Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

миллиардтың ширегінен 
астам адам зардап шегеді. табиғи дүлей құрбандарының 40 пайызы 
ең кедей елдердің үлесіне тиеді.
солай  екен  деп,  адамзатты  артқа,  бастапқы  табиғи  жағдайларға 
сүйреп,  табиғаттың  игіліктерін  пайдаланудан  бас  тартуға  үндеудің 
жөні  жоқ.  Барша  адамзат  ілгері    басуы  керек.  Алайда  сұрақ  ашық 
күйінде қалады: ол қандай жол болмақ, өзінің ілгері дамуы үшін дүние 
қандай құн төлемекші?

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
187
Жаһандық энергоэкологиялық стратегия
ііі  мыңжылдықтың  басында  біздің  дүние  экономикалық,  энер-
гетикалық,  азық-түліктік,  экологиялық  және  басқа  да  жаһандық 
дағдарыстарға  бейім.  олар  бейне  бір  адамдарды  өркениеттің, 
экономика  мен  қоғамның  проблемаларын  жаңаша  түйсінуге 
мәжбүрлейтін сияқты.
өркениеттің  даму  серпінін  айқындайтын  стратегияларды  жүзеге 
асыру  үшін 
қажеттіліктер  мен  мүмкіндіктер,  дамудың  негізгі 
құрамдастары  –  экономика,  энергетика,  экология 
арасындағы 
теңдестік қажет.
сірә, «экономика – энергетика – экология» үштағаны мен олардың 
теңдестірілген  бақылауы  басты  назарда  болуы  керек.  Бірақ  әзірге 
дүниеде ол жоқ. 
Жаһандық  жағдаятқа  қарасаңыз,  қазір  электр  энергиясына 
дүниедегі 
әрбір бесінші адамның қолы жетпейді.
Барша  адамзат  үшін  ең  көкейкесті  проблемалардың  ішінде 
энергетикалық-экологиялық  дағдарыс  алға  шығып,  теңдес-
тірілген энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қоршаған 
ортаны қорғау мүмкіндігіне күмән туғызып отыр.
G-GLOBAL  әлемінің  болашағы  табиғи  ресурстар  мен  қуат 
көздерінің  сарқылуы,  климаттың  өзгеріп,  экологияның  күйреуі 
жағдайында өркениеттің ойдағыдай дамуы үшін 
технологиялардың 
жаңа  формаларына  көшуге  негізделген  жаңаша  дүниетанымдық 
парадигманың қабылдануымен тікелей байланысты.
осыған орай Қазақстан жаңа экологиялық стратегияға бет бұруға 
ынта білдірді.
2007  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  62-ші  сессиясында  мен 
йоханнесбургтегі  тұрақты  даму  жөніндегі  саммитте  (2002)  білдірілген 
қазақстандық бастаманы еске салып өттім.
оның мәні БҰҰ шеңберінде 
Әлемдік экологиялық проблемалар 

188
G
 - GL
OBAL
тізбесін жасау дегенге саятын. Бұл экологиялық апаттармен күрес 
тетіктерін жасауға септігін тигізер еді.
Атап  айтқанда,  Арал  теңізінің  тартылуы  проблемасы  бойынша 
дүниежүзілік қауымдастықтың жұмылған күш-жігері талап етіледі.
су  айдынының  төрттен  үшінің  жоғалуы  бұл  теңіздің  айналасын 
мекендеген  миллиондаған  адамдарға  қасірет  болды,  теңіздің 
жалаңаштанған  түбінен  ұшқан  тұз  бүкіл  еуразияға  жайылып, 
экологияға  нұқсан  келтіруде.  мәселенің  соншалықты  ушыққанын 
ескеріп,  мен 
Аралды  құтқарудың  Халықаралық  қорына  БҰҰ 
институты мәртебесін беруге шақырған болатынмын.
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  сол  сессиясында  мен  жаһандық 
энергетикалық 
дағдарыстың 
дендеуіне, 
қолайсыз 
климат 
өзгерістерінің  қаупі  белең  алып  келе  жатқанына  назар  аудардым 
және  БҰҰ  шеңберінде 
Жаһандық  энергетикалық-экологиялық 
стратегия  әзірлеп,  оны  БҰҰ-ның  2012  жылы  өтетін  тұрақты  даму 
жөніндегі  «Рио-20»  Бүкілдүниежүзілік  саммитінде  талқылауды 
ұсындым.
Бүгінде  бүкіл  дүние  әлемдік  энергетикалық  қауіпсіздіктің  жаңа 
талаптарымен бетпе-бет келіп отыр. тұрғын халқы бір миллиардтай 
болатын  дамыған  елдер  қуат  ресурстарын  дүниенің  бүкіл  қалған 
бөлігінен екі еседей көп тұтынады.
Бұдан  әрі  шикізат  ресурстары  үшін  күрес  тек  күшейе  түседі 
деп  топшылауға  негіз  бар,  ал  ол  дүниедегі  жағдайдың  қайтадан 
шиеленісуіне соқтыруы мүмкін.
Халықаралық  энергетикалық  агенттік  іс  жүзінде  тек  қуат 
ресурстарын  импортқа шығарушы елдердің мұнай мен газ көлемін 
қайта бөлуге қатысты мүдделерін ғана қорғайды.
Баламалы энергетика саласындағы зерттеулерді үйлестіру дейтін 
жоқ.
сондықтан 
Әлемдік энергетикалық ұйым құрудың қажеттігі пісіп-
жетілді  деп  ойлаймын.  ол  дүниедегі  қуат  ресурстарының  барлық 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
189
түрін өндіру мен бөлуді, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді үйлестіріп 
отыруы керек.
Бұл ұйым бақылау жүргізіп, энергетиканың қауіпсіздігі саласындағы 
барлық мәселелерді реттейтін болуы тиіс, ал ол дүниедегі кез келген 
қуатты, соның ішінде ядролық қуатты да басы артық проблемасыз 
және  дүрлігусіз-ақ  қолдануға  мүмкіндік  берген  болар  еді.  Қуатты 
теңгермелі  түрде  пайдаланудың  бірлескен  ыңғайын  тапқанда  ғана 
дүниежүзілік  қауымдастық  жаһандық  экологиялық  қауіпсіздіктің 
негізін жасай алады.
соңғы  жылдары  адамзат  энергиялық-экологиялық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  мәселелерімен  байланысты  көптеген  проблема-
лармен бетпе-бет келуде.
ол – мексика шығанағында 2010 жылы болған техногендік апат та, 
солтүстік Африка мен таяу шығыстың мұнай өндіруші елдеріндегі 
әлеуметтік-экономикалық сүргін де, «Фукусима» Аэс-індегі төтенше 
жағдайға ұласқан 2011 жылғы Жапониядағы табиғи апат та.
Атап  айтқанда,  Жапониядағы  жағдай  энергетиканы  дамыту 
аясында 
жаһандық  алмағайыптарды  басқарудың  жержүзілік 
тетіктерінің тапшылығын айқын көрсетіп берді.
Бүгінде  энергетикаға  ауқымды  инвестициялар  салудың  өмірлік 
маңызы бар. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, 
2030  жылға  дейін  қажетті  қуат  ресурстарын  өндіріп,  тасымалдау 
үшін 
17 триллион АҚШ долларын жұмсауға тура келеді.
Бұл  ретте 
қайталанбасыз  қуат  ресурстарының  жануы, 
атмосфераның және жалпы қоршаған ортаның ластануы, құнарлы 
жерлердің азаюы мен олардың сортаңдануы, шөлге айналуы, тұщы 
судың тапшылығы, ормандардың оталуы, биоәртектіліктің қысқаруы 
сияқты  үдерістер  қайтымсыз  қарқын  ала  түседі.  Жаһандық 
энергетикалық-экологиялық  дағдарыстың  осындай  мысалдары-
мен белгілі бір дәрежеде дүниежүзінің барлық елдері бетпе-бет ке-
луде.

190
G
 - GL
OBAL
оның  үстіне,  бұл  дағдарыс  біздің  дүниеміздің  тек  экономикалық 
емес,  әлеуметтік  дамуының  да  елеулі  тежегіші  болып  отыр.  мұнда 
да  мейлінше,  жаңаша  көзқарас  қажет.  Әсіресе,  бүгін  дүние  жүзінің 
көшбасшы  елдерінде  энергиялық-экономикалық  проблемаларды 
шешудің  дүниедегі көпшілік елдерді қанағаттандырарлықтай ортақ 
пайымы болмай отырғанын ескергенде мұның маңызы ерекше.
швеция, норвегия секілді елдер өздерінің энергетикасын түгелге 
жуық  қайталанбалы  ресурстарға  аударса,  киото  хаттамасына  қол 
қоймаған  АҚш  пен  Қытай  қайталанбасыз  органикалық  отынды 
пайдалануға баса көңіл бөліп отыр. Қорытындысында атмосфераға 
зиянды  қалдықтардың  шығуы  әлемдік  ауқымда  арта  түсіп,  ал 
дамыған, дамып келе жатқан және өзге елдер арасында энергияны 
үлестік пайдаланудағы айырмашылық жыл сайын өсіп келеді. 
индустриялық революцияның басталуынан күні бүгінге дейін Жер 
атмосферасындағы көмірқышқыл газдың жиналуы 40% шамасында 
ұлғайды,  ал  қоршаған  ортаның  қалдықтарды  сіңіру  қабілеті  кеми 
түсті.
Жаһандану  адамзатты  қайталанбалы  энергетикаға  көшуге  қар-
қынды түрде итермелеуде.
сондықтан дүниеге бүгін де және болашақта да барлық елдерге 
тиімді  болатын  планетаның  қауіпсіз  энергиялық-экономикалық 
қалпын қалыптастырудың стратегиясы мен тетіктері қажет. 
Қазір қайталанбалы энергияның әлемдік қуат балансындағы үлесі 
небәрі 13,5% ғана. сөйте тұра мұнайдың, газдың және уранның қоры 
шексіз емес, олар сарқылып келеді.
Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың пікірінше, энергиялық-
экологиялық  проблеманың  негізгі  технологиялық  шешімі  қайта-
ланбалы және баламалы энергетиканы инновациялық дамыту болуы 
тиіс.
Әлемдік ауқымдағы қуат көздерін пайдаланудың 2100 жылға дейін 
есептелген  болжамы  көрсетіп  отырғандай,  2030-2040  жылдардан 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
191
бастап мұнайды, көмірді және газды пайдалану үлесі кеми бастайды 
да, одан кейінгі 50 жыл ішінде оларды тұтыну көлемі іс жүзінде екі 
есеге азаяды. 
Бұл  ретте  әсіресе, 
Күн  энергиясы  дамуының  болашағы  зор. 
2100 жылға қарай ол және басқа да қайталанбалы қуат ресурстары 
адамзатты  энергетикалық  қамтамасыз  етудің  шешуші  факторына 
айналуы мүмкін.
Қазақстан  қайталанбалы  энергетикаға  сұраныстың  жаһандық 
үдерісінен шеткері қалмайды.
Біздің  жеріміз  аса  бай  желэнергетикалық  ресурстарымен  әйгілі. 
кейбір  бағалаулар  бойынша,  олардың  әлеуеті  қазіргі  қуат  тұтыну 
деңгейімен  толық  сәйкесетін  болса  керек.  Желдің  орташа  екпіні 
секундына 8-10 метрге жететін кемінде 10 аудан бар. күн сәулесі түсуінің 
жылдық ұзақтығы 2200-3000 сағатқа барабар, ал Қазақстандағы күн 
энергетикасының әлеуеті жылына 2,5 млрд. кВт-сағатпен өлшенеді.
мұның үстіне, біздің елімізде кремний өнеркәсібін өркендетудің зор 
мүмкіндіктері бар. кварцтың қоры 65 млн. тоннаға, ал кварциттер – 
267 млн. тоннаға тең.
Жаһандық  өлшемдегі  энергиялық-экологиялық  тепе-теңдікке 
жетудің  аса  маңызды  қырын  (технологиялық  қырымен  бірге)  саяси 
стратегияларды ұсыну құрайды.
осыған  байланысты  Қазақстан 
бұл  проблеманы  өркениеттер 
серіктестігі негізінде дүниежүзінің барлық елдерінің экономика-
ларын инновациялық дамыту арқылы шешудің кешенді нұсқасын 
ұсынды. 
ол  киото  хаттамасы  мен  копенгаген  келісімінің  шеңберінен 
тысқары бірегей шешімдерді іздестіруді көздейді және сонымен бірге 
дүниежүзінің барлық елдерін дамудың энергетикалық толықтығымен 
қамтамасыз етуі тиіс.
сөйтіп, бүгінде осы үдерістің күрделілігін ұғыну және сонымен бірге 
мемлекеттер  мен  өркениеттер  серіктестіктің  жаңа  формаларын 

192
G
 - GL
OBAL
табуы  қажеттігін  түйсіну  дүниежүзілік  саясатта  барған  сайын 
салмақты ұстанымға ие болып келеді. Бірақ дүниедегі энергиялық-
экологиялық жағдайды, ХХі ғасырда болатын өзгерістерінің дәлме-
дәл  есебімен  қоса,  терең  талдау,  жаһандық  стратегиясын  жүзеге 
асырудың жолдарын тұжырымдау қажет.
саясаткерлер ғалымдардан еуразия мен бүкіл дүние елдерін өрісті 
энергиялық-экологиялық дамытудың нақты рет-тәртібін алулары керек. 
Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияның проблемалары 
жалпыәлемдік  және  перспективалық  үдерістердің  ауқымында 
G-GLOBAL идеясының құрамдас бөлігі ретінде түсіндірілуі тиіс.
Әрине,  экономикалық  мүдделердің  нақты  кірігуі,  әр  елде  және 
тұтас дүниеде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жайлы 
экономикалық жағдай  жасауға деген құлшыныстың уәждемесі іске 
асуы үшін қыруар күш-жігер жұмсау қажет болады.
маңыздысы – осы жолды бастау.
Жуық арада дүниежүзілік қауымдастықтың, БҰҰ-ның, 
біріншіден, 
бір мезгілде дәстүрлі ресурстарды пайдалануды оңтайландыра 
отырып, қайталанбалы қуат көздерін дамыту үдерісін үйлестіруі 
қажет.
Екіншіден,  планетаның,  өңірлердің  және  жекелеген  елдердің 
энергиялық-экологиялық  қауіпсіздігіне  бағдарланған 
бірыңғайлы 
халықаралық  заңнамалық  негізді  қалыптастыру    міндеті  өктем 
түрде алға қойылып отыр. дүниежүізілік қауымдастық халықаралық 
экологиялық заңдардың топтамасына зәру.
Үшіншіден,  жаһандық  жағдаят  қайталанбалы  энергетиканың 
дамуын  қамтамасыз  етіп,  барлық  елдерде,  соның  ішінде  дамушы 
елдерде  де  оның  дамуына  кедергі  болатын  тосқауылдарды 
алып  тастауға  септесе  алатын 
Бүкілдүниежүзілік  энергиялық-
экономикалық банк құруды өктем талап етеді.
Біз  2010  жылғы  желтоқсанда  мексикада  (канкун)  қабылданған 
Жасыл  климат  қорын  құру  туралы  шешім  Бүкілдүниежүзілік 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
193
энергиялық-экологиялық  банк  құру  бағытында  жалғасын  табуы 
керек деп есептейміз.
Төртіншіден,  БҰҰ-ның  тұрақты  даму  жөніндегі  конференциясы 
бүкіләлемдік  экономиканың,  энергетиканың  және  экологияның 
теңгермелі,  тұрақты  дамуы  негізінде  Жаһандық  энергиялық-
экологиялық  стратегияны  жүзеге  асырудың  құралы  ретіндегі 
Дамыған  және  дамушы  елдердегі  қайталанбалы  энергетиканы 
дамыту туралы Декларацияны қабылдауы керек.
2012 жылғы маусымда Рио-де-Жанейрода 
БҰҰ-ның тұрақты даму 
жөніндегі «Рио+20» мерейтой Конференциясы өтті.
ол  стокгольмдегі  адам  үшін  қоршаған  орта  жөніндегі 
конференциядан (1972) қырық жыл және 1992 жылы Рио-де-Жанейрода 
өткен «Жер планетасы» атты тарихи саммиттен жиырма жыл кейін, 
қол жеткен прогрессті, орын алып отырған кедергілерді және тұрақты 
даму,  әлеуметтік  әділдік  және  экологиялық  дағдарыс  қатерлерін 
төмендету қағидаттарына негізделген дүниені қалыптастыруға қажетті 
алдағы іс-әрекеттерді талқылау үшін жиналды.
Бұл  конференцияда 
қазақстандық  бастамалар  қолдау  тапты. 
«Біз  қалайтын  болашақ»  дейтін  қорытынды  құжаттың  «энергетика» 
тармағы шын мәнісінде, Қазақстан ұсынған 
Жаһандық энергиялық-
экологиялық стратегияның мақсаттары мен міндеттерін қысқаша 
баяндау болып шықты.
Атап  айтқанда,  қорытынды  құжатта  қуат  көздеріне,  қалдықтарды 
қысқартуды  қамтамасыз  ететін  қайталанба  көздерді  неғұрлым 
кеңінен пайдалануға, энергияны пайдаланудың тиімділігін арттыруға, 
қазынды  отынды  пайдаланудың  экологиялық  тұрғыдан  неғұрлым 
қауіпсіз  технологияларын  қосқандағы  озат  қуат  технологияларын 
барынша кең қолдануға негізделген стратегияларды қолдау туралы 
атап көрсетілген. 
конференция  дүниежүзілік  қауымдастықты  экологиялық  жағы-
нан неғұрлым таза технологияларды жасау үшін мемлекеттік және 

194
G
 - GL
OBAL
жеке қаржы салымдарын жүзеге асыруға және дамушы мемлекеттерді 
де қоса отырып, барлық елдерде тиісті зерттеулер жүргізуге шақырды.
конференцияға қатысушылар энергияның  тиімділігін арттырудың, 
қайталанба қуат көздерінің үлесін молайтудың, экологиялық жағынан 
неғұрлым таза және қуат пәрменділігі күшті технологиялардың тұрақты 
даму,  соның  ішінде  климаттың  өзгеруімен  күресу  үшін  маңызы  зор 
екеніне келісті және мойындады.
дүниеге  Жаһандық  энергиялық-экологиялық  стратегиясын  ұсына 
отырып, Қазақстанның мәлімдегісі келгені де нақ осы болатын.
Жаһандық  энергиялық-экологиялық  стратегияның  идеялары 
Рио+20  қолдаған 
БҰҰ  Бас  хатшысы  Пан  Ги  Мунның  «Баршаға 
ортақ  тұрақты  энергетика»  бастамасында  неғұрлым  толық  тұ-
жырым тапты. оның шеңберінде қуат ресурстарына қол жетімділікті 
қамтамасыз етуге, сондай-ақ қайталанба қуат көздерінің энергиялық 
пәрменділігіне назар аударылған.
осы арада мен екі жайды атап өтсем деймін.
Бірінші.  менің  ойымша  (ал  Жаһандық  энергиялық-экологиялық 
стратегияда  нақ  осындай  көзқарас  өткізілген), 
экологиялық 
дағдарыстың салдарымен емес, себептерімен күрескен тиімдірек 
болмақ.  Алайда  бүгін  экология  үшін  күрес  негізінен  көмірқышқыл 
газының қалдықтарын азайту мен жаһандық температураны кемітуге 
бағытталған.
Бірақ бұл  олардың салдары, ал себебі - қуатты өндіру, тасымалдау 
мен  тұтыну  зиянды  қалдықтар  мен  жаһандық  жылынудың  негізгі 
көздері болып отырғанында.
экология  мен  энергетиканың  тығыз  байланысты  екені  даусыз. 
Жылыжай  газдары  мен  қоршаған  ортаға  теріс  әсерлі  басқа  да 
жаһандық  қалдықтардың  басым  бөлігіне  себепші  -  энергетикалық 
жүйелер.
Халықаралық қауымдастықтың осыны түсінуі барған сайын белең 
алып келеді. мәселен, 2012 жылғы мамырда V Астана экономикалық 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
195
форумының шеңберінде 
«Қазақстанның энергиялық-экологиялық 
бастамалары»  дейтін  Жаһандық  энергиялық-экологиялық 
конференция  өтіп,  онда  ТМД  мен  Орталық  Азияның  барлық 
елдеріне  арналған  Халықаралық  тұрақты  энергетика  жылы 
жарияланды.
сол форумда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ша Цзукан Рио+20 
үшін қазақстандық ұсыныстың жаңартпашылдығын атап көрсетті.
«Қазақстан  Республикасы  -  БҰҰ-ның  сенімді  жақтаушысы  және 
өздеріңіздің  энергия  мен  экология  бойынша  жаңартпашыл  әрі  өте 
дер кезіндегі бастамаларыңызбен сіздер - Рио+20-ның  мақсаттары 
мен талпыныстарына жету жолындағы біздің серіктесімізсіздер», - 
деді ол.
Екінші.  экология  мен  энергетика  проблемаларын  іске  асыру 
тетігі  сол  үшін  арнайы  тұжырымдалған  ғылыми  негізге  -  өзара 
ықпалдастықтың  «энергетика  -  экология  -  экономика»  іспетті 
үштаған теңдестігіне сүйенуі керек.
Рио+20 
қорытынды 
құжатының 
«энергетика» 
тармағы 
бойынша  Қазақстанның  ұстанымы 
тұрақты  дамудың  экология, 
әлеуметтік өлшем және экономика сияқты жалпы жұрт таныған 
негіздеріне  төртінші  негізді  энергетиканы  қосуға  дүниежүзілік 
қауымдастықтың назарын тоғыстырды.
тұрақты  дамудың  барлық  өзекті  қырларына  -  әлеуметтік, 
экономикалық, экологиялық, энергетикалық дамуға бірдей көңіл бөлсе, 
адамзаттың әділ және теңқұқықты дүние құруына мүмкіндігі бар.
Жаһандық  проблемаларды  олардың  өзара  байланысында  шешіп, 
құрамдастарының теңдестігіне ұмтылу қажет.
сірә,    G-GLOBAL  дүниесін  тұрақты  дамыту  үшін  біздің  жаһандық 
табиғи  капиталды  неғұрлым  ұтымды  пайдалануға  жетісуіміз  керек 
шығар.
Жаһандық  және  ұлттық  тұрақты  даму  үшін  әсіресе, 
«жасыл 
экономика» қалыптасуының елеулі мәні бар болар.

196
G
 - GL
OBAL
мен 
ғылыми-техникалық 
прогресстің 
нәтижелері 
мен 
халықаралық  серіктестікке  сүйеніп, 
Жердің  ұзақ  мерзімдік 
қауіпсіз  энергиялық-экологиялық  болашағын  қамтамасыз 
етуге болатынына сенімдімін. ол үшін қажетті ресурстар, білім мен 
технологиялар қазірдің өзінде бар.
Әңгіме жаһандық шешімдер қабылдап, жүзеге асыруда қалып тұр.
Болашақтың  энергиясы  және  энергияның  болашағы  -  бұл 
бүгінде бүкіл дүниені толғандырып жүрген үлкен тақырып.
Қазақстан  энергия  ресурстары  бай  елдердің  санатында.  елде 
көмірсутектерінің қуатты қоры бар: мұнай - 5,3 миллиард тонна, газ  
3,3 триллион текше метр. тәуелсіздік жылдары ішінде мұнай өндіру 
деңгейі  4  есе  өсіп,  жылына 
80  млн.  тонна  шамасына  жетті.  2020 
жылға дейін бұл көлемді 
130 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделуде, 
ал ол елді мұнай өндіруші экономикалардың дүниежүзілік ондығына 
шығарады.
Қазір  біздің  еуроодақ  бойынша  серіктестерімізде  мұнай  тұтыну 
деңгейі төмендеп келе жатса, Қытай мен үндістан сияқты серпінді 
экономикаларда  ол  қауырт  өсіп  барады.  Ал  Қазақстан  олар  үшін 
өрісті мұнай экспорттаушы болып табылады.
мұның  сыртында,  кейбір  болжамдар  бойынша  енді  2-3 
онжылдықтан  кейін  дүниежүзілік  экономика  көмір  пайдалану 
қажеттігін  қайтадан  сезінетін  болады.  Бізде  бұл  отынның  да  бай 
қорлары бар.
дегенмен  біз 
дәстүрлі  энергетикалық  байлықтың  неғай-
былдығын жақсы түсінеміз.
сондықтан біз көмірсутектерін өндіруге ғана емес, қайталанбалы, 
баламалы  энергияның  жаңа  түрлерін  жатпай-тұрмай  іздестіре 
беруге де әзірміз.
сарапшылардың  бағамдауынша,  қазіргі  технологияларды 
қолдану  жағдайында  дәстүрлі  көмірсутектерінің  өндірілмелі 
қорлары 
мықтағанда  2060  жылға  дейін  ғана  жететінін  адамзат 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
197
түсінуі тиіс.
 мұнай өндіру кеміп, оның бағасы біртіндеп артып бара 
жатқанын ескергенде енді көп кешікпей жұмыр Жерді мекендеуші 
халықтың баламалы энергия түрлеріне жаппай көшуі басталмақшы.
осының  бәрінен  туатын  қорытынды  -  энергиялық-экологиялық 
саладағы,  баламалы  энергетика  саласындағы  практикалық 
қадамдар  туралы  қазірден  бастап  ойластыру  керек.  тәжірибелік-
конструкторлық,  инновациялық,  қолданбалы  тұжырымдамалар 
қажет. тәжірибе мен технологиялар алмасу қажет. Бүкілдүниежүзілік 
арнаулы көрмелер нақ осындай мүмкіндіктер береді.
энергетика мен экология проблемасының ерекше маңыздылығын 
ескеріп, Қазақстан 
2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» 
дейтін өзекті тақырыпқа бүкілдүниежүзілік мамандандырылған 
ЕХРО көрмесін өткізуге тапсырыс берді.
Бұл  тапсырысты 
Халықаралық  көрмелер  бюросының  160 
мүшесінің көпшілігі қолдады.
осынау  жаһандық  шараны  өткізу  Қазақстанды  бұдан  әрі 
жаңғыртуға  септігін  тигізіп,  біздің  индустриялық-инновациялық 
дамуымызды тездететініне күмән жоқ.
2012  жылғы  наурызда  мен  Халықаралық  көрмелер  бюросының 
басшылығымен кездесіп,
 ЕХРО-2017 біздің ұлттық жобамыз екенін 
айттым.
сондықтан  біз  оны  еліміз  үшін,  халқымыз  бен  күллі  дүние  үшін 
барынша пайдалы етіп жүзеге асыру мақсатында не керектің бәрін 
жасаймыз.
еуразиялық интеграцияның бастамашысы, орталық Азия өңірінің 
іс  жүзіндегі  көшбасшысы  бола  отырып,  Қазақстан  инвестициялық 
ахуалдың тұрақтылығын, экономикалық дамудың жоғары қарқынын 
әйгілеумен келеді.
Біздің  жас  өркен  мемлекетіміздің 
халықаралық  ірі  шараларды 
өткізудегі ұнамды тәжірибесі барын және астанасында әлемдік 
ауқымдағы  ең  маңызды  оқиғаларды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет