
Ұлы держава және біздің игі көршіміз ретіндегі Қытайдың Азиядағы 
сенім  мен  даму  құрылысының  күрделі  үдерісін  ілгері  бастыруда 
бірегей тарихи, саяси және мәдени тәжірибесі бар.
мен  ҚХР-дің  төрағалық  етуі  Аөсшк-ні  нығайту  мен  одан  әрі 
дамытуға елеулі серпін беріп, көпжақты үнқатысу, өзара мүдделерді 
ескеру  және  пәтуаға  талпыну  жолымен  Азиядағы  бөлінбес 
кооперативтік қауіпсіздік тұжырымдамасын алға бастыруға жағдай 
жасайтынына сенімдімін.
Аөсшк үдерісімен жарыспалы түрде Азиядағы басқа бір беделді 
халықаралық  ұйымды  – 
Шанхай  ынтымақтастық  ұйымын  құру 
үдерісі де жүріп жатқанын атап айту керек.
шыҰ  өзін  дүниежүзілік  қауымдастықта  нақты  тұжырымдалған 
мандаты бар және алдына қойылған міндеттерін ойдағыдай орындап 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
129
келе жатқан іскер әрі болашағы зор ұйым ретінде танытып үлгерді.
шанхай ұйымы күрделі геосаяси кеңістікте беделін арттыра түсіп 
келеді. шыҰ-ның БҰҰ Бас Ассамблеясының жанындағы бақылаушы 
мәртебесін  алуы,  тмд  мен  АсеАн  хатшылықтарымен  әріптестік 
байланыс орнатуы – оның беделі өскендігін мойындағандық.
шыҰ 
бір  жағы  Қазақстан,  Ресей,  Қырғызстан,  Тәжікстан 
және екінші жағы Қытай арасында шекара ауданындағы әскери 
саладағы  сенімді  нығайту  мен  шекара  ауданындағы  қарулы 
күштерді  өзара  қысқарту  туралы  1996  және  1997  жылдары 
бекітілген 
келісімдер  негізінде  қалыптасты.  мемлекеттердің  бұл 
құрамы әуелде 
«Шанхай бестігі» деп аталды.
«шанхай  бестігі»  қызметінің  бастапқы  кезеңдегі  негізгі  нәтижесі 
шекара шебіндегі ондаған және тіпті жүздеген жылдарға созылған 
шиеленісті  жоюы  еді.  Қытаймен  шекара  мәселесін  шешудің  бұл 
үдеріске  қатысушы  мемлекеттердің  барлығы  үшін  айрықша  зор 
маңызы  болды.  ол  мемлекетаралық  қатынастарды  ойдағыдай 
дамытуға,  өзара  сенім  мен  өзара  ықпалдастық  проблемаларының 
ортақ түсіністігін нығайтуға көмектесті.
1997  жылы  мәскеуде  қол  қойылған  халықаралық  құқық 
тарихындағы теңдесі жоқ құжат шекараның екі жағындағы шекара 
маңы  объектілерінің  әскери  инспекциялар  тетігін  іске  қосуға 
мүмкіндік  берді.  сөйтіп  шекара  бойындағы  осы 
жүз  километрлік 
қарусыздандыру аймағы бүгінде айырық желісі емес, достық пен 
өзара  сенімнің  желісі,  Азиядағы  әскери-стратегиялық  теңгерімді 
сақтаудың маңызды факторы болып отыр.
осынау  шын  мәніндегі  тарихи  келісімдерге  қол  қойылғаннан 
кейін ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы мәселе туды. 
ынтымақтастықтың осындай аса маңызды пішімінен айрылу қисынға 
келмейтін еді.
сондықтан  Қазақстан  «шанхай»  пішімінде  өзара  әрекеттестікті 
жалғастыра  беруге  бастама  көтерді.  «Бестіктің»  қатысушылары 

130

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет