Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


G  - GL OBAL Әуелде біздің еліміз үшін сондай  болашақтың тарихы



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

G
 - GL
OBAL
Әуелде біздің еліміз үшін сондай 
болашақтың тарихы өзіміз бұдан 
15 жыл бұрын қабылдаған 
«Қазақстан-2030» Стратегиясы болды. 
онда 
ХХІ ғасырдың алғашқы үштен біріндегі біздің қазақстандық 
жолымыздың сара бағыты айқындалды.
осы  бағдарламалық  құжатта  мен  алға  қойған  мақсаттардың 
көбіне 2010 жылдың соңына таман-ақ 
қол жетті. Бүкілдүниежүзілік 
экономикалық  форумның  мәліметтері  бойынша  2011  жылы 
Қазақстан 
бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингінде 51-ші 
орынға ие болды. Бұл - біздің халқымыздың зор жетістігі.
сондықтан мен 
«Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсындым. Бұл - 
ғасырдың ортасына қарай менің елімді 
дүниедегі неғұрлым мықты 
дамыған 30 елдің қатарына қосатын жаңа саяси бағыт.
Қазақстан  халқы  бұл  мақсатқа  жететініне  менің  ешбір  шүбәм 
жоқ.
ХХі  ғасыр  себеп-салдарлы  байланыстарды,  ұлттық  және  өңірлік 
үдерістерді,  халықтардың  тағдырларын  мықтап  шырмайды.  Жаңа 
дәуір  дүниенің 
өзара  шарттастылығын,  экономикалық  та,  саяси 
да,  рухани-адамгершілік  те  жағынан 
біртұтас  даму  алгоритміне 
бағыныстылығын бұрынғы қай кездегіден де арттыра түседі.
Алауыздықтар  мен  жанжалдар,  біржақты  артықшылықтар,  бір 
ұлттардың екіншілеріне үстемдігі - осының бәрі адамзаттың өткен 
күні екенін жаһандық қауымдастық түсіне бастады.
сонымен  бірге  елдер  мен  халықтар  арасындағы  сындарлы, 
теңдестірілген  және  әділетті  ынтымақтастыққа  деген 
жаппай 
ықылас жылдан жылға артып келеді.
нақ  осы  себепті  біздің  барлық  жаһандық  бастамаларымыз  ең 
алдымен, халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін топтастыруға 
бағытталған.  нақ  осы  себепті  Қазақстан  қашан  да  барлық 
континенттерде лайықты құрметке ие болумен келеді. соның ішінде 
ЕХРО  -  2017-ні  өткізудің  құқығына  Астананың  кандидатурасы 
сөзсіз  қолдау  табуы  да  бізді  жаппай  мойындаудың  нәтижесі 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
211
болды.  Біз  алдағы  онжылдықтағы  өсудің  өзекті  нүктелерінің  бірін 
нақты белгілеп, алдағы форумның басты тақырыбын 
«Болашақтың 
энергиясы» деп таңдап алдық.
ХХі  ғасырда 
болашақтың  тарихын  адамзат  бірлесіп  жасай-
тынына мен сенімдімін.
тек осылай еткенде ғана біздің жаһандық дүниеміз 
жалпыәлемдік 
проблемалардың  дұрыс  шешімін  тауып,  өркендеу  жолындағы 
барлық  қыр  көрсетулер  мен  тосқауылдарды  еңсере  алатын 
болады. тек осылай еткенде ғана біз бәріміз болып планетамызды 
адамдардың  өмір  сүруі  мен  гүлденуіне  жарамды  етіп 
сақтап  қала 
аламыз.
Бұл пайымдаулар 
ешқандай да қиял емес.
Жаһанданудың  тағылымы  мен  шындығы  мынада:  жеке 
адамдарды,  байланыс  пен  ақпараттың  жаңа  түрлерін  жаһандық 
жақындастыру, 
соның 
ішінде 
ғаламтор-коммуникациялар 
арқылы  жақындастыру 
үдерісі  қоғамдар  мен  мемлекеттердің 
интеграциялануынан әлдеқайда жедел жүреді. Ақиқатында бұл - 
дүние дамуына ең күрделі қыр көрсетулерінің бірі.
Әрі  адамдарға  ақпараттық  ықпал  жасаудың  дәстүрлі  құралдары 
бар жекелеген елдердегі үкіметтерді шарасыз етіп отырған 
«онлайн-
революциялардың» бір себебі де осында.
Әпербақан  саяси  әдістерге  балама  бар.  ол  -  «онлайн-
революциялар»  дүлейіне  ұлтішілік  даму  мәселелерінің,  өңірлік 
және  жаһандық  проблемалардың  барлық  жиынтығы  бойынша 
Ғаламтор-кеңістікте ауқымды қоғамдық сұхбат түріндегі «онлайн-
эволюцияны» қарсы қою.
Бұл - пәтуалы шешімдер табудың және барлық халықтарды дүние 
тәртібінің әділетті негіздерін жасауға жаппай жұмылдырудың жолы.
сондықтан  біз  үкіметтердің,  сарапшылар  мен  мүдделі  жұрт-
шылықтың    интерактивтік  жаһандық  сұхбатының  орталық  қуатты 
ресурсы ретінде G-GLOBAL ғаламтор-порталын құрудамыз.

212
G
 - GL
OBAL
өз кітабымда мен G-GLOBAL әлемінің бес құрамдасын айқындадым.
Дүние сипатының бұл қырларында кім-кімнің болсын қабылдамау 
немесе бөтенсу сезімін туғызатындай ештеңе жоқ.
тегі, жаңа жаһандық қаржы-экономикалық жүйенің, қауіпсіздіктің, 
соның  ішінде  ядролық  қауіпсіздіктің  пәрменді  мемлекетаралық 
құрылымдарының  дүниеге  қажеті  жоқ  па?  төзімділік  пен  келісімге 
бастайтын сұхбатқа кім қарсы болуы мүмкін? экологиялық тұрғыдан 
таза дүниені мекендеп, табиғат байлықтарын парасатпен пайдалану 
барлық адамдардың арманы емес пе еді?
Жаһандық  ауысу  жағдайында  бұл  үшін
  саяси  ерік-жігер, 
батылдық,  уағдаластық,  ашықтық  пен  сенімділік  бұрынғы  қай 
кездегіден де 
қажет.
G-GLOBAL  қағидаттарына  құрылған  болашақ  дүниені  менің 
пайымдауым  Қазақстан  үшін 
әлдебір  біржақты  артықшылықты 
көздемейді.
Бұл - менің елімнің болашағы бүкіл дүниенің болашағынан ажы-
рағысыз  болатын  даму  формуласының  бейнеленуі.  Қазақстанның 
дүние  істеріне  белсеніп  жаһандық  қатысуы  мен 
менің  G-GLOBAL 
бастамамның мәнісі осында.
мен  оның  саясаткерлер  арасынан  ғана  емес,  дүниедегі  әралуан 
елдердің  қалың  жұртшылығы  арасынан  да  өз  жақтастарын  таба-
тынына кәміл сенімдімін.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
213
ескеРтпелеР үшін

214
G
 - GL
OBAL
Баспа: «Деловой Мир Астана» ЖШС
Жауапты редактор: Б. Майлыбаев
Редактор: Ә. Асқаров
Формат 60х90/8. Шартты б.т. 27
Таралымы 3000 дана
Редакцияның мекен-жайы: 
«Деловой Мир Астана» ЖШС
010000, Қазақстан, Астана қ.,
«Аңсар» БО, Сығанақ  қөшесі 25, кеңсе 10/2
тел.: +7(7172) 55 06 58, 55 06 57
e-mail:dm99@mail.ru
www.dmastana.kz
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-GLOBAL 
-
 ХХІ ғасыр 
әлемі»  атты  жаңа  кітабы  қазіргі  заманның  жаһандық  проблемаларына 
арналған. 
Әр  тарауда  бес  қағидатқа:  «эволюция  және  саясаттағы  революциялық 
өзгерістерден  бас  тарту»,  «әділеттілік,  теңдік,  консенсус»,  «жаһандық 
толеранттылық  және  сенім»,  «жаһандық  транспаренттілік»,  «сындарлы 
көпполярлылық» қағидаттарына негізделген Қазақстанның G-Global баста-
масының мәні ашылады.    
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.  
УДК 342
ББК 67.400.6
Н17
Н.Ә. НАЗАРБАЕВ
G-Global XXI ғасыр әлем
і
Н. НАЗАРБАЕВ. G-Global 

XXI ғасыр әлемі/ Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ — 
Астана: Деловой Мир Астана, 2013. — 216 б.
© Н. Ә. НАЗАРБАЕВ, 2013
© «Деловой Мир Астана» ЖШС, 2013
© Барлық құқықтары қорғалған
ISBN 978-601-7259-57-0
УДК 342  
ББК 67.400.6
ISBN 978-601-7259-57-0
Н17 
Тапсырыс берушісі: «Қазақстан  Республикасының  Мәдениет  және  ақпарат 
министрлігі  Ақпарат  және  мұрағат  комитеті  «Әдебиеттің 
әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы 
бойынша шығарылды»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет