Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

G
 - GL
OBAL
жағымды  ынтымақтастықты  жалғастыра  беру  туралы  бастаманы 
қолдады да ол жаңа өңірлік ұйым құруға себепші болды. Бұл күрделі 
шекара  проблемаларын  шешу  барысында  қалыптасқан  кінәратсыз 
қатынастардың қисынды жалғасы еді.
шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларацияға алты 
мемлекет басшыларының 2001 жылғы маусымда шанхайда болған 
кездесуінде  қол  қойылды.  өзбекстан  да  ұйым  құрамына  сонда 
қабылданды.
Бір жылдан соң, 2002 жылғы маусымда санкт-петербургта болған 
саммитте 
жарғылық  құжат  –  ШЫҰ  Хартиясы  қабылданып,  онда 
Ұйым  қызметінің  мақсаттары,  қағидаттары,  құрылымы  мен  негізгі 
бағыттары белгіленді.
шыҰ  өзінің  алдына  халықаралық  лаңкестікке  қарсы  тұру  мен 
сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту 
жөніндегі қосбірлікті міндет қойған беделді құрылымға айналды.
Бұл шыҰ-ның бүлдіргіш күштерді (лаңкестік, экстремизм сияқты 
«үш кесапат» пайымдамасы) тежеу үшін ғана емес, біздің елдеріміздің 
халықтарын  одан  әрі  даму  мақсатымен  жақындастыру  үшін  де 
құрылғанын білдіреді.
Жаңа  ғасырдың  басында  халықаралық  лаңкестік  пен  экстре-
мизмнің өршуін ескере отырып, шыҰ біздің елдерімізді лаңкестік 
қауіптен қорғайтын қалқан болуы тиіс. оның шеңберінде қатысушы 
мемлекеттердің құқық қорғау күштерін тарта отырып, ұдайы түрде 
лаңкестікке  қарсы  бірлескен  жаттығулар  өткізіліп  тұрады
шыҰ-ның күш-жігері табиғи түрде халықаралық кең ауқымға кірігіп, 
лаңкестікке қарсы әрекеттердің ажырағысыз бөлігіне айналуда.
шыҰ  бірлескен  жұмысының  алғашқы  онжылдық  қорытындысы 
2011 жылы Астанадағы саммитте шығарылды.
сол  форумда  шыҰ-ның  төрағасы  ретінде  сөйлеген  сөзімде  мен 
шыҰ халықаралық қатынастардың бірегей институтына айналғанын 
атап көрсеттім. ол әртүрлі мәдениеттері мен өркениеттері, неғұрлым 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
131
өрелі дүниежүзілік экономикалары бар мемлекеттердің басын қосты.
он жыл ішінде шыҰ-ға қатысушы елдер арасындағы экономикалық 
өзара ықпалдастық күрт өсті.
Ұйым  ішіндегі  тауар  айналымы  7  есе  артты.  трансеуразиялық 
коммуникациялардың – автомобиль және темір жолдарының, құбыр 
жүргізу желілерінің жобалары іске асырылуда.
экономикалық  ынтымақтастық  пен  интеграцияны  кеңейту 
мақсатында  стратегиялық  негіз  қалыптастырылды.  іскерлік  кеңес 
пен  Банкаралық  бірлестік  құрылды,  шыҰ  экономикалық  Форумы 
ұдайы  өткізіліп  тұрады. 
2020  жылға  дейінгі  көпжақты  сауда-
экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
шыҰ  өңірлік  және  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайтуға  баға 
жеткісіз  үлес  қосумен  келеді. 
Лаңкестікпен,  сепаратизммен 

132
G
 - GL
OBAL
және  экстремизммен  күрес  туралы  Шанхай  конвенциясы 
қабылданған.
ШЫҰ-ның  лаңкестікке  қарсы  өңірлік  құрылымы  қауіпсіздікті 
қамтамасыз етудің жаһандық құралдары арасында лайықты орын 
алып  үлгерді.  лҚөҚ-тың  қатысуымен 
500-ден  аса  лаңкестік 
әрекеттердің беті қайтарылды.
2010-2011  жылдары  Қазақстанның  шыҰ-ға  төрағалық  етуі 
кезеңінде 
«Қауіпсіздік пен ынтымақтастық жолындағы он жыл» 
ұранымен 110-нан аса бірлескен шара өткізілді. 
шыҰ-ның  сұхбат  бойынша  мүшелері,  бақылаушылары  мен 
серіктестері болуға ниет білдірген елдер саны өсіп келеді.
Атап айтқанда, «Бейбіт миссия – 2010» деп аталған лаңкестікке 
қарсы бірлескен кең ауқымды жаттығулар өтті. шыҰ-ның 
Есірткіге 
қарсы Стратегиясы қол қоюға әзірленді.
шыҰ  елдері  Ауғанстандағы  реттеу  үдерісіне  елеулі  қолдау 
көрсетті. Біздің елдеріміз 2010 жылы ушыққан ішкі саяси дағдарысқа 
тап болған Қырғызстан халқына жедел түрде жәрдем көрсетті. Бұл 
көмектің жалпы көлемі 50 миллион доллардан асты.
төрағалық эстафетасын Қытай Халық Республикасына табыстай 
тұрып, біз Бейжіңнің 2012 жылды 
Тату көршілік пен достық жылы  
деп жариялау жөніндегі бастамасын қолдадық.
2012  жылғы  6  маусымда  Бейжіңде  өткен  ШЫҰ  саммитінің 
өңірлік және континенттік қауіпсіздік үшін елеулі мәні бар.
сол  мәртебелі  кездесуде  Қазақстан  нақты  ұсыныстарды  іске 
асыруға  жұмылуды  ұсынды.  Атап  айтқанда,  олар  – 
ШЫҰ-ға 
қатысушы  елдердің  аумақтық  және  өңірлік  жанжалдарын 
реттеу  жөніндегі  Мәжіліс  құру,  интернет-агрессиялардан 
қорғану функциясын атқаратын арнаулы орган мен 
ШЫҰ болжау 
орталығын қалыптастыру.
Қазақстан – шыҰ шеңберіндегі экономикалық және гуманитарлық 
ынтымақтастықты нығайтудың дәйекті жақтаушысы. Біз қаржылық 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
133
қамтамасыз ету тетіктерін – 
ШЫҰ Арнаулы шоты мен ШЫҰ Даму 
банкін қалыптастыру жөніндегі жұмысты қолдаймыз.
орталық  Азиядағы  су  ресурстарының  шектеулігі  жағдайында 
шыҰ шеңберінде 
су және азық-түлік проблематикасы жөніндегі 
құрылымдар жасау келелі міндет болып отыр. Бұл барлық мүше-
мемлекеттердің мүдделерін ескеруге және дау-дамайлы жағдайдың 
тууына жол бермеуге мүмкіндік жасайды.
Алдағы уақытта қауіпсіздікке септесуші халықаралық күштердің 
Ауғанстаннан  әкетілетінін  және  2014  жылы  елдегі  қауіпсіздікті 
сақтау  жолындағы  толық  жауапкершілік  жергілікті  үкіметке 
берілетінін ескеріп, шыҰ-ның қауіпсіздік және лаңкестікке қарсы 
өңірлік  құрылым  кеңестерінің  салалары  бойынша  Ауғанстандағы 
жағдай жөнінде ұдайы бақылау мен ақпарат алмасуды жолға қою 
маңызды.
шыҰ-ның Бейжің саммитінде сөйлеген сөзімде мен Ауғанстанның 
шыҰ  жанындағы  бақылаушы  мәртебесін  алуға  деген  өтінімін 
қанағаттандыру бұл елмен экономикалық және гуманитарлық ынты-
мақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретінін айттым. Біз сондай-ақ 
сұхбат бойынша түркияға да мәртебе берілуін қолдадық.
сөйтіп,  шыҰ  11  жыл  өмір  сүргенде  оның  құрамы  әжептәуір 
кеңейді. Қазір Ұйым 
6 тұрақты мүшені, 4 бақылаушы мемлекетті 
(монғолия,  үндістан,  пәкістан,  иран)  және 
сұхбат  бойынша  2 
серіктесті (Беларусь пен түркия) қамтиды. шыҰ-ға мүше барлық 
мемлекеттердің жалпы аумағы еуразия жерінің бестен үш бөлігіне 
тең, онда 1,5 миллиардтан аса адам өмір сүреді.
өткен жылдар ішінде шыҰ 
жаңа тұрпатты халықаралық өңірлік 
ұйымға  айналды.  Бұл  –  өзара  сенім  мен  бірлікке  негізделген 
тұңғыш мемлекетаралық қауіпсіздік құрылымы. ХХі ғасырда шыҰ 
дамуының орасан зор әлеуеті осында.
шыҰ дамуы – нақты прагматикалық жобалар ғана емес, сонымен 
бірге  қалыптасып  жатқан  көпкіндіктілік  жағдайында  мемле-

134
G
 - GL
OBAL
кетаралық қатынастарды реттеудің аса қажетті тұжырымдамалық, 
құқықтық формуласының атқарылымы.
шыҰ-ның  бірегейлігі  –  елдер  мен  халықтар  арасындағы  сенімді 
нығайту  міндеттерін  іске  асыруға  саяси-дипломатиялық,  қоғамдық 
көзқарастарды ұжым болып пайдалана білетіндігінде. 
АӨСШК мен 
ШЫҰ – сындарлы көпкіндіктілік қағидаты негізінде әрекет ететін 
мемлекетаралық  құрылымдардың  үлгісі  десем,  еш  қателесе 
қоймаспын деймін.
сондықтан  еуразия  мен  бүкіл  дүниежүзінің  халықтары  осы 
макроөңірлік ұйымдардан зор үміт күтетіні заңды.
ЕҚЫҰ-ның еуразиялық және жаһандық өлшемі
2010 жылғы 1-2 желтоқсанда  Қазақстанның жас елордасы Аста-
нада 
Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі 
ұйымның ХХІ ғасырдағы тұңғыш саммиті болып өтті. оны өткізудің 
өзі  көп  жайды  аңғартады.  саммиттен  бұрынғы  және  одан  кейінгі 
мақалаларым  мен  сөйлеген  сөздерімде  мен  бұл  оқиғаның  тарихи 
мәнін егжей-тегжейлі атап көрсеткен болатынмын.
Астана  саммитінің  бірегейлігін  оның 
тұңғыш  рет  Еуразияның 
кіндігінде, еуропаның географиялық шекараларынан мың километр 
жырақта өткендігінің өзі-ақ білдіреді.
Бұл жай нені көрсетеді? ең алдымен, ол 
еуропалық қауіпсіздіктің 
өзгерген тұрпатын бейнелейді.
ХХі ғасырдың басында еуропаның тұрақтылығына ең қауіпті қыр 
көрсетулер  мен  қоқан-лоққылар 
осы  континенттің  шегінен  тыс 
жерлерден  болды.  есірткі  тасымалының,  астыртын  көші-қонның, 
адаммен  сауда  жасаудың  негізгі  көздері,  сондай-ақ  халықаралық 
лаңкестік  пен  әпербақандықтың,  жаппай  қырып-жоятын  қаруды 
таратудың қаупі де еуропадан тысқарыда.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
135
Бүгінде  еуропаның  энергетикалық  және  экономикалық  қауіп-
сіздігінің көптеген қырлары дүниенің басқа бөліктеріндегі жағдаятқа 
байланысты. 
Қауіпсіздіктің жалпыеуропалық жүйесін жасау үдерісі ХХ ғасырдың 
70-ші жылдарында басталды.
ол  кезде  дүние  қарама-қарсы  екі  одаққа  бөлінген  болатын. 
«Қырғиқабақ  соғыс»  пен  жанталаса  қарулану  еуропаны  «темір 
шымылдықпен»  және  бір-біріне  қарсы  бағытталған  зымырандар 
тізбегімен айырып тастаған еді. нАто мен Варшава шарты Ұйымының 
қуатты әскери топтары кез келген сәтте шабуылға шығуға сақадай 
сай тұрды. 
осындай  жағдайда  Финляндия  мен  бірқатар  бейтарап  елдердің 
бастамашылығы бойынша әскери және саяси текетіресті бәсеңдету 
жөнінде  келіссөздер  басталды.  1975  жылғы  тамыздың  басында 
Хельсинкиде  33  еуропалық  елдің,  канада  мен  АҚш-тың  мемлекет 
және үкімет басшылары еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық 
жөніндегі мәжілістің 
Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойды.
өткен ғасырдың 80-90-шы жылдарының соңына қарай ксРо-ның 
ыдырауы  мен  дүние  сипатын  жайластырудағы  екіодақтық  жүйенің 
күйреуі кезеңінде жалпыеуропалық қауіпсіздік тетіктерінің өтімділігі 
артты. 1990 жылы парижде 
жаңа Еуропаға арналған Хартияға қол 
қойылды.
онда  «қырғиқабақ  соғыстың»  аяқталғаны  мәлімделіп,  айыру 
шектері болмаған жағдайдағы қауіпсіздік қағидаттары бекітілді.
дүниежүзілік саясаттағы осындай орасан алға басудан соң еуропа 
мен  Азияда  жиырмадан  аса  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттер  құрылды, 
сол қатарда Қазақстан мен басқа да кеңестіктен соңғы елдер болды.
париж Хартиясы еуропалық қауіпсіздік саясатының жаңа кезеңін 
ашып берді. ол халықаралық қатынастардағы сапалық өзгерістерге, 
оларда  серіктестік,  ынтымақтастық  және  өзара  көмек  рухының 
бекуіне жеткізді. сенім, демократия, адам құқығы мен бостандығы, 

136
G
 - GL
OBAL
тұрақтылық  пен  қауіпсіздік  –  міне,  хартияға  қол  қойған  барлық 
мемлекеттер мойындаған ортақ құндылықтар осылар.
Қазақстан  Республикасы 
1992  жылы  жалпыеуропалық  қауіп-
сіздік жүйесінің қатысушысы болып, Хельсинки Қорытынды актісі 
мен  париж  хартиясының  міндеттемелерін  қабылдады.  сол  жылы 
Қазақстан  делегациясы  тұңғыш  рет  Финляндияның  астанасында 
өткен 
ЕҚЫҰ үшінші саммитінің жұмысына қатысты.
1994  жылы 
Будапеште  өткен  ОҚЫМ  саммитінің  шеңберінде 
жетекші  ядролық  державалар  –  Ресей,  АҚш  және  Ұлыбритания 
тарапынан  Қазақстанға  берілген  қауіпсіздік  кепілдіктері  туралы 
меморандумға қол қойылды. кейінірек бұл құжатқа Франция мен 
Қытай басшылары да қол қойды.
сол саммитте сондай-ақ құрамында еуропаның, Азияның және 
солтүстік Американың 56 мемлекеті бар 
Еуропадағы қауіпсіздік 
пен  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйымды  құру  туралы  шешім 
қабылданды.
1996 жылы 
Португалияның астанасы Лиссабонда өткен ЕҚЫҰ 
саммиті «ХХі ғасырдағы еуропа үшін жалпыға бірдей және жаппай 
қамтитын қауіпсіздіктің үлгісі туралы» декларацияны қабылдады.
1999 жылғы қарашада еҚыҰ мемлекет және үкімет басшылары 
түркияның аса үлкен қаласы – 
Ыстамбұлда бас қосып, Еуропалық 
қауіпсіздік  Хартиясына,  ол  кезге  дейін  жаттығып  үлгерген 
Еуропадағы қарулы күштер туралы Шартқа және жаңартылған 
Сенім шаралары жөніндегі Вена құжатына қол қойды.
ХХі ғасырдың басына қарай еҚыҰ жалпыеуропалық қауіпсіздікті 
нығайту жөніндегі мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданатын 
кең өрісті халықаралық алаңға айналды. оның жұмысына солтүстік 
жарты  шардың 
Ванкуверден  Владивостокқа  дейінгі  ұлан-ғайыр 
кеңістігіне орналасқан 
56 мемлекет қатысты.
Қазақстанның  еҚыҰ-ны  басқару  құқығын  пайдаланып  қалуға 
деген ынтасын біздің өкілдеріміз тұңғыш рет 2003 жылы білдірді. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
137
Қазақстандық бұл өтініш осы Ұйым қызметінің дағдылы қалыбына 
көрінеу сай келе қоймайтын еді.
тарихта  тұңғыш  рет  еҚыҰ-ға  жетекшілік  етуге  халқының  басым 
бөлігі мұсылман, аумағының көбі Азияда орналасқан түрік дүниесінің 
елі ниет етті. оның үстіне, Қазақстанға дейін бұл мәртебелі орынға 
бірде-бір тмд мемлекеті талаптанып көрмеген болатын. Ротациялық 
әліпбилік тізімде Қазақстаннан бұрын тұрған Армения, Әзірбайжан, 
Беларусь, грузия өз құқықтарын пайдаланбаған еді. 
2006 жылғы қыркүйекте АҚш-қа барған сапарымда президент 
кіші 
Джордж Бушпен келіссөз барысындағы бір жағдай есіме түседі. 
мәселе  АҚш  мемлекеттік  департаментінің  біздің  делегациямызға 
жоғары  мәртебелі  кездесу  кезінде  еҚыҰ  тақырыбын  қозғалмауды 
ескертуінде болатын.
Алайда  мен  дж.  Буштың  алдына  бұл  мәселені  бәрібір  қойдым. 
Америка  президенті  бұл  идеяны  тікелей  мансұқтаған  жоқ,  бірақ 
жауабын  сұрақ  қоюмен  берді:  «енді,  өзіңіз  ойлап  көріңізші,  сол 
төрағалықтың сізге керегі қанша? төрағалық етуші елге қойылатын 
талап  қисапсыз.  сіз  прожекторлардың  самаладай  жарығында 
қаласыз.  іс-әрекетіңіздің  бәрі  жұрттың  назарында  болып,  сынға 
алынады. сол сізге қажет пе?» – деді.
Бірақ  мен  АҚш  президентінің  пікірін  өзгерте  алдым.  тура  сол 
арада,  Ақ  үйдің  сопақша  кабинетінде  дж.Буш  мемлекеттік  хатшы 
к.  Райсқа  Қазақстанның  еҚыҰ  төрағалығына  кандидатурасын 
қолдауды тапсырды.
Басқа  мемлекеттер  де  Қазақстанның  кандидатурасын  бірден 
қолдай кетпегенін айту керек. Бірнеше жыл бойы әртүрлі елдердегі 
әріптестеріммен  кездесе  жүріп,  мен  оларды  дәйектілікпен  және 
табанды түрде сендіріп, қолдау көрсетуге иландырумен болдым.
Ақыр  соңында,  2007  жылғы  қарашада 
ЕҚЫҰ  сыртқы  істер 
министрлерінің Мадрид кездесуінде Қазақстан 2010 жылы еҚыҰ 
төрағасының қызметін алатыны туралы шешім қабылданды.

138
G
 - GL
OBAL
Өзі  төрағалық  еткен  кезде  Қазақстан  ЕҚЫҰ  саммитін  өткізу 
жөнінде бастама көтергенде жағдай көп жағынан тағы қайталанды. 
тіпті соңғы сәтке дейін әртүрлі уәждердің салмағынан таразы басы 
қалтылдап тұрды.  саммиттің кейбір қарсыластары жаңа жағдайда 
еҚыҰ тарихтың жаһандық мұражайынан құрметті орын алса да жетіп 
жатыр десті. Бірақ мен мұндай пікірмен ешқашан келіскен емеспін. 
дау-дамай ең соңғы сәтке дейін толастамай келді де 2010 жылғы 
тамызда  саммитті  Астанада  шақыру  туралы  түбегейлі  шешім 
қабылданды. 
Біз  жоғары  деңгейдегі  кездесу 
ЕҚЫҰ-ның  осы  заманғы  қыр 
көрсетулер  мен  қоқан-лоққыларға  икемделуіне  қуатты  серпін 
береді,  Ұйымның  өзінің  беделін  арттырады,  оның  еуропалық 
және  еуразиялық  қауіпсіздік  құрылымындағы  рөлін  күшейтеді  деп 
пайымдадық.
еҚыҰ  жаһандық  саясат  пен  экономиканың  жаңды  арқауына 
етене кіріккен, белсенді түрде дамып келе жатқан құрылым екенін 
көрсететін мүмкіндікке ие болды.
Қазақстан  еҚыҰ-дағы  төрағалығын 
әлдебір  бедел-бейнелік 
ұлттық жоба ретінде ғана емес, сонымен бірге Ұйымға жаңа тыныс, 
жаңа серпін берудің мүмкіндігі ретінде қарастырды.
өйткені континенттегі әскери-саяси теңдестікте маңызды өзгерістер 
болды,  «созылмалы  жанжалдар»  шешіліп  біткен  жоқ,  еуропа-
дағы  дағдылы  қарулы  күштер  төңірегінде  күрделі  жағдай  пайда 
болды. дүние діни төзбеушіліктің, этносаралық жанжалшылдықтың 
көріністерімен бетпе-бет келіп жатты.
Жаңа  ұлтаралық  қауіп-қатерлер    халықаралық  лаңкестікпен 
және  экстремизммен,  наркотрафикпен,  заңсыз  көші-қонмен 
және  т.б.  күрестегі  көпжақты  ынтымақтастықтың  мәнділігі  бір 
саты арта түсті.
осылар  және  көптеген  басқа  да  мәселелер  еҚыҰ-ға  қатысушы 
елдердің елеулі алаңдаушылығын туғызды.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
139
кейбір  сарапшылар  Қазақстанның  еҚыҰ-ға  төрағалығы  мен 
Астана саммитінің өткізілуін өзіндік бір 
«дағдылы геосаяси қалыпқа 
қыр көрсету» есебінде бағалады.
мұнымен келісуге болады, бірақ бір ескеретін нәрсе: бұл еуропалық 
және  азиялық  дүние  арасында  жорта  немесе  үйреншікті  түрде 
ажыратқыш  тосқауыл  сақталған,  континенттік  қауіпсіздіктің  мән-
мағынасы  жайында  екі  көзқарас  тамыр  жайып  алған  қалыптарға  
сындарлы қыр көрсету еді.
ХХі ғасырдың басында 
ЕҚЫҰ таза еуропалық ұйымнан әлдеқашан-
ақ жауапкершілік аймағы бойынша да, нақты жұмыс саласы жөнінен 
де 
континентаралық сипатқа ие болған ұйымға айналған-ды.
сондықтан  мен  еуропалық  қана  емес,  сонымен  қоса  еуразиялық 
қауіпсіздіктің бар екенін, онсыз жаңа жағдайда пәрменді континенттік 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тіпті де мүмкін еместігін атап көрсетуді 
қажет деп таптым.
Жаһандық дүниеде еуропаға арнап бір саясат, Азияға арнап тағы бір 
саясат ойлап табудың мүмкін емес екенін мойындау аса маңызды.
Ұзақ  мерзімді  тұрғыда  бұл  кеңістіктегі  тұрақтылықты  неғұрлым 
кең  өрісті  континентаралық  қауіпсіздік  негізінде  ғана  нығайтуға 
болатынына мен сенімдімін.
еҚыҰ-ның  Астанадағы  саммитін  ашарда  сөйлеген  сөзімде  мен 
еуразиялық қауіпсіздік – метафора емес, геосаяси қатаң шындық 
деген болатынмын.
сондықтан еҚыҰ-ның алдағы онжылдықтардағы басты міндеті орын 
алып отырған қайшылықтарды жоспарлы түрде жою, сенімді нығайту 
және  еуразиядағы  қауіпсіздіктің  мемлекетаралық  құрылымдарын 
дәйектілікпен интеграциялау болуы керек.
«шығыс-Батыс» желісі бойынша бұл – бір жағынан, еуропалық одақ 
пен  нАто,  екінші  жағынан,  еурАзэҚ  пен  ҰҚшҰ  арасындағы  өзара 
ықпалдастықты реттеу. «солтүстік-оңтүстік» желісі бойынша еҚыҰ-ның, 
ең алдымен, Аөсшк-мен тығыз өзара қарым-қатынасын орнату керек.

140
G
 - GL
OBAL
еҚыҰ-ның осындай «жаһандық геометриясының» көкейкестілігін 
ескерудің  тағы  бір  маңызды  болатыны  –  оның  мегакеңістігінде 
планетаның экономикалық өркендеуінің өрісті таралу аймағының 
көбі – Солтүстік Америка, Еуропалық Одақ, Қытай, Ресей, Үндістан, 
Парсы шығанағы, Оңтүстік-шығыс Азия орналасқан.
мен бәрін қамтитын 
Еуразиялық қауіпсіздік туралы шартты бекіту 
жайындағы  мәселені  пысықтауды  қолға  алуды  ұсындым,  қаржы-
экономикалық,  энергетикалық  және  экологиялық  қауіпсіздік,  қару-
сыздану,  шекарааралық  қылмыс,  конфессияаралық  төзімділік,  бол-
жау сияқты салаларда 
ЕҚЫҰ себеттері мен институттарының санын 
кеңейту жөнінде бірсыпыра нақты ұсыныстарды да тұжырымдадым.
менің табанды ұстанымымның, саммитке қатысқан мемлекеттердің 
көпшілігінің  басшылары  тарапынан  болған  принципті  қолдаудың 
арқасында 
ЕҚЫҰ Астана декларациясына «еуразиялық қауіпсіздік» 
ұғымы енгізілді.
2010  жылы  еҚыҰ  басшылығында  болғанда  Қазақстан,  шын 
мәнінде, 
ЕҚЫҰ-ны  қайта  жандандыру  жоспарын  ұсынып,  барлық 
әріптестеріміздің кең қолдауымен оны іске асырды.
Қазақстан  төрағалығының  өзекті  міндеті  қауіпсіздіктің  іргелі 
мәселелері бойынша 
пәтуа өрісін кеңейту мен нығайту болды.
Біз еҚыҰ-ға қатысушылардың бәрінің осы заманғы қоқан-лоққылар 
мен  қыр  көрсетулерді  түсінуінің 
ортақ  көзқарасын  қалыптастыру 
үдерісін одан әрі жүргіздік.
Бұл  әсіресе,  соларға  сай  әрекет  етудің  бәтуалы  шараларын 
іздестіру,  жалпылай  алғанда,  Ұйым  ішіндегі  сенімді  нығайту  үшін 
маңызды болды.
Қазақстан  
БҰҰ, Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу Шар-
тының ұйымы, НАТО, Еуроодақ, Еуропа Кеңесі, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, 
ИКҰ және басқа да беделді жаһандық және өңірлік құрылымдар 
өкілдерінің  консультацияларын  өткізумен  еларалық  сұхбатты 
кеңейтіп, 
бұл үдеріске соны леп берді.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
141
Біз ұйымның 
барлық үш себеті бойынша жүйелі жұмыс істедік. 
Қару-жараққа  бақылау  жүргізу  тәртіптемесін  және  сенім 
шараларын жандандыру мен нығайту жөніндегі ұжымдық күш-жігер 
жаңа  серпін  алды. 
Еуропадағы  дағдылы  қарулы  күштер  туралы 
бейімделген  шарттың  (едҚкБш)  күшіне  кіруі  проблемалары 
бойынша нақты келіссөздер басталды.
еҚыҰ  пішімі  шеңберінде 
«қатырылған»  жанжалдарды  реттеу 
жөніндегі келіссөз үдерісіне көкейкестілік сипат берілді. еҚыҰ-ның 
Әрекеттегі  төрағасы ретінде Қазақстан жанжалдардың алдын алу мен 
оларды болдырмау, дағдарыс жайларын басқару және жанжалдан 
соңғы қалыпқа келу саласындағы еҚыҰ әлеуетін нығайтты.
Минск  тобының  Таулы  Қарабахтағы  жанжалды  реттеу 
жөніндегі жұмысы жандандырылды.
БҰҰ-мен,  Ресеймен,  АҚш-пен  және  басқа  елдермен  тығыз 
ықпалдаса отырып, біз 
2010 жылдың көктемінде Қырғызстандағы 
саяси дағдарысты шешуге белсене қатыстық.
Біз  еҚыҰ  бойынша  әріптестерімізді 
Ауғанстандағы  жағдайды 
бейбіт  реттеу,  оны  экономикалық  жағынан  қайта  жандандыру 
үдерісіне  кеңірек  қатысуға  шақырдық.  Қазақстан  бұл  елге  жан-
жақты көмек көрсетті.
Бір мыңға тарта жас ауғандықтардың біздің елде неғұрлым өтімді 
бейбіт  мамандықтарға  оқуына  қаржы  бөлінді.  Азық-түлік  жеткізу 
жүзеге асырылды, Ауғанстанда бірқатар экономикалық объектілер 
салу жөнінде келісім-шарттар жасалды.
Қазақстанның    төрағалығы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет