Қазақстанның жалпыдүниежүзілік өркениет үдерісіне қосқан
нақты үлесі.
164
G
- GL
OBAL
Ізгілік дипломатиясы: Астанадағы жаһандық
дінаралық сұхбат
G-GLOBAL қағидаттарында құрылатын дүниенің алдағы өрісі
туралы ойлана келіп, мен ХХі ғасырда
мәдениеттер мен өркениет-
тердің жаһандық сұхбаты зор маңызға ие болады дейтін берік
сенімге тоқтадым.
Біз діннің
барған сайын мәнді қоғамдық-саяси факторға
айналып келе жатқанын көріп отырмыз.
дүниенің конфессиялық бет-бейнесі мынадай: жер шары халқының
үштен біріндейі (2,3 миллиард адам) христиандықтың әртүрлі
ағымдарын ұстанады, екінші орында –
ислам, оның құндылықтарына
1,5 миллиард адам ортақтасады, үшінші орында – индуизм (14
пайыз немесе 1 миллиардтай адам). дүниеде буддизм мен қытайдың
дәстүрлі діні даосизмнің жолын қуушылардың әрқайсысы жарты
миллионнан саналады.
сонымен бірге
1 миллиардтан аса адамның ешқандай
конфессиялық қатыстылығы
жоқ.
Мүлдем бірдінді елдер де бар. мәселен, олар – 97 пайызы өздерін
грек православиесінің жолын қуушыларға жатқызатын грекия,
Румыния (азаматтарының 98%-ы – православиелік христиандар),
польша (94% католиктер), ирландия (87% католиктер).
діни ілтипаттың өзгеру динамикасы өте жоғары. мәселен,
ХХ ғасырдың басында жолын қуушылар саны бойынша ислам
дүниедегі
төртінші дін болса, қазір ол екінші орында. мұсылмандар
санының жылдық орташа өсімі
21% шамасында. салыстыру үшін:
христиандардың саны
1,3%, агностиктер – 0,8% өсіп отыр.
сахарадан оңтүстікке қарайғы Африкада күрделі үдерістер жүріп
жатыр. мәселен, нигерияда дәстүрлі этникалық діни сенімдерді
ислам мен Христиандық алмастыруда. егер 1900 жылы бұл елді
28% мұсылмандар мен 1% христиандар мекендесе, бүгін қазіргі
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
165
Африканың
150 миллион адамнан аса тұрғыны бар осындай
демографиялық «алыбын» христиандар мен мұсылмандар іс жүзінде
тепе-тең жайлап отыр.
Жалпы алғанда
жер бетін мекендеуші адамдардың 84 пайызы
діни сенімге берілген.
сарапшылар дәстүрлі емес діндердің жолын қуушылар саны өсіп
келе жатқанын айтады, олар тіпті өздерінің қағидалық ықпалын өзге
діндерді жауластыру арқылы кеңейтуден таймайды.
Қазір тіпті, айталық, АҚш-тағы «христиан сионизмі» тектес
конфессиялық селбесулер де етек алып келеді.
Христианшылдықтағы бірқатар ағымдар өздерінің теологиялық
доктриналарында исламға қарсы элементтерді пайдаланады.
166
G
- GL
OBAL
керісінше, исламда да христианшылдықпен текетіреске бағытталған
топтар бар.
Әйтсе де дүниежүзілік діндердің барлығы дерлік халықтардың
текетіресін емес, өзара құрметін, құндылықтардың күресін емес,
адамдар арасындағы татулықты, өркениеттер қақтығысын емес,
мәдениеттердің бірін бірі байытуын уағыздайды.
Қазіргі дүние коммуникациялар дүниесіне айналды, ал мұның түбірлі
мәні –
сұхбат деген сөз.
Әскери күш бейбітшілікті қамтамасыз ете ала ма? дүниежүзілік
діндер бұл сұраққа әлдеқашан-ақ
жоқ деп жауап берді, өйткені
жамандық тек жамандықты туғыза алады. тек сұхбат қана үрейге
емес, ізгілік пен өзара түсіністіктің салтанатына негізделген нақты
бейбітшілікті қамтамасыз етпекші.
иә, дүниежүзілік діндерде айырмашылық бар. Бірақ оларды
байланыстырушы бөлушіден артық. демек,
сұхбат үшін салмақты негіз
бар деген сөз. ол бірігудің кеңістігін кеңейтіп, көбіне-көп ақиқатқа бір
өзім иемін дейтін сенімнен өрбіген
айырық желісін еңсеру үшін керек.
Қазақстанда дүниежүзілік діндер көшбасшыларының съездерін
жинағанда біз нақ осы міндетті –
сенімсіздік пен дұшпандық қисы-
нынан сұхбатқа және өзара түсіністікке жету талпынысына өтуді
алға қойдық.
дүниедегі бірде-бір дін соғысқа және күштеу әрекеттеріне
шақырмайды, бірақ бәрібір көптеген жанжалдардың діни астары
бар. Әдеттен тыс жағдай қалыптасты: мемлекеттердің белгілі бір
мәселелер бойынша пікір алмасып, әлдебір шешімдер қабылдауына
болатын БҰҰ бар.
Ал дін көшбасшыларында ондай мүмкіндік те жоқ. Бірақ миллиард-
таған адамдар оларға сенеді, олардың белгілі бір мәселелер жөніндегі
пікірлерін білгісі келеді!
2003 жылы Астанада әртүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші
съезін шақыру туралы ұсыныс жасап,
біз дұрыс әрі көрегендік істедік.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
167
Әуелгіде біз оларды халықаралық саясаттың жаңа бағытындағы
маңызды буын - «Ізгілік дипломатиясы» деп қарастырдық. Бүкіл
дүниедегі жақсылыққа бастар өзгерістерді жақтайтын, барлық
халықтардың рухани келісімін қамтамасыз ететін
біртұтас
жаһандық күштің пайда болуына қажетті алғышарттарды нақ сол
қалыптастыратынына мен сенімдімін.
конфессияаралық сұхбат ұйымдастырудың әрекеттері бұрын да
болған. Бірақ бір ерекшелігі – оларды тек діндердің өз өкілдері ғана
ұйымдастырған-ды.
Ал бұл сондай әрекеттердің бәрін технологиялық алауыздықтардың
адам өтпес биік тосқауылдарына соқтырып отырған.
дүниежүзілік діндер көшбасшыларының съезін шақыру туралы
менің идеям
басқаша көзқарасқа негізделген еді. конфессиялар
нақты мемлекеттерде өмір сүреді, олардың жолын ұстаушылар – кез
келген қоғамның бөліктері. сондықтан жемісті дінаралық сұхбат тек
қана діни иерархтардың кездесуі ғана болмау керек. оған белгілі
мемлекет және қоғам қайраткерлері – саясаткерлер, ғалымдар,
ұлттық мәдениет өкілдері қатысуы қажет. Ал ұйымдастырушысы оған
қатысушылардың бәрі қажетті сенім мандатын артқан зайырлы әрі
толерантты мемлекет болуы тиіс.
мен
Қазақстан осындай ел бола алады деген қорытындыға келдім,
өйткені біздің этносаралық және дінаралық қатынастар саласындағы
саясатымыз ұлттық деңгейде сенім мен беделге ие болған еді.
түптеп келгенде, Астанадағы дінаралық форумдарды өткізудің
«Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі»
дейтін формуласы тұжырымдалып, діндердің өкілдері тарапынан
қолдау тапты.
Бұл жаһандану мен халықтардың ұлттық-діни сара санасы
жаңғыруының дәуіріндегі неғұрлым өзекті пішімнің нақ өзі еді.
2003 жылғы 13 ақпанда Алматыда Бейбітшілік пен татулықтың
халықаралық конференциясы өтіп, оған дүниежүзілік аса ірі
168
G
- GL
OBAL
конфессиялардың – исламның, православиелік және католиктік
шіркеудің, иудейлік қауымдардың өкілдері жиналды. Форумның
барысында мен Қазақстанда конфессияаралық съездер өткізіп
тұруды ұсындым.
Бұл идея
Мәскеу Патриархы ІІ Алексий мен Рим папасы ІІ Иоанн
Павелдің, басқа да бірқатар дін көшбасшыларының ризашылығын
алды.
орыс православиелік және католиктік Рим шіркеулерінің
басшылары, менің шақыруым бойынша Қазақстанға діни сапармен
келіп кеткен болатын.
1995 жылы
Патриарх ІІ Алексийдің сапары болды. 2003
жылы мәскеуге барған сапарларымның бірінде онымен жаңа
ғана жарияланған съезд идеясын егжей-тегжейлі талқылаған
болатынбыз. Әлі есімде: ол кезде шапағатты патриарх сырқат
болатын, бірақ ол біздің кездесулерімізді кейінге ысырған жоқ. Біз
діндер сұхбатының бейбітшілікті дамытуда атқарар рөлі туралы
айттық. патриарх менің бастамаларымды
құдай сүйер іс деп
атады.
мәскеу патриархы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары
съезін дайындау комитетінің, ал содан соң съезд Хатшылығының
жұмысына барынша белсене қатысты.
орыс православиесінің қазіргі басшысы
Патриарх Кирилл де
принципті ұстанымды жалғастыруда. ол діни сапармен Қазақстанға
екі мәрте келді, іV съездің жұмысына өзі тікелей қатысты.
2001 жылғы қыркүйекте Қазақстан жоғары мәртебелі қонақты
– шапағатты
Рим Папасы ІІ Иоанн Павелді қабылдады. ол
елімізге біздің бұрынғы екіжақты кездесулеріміздегі менің арнайы
шақыруыммен келді.
іі иоанн павел Астанаға
22 қыркүйекте, яғни нью-йорктегі
жан түршігерлік лаңкестік оқиғалардан кейін санаулы күндерден
соң келген болатын. ол кезде халықаралық жағдай шиеленісті әрі
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
169
алмағайып болып тұрғанын айтудың да қажеті жоқ шығар. исламға
қарсылық көңіл күйі дүниеге таралып жатты. сондай жағдайда
тұрғын халқының көбі мұсылман елге барар сапардан бас тартпау
үшін ерлік қажет болған шығар.
орталық Азияға тұңғыш келген понтифик
христиандық пен
исламның арасында конфессияаралық сұхбаттың қажеттігін
паш етті, дүниені діни белгісі бойынша бөле-жарудың қауіптілігін
көрсетті.
Рим папасының Қазақстанға мемлекеттік сапары нақ осы мәнде
болды.
Қазақстан астанасының орталық алаңдарының бірінде мыңдаған
адамдар қатысқан ғибадат өтіп, бүкіл Қазақстаннан және орталық
Азияның басқа елдерінен, Ресейдің көрші өңірлерінен ондаған мың
католиктер жиналды. оған басқа шіркеулердің христиандары мен
мұсылмандары да қатысты, ал бұл Қазақстандағы діндердің өзара
қарым-қатынасының төзімділік сипатын айрықша танытты.
л. гумилев атындағы еуразия Ұлттық университетінде лекция
оқыған іі иоанн павел Қазақстан туралы мынадай сөздер айтты:
«Шынында, сіздердің елде әртүрлі халықтардың қоян-қолтық өмір
сүріп, тату-тәтті болуы барлық адамдардың дүниеде бірін бірі танып,
емен-жарқын араласып тұруының, әрқайсысына тән дәстүрлерді
біртіндеп ашып, бағалауының айқын белгісі ретінде жер-жаһанға
ұсынуға лайық. Қазақстан – кездесудің, алмасудың, жаңалықтың
жері; әркімді соны жаңалықтарға ынталандырып, айырмашылықты
қатер ретінде емес, баю ретінде қабылдауға құлшындыратын жер».
Әсіресе, іі иоанн павелдің: жаңа мыңжылдық бастауында
«дүниеге маңызы бөлек дәуірдің есігі ашылады, өйткені
адамдардың жанына ендігәрі бұлайша бөлініп өмір сүре беру
мүмкін емес дейтін сенім ұялайды», – деген сөздері көкейімде
жатталып қалды.
170
G
- GL
OBAL
ол Қазақстан мен оның азаматтарын неғұрлым біртұтас дүниеге
ықпалдасуға шақырды.
Әрі сол үндеуі
біздің құлағымызға жетті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру
идеясын көптеген белгілі саясаткерлер – кофи Аннан, үлкен джордж
Буш, маргарет тэтчер, Цзян Цземинь, нельсон мандела, Валери
Жискар д’эстен және басқалар қолдады. оны және көптеген
мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары оң бағалады.
Бірнеше ай бойғы әзірлік жұмыстарынан кейін 2003 жылғы
23 қыркүйекте Астанада
Әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшыларының Бірінші Съезі салтанатпен ашылды.
оған 17 делегация қатысты. конфессиялар арасындағы
татулықты нығайту мен сындарлы сұхбат жолында батыл қадам
жасалды. Қатысушылар дінаралық сұхбат қоғамдық даму мен
барлық халықтардың әл-ауқатын жақсартудың өзекті әдістерінің
бірі екенін атап айтты.
ең маңыздысы – Қазақстан барлық ірі діндердің өкілдерін
бір дөңгелек үстелдің басына «бетпе-бет» жинай алды. соның
нәтижесі осы заманғы дүниедегі діннің рөлі мен кез келген діндегі
негізгі моральдық құндылықтардың жалпыадамзаттық сипаты
туралы ашық пікір алысу болды.
діни негіздегі жанжалдардың себептерін анықтауға байланысты
проблемалар көтерілді.
дін иерархтары дінаралық үйлесімнің, бірін бірі өзара
құрметтеушіліктің, басқа халықтардың дәстүрлерінен сабақ ала
білудің қажеттігі туралы айтты.
Бірінші съезд конфессияаралық сұхбатты жүзеге асырып, бәтуалы
шешімдер қабылдау үшін
тұрақты жұмыс істейтін дінаралық
институт құруға бастайтын маңызды қадам болды.
Әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, белгілі саяси және
қоғам қайраткерлері бір үстелдің басында кездескенде өзім
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
171
сондайлық ерекше сезімдерге бөленгенім әлі есімде. сол форумға
қатысқандардың бәрі де дәл сондай айрықша сезімде болғанына
сенімдімін.
сөйлеген сөзімде мен мемлекет басшысы ретінде сол кезде
өзімді әсіресе, қатты толғандырып жүрген жайларды съездің
барлық қатысушыларына жеткізуге тырыстым. Бізге әлдебір түпкі
мақсаттарды қоюдың қажеті жоқ және олай етуге болмайды да дедім.
Бірыңғай діни кеңістік жасаудың қажеті жоқ. Бір айырмашылықтарды
түбегейлі жоюдың да қажеті жоқ, неге десеңіз, олар кейде ұлы
діндердің негіздерін қозғайтын болады.
дегенмен тұрақты сұхбаттың құндылығы – орын алып отырған
қайшылықтарға қарамастан, әлдебір «жуан ортаның» мәні мен оны
іздеу үдерісі сақталады.
Әрі ең бастысы – сұхбат
татулық пен келісім аумағын, үйлесім мен
айқындық уақытын жасайды. діни сұхбаттың даусыз құндылығын
мен нақ осыдан көремін.
діни көшбасшылар мұндай көзқарасты қолдады. съезд идеясы
өтімді болғаны, енді жалғасын таба беретіні айқын еді.
і съездегі талқылаулардың қорытындылары бойынша декларация
қабылданып, онда діни көшбасшылар адамзат үшін бейбітшілік пен
прогрессті, үйлесімді дүниенің негізі ретінде қоғамдағы тұрақтылықты
қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен әрекеттері туралы мәлімдеді.
Бұл ретте конфессияаралық сұхбат халықтар арасындағы
татулық
пен келісімді қолдаудың аса маңызды құралы деп аталды.
Бәріміз бірлесіп
кем дегенде 3 жылда бір рет дәйекті негізде
дінаралық форум өткізіп тұру жөнінде келістік. ортақ шешім
бойынша әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының іі съезін
ұйымдастыру Қазақстанның елордасы – Астана қаласына тапсырылды.
сондай-ақ съездің бастамашысы ретінде Қазақстанға съезд
Хатшылығын құруға байланысты барлық жайларды пысықтау
тапсырылды.
172
G
- GL
OBAL
ондай Хатшылық құрылды.
мен Хатшылықтың басшысы
Қазақстан Республикасы
Парламенті Сенатының Төрағасы
болуы қажет деп санадым. Бұл Қазақстан басшылығының дін
көшбасшылары форумына қаншалықты зор мән беретінін көрсетеді.
Хатшылықтың мүшелері съезге қатысқан әлемдік діндердің – ислам,
Христиандық, иудаизм, Буддизм, даосизм, синтоизм, индуизмнің,
халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.
съезге әзірлік жүріп жатқан шақта мен оның аяқталуы қалай
болатыны жөнінде сан мәрте ой кештім. ол қарабайыр болмауы тиіс.
оның терең рәміздік мәнде болғаны керек.
мен қорытынды рәсімді Астананың сол жақ жағалауындағы жаңа
орамының орталығында өткізуді ұсындым.
2003 жылы 24 қыркүйекте Бірінші съезге қатысушылар «Бәйтерек»
монументінің түбіне жиналды. Бірегей рәсімді – барлық конфессиялар
өкілдерінің Құдайға құлшылық ету ырымын нақ сол жерде өткізуге
шешім қабылданған-ды. Әрине, оның мүмкіндігіне және қажеттігіне
күмән келтірушілер де болғанын айта кету керек. дегенмен, түптеп
келгенде, бәрі ойдағыдай болды.
Қазақстан үшін «Бәйтерек» – маңызды рәміз.
көне аңыздың айтуынша, алып ағаш Бәйтеректің басына қасиетті
самұрық құс күн сипатты алтын жұмыртқа салатын болса керек.
оны түн-түнекті бейнелейтін Айдаһар жеп қойса да жұмыртқа
ағаш басына қайтадан пайда болатын көрінеді. Бұл – күн мен түннің,
жаз бен қыстың ауысып отыратынын, жақсылық пен жамандықтың
күресін бейнелейтін рәміздік белгі. Қасиетті ағаш туралы аңыз
татулық пен келісім жағдайында өмір сүруге талпынушы жаңарған
Қазақстанның мұраттарын мейлінше жақсы бейнелейді.
Қыркүйектің сол бір естен кетпес күнінде «Бәйтеректің» түбіне
аралары бірдей қашықтықта 17 киіз үй тігілді. Құстың самғау биігінен
бұл композиция айналасына сәулесін шашқан «күн» сияқтанып,
бірлесуге деген ортақ құлшыныстың нышанындай көрінер еді. осы
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
173
киіз үйлердің әрқайсысында конфессиялардың делегаттары бір
сағат бойы құлшылық рәсімін атқарды. Әлбетте, киіз үйлердің жиһаз-
жасаулары әр діннің құлшылық ету қажетіне сай болды. мұның өзі
еуразияның ортасында, әртүрлі тілдерде бір мезгілде атқарылған
теңдессіз рәсім болғанына еш күмән жоқ.
ғибадаттан соң мен барлық үйлерге бас сұғып, делегаттарға
сәлем бердім, әңгіме-дүкен құрдым. содан соң дін көшбасшыларын
«Бәйтерек» монументіндегі шолу алаңының жоғарғы тепсеңіне
шақырдым.
сол жерде бірегей құжатқа – ағаштан жасалып, қазақ және орыс
тілдерінде:
«Татулық пен келісімнің мекені – Қазақстанның бағы
жана берсін» дейтін сөздер жазылған өзгеше бір кенепке қол қою
рәсімі болды.
Бұл бата сөзіне барлық діндердің өкілдері қолдарын қойды.
енді бұл рәміз қазақстандықтар мен барша Азия қонақтарының
нағыз тәуету орнына айналды. күн сайын он мыңдаған туристер –
ұлты мен діни сенімі алуан түрлі адамдар біздің жерімізге берілген
осы Ұлы батаға алақандарын тигізу үшін «Бәйтеректің» басына
шығады.
съезді аяқтай тұрып, мен өзіміздің меймандарға олардың қойған
қолдары біздің еліміз бен астанамыздың тарихына мәңгі жазылып
қалатын рәміз екенін айттым. Әрі есте қаларлық осы күні оқылған
дұғалар Жаратушының дарғаһына жетсін дедім.
мен меймандарымыздың бәріне риясыздығы және жұмыр Жердің
үстіндегі барлық адамдардың шынайы бірлесуін тілегендері үшін
алғыс айттым. сонда оқылған ортақ дұға біздің бейбітшілік пен
жасампаздыққа деген ортақ ықыласымызды нығайта түсетін болады.
Жауап сөзінде шейх мұхаммад саид тантауи туысқандыққа,
ынтымақтастық пен төзімділікке шақыратын сөздер айтылған съезді
өткізгені үшін Қазақстанға алғыс айтты.
ол Алла жазса келесі сапарларына келгенде дін көшбасшылары
174
G
- GL
OBAL
Астананың жаңа ғимараттарының салынып біткенін көретініне
сенімін білдірді.
Қазақстан халқының атынан мен меймандардың бәріне игілік,
мықты денсаулық пен ақ жол тіледім.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының і съезі осындай
көтеріңкі жағдайда аяқталды. Біздің бәріміз бүгін де ойдағыдай
жалғастырып келе жатқан салқар жол осылай басталған болатын.
дін көшбасшыларының съезін тұрақты етуге деген ықылас мені
астанада
Бейбітшілік пен келісім сарайын тұрғызу идеясына
әкеп тіреді. Бұл арманымды мен дүниедегі діндер көшбасшылары і
съезінің делегаттарына айттым.
Қазақстанның тапсырысымен сарайдың жобасын бүкіл әлемге
белгілі ағылшын сәулетшісі норман Фостер жасады. Біз біржақты
діни бейімделісі жоқ классикалық және сондай-ақ бірегей
пирамида формасын негізге алдық. сөйте тұра адамзатқа ықылым
замандардан таныс бұл киелі форма адамның осы заманғы рухани
ізденістерінің бәріне ашық және бәріне бірдей жақын.
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайы Қазақстан жеріндегі
достастықтың, бірлік пен татулықтың рәмізіне айналды.
пирамида –
діни төзімділік пен үйлесім идеясының көрнекі
бейнесі. «дүниедегінің бәрі уақыттан қорқады, тек уақыт
пирамидалардан қорқады» – депті бұрынғылар, сөйтіпті де өздерінің
ұлы ғимараттарын тұрғыза беріпті. Әрине, біз өз пирамидамызды
жұрт сескенсін деп тұрғызған жоқпыз.
Барша жұрт оған таңдана берсін! өйткені ол дінаралық татулық
пен сұхбат идеясын мәңгі сақтайды. сындарлы дінаралық сұхбатқа
ұмтыла отырып, осы үрдісті бастауға ынталана отырып, біз
конфуцийдің «Қараңғылықты қарғап-сілегенше кішкентай ғана
шырақты жаққан дұрыс» дейтін даналығын есте ұстадық.
Біз ештеңеден қаймыққан жоқпыз, сарыарқаның сайын даласында
өз шырағымызды – діндер мен мәдениеттердің жаһандық сұхбатының
шырағын жақтық!
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
175
2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астанадағы Бейбітшілік пен келісім
сарайында
әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ
Съезі өтті.
Бұл съездің бірінші съезд шешімдеріне негізделіп тұжырымдалған
тақырыптамасы да әзір еді. іі съездің тақырыбы
«Дін, қоғам және
халықаралық қауіпсіздік» деп аталды.
Форумның жұмысы
«Дін ұстану еркіндігі және басқа діндерді
ұстанушыларға
құрмет»
және
«Дін
көшбасшыларының
халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» дейтін екі бағытта
жүргізілді.
іі съезде сөйлеген сөзімде мен дүниежүзілік қауымдастықтың есіне
мейлінше, осы заманғы нәрселерге негіз болған ұлы діни принципті -
ойды, сөзді және іс-әрекетті зорламау принципін сала кеткенді жөн
көрдім.
тек діни доктрина деңгейінде, бұқаралық ақпарат құралдары дең-
гейінде және саяси іс-әрекет деңгейінде зорлық-зомбылықтан бас
тарту ғана қазіргі дүниеде тірі қалудың нақты тиянағы болуы мүмкін.
мұның сыртында, мен қарым-қатынастың
түсіністік қағидаттары
деп атауға болатын және дінаралық сұхбатты бастауға негіз бола
алатын принциптерін атап көрсеттім.
Достарыңызбен бөлісу: |